Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Programma_praktiki_ISkaz2014 (1).doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

3.8 Өндірістік тәжірибе қорытындысын жасау

Тәжірибенің қорытындысы мен нәтижесін бағалау үшін студент АЭЖ кафедрасына күнделік және есептеме қосымшаларымен ұсыну қажет.

АЭЖ кафедрасы күнделік пен есепті оқытушыға рецензияға береді.Оқытушы рецензияға оң баға берсе, есептеме бойынша тәжірибе қорғауға жіберіледі.

Есептеме бойынша өндірістік тәжірибені кафедра меңгерушісі қорғауға қабылдау үшін Комиссия мүшелерін құрады:оқытушы, тәжірибе бойыншакурс жетекшісі, университеттен тәжірибе жетекшісі , мүмкіндік бойынша кәсіпорыннан.

Әрбір студент Комиссия отырысында есептеме бойынша тәжірибесін қорғайды. Тәжірибе бойынша оның негізі мәліметтері, сонымен қатар Комиссия қорғаудың қорытындысын студенттің қатысуымен тәжірибеге баға беріледі.

Студент, тәжірибе бағдарламасын орындамаған жағдайда, жұмысынатеріс пікір алған болса немесе есептемені қорғау барысында қанағаттанарлықсыз баға алса, университтетен шығарылады.Белгіленген тәртіп бойынша студенттердің қатарына қайта қосылу құқығы сақталады.

Есептеменің қорытындысы бойынша студенттің бағасы ведомостқа және транскрипқа қойылады(сынақ кітапшасына).

Сонымен қатар, Комиссия мүшелері есептеменің алдыңғы парағына жазба енгізеді:өндірістік тәжірибе есептемесі бағамен қорғалды « », күні мен қолы қойылады.

4. Бітіру курсының студенттеріне арналған өндіріс тәжірибесінің бағдарламасы

Студенттердің өндірістік тәжірибесі бакалавр дайындығының ең маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Студенттерге арналған “Ақпаратты жүйелер” білім бағдарламасы бойынша теориялық курстарды оқып бітіргеннен кейін және білім беретін қарастырылған бағдарламалармен курстық жоба жасағаннан кейін тәжірибе жүргізіледі. Тәжірибеге түгел оқу жоспарындағы жұмыстарды орындап бітірген, яғни барлық емтихандар мен курстық жобаларды тапсырған студенттер жіберіледі.

    1. Өндірістік тәжірибеның мақсаты мен тапсырмалары

Өндірістік тәжірибенің мақсаты студенттердің бекітілген және теориялық білімі жағынан тереңдетілгендігінен , оқыту үрдісінде алған білімі, сонымен қатар қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды ұйымдастыру аумағында қажетті тәжірибелік икемділіктері бар студенттерден тұрады.

Өндірістік тәжірибенің негізгі тапсырмалары келесілер болып табылады:

  • білім алу кезінде студенттермен теориялық білімді бекіту;

  • кәсіпорынның қызметімен және оның автоматтандырылған дәрежесімен танысу;

  • жиында, сараптамада және ақпараттарды сақтауда және нәтиже беруде тәжірибелік икемдену;

  • әр түрлі оқиғаларды болжамдау тәсілдерін үйрену немесе болашақтағы экономикалық жағдайларды болжауға;

  • кәсіпорынның автоматтандыру басқарымының қызметімен танысу;

  • ақпараттық жүйелерді жобалау бойынша методикалық материалдарды оқу;

  • ақпараттық жүйенің эксплуатациясы бойынша дағдылану;

  • ақпараттық жүйелерді жобалау жұмысына қатысу.

Өндірістік тәжірибе үрдісін оқитындар кәсіби және жұмысты ұйымдастырушы тәжірибесін алып шығу керек.

4.2. Өндірістік тәжірибенің объектілері

Студенттерді тәжірибе өтетін жеріне келісім бойынша (Қосымша 1), университет арасында және тәжірибе базасымен бекітілген және растау хаттарымен (Қосымша 2) тәжірибе жіберіледі.

Студенттердің тәжірибелік базасы қаржылық қызметтер, банктар, халықаралық ұйымдар, кәсіпорындар және фирмалар, ақпараттық жүйелер мен технологиялармен тығыз байланысты, сонымен қатар зерттеулермен және қазіргі заманғы есептеу техникаларының ақпараттық жүйесінің эксплуатациясымен айнлысатын ұйымдар мен мекемелер болып табылады.

Студент-тәжірибент, егер ол жұмыс істемесе ұйымның қолдауымен мамандығы бойынша вакантты қызметке алынуы мүмкін. Осыған орай студент нақты істелінген жұмыстарға байланысты жазбаша есеп құрады, сонымен қатар вакантты қызметке алынғаны жайлы анықтама қағазын алады.

Тәжірибентты жұмыс орнында қолдануға, тәжірибеде қарастырылмаған бағдарламаны қарауға және студентке қатысы жоқ мамандықтарға тыйым салынған.