Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tanisheva_moldir_ref.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
458 Кб
Скачать
☆

11 Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жер қойнауын қорғау жөніндегі бақылау-қадағалау функциялары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен [4] министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдар қоршаған ортаны қорғауға және негізгі қорларды күрделі жөндеуге үлкен көлемде қаржы (соның ішінде, республикалық және жергілікті бюджеттен) жұмсап отырғанына қарамастан, қоршаған ортаны ластаудың экологиялық жүйелерге және халықтың денсаулығына келеңсіз әсері әлі де сақталып отыр және Қазақстанда:

- ластағыш заттардың атмосфераға шығарындыларының жоғары деңгейіне;

- ластағыш заттардың су көздеріне төгінділерінің жоғары деңгейіне;

- қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың көлемінің төмендігіне (бұл өңірлерде қалдықтардың үлкен көлемдегі үйінділерінің пайда болуына алып келеді);

- халықтың (әсіресе, қолайсыз экологиялық өңірлерде тұратын халықтың) денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын белгілі бір проблемалар туындатуда.

Жыл сайын су объектілеріне шамамен 2,5 млн. тонна мөлшерінде өнеркәсіп қалдықтары төгіледі [12].

Жер үсті суларының жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 85 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 11 көлде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан.

Жер үсті суларының ластану деңгейі судың ластануының кешенді индексінің (ИЗВ) шамасы бойынша бағаланады, бұл индекс су сапасының өзгеру динамикасын салыстырып анықтау үшін пайдаланылады.

Ұсынымдар мен ұсыныстар

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көму, сондай-ақ қоқысты терең сұрыптау және оны сол жерде қайта өңдеу бойынша кешенді мамандандырылған бағдарлама әзірлеуі;

Республика аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, соның ішінде оларды уақтылы көмуді қысқартуды қамтамасыз ететін ең жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз техника мен технологияларды енгізу үшін табиғат пайдаланушыларды ынталандыру тетіктерін әзірлеуі;

2014 жылға дейін (Еуро 3 стандарттарын қолданысқа енгізгенге дейін) ескі автокөліктердің паркін жаңарту жөнінде, соның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында кешенді шара қолдануы; ескі автокөліктерді кәдеге жарату туралы арнайы бағдарлама әзірлеуі, қоршаған ортаны ластағаны үшін көлік құралына арналған төлемақы енгізуі;

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаны ластағаны үшін түсетін төлемдерді және қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыруға арналған инспекция қызметінен түскен қаражатты толық көлемінде міндетті түрде қайта бөлу бойынша жергілікті атқарушы органдарды бақылау функциясын бере отырып, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуі; бұл ретте есептеулері бойынша бірыңғай әдіснамалық көзқарас ұстана отырып, өңірлердегі төлемдер бойынша ставкалардың мөлшерлерін түбегейлі қайта қарауы [13].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]