Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Programma_praktiki_ISkaz2014 (1).doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆
    1. Дипломалды тәжірибенің соңы

Дипломалды тәжірибенің соңы дипломдық жобаны қорғау барысында шығарылады. Дипломалды тәжірибе қорытындылары бойынша студент тәжірибе меңгерушісімен тексеріліп, комиссия мүшелерінің алдында қорғалады. Қорғаудың нәтижелері бекітілген баллдық-рейтингтік, әріптік баға жүйесі бойынша бағаланады.

1-қосымша – Кәсіптік тәжірибеден өткізудің келісім шарты Ф.МИ-115-01

Кәсіптік тәжірибеден өткізудің

№______ КЕЛІСІМ ШАРТЫ

Қарағанды қаласы «____» ___________ 20____ж.

Бірінші тараптан, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, э.ғ.д., профессор Е.Б. Аймағамбетов атынан және екінші тараптан, _____________________________________________ ______________________________________________________________________________________

(кәсіпорын, ұйымның атауы)

________________________________________________________________________________атынан (аты-жөні, лауазымы)

27.07.2007 жылғы ҚР «ҚР-дағы білім туралы» Заңға және 29.11.2007 жылғы № 582 ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындары қызметінің Ережелеріне» сәйкес осы шартты жасадық:

1. Білім беру ұйымы:

1.1. Кәсіптік тәжірибе басталғанға дейін екі ай бұрын, бағдарламамен, кәсіптік тәжірибеден өтудің күнтізбелік кестесімен және оқып білім алушы – тәжірибеден өтушілердің санымен келісу үшін кәсіпорындарға (мекемелерге, ұйымдарға) табыс етуге;

1.2. Кәсіптік тәжірибеден өтуге жіберілгендердің оқып білім алушылардың тізімін (аты-жөнін), кәсіптік тәжірибе басталғанға дейін бір аптадан кешіктірмей кәсіпорынға (мекемеге, ұйымға) табыс етуге;

1.3. Білікті оқытушылардан тәжірибеден өту жетекшісін тағайындауға;

1.4. Студенттердің (магистранттардың) еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге;

1.5. Кәсіптік тәжірибеден өтуді ұйымдастыруда кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетуге міндеттенеді.

2. Кәсіпорын (мекеме, ұйым)

2.1. Оқып білім алушылардың кәсіптік тәжірибеден өтуі үшін табыс етілетін күнтізбелік кестеге сәйкес білім беру ұымының сұратуы бойынша мәлімет (мекен жайы, телефон) беруге;

2.2. Оқып білім алушылардың әрбір жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге;

2.3. Еңбек қауіпсіздігін қорғау бойынша нұсқау беруден өткізуге;

2.4. Оқып білім алушылардың кәсіптік тәжірибе бағдарламаларын орындауы үшін қажетті жағдай жасауға;

2.5. Кәсіптік тәжірибеге басшылық жасау үшін білікті мамандар беруді қамтамасыз етуге;

2.6. Кәсіптік тәжірибе аяқталғаннан кейін әрбір оқып білім алушы-тәжірибеден өтушінің жұмысы туралы мінездеме мен ол дайындаған есептің сапасына баға беруге міндеттенеді.

3. Тараптардың жауаптылықтары

3.1. Тараптар, бірлескен қызмет процесінде белгілі болған, өндірістік тәртіптегі құпия мәліметті жарияламауға міндеттенеді.

4. Шарттың қолдану мерзімі

4.1. Осы шарт екі тараптың оған қол қойған күннен бастап заңды күшіне енеді және

«____» ____________20___ жылға дейін қолданылады.

4.2. Шарт тараптардың бірінің жазбаша хабарлауымен бұзылуы мүмкін және екінші тарапқа шартты тоқтату туралы хабарламаны жіберген күннен екі ай өткеннен кейін өзінің қолдануын тоқтатады.

4.3. Шартты бұзу тараптардың өзара келісуі бойынша анықталады.