Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lv.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
      1. Барлығы.

      1. Кілтекті (шпонкалы).

      1. Клеммалы.

      1. Бұрандалы (резьба).

Тісті доңғалақтардың білікпен қосылысының қай түрін жалпы өндірістерде қолданылатын редукторларда қолданбайды?

  1. Фрикционды.

  1. Кілтексіз (шпонкасыз).

  1. Барлық аталғандар.

  1. Клеммалы.

  1. Бұрандалы (резьба).

17 Блок

Мақсатына қарай бұрандалар (резьбы) қалай бөлінеді?

  1. Үшбұрышты.

  1. Метрикалық.

  1. Бекіту және жүріс механизмдері үшін арналған бұрандалар.

  1. Тірелме және трапециалды.

  1. Біркірмелі (однозаходная).

Қай бұранда жүрістік (ходовой) бұрандаға жатады?

  1. Метрикалық ұсақ қадаммен.

  1. Тікбұрышты (прямоугольная).

  1. Метрикалық ірі қадаммен.

  1. Құбырлық бұранда (трубная резьба).

  1. Шеңберлі (круглая).

Бекітпе бұрандасында үлкен үйкеліс күші болуы тиіс, ол бекітілетін бөлшектерді мынадан сақтайды:

  1. Тозудан.

  1. Бұранда орамдарының кесілуінен.

  1. Жасап шығару қателігінен.

  1. Сыртқы күштердің артық әсерінен.

  1. Әздігінен бұралып босаудан (самоотвинчивания).

Бұранданың қадамын (шаг резьбы) кішірейткенде, бұранданың ішкі диаметрі d1 қалай өзгереді және бұл жағдай бұрандалы қосылысқа не береді?

  1. d1 кішірейеді, бұранда оңай бұралып шығады.

  1. d1 үлкейеді, өздігінен бұралып босау (самоотвинчивание) мүмкіндігі азаяды.

  1. d1 өзгермейді, бұрандалы бөлшектің сырығының беріктігі өседі.

  1. d1 үлкейеді, бұрандалы бөлшектің сырығының беріктігі азаяды.

  1. d1 үлкейеді, бұрандада өздігінен тежелу (самоторможение) өседі, бөлшек сырығының беріктігі өседі.

Құбырлық бұрандамен қосылған қосылыстың тығыздығы неге жоғары?

  1. Өйткені ондай бұранданың қадымы ұсақ.

  1. Бұранданы кесіп салғанда оның төбесі мен ойысы арасында саңылау қалдырмайды.

  1. Профилі дөңгелектене және төбесі мен ойысы саңылаусыз жасалған, бұранда профилінің тығыз жанасуынан.

  1. Орамдардың төбе тұсы (вершины витков) түзу немесе шеңбер бойымен дөңгеленген.

  1. Бұранда бойындағы үйкеліс коэффициентінің аздығынан.

Төмендегі тәсілдердің қайсысы бұрандалық қосылысты өздігінен бұралудан ұстап тұратын (стопорение) тәсіліне жатады?

  1. Бұранда қадымын үлкейту.

  1. Бұранданың кіріс санын (число заходов) көбейту.

  1. Серіппелі тығыршық (пружинная шайба) салу арқылы, бұранданың үйкелісін көбейту.

  1. Бұрандаға түсетін жүктемені азайту.

  1. Бұранданың профилін өзгерту.

Төмендегі тәсілдердің қайсысы бұрандалық қосылысты өздігінен бұралудан ұстап тұратын (стопорение) тәсіліне жатады?

  1. Бұранда қадымын үлкейту.

  1. Сомынды (гайканы) винт сырығымен қатаң бекітеді.

  1. Бұранданың кіріс санын (число заходов) көбейту.

  1. Бұрандаға түсетін жүктемені азайту.

  1. Бұранданың профилін өзгерту.

Төмендегі тәсілдердің қайсысы бұрандалық қосылысты өздігінен бұралудан ұстап тұратын (стопорение) тәсіліне жатады?

  1. Бұранда қадымын үлкейту.

  1. Сомынды (гайканы) винт сырығымен қатаң бекітеді.

  1. Бұранданың кіріс санын (число заходов) көбейту.

  1. Бұрандаға түсетін жүктемені азайту.

  1. Бұранданың профилін өзгерту.

Винттік механизмдерде көпкірмелі (многозаходные) винттарды қолданады. Неле?

  1. Кіріс санын (число заходов) көбейту бұранданың өздігінен тоқтауын (самоторможение) жоғарлатады.

  1. Кіріс санын көбейту бұранданың көтерілу бұрышының азаюына әкеледі.

  1. Кіріс санын көбейту бұранданың көтерілу бұрышының (20…250 дейін) және механизм ПӘК-нің өсуіне әкеледі.

  1. Біркірмелі (однозаходные) винттар күштен ұтысы аз береді.

  1. Көпкірмелі винттар бұрандасында жоғары үйкеліс коэффиценті болады.

Стандартты гайканың биіктігі бұранда мен винт сырығының теңберіктілік (равнопрочность) шартынан тағайындалады. Бұл шарт бойынша гайканың биіктігі H мынаған тең (d – гайканың ішкі диаметрі):

  1. Н ≈ 0,8d.

  1. Н ≈1,3d.

  1. Н ≈ 0,5d.

  1. Н ≈ d.

  1. Н ≈1,2d.

Стандартты гайканың биіктігі бұранда мен винт сырығының теңберіктілік (равнопрочность) шартынан тағайындалады. Бұл шарт бойынша винттар мен шпилькалардың болат бөлшектерге бұралу тереңдігін Н тағайындайды (d – гайканың ішкі диаметрі):

  1. Н = 0,8d.

  1. Н = 1,3d.

  1. Н = 0,5d.

  1. Н = d.

  1. Н = 1,2d.

Бұл формула болтты мынаған есептейді:

  1. Сыртқы күштер әсерінен созылуға.

  1. Максимальды тартып бекіту (затяжка) күшіне.

  1. Шектік жүктеме бойынша беріктікке.

  1. Болт қимасының бұранданың d1 ішкі диаметрі бойынша созылу және сығылу кернеулері арқылы беріктігін анықтау.

  1. Сыртқы жүктеме әсерінен ұзаруға.

Сыртқы жүктеме әсер етіп тұрған қосылыстағы болттың беріктігі жоғарыдағы жазылған формуламен анықталады. Сонда, сыртқы жүктеме қандай күштермен қабылданады?

  1. Түйіспедегі үйкеліс күштерімен (силы трения в стыке), болт диаметрі тарту күшінің созылуға әсер ету шартынан есептеледі.

  1. Түйіспедегі үйкеліс күштерімен, болт диаметрі тарту күшінің бұрауға әсер ету шартынан есептеледі.

  1. Түйіспедегі тарту күшімен, болт диаметрі тарту күшінің ығысуға (сдвиг) әсер ету шартынан есептеледі.

  1. Түйіспедегі тарту күшімен, болт диаметрі түйіспедегі тарту күшіне байланысты беріктікке есептеуден анықталады.

  1. Түйіспедегі үйкеліс күштерімен, болт диаметрі моменттің тарту күші әсерінен өзгеру шартынан анықталады.

Бұл формула болтты мынаған есептеуге арналған:

  1. Сыртқы жүктеме болмағанда FЗАТ тарту күші бойынша беріктікке.

  1. Бұрандадағы күш моментінен пайда болатын бұрау кернеу бойынша беріктікке.

  1. Сыртқы жүктеме болмаған жағдайда, болтты тарту күшінен пайда болатын эквивалентті кернеу бойынша беріктікке.

  1. Тарту күштерінен пайда болатын созылу кернеу бойынша бойынша беріктікке.

  1. Бұранданың ұзындығын есептеу үшін.

Бұл формулада i – кесу жазықтықтарының саны. Бұл болттың беріктік шарты:

  1. Штифт сияқты созылу кернеулері бойынша.

  1. Саңылаусыз орнатылған болт сырығының (стержень) кесілу кернеулері бойынша.

  1. Аталған барлық жағдайлар.

  1. Ортаңғы диаметрі бойынша сыртқы жүктемеден кесілуге.

  1. Сыртқы жүктеме әсерінен жәншілуге (смятие).

Мұндағы δ2 – ортаңғы қосылатын бөльшектің қалыңдығы, d – болт диаметрі. Бұл саңылаусыз қойылған, ығыстырушы күштермен жүктелген болтты есептеу шарты:

  1. Болтты және қосылатын бөльшекті жәншілуге (смятие).

  1. Жәншілуге.

  1. Болт сырығын (стержень) кесілуге және жәншілуге.

  1. Болтты және қосылатын бөльшектерді кесілуге.

  1. Тек қана кесілуге.

Жіктің ашылып кетпеуі FЗАТ шамасына ғана байланысты емес, сонымен бірге пайдалану барысында сақталып қалуына да тәуелді. Төменде аталған факторлардың қайсысы FЗАТ шамасын пайдалану барысында сақтап қалады?

  1. Түйісетін беттерінің саны.

  1. Түйісетін беттерін тегістеу (шлифование) және жоғары дәлдік класының бұрандасы (резьба).

  1. Төсемдер (прокладки).

  1. Бұранданың өздігінен бұралуынан қорғайтын механизм (стопорение) болмауы.

  1. Тарту күшін азайту.

Винт пен шпилькаларды мына жағдайларда қолданады:

  1. Пайдалану барысында бөльшекті жиі алып, қайта орнына қояды.

  1. Болтты қолдану мүмкіндігі жоқ немесе тиімді емес.

  1. Қосылатын бөльшектер қалыңдығы өте аз.

  1. Болт пен гайкалардың бастары қосылатын бөльшектерді майыстырады.

  1. Тербелістер (вибрации) бұранда бойындағы өздігінен тоқтау шартын бұзады.

Болтты қосылыстың басты артықшылығы мынада:

  1. Қосылатын екі бөльшекте де гайканың (винт басының) орналасуына орын болуы тиіс.

  1. Болтты қосылыс бұйымның сырт көрінісін жақсартады.

  1. Қосылысты тартып қатайтқанда (босатқанда) винта басын айналып кетуден ұстап тұру.

  1. Қосылатын бөльшектерде бұранда салу қажеттілігінің болмауы.

  1. Болтты қосылыс бұйымның салмағын азайтады.

Болтты қосылыстың кемшіліктеріне жатады:

  1. Қосылатын екі бөлшектеде гайка (винттің басының) орналасатын жері болуы тиіс.

  1. Қосылысты тартып қатайтқанда (босатқанда) винта басын айналып кетуден ұстап тұру.

  1. Болтты қосылыс бұйымның сыртқы көрінісін нашарлатады.

  1. Аталған барлық факторлар.

  1. Бұрайтын кілттің басына орын болуы тиіс.

Тірелме (упорная) бұранда мынау:

  1. Трапециалды симметриялы, жүктемемен жұмыс істегенде реверсивті қозғалатын.

  1. Трапециалды симметриялы емес, жүктемемен жұмыс істегенде біржаққағана қозғалатын.

  1. Трапециалды симметриялы, жүктемемен жұмыс істегенде біржаққағана қозғалатын.

  1. Трапециалды симметриялы емес, жүктемемен жұмыс істегенде реверсивті қозғалатын.

  1. Трапециалды симметриялы, көлбеу бұрышы бар (30).

Бұранда салынатын бетке байланысты, бұрандалар мынадай болып бөлінеді:

  1. Цилиндрлік және эллиптикалық.

  1. Конустық және эвольвентті.

  1. Конустық және цилиндрлік.

  1. Эвольвентті және дөңгелек.

  1. Цилиндрлік және сфералық.

Конустық бұранданы мына жағдайларда қолдану керек:

  1. Қосылыстың беріктігін қамтамассыз ету үшін.

  1. Майлауға арналған саңылау жасау үшін.

  1. Герметикалық қосылыс жасау үшін.

  1. Технологиялық жағынан бұранда жасауды тиімді ету үшін.

  1. Қандай да бір детальдың осьтік орналасуының реттелуін қамтамассыз ету үшін.

Ажырамайтын бұрандалы қосылысты өздігінен бұралып түспеу (стопорение) үшін нені қолданады:

  1. Шплинт.

  1. Сым (проволка).

  1. Бұрандаға зақым келтіру арқылы деформациялау (закернить) және пісіру.

  1. Серіппелі тығыршық (пружинная шайба).

  1. Өздігінен тежелетін гайка.

P қысымы бар сұйықтық немесе газ толтырылған резервуар қақпағының болттарының тартылуы, қосылыстың герметикалығын және қосылып тұрған беттердің ашылып кетпеуін қамтамассыз етуі тиіс.

Мұндай қосылыс үшін жүктеменің элементтер арасында қалыпты таралуы былай шешіледі:

  1. Бұрандалы қосылыстарға арналған белгілі теңдеулер арқылы.

  1. Осы элементтердің деформацияларын ескеру арқылы шешіледі.

  1. Саңылаумен орналыстырылған болт тәуелділіктерді ескеру арқылы шешіледі.

  1. Саңылаусыз орналастырылған болт тәуелділіктерді ескеру арқылы шешіледі.

  1. Саңылаумен орналыстырылған болт тәуелділіктерді ескермей шешіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]