Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tanisheva_moldir_ref.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
458 Кб
Скачать
☆

3 Технологиялық жабдықтар

Сүтті салқындатып сақтау үшін әртүрлі салқындатқыш танкілер  пайдаланылады. Соның ішінде жасанды суықтық құрау арқылы сүтті салқындатқыш МХУ-8 қондырғысы көп тараған. Ол электр қозғалтқышқа қосылған компрессордан, СКВ-60 желдеткіш конденсатордан, ресиверден, ОФФ-10М - кептіргіш фильтрден, ТФ-4-2,5 - жылу алмастырғышынан, ИПП-12 буландырғыштан және басқару автоматты аспаптарынан тұрады. Суытқыш жүйе - фреон-12, айналып тұрған буландырғышқа (суықтық аккумуляторы) суық су жіберіледі де, ол суықтық жылу алмастырғыш арқылы сүтке беріліп, сүттегі жылу температурасын өзіне тартып, қызады да буландырғышқа қайта оралады. Судың салқындауынан фреон кайнап буланады да, ол буды компрессор өзіне сорып алады. Компреccoрдaғы сығылған фреон буы (70...30°С дейін көтеріледі) конденсаторға беріледі. Ол жерде ауамен, жанасу арқасында фреон салқындатқыш конденсаторда сұйықтыққа айналады [6].

Сүт таратқыш СОМ-3-1000 суттің кілегейін айыруға арналған. Кұрамына түп-сақина, жүргізуші механизм, барабан және сүт тұратын ыдыс кіреді. Табаны шойын құймадан жасалынған. Кеңірдегінің ортасына барабан уигізілетін білік орнатылган. Барабанның үстіңгі жағына сүт құятын ыдыс қойылған. Жүргізуші механизм муфтадан, жадағай және тігінен орнатылған біліктен және жылдам қозғалатын бұрандалы жұптан тұрады. Сүт тартқыш - барабан қабынан, табақ жинағыштан, жадағай бөліп тұратын табақтан, жоғары белгіш табақтан, реттеуші бұрандадан, тығыздағыш резеңке сақинадан, қаптап және гайкадан, құралады. Табақ жинағышпен белгіш табақшаларда тігінен орналасқан тесіктер болады. Табақшалардың арасында кешістік болуы үшін, табақшалардың үстіңгі жағында кішігірім дөңестер болады. Дөңестің биіктігі 0,35-0,45 мм. Жоғарғы жағында орналасқан сүтке арналған ыдыстар сүтті қабылдап, кілегей мен көк сүтті шығару үшін қолданылады. Жұмыс жасау реті былай жүреді: сүт құбырдан сүт таратқыштың қалқуық тұрған қуысына құйылады. Сүт артық құйылғандай болса, қалқуық көтеріліп тесікті жабады да, сүт төмен түсіп азая бастағанда сүт қайта құйылады. Қалқуык тұрған қуыстағы сүт шолақ кұбырлар арқылы айналып тұрған барабанның ішіне құйылады да табақша арқылы кеңістіктерге таралады. Ортадан тепкіш күштің әсерінен көк сүт барабанның шетіне қарай ығысады да, кілегей жеңіл зат ретінде ортасына қарай көтеріледі. Барабанға үздіксіз кұйылып тұрған суттің кысымымен көк сүт сыртқы белгіш табақша мен барабан қақпағының арасымен көтеріліп екі тесік арқылы шығын көк сүт ағатын шүмектен арнайы ыдысқа құйылады.

Малдан алынатын сүт міндетті түрде пастерленуі қажет. Пастерлеу дегеніміз - сүттегі зиянды микроптарды өлтіру үшін белгілі температураға дейін қыздыру. Пастерлеудің үш түрлі әдісі бар: ұзақ мерзімді пастерлеу, қысқа мерзімді пастерлеу және шапшаң пастерлеу. Ұзақ мерзімді пастерлеу жағдайында сүт 63ºС температурада 30 минут қыздырылады. Қысқа мерзімді пастерлеу сүт 73...75ºС жылулықта 30 секунд ұсталынады. Ал шапшаң пастерлеу әдісінде 85...95ºС температурада сүтті жылдам өткізеді. Үш әдісте де пастерлену кезінде температура мен уақыт дұрыс қадағалануы қажет.

П-12 пастерлегіші мына бөлшектерден құралған: жейдесі бумен толтырылған ванна, тұрқы табанына құйылып жасалынған, ығыстырғыш барабан, қалытқылы қабылдағыш, бу жібергіш система, бұру конденсаты және тексеру аспабы [7].

         Ванна тот баспайтын, қышқылға төзімді болаттан жасалынған. Барабан түп жағы кішірек, дөңгеленіп конусқа ұқсатылып құйылған. Барабанның сырт жағын ала орналасқан алты қалақша құйылып жасалынған. Қызметі сүт шығатын түтікке қарай сүтті айдап отырады. Пастерлену кезіндегі сүт айналысын жеңілдету үшін барабанның сырт жағында спиральді шығыңқы дөңестер орнатылған. Цилиндр формалы бу жейдесінде екі түтік бар: төменгі жағындағы түтік – буды сым арқылы жіберу үшін, ал жоғарғы жағындағы түтік буды сақтандырғыш клапанды қосу үшін қажет. Пастерлену кезінде сүт қызуы төмен болып қайта пастерлену қажет жағдайда арнайы үш айналымды кран іске қосылады.

Қабылдағыштан келген сүт ванна мен барабан арасындағы саңылауға толтырылады. Барабанның айналу әсерінен сүт ваннасы жоғары жағына қарай сақиналы саңылау арқылы көтеріледі де, барабан қалақшаларының айналу әсерінен болған қысым күшімен сүт шығатын түтікке қарай жіберіледі. Осы мезгіл ішінде қажетті температураға дейін көтеріліп, ванна мен барабан қабырғасының жылуы арқылы қыздырылады. Ванна мен барабанға жылу пармен жылытатын жейдеден келеді.Өнімділігі: сүт 50С-тан 850С-ге  дейін жағдайда 2500 л/сағ сүтті пастерлей алады. Пар қысымы 0,03 Мпа, ал барабанның айналу жиілігі 350 мин . Салмағы 195кг.

Сүтке қосылатын мәйектің стандартты ерітіндісі – 3г мәйекті (актив 1:100000) 50 мл суға ерітіп, 50мл глицерин қосылады да, осы ерітіндіден 1мл алып 100мл суға араластырады [8].

Өндірісте сүзбе өндіруге қажетті сүтті қабылдағанда стандарт анықтамасы бойынша қабылдануы тиіс. Ал сеператордан өткізілгеннен кейін, майынан ажыратылған сүттің белогымен майын №293 стандарт бойынша анықтап, нормалау әдісі аяқталғаннан кейін сүтті 55-650С дейін қыздырып 12,5мПа ±2,5мПа қысым жасау арқылы гомогенизациялайды (қажет жағдайда) яғни құрамындағы майды ыдыратады. Пастерлену 780С...850С шамасында 20...30 секунд ұстау арқылы жүргізіледі. Пастерленген сүтті жаз айларында 24...280С, ал қыс айларында 26...300С температураға дейін салқындатып, ұйытуға дайындайды. Ұйытылған қоспа ұю тәртібі бойынша 18%-тік және 9%-тік сүзбелер үшін 95-78ºТ қышқылдықта, ал майсыз сүзбе үшін 100-80ºТ қышқылдықта болуы қажет. Қышқылдығы келтірілген қоспаны 48-540С аралығында қыздырып 1,0...1,5 минут шамасында ұсталынады да  салқындатқышқа жіберіліп салқындатылып, ары қарай сүзуге дайындайды. Сүзілген сүзбе ары қарай арнайы сүзбе салқындатқышқа жіберіліп 8...120С дейін салқындатылады да майлылығы мен белогы  және ылғалдылығы стандарт бойынша тексеріліп ары қарай өңдеуге жіберіледі [9].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]