- •Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
- •Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
- •Бөж жазу тәртiбi
- •Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Жалпы теориялық социология
- •Орташа социология
- •Микросоциология
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Ш.Уәлихановтың әлеуметтану жөнiндегi тұжырымдамалары
- •Абайдың әлеуметтанулық ой-пiкiрлерi
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтiк топтар қоғамның әлеуметтiк құрылымының элементтерi
- •Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
- •Девиаиця және әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Саяси әлеуметтану
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудiң әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
- •Iрiктеудi есептеудiң әдiсi Облыс бойынша соцологиялық зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау
- •Барлық:
- •586 Адам Анықтамалық сөздік
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
Әлеуметтанудың шығуына дейiнгi әлеуметтiк ой-пiкiрлердiң қалыптасу эволюциясы.
Әлеуметтанудың ғылым ретiнде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер – социологияның негiзiн салушылар.
Э.Дюркгейм әлеуметтануы, оның әдiс-тәсiлдерi туралы iлiмi.
Әлеуметтану (ХIХ ғ-дың 30-40 ж-да қалыптасқан) бiршама жас ғылым болып табылады. Өйткенi оның ғылым ретiнде қалыптасуының өзiне қоғамдық дамудың белгiлi кезеңiнде ғана қажеттiлiк туды.
Ежелгi Үндiстанда әлеуметтiк ойлар буддизм мен джайнизм мектептерiнiң социологиялық мифтерiне бiршама қарастырылған.
Мәселен, джайнизмнiң этикалық, эститикалық жүйесiнде адам мiнез-құлқындағы кейбiр нормалар мен тақуалық (аскетизм) мiнездiң кей формалары белгiлеген. Тақуалық (аскетизм) деген «нәпсiнi тый» деген мағынаны бiлдiредi.
Ежелгi Шығыс елiндегi социологиялық ой-пiкiрлер прагматистiк сипат алады, яғни әлеуметтiк шындық тек тәжiрибемен ғана байланыстырылды. Жағымды мiнез-құлықтардың үлгiлерiн тек уағыздаумен және адамның мiндеттерiнiң тiзбегiн атаумен ғана шектелдi.
Софистердiң iшiндегi бiршама көрнектi өкiлi – Протагор болған. Ол өндiргiш күштердiң рөлiнiң маңыздылығын көре отырып, онымен бүкiл қоғамның дамуын байланыстырады.
Платон өзiнiң социологиялық мифтерiнде софистердiң мемлекет адамдарының ортақ келiсiмiнiң нәтижесiнде пайда болды деген пiкiрге қарсы болады. Платонның пiкiрiнше, мемлекет адам мүдделерiнiң әртүрлi болуына негiзделiп құралатын болған, содан еңбек бөлiнiсi пайда болды. Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөледi: жоғарғы билеушi топ, қолөнершiлер және құлдар.
Социологиялық ой дүниесiнде Аристотельдiң де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгi Грецияның саяси тәжiрибесiн қорытындылай келе, адам - әлеуметтiк жаратылыс деген қорытындыға келедi. Мемлекет адамдардың туа бiткен «бiрiгiп өмiр сүруге ұмтылғыштық» қасиетiнен пайда болады деп көрсетедi.
2. Социологияның дербес ғылым ретiнде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы О.Конттың (1798-1857) есiмiмен байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистiк философияның негiзiн салушы болып есептеледi. Оның 1830-шы жылдары «Позитивтi философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегi жарық көредi. Мiне осы еңбегiнде негiзiнен оның социологиялық ойлары айтылады. Мәселен, осы еңбегiнiң 3-шi томында алғаш рет О.Конт «социология» деген ұғымды енгiзедi және қоғамды ғылыми негiзде зерттеу мақсатын қояды. Мiне осы пiкiр социологияның ғылым ретiнде пайда болып, дамуына негiз болады.
ХIХ ғасырдың ағылшын ғалым-философы Г.Спенсер социологияның қалыптасып дамуында маңызды рөл атқарады. Жас кезiнен ғылым жолына түскен (темiр жол инженерi) Г.Спенсер, Дарвиннiң эволюциялық териясының ықпалымен, эволюция үрдiсiмен айналысады.ол эволюция теориясын, дүниенiң барлық салаларын түсiндiру үшiн қолдануға болады леген қорытындыға келедi. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының тарихына да қолдануға болады деп мойындайды. Ғылымда, өнерде, дiнде және философияда эволюциялық процестердiң болатындығына оның көзi жете түседi. Спенсердiң пiкiрiнше, биологиялық организм сияқты қоғам жәй формадан күрделi формаға қарай дамиды. Спенсер бұл эволюциялық процестiң 3 түрiн көрсетедi: бейорганикалық, органикалық және жоғары органикалық (надорганикалық).
3. Әлеуметтанудың ғылымилығының классикалық түрiне қатысты принциптерiн француз социологы Эмиль Дюркгейм өзiнiң «Социологиялық тәсiлдердiң қағидасы» (1895 ж.) еңбегiнде бiршама айқын көрсеткен болатын. Дюркгейм өз социологиясын әлеуметтiк факт (шындық) теориясына негiздейдi. Жоғарыда көрсеткен еңбегiнде Дюркгейм әлеуметтiк фактiге қойылатын негiзгi талаптарды көрсетедi. Бiрiншi талабы - әлеуметтiк құбылысты шынайы объективтi құбылыс ретiнде қарау. Екiншi талап – социология идеологияға тәуелдi болмауы керек. Үшiншi талап – социология бүтiннiң бөлiктен жоғары тұратындығын мойындауы тиiс. Яғни әлеуметтiк фактiнiң көзi қоғамда екендiгiн, мойындауға негiзделетiнiн көруге болады.
