- •Тәжірибеге есеп беру
- •1 Мекеме туралы жалпы мәлімет
- •«Шымкент-ФудМастер» зауыты
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Сүт қышқылды өнімдердің асортименті, дайындау технологиясы
- •2.2 Сүзбе өндірісін дайындаудың тиімді тәсілдері
- •3 Технологиялық жабдықтар
- •4 Мекеме зертханасындағы жұмыс
- •6 Өнімнің техно-химиялық бақылауы
- •5 Өндірістік-техникалық бақылау
- •7 Құрылыс бөлімі
- •8 Сумен жабдықтау мен сантехника
- •9 Көлік және көлік коммуникациясы
- •10 Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы шаралар
- •11 Қоршаған ортаны қорғау
- •12 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
1 Мекеме туралы жалпы мәлімет
«ФудМастер» компаниясының тарихы- 1995 жылдан бастау алады. Бұған себеп жас кәсіпкерлерді сүт өнімдерінің алуан түрі бар Қазақстанда неліктен, йогурт секілді пайдалы әрі нәрлі сондай– ақ дәмді сүт өнімін неге өндірмеске деген сұрақ толғандырады. Осындай мақсатпен компания Есік қаласындағы сүт зауытын жалға алып, алғашқы боп Қазақстанда Йогуртты жарыққа шығарған. Бүгінгі күнде компанияның 16 филиалында ірі 4 зауыты және екі сүт- тауарлы фермасы бар. «ФудМастер» компаниясы Қазақстан нарығында сүт өнімдерінің арасында көшбасшы саналады. Компания отандық өндірушілер арасында ең үлкен өнім тізбегін жарыққа шығарып, халықтың ұсынысы мен талғамын барынша қанағаттандыруға тырысады. Тұтынушылар сұранысы көп ие болған өнімдер: айран, қаймақ, үй сүзбесі, Дольче йогурты, БИО-С Имун қоютылған сүті және т.б. Қазіргі таңда компания зауыты 100-ге жуық атаумен сүт өнімдерін шығарады. Жыл сайын компания өнімдерінің түпжиынын жаңарта отырып, Қазақстан халқына жаңа, сапалы әрі дәмді өнімдерін ұсынады. 2004 жылдан бастап «ФудМастер» компаниясы әлемде жоғары сапалы сүт өнімдерінің өндіретін, дүниежүзінің 200-ден астам мекемелерін біріктіретін халықаралық Лакталис (Франция) тобына кірген. «ФудМастер» компаниясының негізі мақсаты, Қазақстандағы сүт өнімдерін тұрақты дамуы мен тұрғындарды табиғи қоспалардан жасалған, әлемдік сапа стандартына сай өнімдермен қамтамасыз ету. Біз сапалы дайындалған өнімнің, міндетті түрде дәмді болатынына сенімдіміз. Жүз жыл бұрын адамдар сүт өнімдерін әзірлеу кезінде сапалы шикізатқа ғана сүйенген – сондықтан да олар үнемі дәмді болатын. Дәмді, сапалы және қауіпсіз сүт өнімдерін өндіруде ФудМастер тарихи дәстүрді жалғастыру стратегиясын ұстанады. Өндірістің заманауи технологиясы және сапаны бақылаудың бірегей жүйесі бізге жоғары сапалы табиғи сүт өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді [2].
«Шымкент-ФудМастер» зауыты
ФудМастер-Шымкент зауыты 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Көксәйек кентінде ФудМастер компаниясының бөлімшесі ретінде құрылды. ФудМастердің басқа да кәсіпорындары сияқты компанияда қолданылатын жалпы сапа стандартына сәйкес өнім шығаратын жоғары технологиялық зауыт болып табылады. Қазақстандағы сүт өнімдерін пайдалану статистикасы. Статистикалық агент көрсеткіші және Тетра Пак компаниясының аналитикалық көрсеткіші бойынша Қазақстанда 16млн халқы сут өнімдерін пайдалану 66 литр көлемінде, оның ішіндегі сүттің 37литрін пайдаланады. Жалпы рыноктағы көлемі-964млн литр, 464млн литрі-қапталмаған сут,503млн литр қапталған сүт. Қазақстан рыногі басқа дамыған елдерге қарағанда ерекшелігі бар. Қазақстанда әлі күнге дейін қапталмаған сутті пайдалануда.
Дегенменде қапталған сүтті қазақ халқы көбірек пайдаланады екен [3].
Зауыт күніне 30 тонна сүт өңдейді. Қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болған жұмсақ қышқылтым және балқыған ірімшік, сүзбе өнімдерін шығарады. Қазіргі “Хугарт” және “Роверс” технологиялық тізбектері заман талабына сай сапалы өнімнің алуан түрлі жиынтығын өндіруге мүмкіндік береді. Өз істерінің шебері болған жергілікті халықтан құралған еңбекші ұжым – кәсіпорыннның үнемі өсіп отырған тиімділігінің басты себепшісі.
Қазақстан Республикасы осы сүт өндірісі жағынан алдыңғы қатарлы елдердің құрамына енетінін аңғардық. Сондықтан да елімізде ауыл шаруашылығына үлкен көңіл аударылып, қарқынды дамуда. Соның ішінде сүт өндірісі кеңінен етегін жаюда және жаңа техникалармен қамтамасыз етілуде.
ФудМастер компаниясының зауыттарына сүт Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан 180-нен астам сүт қабылдау пункттерінен және 10 ірі сүт фермасынан жеткізіледі.
Зиянды микроағзалардың көбеюіне жол бермеу үшін сүт сауылғаннан кейін бірден сүзілуі және салқындатылуы керек.
Сондықтан фермерлер сауғаннан кейін сүтті бірден сүт қабылдайтын орынға жеткізеді, онда оны «ФудМастер» компаниясының жүк танкерлері сүт өндіретін өндіріс зауытына алып кеткенге шейін салқындатады және сақтайды.
Сауғаннан кейін екі сағаттан кешіктірмей сүт +2, 9 — 3 °С температурасына дейін салқындатылуы керек. Бұл шикі және жаңа сауылған сүттің ашуына жол бермеу үшін қажет.
Бұл үшін танк-салқындатқыштар – сүтті салқындатуға арналған температураны және араластыруды автоматты түрде реттейтін заманауи жүйе пайдаланылады, ФудМастер компаниясының сүт қабылдайтын пункттері осындай жүйелермен жабдықталған.
Салқындату кезінде сүтке мұз қатпау керек, сондықтан танк-салқындатқышта орнатылған араластырғыш минутына кем дегенде 30 айналым жасайды.
Қорытындылай келе, табиғи толықтырғыштарды пайдалана, жаңа технологиямен мерзімін ұзақ сақтау өнімдерін шығарып жетілдіруде. Сондықтанда сүт өнімдерінің қандайда болмасын өнімі құнды әрі бағалы болып табылады.
