Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
473 Кб
Скачать
☆

2.2 Дәріс сабақтар тезистері

№1 дәріс

Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік гигиена-қоғамдық денсаулық туралы ғылым. Денсаулық әлеуметтік құндылық.

Дәріс тезистері:

Басқарушы әлуметтік институт адам денсаулығына жауапты болып, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі және ауруды алдын алатын қоғамдық шаралар және науқасты емдеу болып саналады. Денсаулық сақтаудың ғылыми–практикалық негізгі медцина. Адамның денсаулығын сақтау мәселесі тек қана денсаулықтан құдіреті, сонымен қатар бар мемлекетін екеніні естен шығармау керек. Медицинаны дамыту денсаулық сақтаудың ғылыми – практикалық негізі сияқты ылғи әлуметті сұрақ болып анықталады, сол және басқа қоғамдық даму саласында құрылады, сонымен қатар методология мен зерттеу әдісінің жетістігі.

Кәзірге адам денсаулық жөнінде, оны сүйемелдеу үшін не істеу керек екен жөнініде көп біледі. Бірақ осындай адамзат бөлімі жағыфмсыз жағдайдағы нәтиженні береді. Бірнешесін атап көрсетейік:

денсаулықты оқытуды елімізде бірізде және үздіксіз жүйесі қолданыфлмайды ; денсаулық жөнінде түрлі негізгі және қосымша белгілі беру дәрежесінде концепция немесе бағдарлама жасау қажет

ӨСБ жүргізу жөнінде азаматтық денсаулық саласындағы білімін құруға кепіл бірлесуі , ол үшін денсаулыққа адамның шыдамды мотивациясын құру қажет

Қазіргі кезде барлық санитарлық ағартушылық жұмысты ақпаратты құрал арқылы өткізеді ол ауруды есептеу емдеуге халықты артық жөп сілтеу керек

Елімізде көп есепте денсаулық приоритеті жоқ мемлекеттің әлуметтік қорғауы сау адамды емес науқасты кепілдендіреді адамның өз денсаулығын сияқты материалдық байланысын қалыптастыру жөнінде құқықтық акттер жасау керек

Жеке бастық физикалық имидж көрсету арасыц приоритетті болу керек мемлекетте денсаулық сәні жоқ

Мемлекетте демалу мәдениетінің құрылуындағы сұраққа көңіл бөлу жетіспейді

Осы мақсатта денсаулық мәдениетін құрудағы негізгі мақсатты мектепке дейінгі ден жоғарғы оқу орнын бітіргенде дейінгі, отбасылықтан клубтықтағы болатын топтарды қамтитын білім беру жүйесі болу шарт.

Денсаулық өте күрделі дәреже, жеке тұлғаның әрекетінің жане қоршаған ортаның құрылу шартының нәтижесін ұсынады, оның тіршілік әрекетінің жане толығымен әлемді түйсінүдің басаты себебі.

Денсаулық проблемасы Авицен мен Гиппократ өмір сүрген кезде ақ көтерілген. Сол кезде Галеннің ұғымында «үшінші күй”- денсаулық пе,н аурудың арасындағы өтпелілік жайлы түсінік қалыптасты.

Денсаулық туралы ілімінің негізін қалаушы ретінде негізінен И.В. Лазаревтің шәкірті И.И. Брехман есептеледі, алғаш рет (1982ж) арктикалық сау адамдарын денсаулығын сақтау және нығайтудағы методикалық негіз құрылады. Ол денсаулық жайлы ғылым тек бірғана медицинаменғана шектейтін дәлелдеу, ал медицина эология биология психология педогогика және т.б. ғылымдардың негізінде құрылуын интегралды болады деп көрсетеді. 1987 ж. осы мәселе бірінші «Валеологияға кіріспе – денсаулық туралы ғылым» еңбегін жарыққа шығады, сол мақсатта «валеология» деген (Valeo – аман сау болу) терминін енгізеді. Осы жфылдары валеология орталықтары белсенді түрде ашылып, дами бастады. 80 ші жылдардыңаяғында қайтадан «ренимировался» «санология» терминдері денсаулықтын салауатты өмір категорясының енгізіледі осы мәселелерді жариялап шығады. Рессейде «сау әлем» қоғамдық қозғалыстар құрылады. Шетелдерде денсаулық туралы оқытуда ұқсас «health promotion» және «health eduсation» бағыттары болады.

Осы мақсатта денсаулықты оқытудың мінеттерінің төмендегі принціиптері пайда болады.

  1. Денсаулықтын мәніні құру және тарату оны бағалаудағы диагностикалық үлгінің және әдісінің құрылуы сонымен бірге болжам жасау

  2. Сау адамдардың денсаулық дәрежесінің сондық бағасы , оның болжам жасауы оның өмірінің бейнесінің мінездемесі және сапасы тұлғаның денсалық жағдайының скрининг және мониторинг жүйесінің құрылу негізі жекеше және жалпылама сауықтыру бағдарламаларының құрылуы.

  3. Денсаулық психологияның құрылуы тұлғаның салауатты өмірінің түзету мотивациясы толығымен денсаулықты сақтау жалпыламасы

  4. Жекеше және жалпылама сауықтырубағдарламасын тарату арудың алғашқы және қайталама профилактикасы сауықтыру бағдарламасының нәтижелі бағасы.

Адамның өмірін торт базалық бүтін бөледі. Соматикалық кезенде олар екеуі: түрі қалай яғни қалыптасу және өзінің жеке биологиялық құрылымын сақтьау және репродукция көңілдін ынтасын қамтамасыз етеді, популяцияны сақтау. Психикалық кезеңде адам өзін жеке тұлға ретінде таныстыруға ұмтылады, яғни қоғамда қалыпты өмір сүру. Жоғары өрісте адамның артық санасында психикалық транформацияның ішкі жалпы іске асыратын өріс , рухани дербестіктің құрылуы. Адам өмірінің мақсаттық құрылымына сәйкес денсаулықта оқудағы бөлек аспекті айқындалады.

Дербес физикалық денсаулық (диагностика, болжау, құрылу, сақтау, нығайту) және бейімдеу өмір сүру стратегиясына.

  • Репродуктивті денсаулық бұл мәселенің әртүрлдігі

  • Қоғамдық ден жаулық және оны басқару

  • Әлуметті денсаулық және оны басқару

  • Психикалық денсаулық және оны басқару

  • Әлуметтік денсаулық және оны басқару

  • Жоғарғы аспектілердін денсаулықты сақтаудағы сапаның ролі.

Салуатты өмір (латынша «модус вивендум») сапаны тәртіпті және өмір стилін қоса есептегендегі әлуметтік дәреже БДҰ анықтауында: сауатты өмір бұл өмір жағдайының әрекеттесу арасының негізделуі және жеке тұлғаның мінезінің нақты моделінің тіршілік тәсілі.

Өмірдің сапасы – салауатты өмірдің бір мінездемесі, кең мағанадағы адамның әлуметтік және рухани бостандығын анықтайтын дәреже. Қалайтын және қаламайтын жағдайдың таратуын бейнелейтін жеке тұлғаның тірішілігін қостауы (білім алу, орташа кіріс, тұрақпен қамтылуы тұрмыс техникасының және автотранспортың болуы) Өмір сапасының мінездемесінде өамір индиаторын пайдаланады. Осы себепте, өмір сапасын сұраныс дәрежесі мен адам қажеттілік қанағаттындыру жабдықпен анықтайды.

Өмір дәрежесі адамның экономикалық мүмкіншілігіне себепті. Адамның сол осы екі көрсеткіш қоғамының және әрбір отбасының өмірінің материалдық экономикалық әлуметтік жағдайы екенін білу қиын емес.

Келесі дефинция – бұл:

Денсаулықты қалыптастыру – ұдайы өндірістің оптимализациалаудағы шаралар жинағы, өскеле ұрпақтың өсуі және дамуы. Денсаулықты сақтау жеке тұлғаның денсаулығын қайтару, нығайту және қолдаудағы шаралар жинағы.

Саногенез – Жеке тұлғаның денсаулығының сақтау және құруды қамтамасыз етудің. Физиологиялық механизмі. Бұл механизм (гомеостатиалық бейімделуін регенераторлық т.б.) сау ағзаны тарататын сияқты ауру ағзаның да таратады.

Санитарлық оқыту (БДҰ анықтауцындағы) – білімді игеру мүмкіншілігін саналы түрде құру, бұл сонғы мақсатта ұйымдастырылғаның мінездің өзгеруін туғызумен байланысты.

Медико – санитарлық сенім – денсаулыққа құрылған оқиға мен фактоның салдырынан жеке тұлғаның сенімдегі жаңалық үлгісі.

Біз денсаулық жайлы айтқанда, санымызға дефинция ұғымының қарсы мағынасы «ауру» келеді. Ауру бұл ағзаның қалыпты тіршілігінің бұзылуы, бұл адам ағзасында болатын эндогиндін немесе ішкі ортада болатын экзогиндік нәтижеге әсер ететін функционалды немесе морфологиялық өзгеруге негіздемен басталу факторы.

Халық денсаулық жекеше немесе популяциялық немесе қоғамдық денсаулықтық құрылы Ю.П. Лисицинның 1982 ойынша. Қоғамдық денсаулық жек,е дара денсаулықтын біртұтас белгілерінен интегралдауды. БДҰ сараптаумен ұсынылған әлемнің көп елдеріне таратылған анықтамасындай, популяциялық (қоғамдық) денсаулық. Келесі топтың көрсеткіштіген міненезделеді:

  • Денсаулық сақтаусаласындағы саясатқа қатысты көрсеткіші.

  • Әлуметтік – экономикалық көрсеткіш.

  • Медициналық көмекті ұсыну.

  • Денсаулықтың алғашқы медико санитарлық көмекті қамыту көрсеткіші.

  • Қоғамдық денсаулық көрсеткіші.

«Адам валеологиясы - өмір философиясы» трелогиясының авторы ЛЗ Тельдің жасаумен валеологиялық және емдеу әрекетінің жүйесі құрылды, ол денсаулыққа негізгі интегративті валеологиялық жақындауға қызмет етеді.

Негізгі әдебиет: (5,6,7,11,12,13,15)

Қосымша әдебиет: (1,2,7,8,10,12)

№2 дәріс

Дәріс тақырыбы: Тамақтану және денсаулық. Арнайы (коррекциялық) мекемелердегі тамақтану гигиенасы.

Дәріс тезисі:

Тамақтану табиғатпен қатты қарым-қатынаста және байланыста болады.

Тамақтану адамның қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін қажет. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның, зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.

Тиімді тамақтану екі негізгі міндет атқаруға тиіс. Біріншіден, ол баланың туған сәтінен бастап, оның қалыпты өсуі және дамуы үшін қажетті құрылыс материалдарымен организмді қамтамасыз етуі керек. Бұлар, негізінен, белок, май, минералдық заттар. Екіншіден, тамақтану организмнің энергиялық шығынын толтыруға керекті оның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететіндей, қоректік зат­тар жеткізіп тұруы керек. Бұлар — көмірсу, майлар және, ішінара, белоктар /ақуыз/. Қоректік заттардың қызметін бұлайша бөлу аздап шартты екенін айту керек, өйткені аталып өткен қоректік заттардың барлығы да организмдегі болып жататын күллі процестерге қатысып отырады.

Жалпы тамақтану мынандай негізгі гигиеналық талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

1. Тамақтың құрамында организм үшін қажетті белок, май, липоид, углевод, минералдық зат, вита­мин, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық ара қатынаста болуға міндетті.

2. Тамақ алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның кұрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық, жұмыртқа, нан, жарма, овощ, жеміс, жидек т. б. продуктылар енуі қажет.

3. Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары болмауы керек.

4. Тамақ көлемі жағынан да, калориясы жағынан да жеткілікті болуға,яғни адамның тою сезімін тудыратындай, әрі организмнің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуга тиіс.

5. Тамақты бір күнге дүрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет.

Тамақтану — зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Организмге үздіксіз қоректік заттар келіп тұрмай және одан керексіз, зиянды өнімдер бөлініп шығарылып отырылмай тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сөйтіп, зат алмасу, немесе метаболизм тіршіліктің ажырамас белгісі болып есептеледі.

Организмге келіп түсетін қоректік заттар күрделі өзгерістерге ұшырайды және содан кейін барып организмнің клеткалары мен ткандеріне пайдаланылады. Тамақты сіңірудің және одан жаңа клеткалар мен ткандерді жасаудың осы күрделі процесін ассимиляция деп атайды. Организм клеткалары мен ткандерінің қүрамына енетін органикалық заттардың тіршілік процестері үшін энергия шығара отырып ыдырауын диссимиляция деп атайды.

Ассимиляция мен диссимиляция бір-бірінен бөлінбейтін, әрі орталық нерв жүйесімен реттеліп және 'басқарылып отыратын зат пен энергия алмасудың біртұтас процесін құрайды. Зат пен энергия алмасуының негізіне организмнің қальшты тіршілік қызметі үшін қажетті энергия бөліп шығаратын қышқылдандыру-қалпына келтіру реакциялары жатады.

Тамақтанудан 12 сағат өткеннен кейінгі, ауаның температурасы 20°С кезінде адамның толық тыныштык жағдайында жұмсайтын ең аз энергиясын негізгі алмасу деп атайды. Басқа кез келген жағдайда: қимыл, жұмыс, сөйлеу, ас қорытылу т. б. кезінде адамның энергия шығыны молаяды, ол негізгі алмасумен бірлесе отырып жалпы алмасуды құрастырады. Орындалатын жұмыс неғұрлым қарқынды болған сайын, организмнің энергия шығыны да соғұрлым мол, зат алмасуы да күштірек болады.

Тамақтық заттардың потенциалдық энергиясын, зат пен энергия алмасуын жылу бірлігі килограмм-калория (ккал), немесе үлкен калориямен өрнектейді. Үлкен калория дегеніміз 1 л суды 1°С-ге жылытуға қажет жылу мөлшері.

Тамақтың энергиялық мүмкіндігі оның құрамына байланысты.

Ең күшті потенциалдық энергия майда болады, бұл мына мәліметтерден көрінеді: 1 г май жанғанда 9,3 ккал, 1 г белок жанғанда 4,1 ккал және 1 г углевод жанғанда 4,1 ккал жылу бөлінеді.

Адамдағы зат алмасу дұрыс жүру үшін белок, май, углевод минералдык заттар және су, сондай-ақ жеткілікті мөлшерде барлық витаминдер болуы керек.

Белоктар. Адамның белокқа деген мұқтаждығы сонша, белок болмаса немесе ол жеткіліксіз болса, өсудің баяулығы, орталық нерв жүйесінің шартты рефлекстік қызметінің әлсіреуі және т. б. сияқты организмнің тіршілік қызметінде елеулі кемшілік тудыруы мүмкін. Ас қорыту шырындарының әсерімен ішек-қарын жолында белоктар едәуір қарапайым бөлшектерге — амин қышқылдарына бөлінеді. Клеткалар мен ткандерде амин қыш-қылдарынан жаңа, қажетті және сол организмге тән белоктар пайда болады. Белоктың құрылымы мен маңызы оған енетін амин кышқылдарына байланысты. Белоктар ет, балық, сүт, жұмыртканың ағы, сүзбе, бұршақтық өсімдіктердің дәнінде т. б. болады.

Организмге белоктың қаншалықты мөлшерде керектігін анықтау үшін дененің салмагы мен орьндалатын жұмыс ескеріледі. Өсіп келе жатқан организм белоктың бір шама көбірек болғанын қажет етеді. Бала неғұрлым жас болса оған керекті (яғни дененің 1 кг салмағына керекті) белоктың мөлшері солғұрлым көп болады.

Майлар мен липоидтар — организмнің қалыпты тіршілік қызметі үшін қажетті органикалық қосындылар тобы.

Майлар — адам тамағының қажетті құрамдас бөлігі. Майлардың құндылығы сонда: олардың құрамында А, Д, Е витаминдері болады, сондай-ақ, шағындап пайдаланғанның өзінде майлар организмге көп мөлшерде энергия береді.

Организмдегі майлар артық қабылданған углеводтардан да құралуы мүмкін. Бірақ май орнына пайдаланылған углеводтар жалпы майдың тәуліктік нормасы мөлшерінің 20%-інен аспауы керек.

Сондай-ақ майлардың тағамдық, әрі дәмдік зор маңызы бар. Майы аз тағамдар дәмсіз болады және тоқтық сезімін туғызбайды.

Тамақтың мөлшерін белгілегенде климат жағдайларын да ескеру керек: суық ендікте қоңыржай немесе жылы ендікке қарағанда тамақтық майлығы 10—20% артық болуға тиіс.

Липоидтар — адам организмінің қалыпты тіршілік қызметі мен өсуіне қажетті, жануарлар мен өсімдіктерден алынған май тәрізді органикалық зат. Организмде ол жеке-дара күйінде де, сол сияқты, лшопротеид түріндегі белокты күрделі қоспалар түрінде де кездеседі.

Липоидтерді фосфатидтер және стеариндер деп екі негізгі топ­ка бөледі.

Фосфатидтер адам организмінің өзінде, мәселен, бауырда пайда болады. Липоид-фосфатидтердің қалыпты және жеткілікті түрде пайда болуы үшін, адам тамағында тек майдың ғана емес, белоктар мен углеводтардың да тиісті мөлшері болуы керек. Фосфатидтер, әсіресе лецитин, майлардың сорылу, тотыру және сіңу процестерін жақсартады, ал нерв ткандері мен клеткаларынын, құрылымына енген соң, бүкіл нерв жүйесінің рефлекстік қызметінің жақсаруына көмектеседі. Жұмыртқа, балық және басқа өнімдерде фосфатидтердің жеткілікті мөлшері кездеседі.

Стеариндердің негізгілері — холестерин, бүйрек үсті бездері қабығының гормоны және жыныс бездерінің гормондары. Хо­лестерин организмге уылдырық, жұмыртқаның сарысы, ет, тоң май, бауыр тәрізді қоректік продуктылар арқылы барады. Ба­лалар үшін холестерин ультра күлгін сәулелердің әсерінен одан Дз витаминінің жасалып шығуымен пайдалы.

Углеводтар /көмірсу/ — энергияның негізгі қайнар көздерінің бірі. Олар адамның барлық тәуліктік тамақ мөлшерінің 60—70%-ін құрауға тиіс. Тамақта углеводтар жетімсіз болғанда, энергия шығындары майлар мен белоктар есесінен толтырылады, бұл баланың денсаулығына зиянын тигізеді. Іс жүзінде жиі кездесетіндей, көмір углеводтардың артық қабылданылуы да пайда бермейді. Бүл жағдайда балалар белок, май, витамин тәрізді заттарды толық алмайды.

Углеводтардың негізгі көздері — нан, жарма (ботқа), картой, қант, кондитер тағамдары, бал, овощ, жеміс, жидек.

Витаминдер (латынша Viтa— өмір) — түрлі химиялық құрылымдағы органикалық заттар. Витаминдер организмнің қалыпты тіршілік қызметі мен дамуы үшін өте үлкен маңызға ие, организмнің ауруларға төзімділігін арттырады.

Организмнің витаминдерді қажет етуі адамның өсу, даму кезеңінде, ауыр дене және ой жұмысы кезінде, сондай-ақ ауырып қалған жағдайда арта түседі.

Ұзақ уақыт бойы тамақта қандай да бір витаминдердің болмауынан адамда дімкәстық пайда болады, ол авитаминоз деп аталады. Жиі кездесетіндей, ішетін тамақтың құрамындағы витаминдердің мөлшері жеткіліксіз болғанда гиповитаминоз басталады. Гиповитаминоздың жалпы көріністері әр түрлі ауруларға қарсы тұрғыштығының нашарлауымен, тез шаршағыштығымен, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен және т. б. сипатталады.

А витамині (ретинол) жануарлардан алынған продук­тылар құрамында болады. Өсімдіктерден алынған продуктыларда ол гидролиздегенде ретинолға айналатын каротин провита­мин түрінде кездеседі. Овощтар мен жемістерді тамақ істеуге дайындаған кезде каротин жақсы сақталады. Бұл провитаминнің көк өсімдіктердің бәрінде дерлік болатыны анықталған, әрі пісе бастаған жемістер мен овощтарда жинала алады.

Д витамині — дәлірек айтқанда, витаминдер тобы — ультра күлгін сәуле түсірген жағдайда стериндерден пайда болады.

Организмде Д витамині күн радиациясы көбейген көктем, жаз айларында артады. Д витамині балықтар мен сүт қоректілердің бауырында, жұмыртқаның сарысында, жазғы сүт пен сары майда мол бола­ды.

К тобы витаминдері қан кетудің кейбір түрлерінің алдын алу қабілетіне ие. К тобы витаминдерінің организмге келуі жеткіліксіз болғанда ерекше заттың қан кету мен қан құйылуда қанның қалыпты ұюы үшін қажетті протромбиннін пайда болуына нұқсан келеді.

К витамині ауаға төзімді. К витаминдері жасыл өсімдіктердің жапырағында, әсіресе капуста, шпинат, қалақайдың жапырақтарында т. б. мол болады. Жануарлардан алынған продуктыларда ол аз кездеседі.

В тобы витаминдері. ВІ витамин (тиамин) углеводтың, алмасуына әсер етеді. Тамақта углевод көп қолданылған сайын, тиамин де көбірек қажет болады. Тиаминнің тамақта аз болуы организмде сүт, пирожүзім және басқа да кышқылдардың жиналып қалуына соқтырады. Бұл нерв жүйесін бүлдіріп, жүрек қызметіне нұқсан келтіреді.

В2 витамин (рибофлавин)—клеткалардың тыныс алуын қамтамасыз ететін және углеводтардың алмасуына қатысатын ферметтердің құрамдас бөлігі. В2 витамині жетіспегенде, түрліше тері аурулары пайда болып, қан аздық т. б. дами түседі.

В2 витамині бауыр, ет, жұмыртқаның сарысы, жаңғақ, сүт, кәдімгі және екпе бұршақ, сәбіз, алмұрт, бидайдың тұтас дәндерінде, ашытқыларда болады.

С витамині (аскорбин қышқылы) глюкозадан синтетикалық жолмен алынады. Аскорбин қышқылы ішекке оңай және тез сіңіп, қанға барады. Аскорбин қышқылының артығын орга­низм несеппен тез сыртқа шығарып отырады. Аскорбин қышқылы тотықтандыру-қалпына келтіру процестеріне белсенді катысады және зат алмасуға әсер етеді.

С авитаминозы цинга ауруына душар етеді. Бұл ауру қан ағудан (әсіресе қызыл иектен), тістің босап, түсіп қалуынан, сүйектегі аурудан болған өзгерістерден, түрлі жұқпалы ауруларға организмнің қарсыласа білуінің нашарлауынан көрінеді. Көп жағдайда С авитаминозына туберкулез, пневмония, фурун­кулез т. б. сияқты басқа аурулар келіп қосылады. Гиповитами­ноз тез шаршағыштықпен, жұмысқа қабілеттіліктің азаюымен, ұйқының бұзылуымен, организмнің қарсыласуының әлсіреуімен сипатталады.

С витамйні көк өсімдіктер, жас овощ, жеміс, жидектерде мол болады. С витамині әсіресе итмұрын мен қара қарақатта көп. Картоп, сәбіз, капуста сияқты өнімдерде де С витамині жеткілікті болады, әрі олар С витаминінің қоры болып саналады.

Минералдық заттардың белок, май, углеводтардан айырмашылығы — органикалық емес қоректік заттар қатарына жататындығы. Организмнің қалыпты тіршілік қызметі мен өсуі үшін бұлар да қажет. Минералдық заттар организмдегі клеткалар мен ткандердің кұралуына, зат алмасуына катысады, қажетті қышдылдық-сілтілік тепе-теңдікті және т. б. сақтап тұрады.

Организмде аз-көп кездесетініне қарай минералдық заттар микроэлементтерге және макроэлементтерге бөлінеді. Макро-элементтерге қажеттілігі граммен өлшенетін калий, кальций, магний, натрий, күкірт, фосфор, хлор жатады. Микроэлементтерге темір, иод, марганец, мыс, фтор, қалайы және басқалар жатады. Микроэлементтерге әдетте қажеттілігі темір қажеттілігінен, яғни 15 мг-пан, асып кетпейтін элементтер тән.

Минералдық заттар сүт, овощ, жеміс, ет, балық тәрізді продуктыларда бәрінен гөрі көп кездеседі. Алайда қоректік продуктыларда минералдық заттардың мөлшері ауытқып тұруы мүмкін. Тамақ алуан түрлі болып отырғанда, тамаққа өзіміз қосымшалайтын хлор натрийін (ас тұзы) есептемегенде, әдетте барлық басқа элементтерге деген организмнің қажеттігі қанағаттандырылады.

Макроэлементтер. Кальций — адам организмінің дұрыс өсуі мен дамуына қажетті негізгі элементтердің бірі. Ол әсіресе сүйектің дұрыс қальштасуы үшін керек. Кальцийдің қажеттілігі адамның. жасына, сондай-ақ организмнің физиологиялық күйіне байланысты. Тамақтануды ұйымдастырған кезде басқа минералдық заттар мен витаминдердің белгілі үйлесімін сақтау керек, өйткені кальцийдің сіңімділігі осыған байланысты. Кальций тұзының басқа минералдық заттармен мейлінше жеткілікті қатынаста болуына мүмкіндік беретін ең тәуір тамақсүт болып есептеледі. Қальцийге мына тамақтық өнімдер бай: сүт және сүттен жасалған тамақтар, жұмыртқа, кәдімгі және скпе бұршақ, үрме бүршақ, картон, сәбіз, капуста жоне басқалары.

Фосфор, кальций тәрізді, тамақта жеткіліксіз болғанда мектеп оқушысының денсаулыгына тез әсер ететін маңызды элементтердің бірі. Фосфор алмасуы кальций алмасуымен тыгыз байланысты және соған тәуелді. Фосфор майдың, углеводтардың, белоктардың алмасуына қатысып, организмдегі барлық дерлік ткандер мен клеткалардың құрамына енеді.

Организмнің фосфорға мұқтаждығы жасқа, организмнің физиологиялық күйіне және орындалатын жұмысқа байланыс­ты болады. Жұмыс қарқынды болған сайын, организмнің фос­фор тұзын қажет етуі арта түседі.

Фосфор сүт пен сүттен алынған продуктыларда, жұмыртқаның сарысында, етте (арығында), мида, бауырда, балықта (әсіресе треска, теңіз алабұғысында), уылдырықта, қара құмық пен сұлы жармаларында, атбас бұршақ, бұршақ, лобия, жаңғақта болады.

Натрий организмдегі клеткадан тыс сұйықтардың осмотикалық қысымын тұрақтатуда негізгі роль атқарады. Натрийдін. организмге жеткізілуінің негізгі көзі ас тұзы болып есептеледі. Адам кішкентайынан бастап тұз қосылған тамақтьщ дәміне дағдыланады да, ас тұзы жетіспейтін тағамдарды зорға ішеді. Адам тәулігіне 5—12 г ас тұзын пайдалануы керек.

Калий организмнің дұрыс дамуы үшін қажет, әрі тамақтық продуктыларда (әсіресе өсімдіктерден алынған продуктыларда) үнемі кездесіп отыратын ең көп тараған элемент болып саналады. Магний өзге қоректік заттардың алмасуында елеулі роль атқарады. Магний жануарлардан да, өсімдіктерден де алынатын барлық тамақтық продуктыларда кездеседі, сондықтан түр-түрімен дұрыс тамақтандыру магнидің бала организміне жеткілікті келіп тұруын қамтамасыз етеді.

Хлор клеткадан тыс сұйықтар құрамына кіреді де, тканьдердегі осмотикалық қысымды (натриймен бірге) және организмнің су алмасуын реттеп отырады. Хлор қосындылары суда тез еріп, ішектерге оңай сіңеді. Организмге хлор негізінен ас тұзы арқылы жеткізіледі.

Кукірт белок қосындыларының, оның ішінде, алмаспайтын амин қышқылы, кейбір гормондар мен витаминдердің құрамына енеді де, қалыптастыру және зат алмасу процестерінде елеулі роль атқарады. Күкірт организмге жұмыртқа, ет, сүт және сүттен алынған өнімдер, бұршақ пен дақылдық өсімдіктер арқылы келеді.

Микроэлементтер. Микроэлементтердің организмге өте аз келетіндігіне және өте аз мөлшерде болатынына қарамастан (аты да осыны айтып түр), олардың жеткіліксіз немесе артық берілуі өсіп келе жатқан организмнің тіршілік қызметіне елеулі нұқсан келтіреді.

Темір негізінен қан эритроциттерінде кездеседі, әрі аса маңызды белок қосындысы — гемоглобиинің құрамына енеді. Организмге темір аз берілген жағдайда қан аздықтың әр түрін, әсіресе эритроциттерде гемоглобиндердіц азайып кетуінеп болатын гипохромдық анемияны туғызады.

Темір мөлшерден артық қабылданғанда, организмде жиналып қалып, қажетіне қарай пайдаланылуы мүмкін. Темір көптеген өнімдерде кездеседі. Ол жұмыртқаның сарысы, қара нан, бауыр, бүршақта жеткілікті мөлшерде, аздап овощ пен жемістерде болады. Темір сүтте аз болады, бірақ сүт темірін бала организм бойына өте жақсы сіңіреді.

Йод оргаиизмнің барлық ткандерінде бар, бұлшық еттерде, әсіресе организмнің өсуі мен дамуына, сондай-ақ жалпы зат алмасуына ықпал ететін қалқан безі гормонын (тироксин) жасауға қажетті қалқан безінде өте көп болады. йодты орга­низмге негізінеи су мен овощ жеткізіп түрады.

Фтор бәрінен гөрі сүйекте және тістің эмалінде көп кездеседі. Ол сүйек ткандерінің өсуі мен дамуында маңызды роль атқарады. Фтордың мөлшері өте қатаң дозаланып отыруга тиіс, өйткені оның жетіспеуі де, артық болуы да бірдей зиянды, әрі ауру туғызады. Фтор аз болганда тіс кариесі (іріңдеу, сүйек шіруі) пайда болады, ал артық болғанда флюороз (тіс эмалінің деи-тинінің және, ақырында, тіс қаңқасының бұзылуы) дами түседі. Организмге фтордың қатысуы тамақтық продуктылар мен су арқылы қамтамасыз етіледі.

Мыс қан мен кейбір ферменттердің жасалуына қатысады. Ол бауыр, ми, қан тәрізді ткандерде мол болады. Организмнің мысқа деген қажеті продуктылардың әдеттегі құрамы есебінен өтеледі. Мыс қосындылары организмге, негізінен, балық продук- тылары, жұмыртқаның сарысы, бауыр, овощтар арқылы келіп түседі.

Марганец қанның жасалуы, жыныстық жетілу және өсіпөнуге қатысты зат алмасу процестеріне әсер етеді. Марганец барлық органдардың құрамында бар, бірақ бәрінен гөрі бауыр мен сүйекте мол кездеседі.

Мырыштық бала организмінің қалыпты өсуі және дұрыс дамуы үшін маңызы зор. Ол организмнің барлық органдары мен ткандерінің құрамына енеді, зат алмасуға, ферменттер мен гормондардың жасалуына қатысады. Мырыш организмге ашытқы, саңырау құлақ, сүт пен сүттен алынатьш продуктылар, бауыр т. б. арқылы барады.

Су әрбір тірі клетка мен тканнің құрамына енеді. Барлық физикалық-химиялық және физиологиялық процестер: тамақтық заттарды сорып алу мен сіңіру, организмде керекті осмотикалық қысымды қалпында үстап түру, ассимиляция мен дисси­миляция тек сумен ғана жұзеге асады. Су зиянды және керексіз заттарды бөліп шығару, жылу түзу және жылу беру процестерін реттеу тәрізді басқа да маңызды процестер үшін қажет.

Организмге су тек таза күйінде ғана барып қоймайды, әрбір тамақтық продуктылармен де барады. Азық-түлік продуктыларындағы судың мөлшері мейлінше әр түрлі. Мәселен, овощтар мен жемістерде су 97%-ке дейін, сүтте 87%-ке, жұмыртқада 75—80%-ке, етте 50—70%-ке, нанда 30—40%-ке дейін және т. б, болады. Сондықтан суды қабылдаудың мөлшерін есептегенде тамақтық продуктыларда кездесетін судың да мөлшерін міндетті түрде ескеру керек. Жоғарыдағыларға қосымша 200—400 мл суды май, углеводтар, белоктарды тотықтыра отырып, организм-нің өзі-ақ бөліп шығаратынын айту керек.

Ескертулер.

1. Организмге қажетті тағамдардың үштен бірі А витамин бар, ал үштен екісі каротині бар тағамдар болуға тиіс.

2. А витаминінің 1 мг-і 3300 ИЕ-ға сәйкес келеді.

3. Қиыр Солтүстік жағдайында ВІ мен С витаминдерінің нормасы 30—50 процент көбейтіледі.

4. Қалыпты жағдайда ересек адам Д витаминін қосымша қабылдауды қажет етпейді, бірақ күн сәулесі аз түсетін жағдайларда 500 ИЕ-ге дейін Д витаминін беру ұсынылады.

5. Витаминдердің тәуліктік нормасы дәрігерлік көрсеткіштерге сәйкес арттырылуы мүмкін.

Негізгі әдебиет: (2,4,9,10, 14)

Қосымша әдебиет: (4,6,9,11)

№3 дәріс