Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык сабактар (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281 Кб
Скачать
☆

Астық массасының қуыстылығы

Қуыстылық дегеніміз астық дәндерінің арасындағы пайда болған қуыстардың көлемінің жалпы астық массасының көлеміне қатынасын процент түрде айтамыз.

Яғни,

мұндағы: W- астық массасының көлемі;

V- астық массасының қатты бөлшектерінің шынайы көлемі.

Бүл формуланы басқа түрде келтіруге болады:

t= - астық массасының тығыздығы.

Дәнді дақылдарының қуыстылығы олардың формасына, ірілігіне, біркелкілігіне және т.б. көрсеткіштеріне байланысты өзгеріп отырады. Әсіресе қустылық көрсеткіші дәнді дақылдардың натурасымен байланысты.

2 – кесте

Дәнді дақылдардың қуыстылығы мен натурасы

Дақылдар

Қуыстылық, %

Натура, г/л

Бидай

35-45

650-840

Қара бидай

35-45

600-750

Арпа

45-55

500-700

Күріш

50-65

420-550

Сұлы

50-70

400-550

Қарақұмық

50-60

500-650

Жүгері

35-55

680-820

Тары

30-50

600-730

Бұршақ

40-45

700-800

Зығыр

35-45

500-680

Күнбағыс

60-80

300-440

Сонымен, астық массасының қуыстылығы әр түрлі жағдайларға байланысты өзгереді: ірілігі, майда дән және кіші қоспалардың мөлшері, біркелкілік сипаты, ылғалдылық шамасы, дәнінің формасы, бетінің тегістілігі, астық қораптары, силостардың, жай қоймалардың өлшемдері, сақталу уақыты толтыру әдістері.

Астық массасының қуыстылығының шамасы көп болса, койманың сыйымдылығы үлкен болуға тиіс.

Астық массасының құрамына майда қоспа бөлшектері көп болса, олар ауа қуыстығын толтырып, оның шамасын төмендетеді.

Қуыстылықтың технологиялық маңыздылығы жоғары: оның шамасына байланысты тездетіп желдету үрдісін жүргізу үшін ауа мөлшерін, аэродинамикалық кедергі қысымын есептеп; сыртқы ауамен желдету, жылы ауамен қыздыру, ыстық ауамен кептіру үрдістерін толық есептеп қажетті қондырғылардың саны мен өнімділігін есептеп анықтайды.

Қуыстылыққа байланысты астық массасының жылу және ылғал өткізу қабілетін, ауа оттегінің оның ішкі жағына бөлінуін, жалпы сапасын жақсартуға байланысты технологиялық өңдеу әдістерін тиімді жүргізуге (газациялау, дегазациялау), тұқымдық қасиетін жоғарлату, зиянкестерді жою т.б.) болады.

Қуыстылықтың бір ғана теріс әсері бар - ол жалпы микроорганизмдер мен зиянкестердің өсіп дамуына және таралуына жақсы жағдай тудырады. Астық массасының сұрыпталуына байланысты оның қуыстылығы өзгерелі. сондықтан әр бөлігінде әр түрлі қуыстылығы пайда болады.

№3 Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Шырынды өсімдік шикізаттарының физиологиялық ерекшеліктері

Жемістерді, көкөністі сақтағанда олар тіршілік белгісін бәсеңдетіп, шала "ұйқылы" жағдайда көшеді. Осы тыныштық жағдайын ұзарту, оның жақсы сақталуының кепілі. Осы жағдайда, мысалы, картоп түйнектері, пияз өнбей ұзақ жатады.

Көпшілік жемістерінің пісу сатысын екі кезенге бөледі: 1. Жиын-терін кезіндегі пісу кезеңі; 2. Тұтыну кезінде пісу кезеңі. 1-ші кезеңде жиналған жеміс сақтауға, басқа жақа тасымалдауға тұрақты болады да, жиналған соң ол одан әрі тұтыну пісу кезеңіне көшеді. Ол кезеңдердің мерзімі әр түрлі болады. Олар бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.

Сақталуы жатқан жеміс демалады. Оның қарқыны әр жеміс түрінде әртүрлі және оның сортына, пісу кезеңінде, сақталу жағдайына қарай өзгеріп тұрады. Жемістің демалу барысын әртүрлі ферменттер қатысады. Онда жылу бөлініп шығады. Жеміс оттегімен немесе оттегісіз демалуы мүмкін. Егер жеміс оттегінсіз демалса этил т.б спирттер және сутегі, көмірқышқыл бөлініп шығады. Демалудың қарқынына органикалық заттар, ең алдымен қант жұмсалады. Демалғанда су және жылу бөлініп шығады. Міне осының бәрі жемісті сақтағанда енске алынуы керек.

Жеміс сақтаудың алғашқы кезеңінде ол сирек демалады да, кейін ол қарқындай түседі. Оның озіде жемістің түріне, сортына байланысты. Бірақ белгілі мерзімнен кейін жеміс ескіреді. Сонда оның көмірқышқыл газін,этил бөліп шығару қарқыны өседі. Сондықтан жеміс сақтағанда оның демалу қарқынын бәсендетуіне арнап әрекет жасау керек. Оған оттектің мөлшері азайу, салқындату,үстеп желдету т.б шаралар жаттады. Жеміс ұзақ, әсіресе қолайсыз жағдайда сақталса, ол бұзыла бастайды. Онда ол ауруға шалдығады. Мысалы, алма оттегінсіз демалудың әсерінен, беті дақтанып, іші қарапайым, ащы дәм пайда бастайды, картоптың іші қарайып, пияз қоңырқой тарта бастайды.

Әр жемістің өзіне тән ауруы болады. Олар әртүрлі микроорганизмдердің әрекетінен бұзыла бастайды.микроорганизімдердің өзі неше түрлі улы заттар бөліп шығып, жемістің сау клеткаларын уландырады. Мысалы, көгерткіш ұсақ саңырауқұлақтардың пектологиялық ферменттері жеміс тканьдарының жұмсартып жібереді де, солармен химиялық реакцияға түсіп, тканьның өмірін жойып жібереді. Кейбір жемістер осы ауруларға қарсы тұра алады. Оны иммунитет деп атайды. Онда оттегімен демалу барысы біраз күшейіп, жемістканьдарында спирт пен альдегидтер көбейіп, оның сақталуға тұрақтылығы біраз өседі. Жемістің тұрақтылығына лигнии сияқты механикалық заттардың дамаңызы бар. Міне осының бәрі оларды сақтау ретіне байланысты өзгеріп отырады.

№4 Практикалық жұмыс