Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Programma_praktiki_ISkaz2014 (1).doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

5.1Дипломалды тәжірибенің мақсаттарымен міндеттері

Оқу барысындағы қажетті мүмкіндіктерді, алған білімдерді тереңдетіп қатайту, сондай-ақ дипломдық жұмыстың тақырыбымен қажет мағлұматтарын анықтау, маман иелерімен анықталған ақпараттық жүйе осы дипломдық жұмыстың шешімдері болып, сонымен қатар дипломдық жұмыстың қажет шамада сәтті орындалуы мен қорғалуы барысындағы теориялық және тәжірибелік нәтижелер дипломалды тәжірибенің мақсаты болып табылады. Дипломалды тәжірибенің өткізілуі, дипломдық жұмыстың дайындығы мықты негізде сәтті өтіп қорғалуын қамтамасыз етуі қажет.

Дипломалды тәжірибенің негізгі мақсат жетістіктерге толы болуы үшін мынадай зерттеушілік мақсаттар мен инженерлік – тәжірибелік мінездемелердің шешімдерін табу қажет:

  • Дипломдық және дипломалды тәжірибенің талаптарымен танысу;

  • Ақпаратты барлық мүмкін әдебиеттерден іздеп, зерттеу (әдебиет, конференциялар, интернет);

  • Жан-жақты жинақталған мағлұматтарды алдағы уақытта әртүрлі жұмыстарды шешу мақсатында қолдану;

  • дипломдық және дипломалды тәжірибені тапсырмаларын жетекшімен тереңдетіп зерттеу;

  • дипломдық жұмыстың орындалуы мен қорғалуы мақсатында теориялық мағлұматтарды толық меңгеру;

  • дипломдық жұмыстың алдағы уақытта орындалуын, алынған шешімдердің толықа яқталуын қамтамасыз ету.

Дипломалды тәжірибенің жүргізілуі барысында студент теориялық тапсырмаларды орындап, жұмыстың мінездемесін анықтайды.

Дипломалды жұмыстың аяқталуы мерзімінде студент тәжірибе жетекшісіне дипломдық жұмыстың нұсқасын есеп түрінде ұсынады.

Жұмыстың теориялық базасын мынадай алынған тәртіптер ережелерін зерттеу кезеңі құрайды, «Ақпаратық технология », «АЖ берілген базасы», «Экономикалық ақпараттық жүйедегі жаңа технологиялар», «Ақпаратық жүйенің құрылымы», «Ақпараттық жүйенің ақпараттық бөлшектері» т.б.

5.2Дипломалды тәжірибенің объектілері

Мамандық базасы бойынша мақсатқа сәйкес тәжірибе өтетін өндірісті еркін таңдау; өндірістер; қаржылық қызмет көрсетулер; банктер; құнды қағаздар биржасы; фондтар; коммерциялық фирмалар; мемлекеттік қызмет органдары және т.б.

Білімдік жоспар бойынша дипломалды тәжірибенің басқармасы кафедра меңгерушісінің оқытушылар арасынан таңдалынған дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісімен іске асырылады.

5.4 Дипломалды тәжірибенің мазмұны

Тәжірибе мазмұны орындалатын жеке тапсырмалардан құралған.

Дипломалды жұмыстың тақырыбы орындалатын жеке тапсырмалардың мінездемесімен анықталады, сонымен қатар ол дипломдық жұмыстың тақырыпшасымен байланысты болуы керек.

Жеке тапсырмалар ақпараттық жүйенің анықталу сұрақтары, сондай-ақ ақпараттық процестердің сұрақтарының формальді сипаттамасын, берілген технология базасын, бағдарламалық құрылымдарды қамту керек .

Тақырып пен тапсырмалар мынадай әдіспен құрылып, таңдалуы қажет :

  • дипломдық жұмыстың тақырыбы жан-жақты болып, яғни дипломдық жұмыстың зерттеулері мен нәтижелері тәжірибелік мағынасын қамтуы керек.

  • Жұмыс ішкі толықтылықты, яғни көптеген әлсіз мағынасы жоқ бөлімдерден байланысқаны жөнсіз;

  • Жұмыстың тақырыбы маңызды көлемдегі жұмыстардан және қабылданған шешімдерден құралғандығына жетеді;

  • Берілген зерттеу жұмысындағы тапсырмалар тәжірибе барысында толығымен орындалуы тиіс;

  • Тапсырмалардың толық көлемде орындалуы қорғалған нақты нәтижелерге жеткізеді.

Дипломдық жұмысқа жиналған мағлұматтар келесі бөлімдер бойынша құралуы қажет:аналитикалық, жобалық, тәжірибелік және экономикалық жағынан әсерлігі .

«Аналитикалық кезең» бөлімінде орындалатын іс-әрекеттің басқарылатын жүйесі қарастырылады: өндірістің қысқаша мінездемесі, оның құрылымы, атқаратын қызметтері туралы беріледі.

Орындалатын басқармалық жүйенің ресурстарын АЖ әрекетінің қамтамасыз етілуі деңгейінде сипаттау қажет: ақпараттық, бағдарламалық, техникалық, технологиялық және т.б. Өндірістің ақпараттық моделің ұсынған жөн, құжатнамаға, орындалатын классификаторға, кодтау жүйесіне мысалдар келтіріп, ішкі машиналық ақпараттық базаны, берілген құрылымдық базаны қарастыру, бағдарламалық және аппараттық құрылымдарға мінездеме беру, топология жүйесін келтіру, қарастырылатын технологияларды келтіру қажет.

Анализ барысында қалыптасқан кемшіліктерді шығарып, ақпараттық жүйені қайта құрып, кемшіліктерді жоба барысында алдын алу қарастырылады.

Аналитикалық кезең тек қана объектінің-әрекет жүйесінің қалпын сипаттаумен ғана шектелмей, таңдалынған тақырып бойынша ғылыми –техникалық жағынан жалпы түсінік болу қажет. Келтірілген барлық мағлұматтар иллюстрациялық графикамен, суреттермен, кестелермен қамтамасыз етіліп, кесте түрінде келтірілуі қажет.

Жобалық кезең аналитикалық кезеңнің шешілу жолдарының құрылымымен толық қамтылуы қажет. Берілген бөлімде тапсырмаларды өңдеу алгоритмі, бағдарламасы белгілі бір алгоритм тілінде орындалуын, барлық қамтамасыздандырудың автоматизацияланған шешімдерін анықтайды.

Жобалық бөлім кезеңі тұлғаның өмірлік проблемаларын, еңбек қауіпсіздігін қамтитын бөлек бір параграфты қамтуы керек. Параграфта адам үшін зиянды факторлар келтірілген.

Тәжірибелік бөлім ДЭЕМ-дағы тапсырмаларды шешуге арналуы керек. Бағдарламалық өнім есеп мүмкіндіктерін қорғайтын демонстрациялар мен болуы қажет. Қолданушының бағдарламалық интерфейсі болмаған жағдайда жұмыстық және демонстрациялық болжам болуы керек, бұл программалық өнімнің негізгі нәтижелерін қамтиды.

Дипломдық жұмыстың қорытынды бөлімінде барлық бөлімдер бойынша ортақ ойлар тұжырымдамалар жасалып, тапсырмалардың орындалған деңгейлері берілуі қажет. Мұндағы қорытындылар техникалық–экономикалық іс- әрекеттер жүйесінің өңделген нұсқаларын салыстырумен байланысты. Қорытынды бөлімде дипломдық жұмыстың жобалық құрылымдары, соның ішінде өндірістің ортақ мәдени құрылымын, кадр деңгейін еңбек шартының жақсаруы қамтылады.

Қорытынды бөлімінде студенттердің жобаларындағы өңделген шешімдері бойынша тәжірибелық ұсыныстар беріледі.

Сол арқылы қорытынды бөлімі дипломдық жобаның жан-жақты құрылған резюме үлгісі ретінде қарастырылады.

Әдебиеттер тізіміне өндірістің стандарттары, әдістемелік ұсыныстар мен басқа да әдебиеттер ұсынылады. Келтірілімде студенттің дипломдық жұмысының барлық қажетті құжатнамалары шығарылады (бланктер, формалар, кестелер, графиктер және т.б. )