Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
473 Кб
Скачать
☆

Дәріс тақырыбы: Оқу және бос уақытты ұйымдастыру. Оқу-тәрбие қызметінің гигенасы.

Дәріс тезисі:

Тұтас алғандағы бүкіл оқу-тәрбие жұмысы, сондай-ақ оның жеке бөлімдері окушылардың дене және психикалық жағынан дамуының ең жақсы нәтижелерін қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырылуы керек.

Оқу-тәрбие жұмысының гигиена мәселелері балалар мен жас өспірімдердің күн режимімен, оның ішінде оқушыларға ақыл-ой жұмыстарын тапсыру нормалары туралы мәселемен тығыз байланысты.

Балалар мен жас өспірімдердің оқу жұмысы, негізінен алғанда, ми қабығының және сезім мүшелерінің қызметімен байланысты ақыл-ой еңбегі болып табылады.

Ми қабығы клеткаларының жұмыс істеу қабілетінің белгілі бір шегі бар, сондықтан бұл шектен артық тапсырма беру оқушыны шаршатады.

Қазіргі заманғы физиология шаршау деген терминді тек жұмыс істеуші орган ғана емес, сондай-ақ бүкіл организмнің қызметінің уақытша нашарлауы деп түсінеді, бұл шаршау белгілі бір уақыт бойы жұмыс істеудің нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қабығының клеткаларында тежелудің пайда болуына байланысты туады. Сонымен, организм кызметінің кез келген түрі белгілі бір уақыт өткеннен кейін шаршау тудырады.

Шаршауды қалжыраумен шатастыруға болмайды. Қалжырау — шаршаудың субъективтік көрінісі, әрі ол организмнің әлсіреуі, аздап мең-зеңдіктің сезінуі және жұмыс істегісі келмеушілікпен ілесе жүреді.

Шаршаудан және қалжыраудан басқа тағы да болдырғыштық бар. Бұл терминмен адамның шаршауға азды-көпті бейімділігін немесе қабілетін білдіреді.

Ой жұмысы кезінде қанның миға құйылатыны белгілі. Ой жүмыс күшейген кезде, әсіресе бір нәрсеге зейінді шоғырландырған кезде, тыныс алудың баяулайтыны және әлсірейтіні байқалады. Кейде едәуір шаршағанда, балалар мен жас өспірімдердің басы ауырады, мүрнынан қан кетеді және т. б. болады. Сондай-ақ ерекше зейін қоюды қажет ететін сабақтардан кейін балалар мен жас өспірімдерде бүлшық ет күшінің әлсіреуі басталады, ол дем алғаннан кейін немесе оңайырақ жұмысқа ауысқаннан кейін тез кетеді.

Бірақ істелетін жұмыс баланың жас мүмкіндіктеріне сәйкес келуі және зорықтырмауға тиіс. Егер ми қабығының айтарлықтай шаршауы әдеттегі нәрсеге айналса және мұндай жағдайда қажетті демалыс болмаса, онда шаршау зорығу деп аталатын паталогиялық күйге айналуы мүмкін. Зорығу созылмалы ауру болып табылады. Оның бірқатар белгілері бар: психикалық қызметтің (ойлаудың, қабылдаудың, түсінудің, есте сақтаудың, зейіннің және баскалардың) нашарлауы, бастың ауруы, қалыпты үйқының бүзылуы, үйқысыздық, тамаққа зауқының соқпауы, енжарлық және басқалар.

Балалар мен жас өспірімдердің зорығуына оларды қоршаған ортаның антигигиеналық жағдайлары (тазартылмаған ауа, жоғары ылғалдылық, шаң-тозаң, жарықтың жеткілікті болмауы және т. б.), тамақтың сапасыздығы, ұйқының қанбауы немесе жайсыз ұйқы, ақыл-ой жұмысының шамадан тыс ауыр болуы, нервтік-психикалық ауыр күйзеліс және басқалар әсерін тигізеді.

Күн режимін (соның ішінде мектеп режимін), оқу жылының режимін, сабақ кестесін дұрыс құру, қиын және оған пәндерді және сабақтың басқа түрлерін дұрыс ұштастыру, үзілістер ұйымдастыру, окушылардың үй тұрмысындағы колайлы жағдайлар және т. б., сондай-ақ саналы, әрі тәртіпті мінез-құлықта болуды қамтамасыз ететін қалыпты жұмыс қабілетінің аса маңызды алғы шарты болып табылады.

Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы режимнің маңызы. Оқушылардың мектептегі дұрыс ұйымдастырылған режимі (немесе мектептегі сабақ тәртібі) қалыпты жұмыс істейтін әрбір мектептің міндетті шарты болып табылады. Мұндай режим — окушылардың, күш-куаты мен денсаулығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі. Мектеп режимін дұрыс ұйымдастырмау немесе оның орындалуына нұқсан келтіру мектеп оқушыларының жүмыс кабілетін нашарлатып, оларды әжептәуір шаршатуы мүмкін.

Мектептегі дұрыс ұйымдастырылған режим оку-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, саналы тәртіпті күшейту және мектеп окушыларының денсаулығын нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Мектеп режимінің негізгі элементтері:

а) оқу жылының ұзақтығы және календарлық жылдың барысындағы үзілістер (каникулдар);

о) мектепке балалар кабылдауды дұрыс ұйымдастыру;

б) оку күнінің үзақтығы;

в) сабактың ұзақтығы және оны тек педагогикалык жағынан ғана емес, гигиеналық жағынан да дұрыс құру;

г) пәндерді олардың ауыр-жеңілдігіне қарай дұрыс бөлу; оңай және қиын сабақтар мен жұмыстарды ұштастыру;

д) сабактар арасындағы үзілістерді тиімді үйымдастырып, таза ауаны барынша пайдалану;

е) оқу күні бойында уақытында тамақтандыру және бұл процесті дұрыс ұйымдастыру;

ж) мектеп бөлмелерінде үлгілі тазалықты, сыртқы тәртіпті және мектеп гигиенасының барлық талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

з) балалар мен жас өспірімдердің кластан тыс жұмысын дұрыс ұйымдастыру және уақыт жағынан нормалау;

и) үйге берілген сабақтарды нормалау: сабақтарды әзірлеуге қажетті уақыт, тапсырма берілетін пәндердің саны; тапсырма-лардың сипаты (бірыңғай ауызша немесе бірыңғай жазбаша тапсырмалар беруге болмайды);

к) мектеп режимінің оқушылардың тәуліктік режимімен табиғи байланысы.

Барлық кластар үшін оқу жылының ішінде каникулдар (күзгі, қысқы және көктемгі) тағайындалған. Селолық мектептерде көктемгі каннкулды өткізудің уақыты жергілікті климат жағдайларына байланысты белгіленеді. Сөйтіп, оқушыларға бүкіл оку жылының бойында жалпы демалыс күндерінен басқа, біршама ұзақ, демалыс беріледі. Оку сабақтарын каникулдармен ұштастыру оқу жылы бойына программалық материалды біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді, бұл оқушылардың шамадан тыс шаршауын болдырмайды, олардың денсаулығын сақтайды, бірнеше айлық қажырлы оқу енбегінен соң олардың күш-куатын толық қалпына келтіруге жағдай жасайды. Алғашқы үш төменгі класс оқушылары үшін ең қысқа оқу жылы тағайындалған, өйткені төменгі Класс жасындағы балалардың организмі әлі жеткілікті қатаймаған және бұл жаста олардың күші де шамалы болады. Осыған байланысты оқу жылының ұзақтық мерзіміне шек қою және жазғы каникулдың мерзімін ұзарту қажет.

Балаларды мектептегі оқуға әзірлеу. Мектеп гигиенасы тұрғысынан алғанда балалардың мектептегі оқуының басталу уақыты туралы мәселе — аса маңызды мәселе.

Балаларды мектепте жүйелі түрде оқытуды 7 жастан бастауға болады. Бірақ бұл 7 жасқа дейін балаларды қарапайым түрде оқытумен шұғылданудың керегі жоқ дегендік емес.

Қазіргі кезде балалар бақшаларында балаларды ана тіліне, есептеуге және т.б. оқыту енгізілген, ол бүкіл группамен жүргізілетін арнаулы сабақтарда жүзеге асырылады. Бұл балалардың мектептегі білімді ары қарай меңгеруін жеңілдетеді.

Алайда баланың ақыл-ойының мезгілінен бұрын, әрі жасанды түрде дамытылуы оның денсаулығына және психикалык күйіне зиянды әсерін тигізуі мүмкін.

Оқу жылында сабақтардың басталуын дүрыс ұйымдастырудың маңызы да кем емес. Мектепке жаңадан баратын жеті жастағы балалар айрықша назар аударуды талап етеді. Жеті жасар балаларды мектепте оқытудың бірнеше жылдық тәжірибесі бүл балалар класта болған алғашқы күндерінде және тіпті алғашқы апталарында, өздері үшін жаңа мектеп тәртібіне қиындыкпен бағынатындығын және олар үшін үйреншікті емес мектеп режиміне нашар көндіретінін көрсетті.

Оқу күнін дұрыс кұру сабақ кестесін дүрыс жасауды талап етеді.

Сабақ кестесін жасау. Сабак кестесін жасаған кезде түрліше ойларды ескеруге және сол мектептегі нақты жағдайларды (ка-бинеттерде жұмыс істеу мүмкіндіктерін, мұғалімдердің кестесін және т. б.) есепке алуға тура келеді. Алайда аса алуан түрлі жағдайлардың ішінде ең алдымен гигиеналык моменттерді ескеру керек. Кесте жасаған кезде ең бірінші еске алынуға тиісті нәрсе—қиын сабақтарды оңай сабақтармен дұрыс үйлестіріп кою. Пәндерді киындығына қарай бөлу тым салыстырмалы нәрсе және ол сабақтың мазмұнына, оқыту методикасына, окушылардың ынта қою және белсенділік білдіру дәрежесіне, мүғалімнің өз басына, оның окушыларға және баяндалатын оку материалына кай жағынан келуіне байланысты.

Пәндерді шартты түрде бұлайша бөлуге болады (алдымен неғұрлым қиын пәндерді, одан кейін оңайырақтарын келтіреміз): а) шетел тілі, математика, ә) физика және химия; б) тарих, жаратылыс тану және география; в) ана тілі мен әдебиеті; г) дене шынықтыру, еңбек сабақтары, сызу, сурет, музыка және ән салу. Дене шынықтыру сабақтарындағы негізгі нәрсе дене жұмысы, ал қалған оқу пәндерінің (математика, ана тілі және т.б.) сабақтарындағы негізгі нәрсе еңбек екенін есте сақтаған жөн; әрине ой еңбегін талап ететін сабақтарда да таза дене күшін (отыру, жазу процесі және басқалар) жұмсау орын алады.

Сабақ кестесін жасаған кезде оку күні және оку аптасы бойында окушылардың жұмысқа қабілеттілігі өзгеретінін ескерген жөн.

Мектеп режиміндегі үзілістердің маңызы. Нерв системасының қалыпты жұмыс істеуін және оның ең жоғарғы бөлімі — мидың үлкен сыңарларының дем алуын қамтамасыз етуде бүкіл оку күні бойында әрбір сабақтан кейін дұрыс өткізілетін үзілістердің (рекреациялардың) үлкен маңызы бар. Әрбір сабақтың аралығындағы демалысты қамтамасыз ететін үзілістер міндетті түрде керек: олар сабақ барысындағы қызу акыл-ой жүмысынан кейін оқушыларға демалыс беру үшін қажет. Сондықтан олардың ұзақтығы да окушылар сабақтан соң толық дем алатындай, сөйтіп өзінің күш-куатын калпына келтіретіндей болуы тиіс.

Үзілістердің организмінің күйіне, оның ішінде окушылардың нерв системасына, тигізетін әсері бірқатар зерттеулер арқылы анықталған. Үзіліс кезінде оқушылар өз денесінің бұлшық еттерін жазуға және бір орында ұзақ қимылсыз отырудың зардаптарын кетіруге мүмкіндік алады. Үзіліс сондай-ақ еркін, терең тыныс алуға (мектептің жер участогында, алдын ала желдетілген және тазартылған рекреациялық залда немесе коридорда) мүмкіндік береді. Үзілістердің ең басты маңызы сол, олар мидың үлкен сыңарлары қабығының дем алысын қамтамасыз етеді.

Оқу күні бойындағы үзілістердің ұзақтығы түрліше болады. Бірінші, үшінші және төртінші үзілістердің ұзақтығы 10 минут, ал екінші (үлкен) үзілістің ұзақтығы 30 минут болып белгіленген. Мұнда ең алдымен алғашқы төрт класс оқушыларының мүдделері ескерілген, өйткені бұл жагдайда үлкен үзіліс ол кластардың оку күнінің жартысына тура келеді.

Мектеп режимінде сондай-ақ сабақтан кейін оқушылардың мектептен ұйымдасқан түрде кетуін жолға коюдың ерекше зор маңызы бар. Балалар мен жас өспірімдерді сабақтан соң мектепте кідіртіп қалуға болмайды, өйткені ол белгіленген күн режимін, мектеп окушыларының нерв системасының қалыпты кызметін бұзады. Оқушылар сабақ аяқталған соң мектепте тамактанатын, одан соң дем алатын, таза ауада ойнайтын, ал содан кейін барып үйге берілген сабақтарды әзірлейтін және кластан тыс жұмыстармен айналысатын «күні ұзартылған» деп белгіленген мектептерде ғана балалар мен жас өспірімдер сабақ біткен соң да мектепте қалады.

Сабақтар аяқталысымен оқушылар ұйымдасқан түрде киім шешетін жерге карай жүруі (бірінші кезекте басқышпен бастауыш класс окушылары түседі) керек. Ең жақсысы — мектеп оқушыларының бірінен кейін бірінің жүруі. Басқышпен жүгіруге үзілді-кесілді тиым салынады. Мұғалімдер, ең алдымен класс жетекшілері, балаларға кластан асықпай және ұйымдасқан түрде шығудың маңызын, оқушылардың басқышпен төмен түсу тәртібін, киім шешетін жерге кішігірім топ болып біртіндеп кіру және дәл солай үйымдасқан түрде сыртқа шығу қажеттігін түсіндірулері керек.

Жоғарыда аталған шаралар балалар мен жас өспірімдердің саналы тәртібінің дәрежесін арттырады, әрі жарақаттануды болдырмайды.

Мектеп режимі окушылардың тәулік бойғы режимімен табиғи байланыста болуға тиіс, өйткені тәуліктік режимнің бұзылуы көп жағдайда мектеп режиміне зиянын тигізеді, окушылардың шаршауын көбейтеді, әрі мидың қызметіне, оку жұмысының табысты болуына және балалар мен жас өспірімдердің денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Мұғалім оқушылардын семьядағы режимі де мектеп гигиенасының талаптарына сәйкес келуіне кам жасауы кажет.

Сабақта шаршауды болдырмау. Оқыту гигиенасындағы негізгі нәрсе — оқушылардың шаршауын болдырмау. Сабақта шаршау ең алдымен балалар мен жас өспірімдердің зейінінің нашарлауынан және олардың оку жұмысы сапасының төмендеуінен көрінеді.

Балалар мен жас өспірімдер үшін сабақ неғұрлым қызықты болса, олар оқу материалын меңгеруге неғұрлым белсенді қатысса, солғұрлым олар аз шаршайды. Бұл жағдайда міндетті түрде сабактың ұзақтығының белгіленген нормасы сақталуы тиіс және белгілі бір жастағы окушылар үшін қонымды болатын оку материалы ғана оқытылуы қажет. Негізгі дидактикалык таланты — оңай материалдан біртіндеп қиынырақ материалға көшу талабын — орындау міндетті. Бұл педагогикалык талаптың үлкен гигиеналык маңызы бар, өйткені оны орындау ми қабығының қалыпты жұмыс істеуін, оқушылардың шаршаүының қалыпты түрде өсуін қамтамасыз етеді және шаршай бастау моментін алыстатады.

Оқыту гигиенасының мәселелерін шешкен кезде өсіп келе жатқан организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін мұкият ескеру қажет. Баланың және жас өспірімнің нерв системасының күйі бүкіл организмнің дамуы үшін, ең алдымен оның нервтік-психикалык сферасының дамуы үшін аса зор маңызға ие.

Төменгі, орталау және жоғары кластардағы оқыту гигиенасының ерекшеліктері. Көп жылдық оқыту тәжірибесі сабақтың ұзақтығын 45 минут етіп белгілеуге алып келді. Бакылаулар сабақтың бұл үзақтығының әбден орынды екенін көрсетті. Ол сабақты жеткілікті түрде мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді және балаларды онша шаршатпайды. Сабақтың уакытын одан ұзарту дұрыс емес, өйткені жоғары класс жасындағы балалардың белсенді зейінінің бір мезгілдік ұзақтығы 45 минуттан аспайды, ал төменгі класс окушыларында одан да кем болады.

7 жастағы балалар үшін, яғни 1 класс оқушылары үшін, 45 минуттық сабақ ұзақтық жасайды. Психологтардың мәліметтеріне қарағанда, олардың белсенді зейінінің ұзактығы небары 15 минут кана, сондыктан олар бүкіл 45 минут бойы сабаққа тұрақты зейін коюы мүмкін емес.

Бір сабақтың бойында бірнеше пәнді ұштастыру тиімді, тө-менгі кластардың көптеген мұғалімдері оны ойдағыдай колданып та жүр. Жазу (апа тілі) және арифметика сияқты пәндер бүкіл бір сабақты толық алмай, оларды дене шынықтыру, сурет және ән-күй сабақтарымен кезектестіріп өту жағын қарастыру керек. Төменгі класс жасындағы балалардың белсенді зейінінің ұзақтығын және ми қабығының оку материалын кабылдау кабілетін ескермеске болмайды. Сабақтарды араластырып өтудің мысалын келтірейік: а) арифметика — ән-күй, ә) орыс тілі (жазу) — дене шынықтыру, б) арифметика — орыс тілі (оқу). Сабақтарды бұлайша ауыстыру ми кабығының қызметі үшін колайлы жағдайлар жасап, балаларға бір сарынды ой еңбегінен түсетін салмақты женілдетеді, әрі шаршауды болдырмайтын шаралардың бірі болып табылады.

Оку пәндерін бір сабақ ішінде бұлайша қосудан оқу жұмысы тек кана ұтады және балалардың үлгірімі артады. Оку жүмысы үзаққа созылып кеткен кезде кіші мектеп жасындағы балалардың үлкен ми сыңарларының қабығы клеткаларының козғыштығы күрт төмендеп кетеді. Бұл жағдай сабақтың ұзақтығы және олардың жоспарлау үшін де, сондай-ақ үйге берілетін сабақтың мөлшерін анықтау үшін де пайдалануы қажет.

Мектеп окушыларын гигиеналық тұрғыдан кітапты дұрыс пайдалана білуге, оны дұрыс ұстауға, дұрыс оқи білуге үйретудің маңызы өте зор, өйткені бала кезде қалыптасқан дағды көбінесе бүкіл өмір бойы сақталады. Мұғалім балалар мен жас өспірімдердің үйде кітап оку гигиенасының ережелерін сақтауы кажеттігі жайлы нүсқаулар беруі тиіс.

Тез жазу баланы қатты шаршатады. Ол кезде саусақтардың бүгілдіргіштері мен жазылдырғыштарының әрбір жиырылуы үшін 0,2—0,3 секунд кана уақыт кетеді, осы уақыттың өзінде қағазға карай еңкейген бас, көп минут бойы мойын және арқа еттерінің үздіксіз күш жұмсауы арқасында, ауырлық күшіне катысты алғанда тепе-теңдік калыпта ұсталып тұрады.

Жазу кезінде оқушыны дұрыс отырғызудың оку кезіндегіден гөрі де маңызы зор, өйткені жазу кезінде бала немесе жас өспірім үнемі қимыл жасап отырады. Баланың тұла бойы дұрыс орналаспаған жағдайда, әсіресе бас азды-көпті алға карай еңкейгенде, оны ұстап түрған мойынның бұлшык еттеріне күш түседі. Осының нәтижесінде бұл бұлшық еттер тезірек шаршайды. Ұзақ уақыт жазу жазғанда жазу процесіне тікелей қатысатын еттер ғана емес, сондай-ак көрші ет топтары да шаршайды. Бұл еттердің шаршауы нәтижесінде мынадай жағдай болады: бала ұзак уақыт жазу жазғанда қосымша таяныш іздейді де, кеудесімен столдын жиегіне сүйенеді. Бүдан көкірек клеткасы қысылып, қалыпты қан айналымы және тыныс алу бүзылады.

Негізгі әдебиет: (2,4,9,10,11,14)

Қосымша әдебиет: (2,6,9)

№4 дәріс