- •Тақырыбы: Шикізаттар мен тағам өнімдерінің сапасын бағалау
- •Тақырыбы: Астық массасының қасиеттері Астық массасының физикалық қасиеттерінің жалпы сипаттамасы
- •Астық массасының сусымалылығы және өздігінен сұрыпталуы
- •Бидай астығының өзінше сұрыпталуы
- •Астық массасының қуыстылығы
- •Дәнді дақылдардың қуыстылығы мен натурасы
- •Тақырыбы: Шырынды өсімдік шикізаттарының физиологиялық ерекшеліктері
- •Тақырыбы: Шырынды өсімдік шикізаттарын консервілеудің физикалық әдісі.
- •Тақырыбы: Майлы шикізаттардың сипаттамасы.
- •Тақырыбы: Жануар майының шикізатының сипаттамасы.
- •Тақырыбы: Сүттің сапасына қойылатын талаптар
- •Тақырыбы: Сиыр майының ассортименті. Майды қаптау және сақтау.
- •Тақырыбы: Ас тұзына қойылатын талаптар және оны сақтау
- •Картоп крахмалы.
- •Крахмалды кептіру.
Тақырыбы: Майлы шикізаттардың сипаттамасы.
Майлы шикізаттар
Өсімдік майын негізінде майлы жемістерден алады. Майда басқа да кейбір жемістердің ішкі дәнінен /зәйтүн майы/, жүгерінің тұқым бүршігінен, кориандр қалдығынан, жүзім дәнінен, кейбір жидектердің сүйегінен де өндіреді. Олардың ішінде ең тараған майлы тұқымды өсімдік-күнбағар, қытай бұршақ, қыша т.б. Барлық өсімдік майларының 80 пайызы осылардан алынады. Көпжылдың майлы жемістерге зәйтүн ағашы, кокос, майлы пальма жатады.
Жемістердегі майдың мөлшеріне /майлылығына/ қарай:
-майлылығы өте жоғары-жер жаңғақ, күнбағар, қыша. Олардың жемістерінде 30 пайыздан жоғары май болады;
-майлылығы орташа /мақта, зығыр/ -20-30пайыз;
-майлылығы төмен /қытай бұршақ т.б./-20 пайызға дейін деп топтастырылады.
20-кесте
Майлы шикізаттардың химиялық құрамы
Дақыл |
Су |
Ақуыз |
Май |
Көмірсутектер |
Күл |
||
Бірмолекулалылар |
Крахмал |
||||||
Қытай бұршақ |
12,0 |
35 |
18 |
8,5 |
2,5 |
5,0 |
|
Мақта |
10,0 |
34,5 |
35,0 |
8,1 |
- |
4,6 |
|
Жер жаңғақ |
1,0 |
26,0 |
45,0 |
42,0 |
5,7 |
2,6 |
|
Күнбағар |
8,0 |
21,0 |
52,0 |
3,4 |
- |
2,9 |
|
Зәйтүн ортасы |
50,0 |
1,6 |
23,0 |
- |
- |
1,5 |
|
Рапс |
12,0 |
25,0 |
37,5 |
3,5 |
1,6 |
4,5 |
|
Копра |
6,0 |
7,7 |
62,7 |
- |
- |
2,5 |
|
Копра-кокос жеміс ағашының өзегі.
Қазақстанда ең көп тараған майлы тұқымды өсімдік-күнбағар. Күнбағар күрделі гүлді тұқымдастыққа жатады. Күнбағар тегіне 28 түр кіреді. Оның көпшілігі көп жылдық өсімдіктер.
Майлы күнбағар біржылдық, биік өсетін /2,5-4,0м/ өсімдік. Гүлшоғыры табақбас.
Күнбағардың жемісі сына тәрізді ұзыншақ, сырты қауыздан, ішкі тұқымдық жұқа қабықшасымен қапталған ақ дәнінен тұрады. Қауыздылығы 22-56 пайызға жетеді. Жемісінің майлылығы 50пайызға, оның ішінде ішкі таза дәнінде 70 пайызға жетеді. Күнбағар қауызынан фурфурол өндіреді, ал күнбағардың күнжарасын мал азығы ретінде пайдаланып, гүл табағынан пектин өндіреді.
Мақта. Мақта дәнінің сыртындағы талшықтарын бөліп алған соң, ішкі дәнінен май өндіреді.
Мақта күлқайыр тұқымдастығына жатады. Оның гүлшоғыры қауашақ. Ол 3, 4 және 5 бөліктерден тұрады. Қауашақ піскен кезде ашылып, ішінде дәннің сыртына орналасқан мақта талшықтары сыртқа шығады. Талшықтардың екі түрі-ұзын талшықтар және қысқа түбіттер. Әр қауашақ 25-35 дән береді. Онда 2-10 г дейін мақта талшығы өседі. Әр бұтасында 200-ге дейін қауащақ пайда болып, оны мақта тазалайтын зауытта сылып бөліп алады. Сонда қалған 1000 дәннің салмағы 80-160 г болады. Оның пішіні жұмыртқа тәрізді, әр дәннің сырты қатты қабықтан тұрады. Ол қара қошқыл түсті, оның ішінде екі жарнағы, ұрық жапырақ, тамыр және сабақ орналасқан. Жарнақтарында майдың мөлшері 20-25 пайыз. Мақта тұқымының жарнағында /өзегінде/ госсипол /С30Н30О8/ деп аталатын сары түсті улы пигмент болады. Майды бөліп алғанда қалатын күнжарасында ол қалып қояды да, оын мал жегенде улануы мүмкін. Сондықтан оны тәулігіне 2-3 кг артық беруге болмайды. Осы пигменттен тазаланған соң осы күнжарадан тағамдық тазаланған ақуыз /изолят/ алуға болады.
Рапс. Рапс майын маргарин жасау үшін пайдаланады. Рапс жаздық немесе күздік біржылдық өсімдік. Оның гүлшоғыры қынап. Оның ішінде қара сұр домалақ ұсақ дән пайда болады. 1000 дәнінің салмағы 3-7 г ғана. Онда 45-50 пайыз май болады. Оны май алу үшін қабағын аршымай-ақ, сығып /престеп/ алады. Сонда түсетін күнжарасы мне шротын арнайы ыстық сумен өңдеп, мал азығы реінде пайдаланады. Онда 40 пайызға дейін ақуыз болады.
Жер жаңғақ. Оны кейде қытай жаңғақ деп те атайды. Ол біржылдық өсімдік. Оның ерекшелігі-өсімдік өсіп шығып, гүлі ұрықтанған соң, жас жемісі /гипофорлары/ жердің астына кіріп, сол жерде піседі. Жемісі бұршақ, бұршағында 1-ден 7-ге дейін /көбіне 2-4/ дән байлайды. Әр дәннің сыртында қара қошқыл немесе сұр түсті морт құрылысты қауашағы болады.
Оның майын маргарин жасауға, тәтті тағадық май алуға, тіпті таза күйінде тамақ өнеркәсібінде пайдаланады. Оның күнжарасы мен шротын тағамдық қойыртпа/концентрат/, ақуыз алу үшін пайдаланады.
Оның бірден-бір кемшілігі-қолайсыз жағдайда сақталса тез микробиологиялық бұзылуға шалдығып, Aspergillus ұсақ саңырауқұлағының өршіп кетуіне шалдығып афлотоксин деп аталатын улы зат бөліп шығарады.
Зәйтүн /оливки/. Зәйтүн / оливки, маслина/ деп зәйтүн үнемі көгеріп тұратын субтропикалық ағашының жемісін айтады. Оның биіктігі 12 м жетеді. Жемісі қою күлгін, қара түсті, ұзыншақ домалақ, сыртынан балауыз /налет/ бар сүйекті жеміс. Әр дәнінің салмағы 15 г шамасында. Онда 20-80 пайыз май болады. Зәйтүн ағашы 300-400 жыл өмір сүреді, ал -10-12 жылынан бастап жеміс бере бастайды. Бір ағаштан 20-40 кг жеміс жинауға болады.
Зәйтүн жемісінен суықтай сыққанда /престегенде/ зәйтүн майын алуға болады. Оның жоғары сорты прованс /Францияның Прованс провинциясы/ деп аталады. Ол диеталық тағам, одан косметикалық, дәрі-дәрмек өндіргенде қолданылады. Егер қалған қалдығын қыздарып май алатын болса, оны ағаш майы деп атап, сабын өндірісінде пайдаланады. Қалған күнжарасы мен шротын мал азығы ретінде қолданады.
Корпа /кокос ағаш жемісінің өзегі/ деп кокос пальмасы жаңғағының өзегін айтады. Одан тәтті тағам өндірісінде қолданылатын кокс майын алады.
Кокос пальмасы тропиктік өсімдік, оның биіктігі 20-25 м жетеді. Жемісі-салмағы 1,5-2,5 кг кокос жаңғағы. Жаңғақтың сыртқы қабығы талшықтардан, ішкі қабығы қатты заттардан тұрады. Оның ішінде 3 дән байланып, сосын тек біреуі ғана жетіледі. Өзегі /эндоспермі/ алғашында сұйық мөлдір, кейін майлылығы өскен сайын сүтке, одан соң әр қарай қоюланып, қатаяды. Піскен копрада /эндоспермінде/ 30-35 пайыз май болады. Бір жағынан 80-500 г дейін копра алуға болады. Оңтүстік-Шығыс Азияд, Океанияда өседі.
Оның майы қатты майға жатады. Оның тығыздығы 0,925г/см3, қату температурасы 12-230С . Онда стеарин қышқылы 1,0-3,0, пальмитин-44-52, капрон-0,2-2,0, каприн-6,0-9,7, каприл-4,5-10,0, олеин-5-8, линол-1,5-2,8 және гексидецен қышқылы 1,3 пайыз болады.
Майлы пальма. Пальма тұқымдастығына жатады. Ағашының биіктігі 10-15 м. Өсімдігі бірүйлі, гүлшоғыры 600-800 гүлден тұрады. Гүлі ұрықтанған соң одан түйін /завязь/ пайда болады. Піскен гүл шоғырында 25-50 жаңғақ болады. Оның әрқайсысы 5,5-10,5 г. Дәнінің сыртында балғын /сочный/ сүйегі 70 пайызға дейін кокос майын ұстайды, ал ішкі дәнінде-26 пайыз пальма өзектік майы бар.
Копра майын тамаққа, тәтті тағамдар шығаруда, ал-пальма-өзектік майын маргарин жасауға немесе басқа да жасанды майлар алуға пайдаланады.
№7 Практикалық жұмыс
