- •Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
- •Студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
- •Бөж жазу тәртiбi
- •Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Жалпы теориялық социология
- •Орташа социология
- •Микросоциология
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Ш.Уәлихановтың әлеуметтану жөнiндегi тұжырымдамалары
- •Абайдың әлеуметтанулық ой-пiкiрлерi
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтiк топтар қоғамның әлеуметтiк құрылымының элементтерi
- •Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
- •Девиаиця және әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Мәдениет әлеуметтануы
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Саяси әлеуметтану
- •Отбасы әлеуметтануы
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудiң әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
- •Iрiктеудi есептеудiң әдiсi Облыс бойынша соцологиялық зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау
- •Барлық:
- •586 Адам Анықтамалық сөздік
Мәдениет әлеуметтануы
Мәдениеттiң мәнi мен құрылымы
Мәдениеттiң негiзгi элементтерi
«Мәдениет» атауы латын тiлiнде алғашында «топырақ өңдеу» дегендi бiлдiрдi. Сөйтiп табиғи себептерден туған өзгерiстерден өзгеше, адам әрекетiнен табиғат объектiсiнде болатын барлық өзгерiстер мәдениет деп түсiнiлдi. Кейiннен «мәдениет» сөзi адам жасағанның бәрiн бiлдiретiн жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған «екiншi табиғат», табиғатта жоқ, адамның саналы қызметiмен жасалған бүкiл дүние ретiнде қарастырылады. Мәдениет дегенiмiз – белгiлi бiр адамдар тобы үшiн ортақ мiнез-құлық нормалары мен үлгiлерi, сенiмдер мен адамгершiлiк құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруi олардың мәдениетiндегi өзгерiстi де туғызады. Осы жөнiнен алғанда адам мәдениетiнiң әлемi адамның аса мәндi қуатты күштерi қалыптасуының дамуы мен көрiнiс табуының, олардың табиғат пен қоғамда iс жүзiнде асырылуының аясы болып алады.
Әлеуметтануды мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтiк ұйымдасу жүйесiндегi рөлдер қатынасы емес, қайта қоғам дамуының жеке тұлғалары мен субъектiлерi түрiндегi адамдар, олардың өздерiнiң қатынастары түсiнiледi. Рухани мәдениет аса күрделi де өзiндiк ерекшелiктерi бар қоғамдық құбылыс.
Мәдениет адамдарға өз ортасында тұруға, бiрлестiктiң басқа бiрлестiкпен өзара әрекетiндегi бiрлiк пен тұтастықты сақтауға көмектесетiн адамның өзара әрекетiнiң маңызды механизмi ретiнде қалыптасады.
Мәдениеттiң негiзгi элементтерiне ең алдымен тiл жатады.
Ол – адамзат тәжiрибесiн мақтау мен болашақ ұрпаққа берудiң объективтiк формасы. Демек, тiл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тiкелей шындығы бола отырып, олар туралы мәлiмет берудiң құралы болып табылады.
Екiншiден, ұлттық мәдениеттi және кез келген басқа мәдениеттiң негiзгi элементтерiне сенiм мен бiлiм жатады. Сенiмде адамдардың шынайы бейiмдiлiгi, күнделiктi қызметiнде ненi басшылыққа алатындығы айқындалады да, ол мiнез-құлық үлгiлерiнен, нормалары мен дағдыларынан т.т. көрiнiс табады. Сенiм табиғи объектiлерiмен және әлеуметтiк жағдайлармен байланысты болады да, өз бойында белгiлi бiр ғылыми және дағдылы мәлiметтер мен ақпарат енгiзедi.
Үшiншiден, мәдениеттiң құндылық-танымдық жүйесi оның маңызды компонентi (құрамды бөлiгi) болып табылады. Құндылық дегенiмiз – бұл белгiлi бiр қоғамдық заттың, құбылыстың қажеттiлiгi, ынтаны, мүдденi қанағаттандыру қасиетi. Құндылықтар әлеуметтiк субъектi өз қажеттерiн саналы түрде сезiнуi нәтижесiнде, қоршаған ортамен олардың сәйкестiгiнде, демек, бағалау актiсiнде жүзеге асатын құндылық қатынасы нәтижесiнде қалыптасады.
Төртiншiден, мәдениеттiң жинақталған, синтетикалық түрi, формасы мiнез-құлық үлгiлерi: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ырымдар дегенiмiз бұл - өз бойына қандай да әлеуметтiк идеяларды, түсiнiктердi, нормалар мен құндылықтарды топтастырған және белгiлi бiр ұжымдық сезiмдердi оятатын ұжымдық әрекеттердiң символикалық өлшемдерiнiң жиынтығы. Әдет-ғұрып адамдардың қызметi мен қатынастарын әлеуметтiк реттеудiң өткеннен қабылданған формасы, ал бұл белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк топта қайта туындайды және оның мүшелерi үшiн дағды болып табылады. Әдет-ғұрыпқа өткеннен қабылданған ережелер соңынан қалтқысыз еру де жатады. Әдет-ғұрып – мiнез-құлықтың еш жерде жазылмаған ережелерi.
Дәстүрлер – ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн және белгiлi бiр қауымдастықта, әлеуметтiк топта ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтiк және мәдени мұра элементтерi.
Әлеуметтану үшiн бұл өзiндiк мәдениеттер араласа ма, қатар өмiр сүре ме және бiр-бiрiне шыдамдылықпен қатыса ма немесе мәдени жанжалдар орын ала ма дегендi маңызды деп айқындауға болады. Осы мемлекеттiң экономикасының жай-күйi, әлеуметтiк-саяси ахуалы және күллi әл-ауқаты дұрыс мәдениет саясатына тәуелдi.
