- •Әлеуметтік гигиенасы әлеуметтік медицина негіздерімен
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Курсты игеру нәтижесі:
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі:
- •Рейтинг-шкала
- •2 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Күндізгі оқу бөлімінің тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтар тезистері
- •Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік гигиена-қоғамдық денсаулық туралы ғылым. Денсаулық әлеуметтік құндылық.
- •Дәріс тақырыбы: Оқу және бос уақытты ұйымдастыру. Оқу-тәрбие қызметінің гигенасы.
- •Дәріс тақырыбы: Спорт – денсаулық қалыптасуының маңызды аспектісі. Мүмкіндіктері шектелген балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы.
- •Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік аурулар, оны алдын алу шаралары
- •Дәріс тақырыбы: Нашақорлық – медициналық әлеуметтік мәселе
- •Семинар сабақтарының жоспары
- •2.5 Оқытушының бастамасымен жүргізілетін өздік жұмыстардың жоспарлары
- •2.6 Студенттердің өздік жұмыстарының жоспарлары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
- •2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Сабақтардың бағдарламалық және мультимедийлы толықтырылуы
- •Өзіндік бақылауға арналған тестік тапсырмалар
- •Тест тапсырмасының дұрыс жауабы:
- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер................................................3
- •1.2. Пән туралы мәліметтер................................................................3
- •2 Пән бойынша оқу-әдістемелік
- •Әлеуметтік гигиенасы әлеуметтік медицина негіздерімен
- •5В010500 - «Дефектология» мамандығына арналған
- •100012, Караганды қ., Гоголь к-сі, 38
Семинар сабақтарының жоспары
Тақырыбы: Әлеуметтік гигиена-қоғамдық денсаулық туралы ғылым. Денсаулық әлеуметтік құндылық.
Әдістемелік ұсыныстар: аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерден және оқу- әдістемелік әдебиеттерден тақырып бойынша талдау жасап, қарастыру.
Сауалнамалар:
Денсаулық туралы негізгі түсініктер, «денсаулық» сөзіне анықтама бер. Денсаулықтың негізгі факторларын атап көрсет. «Қоғамдық денсаулық» түсінігіне анықтама бер. «Жеке денсаулық» түсінігіне анықтама бер. Өмірдің сапасы мен салауатты өмір дегеніміз не?
Тапсырмалар:
Берілген тақырыпқа сай логикалық схема құрастыру.
Негізгі әдебиет: (5,6,7,11,12,13,15)
Қосымша әдебиет: (1,2,7,8,10,12)
Тақырыбы: Тамақтану және денсаулық. Арнайы (коррекциялық) мекемелердегі тамақтану гигиенасы.
Сауалнамалар:
Балалардың денсаулығы үшін рационалды және таңдамалы тамақтанудың мәні. Тамақ өнімдерінеің химиялық құрамына талдау жасау. Ақуыз, май, көмірсулардың алмасуы туралы баяндау. Дәрумендер мен минералды заттар туралы түсінік.
Тапсырма:
1.Түзету мекемелеріндегі таңдамалы тамақтандырудың болжам рационын құру.
2. Түзету мекемелеріндегі тамақтану мерзімін ұйымдастыру мен тәртіппен беруін анықтау.
3. Тамақ өнімдерінің нәрлілігі мен құрамын анықтау (кесте бойынша)
Негізгі әдебиет: (2,4,9,10,14)
Қосымша әдебиет: (4,6,8,11)
Тақырыбы: Оқу және бос уақытты ұйымдастыру. Оқу-тәрбие қызметінің гигиенасы.
Сауалнамалар:
Күн тәртібі деген түсінікке не кіреді? Таңдамалы күн тәртібі дегеніміз не? Қарқынды стереотип түсінігін қалай түсінесің? Күн тәртібін және күн уақытын сақтауда қандай физио-гигиеналық қағида сақталады? «Ұйқы» сөзіне түсініктеме бер. Ұйқының қандай фазалары бар? Бірінші сынып оқушылары үшін үй жұмысын орындауда қанша уақыт керек? Ойынның баланың күнтәртібінде алатын орны.
Тапсырмалар:
Балаладың сабақтан тыс және оқу кездерін анықтап,сабақ кестесімен танысу.
Әртүрлі жастағы балалардың сабақ ұзақтығының гигиеналық мінездемесімен танысыу.
Сабақ кестесін пән қиындығына сай балалар жасымен салыстырып талдау.
Әдістемелік ұсыныстар: аталған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерден және оқу- әдістемелік әдебиеттерден тақырып бойынша талдау жасап, қарастыру.
Негізгі әдебиет: (2,4,9,10,11,14)
Қосымша әдебиет: (2,6,9)
Тақырыбы: Спорт-денсаулық қалыптасуының маңызды аспектісі. Мүмкіндіктері шектелген балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы.
Сауалнамалар:
Баланың дамуында бір –бірімен байланысты 3 фактор көрсетіледі?Тұлғаны тік ұстау дегеніміз не? Және оны қалай түсінесің? Дене пішімдері қандай?Физиологиялық даму дегеніміз не? Оны қалай бағалайды?Спирометрия әдісі дегеніміз не ? Оны қалай жүргіземіз?Артериялық қысымды қалай өлшейміз?
Тапсырмалар:
1.Антропометрикалық көрсеткіштерді өлшеу әдісімен танысу.
2. Балалардың үйлесімді және физикалық дамуды жетілдірудің шартты іс-шараларымен танысу.
Негізгі әдебиет: (1,2,4,5,9,10,14)
Қосымша әдебиет: (4,5,6,9)
Тақырыбы: Әлеуметтік аурулар, алдын алу шаралары.
Сауалнамалар:
Әлеуметтік аурулардың профилактикасы. Оны тудыратын себептерді анықтау. «жүрек қан-тамырларының ауруы», «семіру»,әтуберкулез», «қант диабеді» «ЖИТС» түсініктеріне анықтама беру.
Тапсырма: әлеуметтік аурулардың этиологиясы, патогенезі,клиникасы туралы логикалық сызба жасау.
Негізгі әдебиет: (1,2,5,6,7,11,12,15,16)
Қосымша әдебиет: (1,2,3,5,8,14,11,15,16)
Тақырыбы: Нашақорлық - медициналық әлеуметтік мәселе
Сауалнамалар:
Никотинизм , алкоголизм себептері мен емдеу тәсілдері туралы мағұлмат беру.
Никотинизм , алкоголизм кезінде көрсетілетін емдеу-әлеуметтік көмектің ерекшелігін атап көрсету.
Тапсырмалар:
1.ҚР заңдық нормаларымен таныстыру. ҚР –ның наркология жәрдемінің қызметімен танысу.
2.Есірткіге тәуелді адамдардың бейімделуі мен әлеуметтік реабилитациясының ерекшеліктерімен танысу.
Негізгі әдебиет: (3,8,11,12)
Қосымша әдебиет: (12,13)
