- •Тақырыбы: Шикізаттар мен тағам өнімдерінің сапасын бағалау
- •Тақырыбы: Астық массасының қасиеттері Астық массасының физикалық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •Астық массасының сусымалылығы және өздігінен сұрыпталуы
- •Бидай астығының өзінше сұрыпталуы
- •Астық массасының қуыстылығы
- •Дәнді дақылдардың қуыстылығы мен натурасы
- •Тақырыбы: Шырынды өсімдік шикізаттарының физиологиялық ерекшеліктері
- •Тақырыбы: Шырынды өсімдік шикізаттарын консервілеудің физикалық әдісі.
- •Тақырыбы: Майлы шикізаттардың сипаттамасы.
- •Тақырыбы: Жануар майының шикізатының сипаттамасы.
- •Тақырыбы: Сүттің сапасына қойылатын талаптар
- •Тақырыбы: Сиыр майының ассортименті. Майды қаптау және сақтау.
- •Тақырыбы: Ас тұзына қойылатын талаптар және оны сақтау
- •Картоп крахмалы.
- •Крахмалды кептіру.
Тақырыбы: Ас тұзына қойылатын талаптар және оны сақтау
Ас тұзы-табиғи кристалл. Ол 97,0-99,7 пайыз NaCL-дан тұрады. Ол түссіз тұнық зат. Оны тас, қайнатылған, өзінен өзі шөккен және шөккен деп бөледі.
Тас тұзын жер астынан қазып алады. Онда NaCL 93-95 пайызға жетеді.
Қайнатылған тұзды табиғи ерітінділерден қайнатып, кептіріп, бөліп алады. Ондағы NaCL мөлшері 99,7 пайызға жетеді.
Өзінен өзі шөккен тұзды көлдердің түбінен алады. Оны көбінесе Басқұншақ көлінен өндіреді.
Шөгерілген тұзды теңіз суынан қайнатып, немесе басқа да тәсілдермен шөгеріп алады. Оның ішінде аздап FeCO3 жәнеCaSO4 болуы мүмкін. Оларды бөлек шөгеріп бөліп шығаруға болады.
Осы алынған тұздардың үгіттеп, елеп немесе кесектей шығарады. Адамның денсаулығын сақтау үшін, оған /25 г/т/ КІ қосады.
Ас тұзы сапасы
Көрсеткіштері |
Сорттары |
|||
экстра |
жоғарғы |
бірінші |
екінші |
|
Түсі |
ақ |
Аздап сұрлау ақ, сарғыш, қызғылт болуы мүмкін |
||
Иісі |
жоқ |
Аздап йод иісі болуы мүмкін |
||
Дәмі |
Таза тұзды, бөтен дәм, иісі жоқ |
|||
Ылғалдығы, проц.артық емес : Тас тұзы Шөгерілген, өзінен өзі шөккен Қайнатылған Йодталған |
- - 0,1 |
0,25 3,2 0,7 |
0,25 4,0 0,7 |
0,25 5,0 - |
0,5-тен артық емес |
||||
Құрғақ затқа есептегенде, процентпен : Натрий хлориді Суда ерімейтін заттар Химиялық қоспалар: Ca+ ионы Mg+ ионы Fe2O3 Na2SO4 SO4 |
99,7 0,03 0,02 0,01 0,005 0,2 0,16 |
98,4 0,16 0,35 0,06 0,005 0,5 1,2 |
97,7 0,45 0,5 0,1 0,001 0,5 1,2 |
97,0 0,85 0,65 0,25 0,01 0,5 1,5 |
Тұздың 100 мл суда еру мөлшері, г
Температура 0С |
Ерігіштігі |
Температура 0С |
ерігіштігі |
Температура 0С |
ерігіштігі |
0 10 20 |
35,6 35,7 35,8 |
30 40 50 |
36,0 36,3 36,7 |
60 80 100 |
37,0 38,2 39,3 |
Тұз ерітіндісінің тығыздығы, кг/см3
100 г ерітінді-дегі тұздың мөлшері |
100С |
150С |
200С |
400С |
||||
Тығыздығы |
100 г ерітінді дегі тұздың мөлшері |
Тығыздығы |
100 г ерітінді дегі тұздың мөлшері |
Тығыздығы |
100 г ерітіндідегі тұздың мөлшері |
Тығыздығы |
100 г ерітіндідегі тұздың мөлшері |
|
10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 |
1074,2 1081,8 1089,4 1097,1 1104,8 1112,5 1120,3 1128,1 1136,0 1143,9 1151,9 1160,0 1168,1 1176,2 1184,5 1192,7 1201,1 |
10,7 11,9 13,1 14,3 15,5 16,7 17,9 19,2 20,4 21,7 23,0 24,4 25,7 27,1 28,4 29,8 31,2 |
1072,6 1080,1 1087,6 1095,2 1102,8 1110,5 1118,2 1126,0 1133,8 1141,7 1149,7 1157,7 1165,7 1173,9 1182,1 1190,1 1198,7 |
10,7 11,9 13,1 14,2 15,5 16,7 17,9 19,1 20,4 21,7 23,0 24,3 25,6 27,0 28,4 29,8 31,2 |
1070,7 1078,1 1085,6 1093,1 1100,7 1108,3 1116,0 1123,7 1131,5 1139,4 1174,3 1155,3 1163,3 1171,4 1179,6 1187,9 1196,3 |
10,7 11,9 13,0 14,2 15,4 16,6 17,9 19,1 20,4 21,6 22,9 24,3 25,6 26,9 28,3 29,7 31,1 |
1062,0 1069,4 1076,6 1084,0 1091,4 1098,8 1106,3 1113,9 1121,6 1129,3 1137,1 1144,9 1152,9 1160,9 1169,0 1172,2 1185,5 |
10,6 11,8 12,9 14,1 15,3 16,5 17,7 18,9 20,2 21,5 22,7 24,0 25,4 26,7 28,1 29,4 30,8 |
№12 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Қант құмшекер сапасына қойылатын талаптар және оны сақтау
Қантты таза күйінде немесе тәтті тағамдар,балмұздақ жасау үшін пайдаланды. Қант өндірісінде шығарылатын құмшекер мен шақпақ қант тек сахарозадан/ С12Н22О11/ тұрады.Оны қант қызылшасынан,қант қамысынан алады.Сахароза ыдырағанда,инвертаза ферменті қант /глюкоза мен фруктоза қоспасына/ айналады.
Сахароза кристалл немесе аморфты күйде болады.Суда жаксы ериді-1дм3 суда 20С-та 2,039кг сахароза,ал 100С –та -4,872кг дейін ериді.Ол жаксы консерватор.
Қант өндірісі.
Қантты қант қызылшасынан жұқа жапырақтап тұрап алынған жаңқаларды сығымдап,бөліп алады. Қант қызылшасы екі жылдық өсімдік.Бірінші жылы тәтті тамыр жеміс,ал екінші жылы тұқым береді.Тамыр жемісінде 20-25 % құрғақ зат,соның ішінде 13-14% қант болады.Одан қантты бөліп алу үшін,тазалап,жуып,оны жұқа жапырақтайды.Осы жаңқаларды сумен шайып/диффузиялап/,1855 жылы ашылған Фик заңына сәйкес,қант шырынын бөліп алады.Шырынды КДА аппаратында 75С-та шайып боледі.Онда ыстық су жаңқаның қозғалу бағытына қарсы,төменнен жоғары қарай,ал су төмен қарай қозғалады. Ол төрт бөлімнен тұрады.Ең ақырғы бөліктің жоғаргы жағынан сығынды,төменгі жағынан қант шырыны шығады.Оған жіберілетін судың мөлшері,қант қызылшасының салмағымен салыстырғанда,120-125 % болады.Осы шайып алынған шырын қара-қоңыр түсті, өте көбіктенгіш,қышқыл /рН 6,0-6,5/,ішінде аздап жүзіп жүрген жаңқаның ұсақтары,ұйыған ақуыз жапырақшалары кездесетін,сұйық зат. Сондықтан алдымен оны тазалайды.Ол үшін дефекация деп аталатын өңдеуден қтеді.Дефекация деп 85-90С дейін қыздырылған шырынды бірінші сатурация шырынымен қосып тазартуды айтады.Осыған әк тас сүтін қосып,оның рН 12,2-12,3-ке жеткізеді.Сонда қанттан басқа заттар ыдырап,кальцийдің тұзына айналады.Алғашқы тазаланған шырынды СО2-мен өңдейді.Сонда әктас калций карбонатына айналады да, ертіндінің түбіне шқгеді.Осыны 1 сатурация деп атайды.Огың тұндырып, сүзіп 2 сатурацияға жібереді,яғни екінші рет тазалайды.
Осы диффузияланып алынған шырынды дефекацияға- коллоидты жоғары дәрежелі молекулалы қоспаларды бөліп шығарып,қант кристалдарын алуға жібереді.Ол үшін оған 0,2-0,3 проценттік СаО қосып,Бірқатар қышқылдарды кальций тұздарына айналдырады.Мұнда, қанттан басқа заттар,рН 0,8-11,6 арасында тұз түзіледі.Сол тұздар жақсы түзілетін шөгіндіге айналады. Осы дефекацияны суықтай немесе 85-90С дейін қыздырып жүргізуге болады.
Содан соң шырынды негізгі дефекацияға жібереді.Ол үшін шырынға әк тас сүтін қосады да,1-ші сатураторға жібереді.Қондырғыға сатурациялық газ /30-34 проценттік СО2\-мен үрлейді.Сонда СаСО3 түзіліп, шырын бөтен заттардан тазарады.Осы сатурацияланған шырынды 2-ші сатурацияға жібереді.
Онда кальцийдің суда еритін тұздары бөлініп шығады.Онда Са/ОН/2,КОН, NaOH,CaCO3-ке, К2СО3 және NaСО3-ке айналып шырынның түбіне шөгеді.Оның ішінде:
К2СО3+СаА= СаСО3+2КА реакциясы ерекше орын алады.
№13 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Шикі картоп крахмалының сапасына қойылатын талаптар
Крахмалды картоптен,жүгеріден алады.Ол сірне,тағамдық қойыртпа ,декстрин түрінде де болады.Олармен қатар крахмалды дақылдардан май,глюкоза,сығынды/экстракт/ да алады.Крахмал өндірісінің қалдықтарын мал азағы ретінде пайдаланады.
Крахмалдың өзін тамақ өндірісінде және онымен қатар,денсаулық сақтау орындарында,жеңіл, қағаз өнеркәсіптерінде, баспаханада да пайдаланады.
Жүгеріден алғашында,ылғалдылығы 50-52 проценттік шикі/сырой/ крахмал алады.Оны сақтау қиын.Сондықтан онда13 роцент ылғал картоп крахмалында 20 процент ылғал қалғанша кептіріп,құрғақ крахмал шығарады.
Крахмал сапасы. Крахмал,ылғалдылығына қарай,екі маркаға:А-38-40процент ылғалдықтағы,Б-50-52 процент ылғалдылықтағы.Оның әр кайсысы үш/І,ІІ,ІІІ/ сортқа бөлінеді.І-ші және ІІ-ші сорт крахмал біркелкі ақ түсті,өзіндік иісі бар,түйіршіктерден тұрады,ал ІІІ-сорт сұр түсті,аздап қышқылдау болуы мүмкін.Шикі крахмалды сақтау өте қиын.Сондықтан оны кептіреді де,құрғақ қрахмал, декстрин,сірне,глюкозаға айналдырады.
Шикі крахмалдың сапасы
Көрсеткіштері |
А маркалы |
Б маркалы |
||||
І |
ІІ |
ІІІ |
І |
ІІ |
ІІІ |
|
Ылғ,процент,жоғ емес |
440 |
40 |
40 |
52 |
52 |
52 |
Күлділігі,процент |
0,35 |
0,55 |
0,75 |
0,35 |
0,55 |
0,75 |
Қышқыл,0,1н, NaOH/100г |
12 |
25 |
40 |
25 |
35 |
40 |
Крахмал емес заттар,проц |
0,12 |
0,20 |
0,45 |
0,15 |
0,25 |
0,50 |
Крахмал өндірісінің қалдықтары.Крахмал өндірісінің қалдықтарына крахмал емес заттар/мезга/ және картоп шырыны жатады.Езіндіде 45-50 % крахмал,25-30% клечатка,5% ақуыз,5-6% минералды заттар болады.Одан көмірсутек ақуыз гидролизатын, сығымдалған ақуызды жем алуға болады.
Картоп шырынын микробиология өнеркәсібінде биостимуляторын өсіруге пайдаланды.Одан спирт шығаруға да болады.
№14 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Құрғақ жүгері және картоп крахмалына қойылатын талаптар
