Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20114-2015. физкол.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

3 Алдыңғы реквизиттер мен кейінгі реквизиттер

Пререквизит (алдын ала қойылатын талаптар):

жалпы химия, бейорганикалық химия және органикалық химия, физика, математика (мектеп курсының көлемінде):

  1. Атомның электрондық құрылысы, квантты-механикалық түсінік.

  2. Химиялық байланыстардың типтері мен табиғаты.

  1. Физико-химиялық зерттеу әдістерін білу.

  1. Химиялық формула және теңдеулер бойынша есептеулер жасай білу.

Постреквизит:

«Физколлоидты химия» «Азық – түлік тағамдары технологиясы», «Өнім өңдеу технологиясы» мамандықтары үшін негізгі пәннің бірі болып саналады және басқа да негізгі срнымен қатар профилді : органикалық, аналитикалық, коллоидты химия, биологиялық, тамақ химиясы сияқты пәндерді жетік меңгеру үшін қажет.

  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пән туралы қысқаша мағлұмат: «Физколлоидты химия» курсының бағдарлама курстың мазмұнын, сонымен қатар курсты оқытуға байланысты сұрақтарды қамтиды.Қазіргі физколлоидты химия физико-химиялық процестердің негізгі заңдылығын, олардың арақатынасымен және бір-біріне айналуын,зерттейді.Химиялық термодинамика,Ертінділер.Электрохимия, Химиялық кинетика мен катализ, Энергиялың әр түрлі формаларының өзара ауысуын зертейтін ғылым ,Дисперсті жүйелер. Түрлері, сипаттама., Беттік құбылыстарды зертейтін ғылым.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Бұл пәннің міндеті болып химиялық процестің жүру мүмкіндігін болжау, процестің оптималды шарттарын, негізгі кинетикалық сипаттамаларын анықтау болып табылады. Пәнді зерттеу нәтижесінде студенттер химиялық процестеді бақылайтын негізгі заңдарды білу және оларды келесі міндеттерді орындауға қажетті:

а) қандай да болмасын процестің өткізу мүмкіндігін есептеп білу, процестің жүру тереңділігін анықтау (тепе-теңдіктің шарттары мен өнімдердің шығымы);

b) процестің кинетикалық сипаттамаларын түсіру, жылдамдығын, жылдамдық константасын, активтендіру энергиясын есептеу, керекті қорытындыларды жасау;

с) электрохимияның негізгі заңдары мен теңдеулерді білу- толық және сапалы кәсіби білім және ғылым мен техниканы өз білімдеріне сәйкес басқару және автоматика салаларында қажетті кәсіби білікті, шаруашылықты максималды тиімдендіру, жоғары сапалы өндіріс құру бағытында білім беру;

-өндірісті жетілдіру және талдау барысында программалық-мақсаттық әдістер мен қолданбалы әдістемелерді қарастыру;

- адамның адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін ізгілік мәдениет, этикалық және құқықтық нормалар мен өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруға қажетті ойлау мен пайымдау мәдениетін игеруге бағыт беру.

Курстың мақсаты

Физикалық химия курсының бағдарламасы—бұл курстың толық қарастырылуы. Силлабус курстың мазмұнын, сонымен қатар курсты оқытуға байланысты сүрақтарды қамтиды. Курста оқитын студенттерге қойылатын талаптар және нәтижелерді бағалау құралдары көрсетілген. Курс бағдарламасы тек студенттерге арналған қысқаша бағдар емес, сонымен бірге қызықшылық танытқан адамдар үшін құжат болып табылады, оның негізінде студенттер оқу барысында өздерінің жұмыстарын жобалайды.

Курстың негізгі міндеті Студенттің міндетті:

-Сабаққа кешікпей келу. Сабақ үстінде өзара сөйлеспеу. Сабақ үстінде газет оқымау, телефонды ағытып қою, резинка шайнамау. Сабақтың барлық түрлерінен (дәріс, практикалық сабақтан, лабораториялық сабақтан және оқытушының басқаруымен студенттердің өздігінен жұмысынан (ОСӨЖ)) қалмау, ауырған жағдайда анықтама көрсету. Дәрістік сабақтарға міндетті түрде қатысу. Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес зертханалық жұмыстарды уақытымен тапсыру

- студенттің өздігінен жұмысын (СӨЖ) жоспарланған көлемде ұсынылған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді қолдана отырып белгіленген мерзімде тапсыру.

- жазба жұмыстарының орындалу мерзімін қатаң сақтау (ОСӨЖ немесе СӨЖ), көсетілген көлем бойынша.

- өз уақытында, толық, таза, сапалы жазба жұмысы үшін (ОСӨЖ немесе СӨЖ), творчествалық жұмысы үшін, оқу процессіне белсенді қатысқаны үшін, студенттік конференцияға қатысқаны және т.с. үшін қосыша баллдар беріледі.

- Дәлелді себептермен қалдырылған сабақтардың материалын оқытушының тағайындаған уақытында көрсету.

- Уақытында көрсетілмеген тапсырмалар (ОСӨЖ немесе СӨЖ) үшін, дәлелді себептермен қалдырылған сабақтардың материалын оқытушының тағайындаған уақытында көрсетпегені үшін қортынды баға (штрафтық балл) төмендетіледі.

- Курстастарымен, оқытушылармен ашық, айқын, шыдамды және кеңпейілді болу. Консультация арнайы бекітілген график бойынша өткізіледі. Студенттер білімін тексеру үшін рейтингтік және қорытынды бақылаулар оқу орнының келісімімен бекітілген оқу процессінің графигі бойынша өткізіледі.

.Пәнді игеру кезінде студент білуі қажет: .- Химиялық термодинамика, термодинамикалық ұғымдар, ішкі энергия, жылу, жұмыс, Қайтымды, қайтымсыз процесстердің жұмысы мен жылуы.Энтальпия. Энтропия -Гесс заңдары. Химиялық реакцияның жылу эффектісі Гесс заңының салдарлары - Фазалық тепе-теңдік.. Гиббс фазаларының ережесі. - Рауль заңдары. Генри заңы.. Коновалов заңдары. - Реалды ерітінділердің термодинамикасы..Меншікті және эквивалентті электрөткізгіштік..- Электрохимиялық жүйе мен электрохимиялық реакция. - Гальваникалық элементтердің термодинамикасы - Электродтық процестердің кинетикасы.

. Студент / магистрант істей білуі керек:

« Физикалық химия» пәнін кредиттік технология бойынша дәрістік, практикалық білім, студенттің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы, (СОӨЗ) сияқты аудиториялық сабақтарды қолданумен жүзеге асады. Себепті жағдайлармен босатылған сағаттар оқытушы мен зертхана инженерінің рұқсаты бойынша студенттің бос уақытында қайта тапсырылады. Сабақты себепсіз босатқаны үшін «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен бағаланады.

Дәріс сабақтарында оқытушы теориялық материалдарды ккүрделі бөлімдеріне аса мән беріп талдау жүргізеді. Дегенмен, студенттер сабаққа қарастырылмаса да оқу бағдарламасындағы барлық тақырыптарды оқуға міндетті.Яғни, пәнді оқудың белгілі бір бөлігін студенттердің өздері орындауы керек. Өткізіліп отырған материалдар бойынша туындаған сұрақтарды студент СОӨЖ кезінде оқытушымен бірге отырып талдайды.

Практикалық тапсырмаларды орындау барысында студенттер қауіпсіздік техникасы бойынша барлық ережелерді орындауға міндетті.