Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Programma_praktiki_ISkaz2014 (1).doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

1.7.Оқу тәжірибесіндегі есеп беру тәртібі.

Студент оқу тәжірбиесінің нәтижесін жазба түрде күнделік және есеп ретінде жинақтайды. ( қосымша 6, 7)

Күнделік пен есеп тәжірібиенің талаптары мен бағдарламасына сәйкес жазылуы тиіс:

  • есепті электронды нұсқада аралығы бір интервал, Times New Roman каріпінен 14- ші нөмірімен; астыңғы және үстінгі өріс-2см , оң жақ пен сол жақ- 1, 0см;

  • есеп пен күнделік мәтінінде титулдық бет жоғарыда көрсетілген үлгідегідей рәсімделеді.( қосымша 6, 7);

  • титулдық беттен кейін есептеуіш тәжірбиенің мазмұны бекітіледі, онда әр тарау неше беттен тұратыны көрсетіледі;

  • тақырыптары және олардың рубрикациялық индекстері қатаң жарасымға мәтінмен бірге келтірілуі керек;

  • келесі бет күнделік пен есеп беру-қысқартылған тізім, мәтінде тек қана жалпы қабылданған қысқартулар енуі тиіс;

  • әр бөлім жаңа беттен басталуы тиіс;

  • барлық беттер араб цифрларымен нөмірленуі керек, беттердің нөмірлері титулдық беттен соңғы бетке дейін және оның ішіне графика, кесте, т.б. кіреді. Титулдық бетте және мазмұнында нөмір қойылмайды, бірақ жалпы нөмірлеуде ескеріледі.

  • әр кестенің жоғарғы жағында өзінің тақырыпшасы болуы тиіс;

  • есептің көлемі 20-25 парақтан тұрады және оның ішіне графикалар, сұлбалар, әдеттегі құжаттар және т.б. кіреді.

1.8. Тәжірибені қорытындылау

Тәжірибені қорытындылау және бағаны қорытындылау үшін студент күнделік пен есеп қосымшамен бірге тапсыруы тиіс.

Студент күнделік пен есепті пікірді жетекшіге сарапқа салу үшін тапсырады. Жетекшінің оң бағасын алған соң тәжірибе жайлы есеп беру қорғалады.

Әр студент тәжірибе жайлы есеп беруін комиссия алдында қорғайды. Тәжірибе жайлы материалдар негізінде және қорғау нәтижесіне байланысты комиссия балдық-рейтингтік, әріптік жүйе арқылы студентті бағалайды. Бағалау кезіндегі студентке қойылатын критерий студенттің алдына қойған мақсатын орындау болып табылады.

Тәжірибелік бағдарламаны орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір немесе есеп берудегі қорғау барысында қанағатсыз баға алған студент, студенттік демалыс кезінде қайта тәжірибеге бағытталады немесе оқудан шығарылады. Есеп берудегі қорғау нәтижесіндегі баға студенттің транскриптісіне енгізіледі. Одан басқа, комиссия мүшелері күнделіктің және есеп берудің басты бетінде: «Анықтауыштық пактика туралы есеп беру» осы бағамен қорғады «__», күнін және қолын қояды.

2. Курс студенттерінің өндірістік тәжірибе бағдарламасы

Өндірістік тәжірибе жұмыс жоспарымен орындалады. Қазіргі уақытта «Ақпараттық жүйелер» мамандығының оқулық жоспары бойынша өндірістік тәжірибе 2-ші курсқа (орта білім базасында) және бірінші курс (орта білімнен кейінгі базада) жоспарланып отыр.

2.1. Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмасы.

Тәжірибе мақсаты- базалық компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу және оны жетілдіру, техникалық құрылғылар мен ақпараттық технологияларды қолдана білу. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс икемділігін дамыту және жетілдіру.

2.2. Өндірістік тәжірибе объектілері.

Студенттерді тәжірибе орнына бағыттау, университеттің және тәжірибе базасының, тәжірибеге келісімімен орындалады.

Өндірістік тәжірибенің базалық мекемесі, компьютерлік орталықтар, түрлі кәсіпорындар және мекеме, мамандандырылған мекемелер, оқу орындары және ғылыми-зерттеу университеттері болып табылады. Мекемені таңдау - ең бастысы тәжірибелік тапсырмаларды шешу белсенділігімен анықталады. Бағдарламалық тәжірибемен қарастырылмаған және аталған мамандыққа қатысы жоқ студент бұл тәжірибеден өткізілмейді.