Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tanisheva_moldir_ref.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
458 Кб
Скачать
☆

7 Құрылыс бөлімі

ТОО «ФудМастер» зауыты Шымкент қаласының Көксайек ауылында орналасқан. Ол қаланың ең шеткі бөлігінде орын алған. Зауыт орташа қуаты бар зауыт болып есептелінеді.

Зауытта бірнеше бөлімшелер бар: әкімшілік бөлімі, бухгалтерия бөлімі. Ол 6 цехтан тұрады: сүтті қабылдау цехы, аппаратық цехы, ашыту цехы, сүзбе цехы, құю және қаптау цехы. Сүт және сүт қышқылды өнімдерді дайындауда 50-дан астам қызметкерлер еңбек етеді. Олар технологтар, операторлар, микробиологтар, химик - лаборанттар, цех жұмыскерлері, аппаратшылар, сүзбешілер, қаптаушылар, реализаторлар.

Цехта жұмыс екі кезекпен жұмыс істейді, демалыс күндерінсіз жұмыс атқарады.

Технолог Наталия Ким күнделікті өнім түскеннен бастап, дайын өнім шыканша жауапты болып келеді. Негізінен ол өнімнің сапасын, сақталу мерзімін, құрамын, қасиетін анықтап, қадағалап отырады. Ол өнімге қанша ашытқы қосып, оның жетілуін қадағалап отрады. Дайын өнімді қаптау кезінде ақаулық болып жатса, дер кезінде келіп жөндеп береді немесе механикке айтады. Дайын өнімді тоңазытқыштара кіргізер алдында қорап сыртындағы шығарылған күнін тексеріп, мөр басып қабылдайды. Қораптағы өнімдерді бірнеше күн сақтап, сұраныс түскен мекемелерге жібереді.

Мекеме операторы ол компьютер алдында заводқа келіп түскен сүтті қалай дайындалып жатқанын, сүт өнімдерінің жақсы ашып жатқанын қадағалып отырады. Сол арқылы әр ай сайын шығыны мен пайдасын есептелінеді.

Зертханалық бөлімнің меңгерушісі Алесия Алексеевна болып келеді, сонымен бірге зертханада екі лаборант пен екі микробиолог жұмыс істейді. Барлық аппараттарды қадағалап жүретін арнайы мастер бар, ол лаборанттарға қашан өнімнің дайын болатынын айтып тұрады.

Олар келіп түскен шикізат пен дайын болған өнімдердің органолептикалық, микробиологиялық, физика-химиялық қасиеттерін зерттеп, өнімдердің дұрыс қалыптасуына әсер етеді.

Мекемеде алғашқы көмек көрсететін медициналық бөлме бар. Онда Мариям Есенбайқызы жұмыс атқарады. Ол маған алғашқы күні барғанымда, өндіріске кіргенде алғашқы қадамдарын түсіндірді. Ең алдымен өндіріске кіргенде қолды жақсылап жуып стерилдеп, құрғақ салфеткамен сүртіп, басқа шапка мен ақ халат, бахилы ды міндетті түрде кию керектігін түсіндірді. Өндіріс ішіндегі құрал жабдықтарды, өндірістің ішкі сыртқы құрылысын суретке түсірмеу керектігін, жәнеде өнім рецептурасын түсіругеде тыйым салды.

8 Сумен жабдықтау мен сантехника

ТОО «ФудМастер» зауытында сумен жабдықтау орталықтан жабдықталады. Ал аппаратарда қолданылатын су арнайы пештен суық және ыстық сумен беріліп отырады.

Кәріз (канализация) жер асты суармалы каналы— жер асты суларын бір орынға жинап, оны жер бетіне шығарып, шаруашылыққа пайдалану үшін жер астынан көлбей қазылған куыс арна. Кәріздің ұзындығы бірнеше километрге дейін, ені 0,7—1 метр, биіктігі 1,5— 2 метр болады. Құдықтарды шегендеген тастарды, құдықтан арықка қарай шықкан құбырды осы маңдағы кейінгі тұрғындар басқа мақсатта пайдалануға бұзып алған сияқты.

Сүзбенің сарысуы қайта өңдеуге жіберіледі. Оны басқа зауыттарға қайта өңдеу өнімдерін шығаруға пайдаланады.

Сумен жабдықтау көздері өаланың орталық су беретін жері болып келеді. Ағынды суларды тазалау. Жылыту және желдету қондырғыларының жүйесі сүзбені салқындатудағы тоңазытқыш камерасында қолданады.  

Өндіріс орындары суды тұрмыс қажеттілігіне, өндіріс қажеттілігіне және өртті сөндіру үшін қолданылады. Суды қойманың су жүйелерінен, скважиналардан және құдықтардан алады.

Техникалық талаптарға және жер жағдайларына байланысты сумен қамтамасыз ету системасына төмендегі ғимараттар кіреді:

1.      су айдағыштыр;

2.      су башнялары;

3.      резервуарлар. 

Өндіріс канализациясы дегеніміз – ағын суларды жинау үшін, оларды тазалап ағызу үшін қолданылатын ғимараттар кешені.

Ағын сулар 2 топқа бөлінеді:

  1. тұрмыс қажеттілігінен шығатын ағын сулар;

  2. өндіріс қажеттілігінен шығатын ағын сулар.

Жалпы өндірістегі канализация 2 түрге бөлінеді – ішкі және сыртқы канализация болып.

Ішкі канализацияға жататындар: тұрмысқа қажеттілігінен шығатын ағын сулар, ток қоспасы, қоспа, ішке қарай ағатын ағын сулар.

Сыртқы канализацияға жататындар: көшедегі ағын сулар және айдағыш станиядан шығатын ағын сулар [9].

Өндірісте жұмыс процестері бөлмелерде, жұмыс орындарында жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарға сай ауаның температурасын, ылғалдылығын және тазалығын микроклиматтық ГОСТ бойынша қабылдайды.

Метрологиялық талаптар бойынша әр өндірістің (мал және құс өндірістерінің, ұн, астық сақтау қоймаларының, мұздатқыш орындарының т.б. өндірістердің) талаптарға сай өз нормалары болады. Тек қана далада, таулардағы аймақтарда, жер асты жүргізілетін жұмыстардың стандартқа сай микроклиматы есептелінбейді. Өндіріс аймағын желдеткішпен қамтамасыз ету

Өндіріс аймағының ауасы әр мезгілге (сезонға) байланысты, жұмыстың түрлеріне байланысты қабылданады. Ол жердегі ауаның тазалығына, жұмыс баптарына, бөлмелердің жылылығына мән беріледі.

Өндірістегі 50-1002 жердің көлемі бойынша жұмыстың түрі жеңіл болса 120С, 100С – ауырлау жұмысқа, 80С - өте ауырлау жұмыстардың түрлеріне стандарттағы норма бойынша қабылданады [10].  

Желдеткіш өндіріс бөлмелерінде микроклиматта санитарлық гигиеналық талаптарға сай 1 деңгейде ұстау үшін қолданылады. Кейбір жағдайда өнімді тазалау үшін, суыту үшін қолданылады. Өндірістердегі желдеткіштердің бірнеше түрлері болады:

  1. Жалпы алмасу желдеткіші;

  2. Жергілікті сору желдеткіші;

  3. Ауаны айдау желдеткіші;

  4. Табиғи және механикалық желдеткіштің түрлері.

Желдеткіш системамасының түрлері

Қолданылу түрлеріне байланысты желдеткіштер 2 топқа бөлінеді – негізгі және апатты.

Негізгі желдеткіштер - ауаның тазалығын санитарлық – гигиеналық талаптарға сай 1 деңгейде ұстап тұру үшін қолданылады.

Апат желдеткіштер - зиянды заттары көп болатын бөлмелерге орнатылады.

Ауаны айдау түрлеріне байланысты 3 топқа бөлінеді:

  1. табиғи;

  2. жасанды механикалық;

  3. қоспа желдеткіштер.

Ауа ағынының бағытына қарай желдеткіштер 3 түрге бөлінеді:

  1. бөлмеге ауаны енгізетін;

  2. бөлмеден ауаны шығаратын;

  3. енгізу және шығару желдеткіштері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]