Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ДАМЫТУ № 1-20.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің әдіс-тәсілдері.

Тілді үйрету әдісі

а) еліктеу әдісі; Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бірсөзді, бірақ әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады).

б) сөйлесу әдісі; Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны онын тілін үйрету әдісі — сөйлеу әдісі, мұны қосымша сүрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.

в) қайталап айту әдісі; Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы балаларды, жоғарыда айтылған тілге үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен де үйретеді, ол балалардың сөзін тілдің барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалармен, интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын қайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді.

г) құрастырып айту әдісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оньң мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын», олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

2. Тыңдалған мәтінді әңгімелеу және оны талдау жолдары.

Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды.

В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.

1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан)

2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады.

З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ .

4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр.

5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі

6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін

7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат.

Мектепке дейінгі мекемеде балаларға арналған мәтіндерді талдау ең алдымен тәрбиеші тарапынан сыналып, сосын тәрбиеленушілермен өзара талдауға салынады. Мәтін міндетті түрде балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдалып алынып, мазмұны түсінікті етіліп жеткізілуі тиіс. Одан кейін жас топтарына байланысты мәтіндік талдау сұрақтары қойылады. Балалардың мәтін жайлы қызығушылықтары мне ойларына осылайша қорытынды жасауға болады.

ІІ Тест:

1.С

2.В

3.А

4.В

5.В

6.А

7.С

8.А

9.С

10.А

ІІІ Талдау:

Фонетикалық талдау жасаңыз: Айнұр асықпай түсіндіре бастады

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

Й-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл (тіл ортасы), ызың.

Н-дауыссыз, үнді(мұрын жолды), тіл алды, шұғыл.

Ұ-дауысты, жуан, еріндік, қысаң.

Р-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл (тіл алды), діріл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

С-дауыссыз, қатаң, тіл алды, ызың.

Ы- дауысты, жуан, езулік, қысаң

Қ-дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл

П-дауыссыз, қатаң, еріндік, шұғыл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

Й-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл (тіл ортасы), ызың.

Т- дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

Ү-дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң.

С-дауыссыз, қатаң, тіл(тіл алды), ызың.

І-дауысты, жіңішке, езулік, қысаң.

Н-дауыссыз, үнді(мұрын жолды), тіл алды, шұғыл.

Д-дауыссыз, ұяң, тіл (тіл алды), шұғыл.

І-дауысты, жіңішке, езулік, қысаң.

Р-дауыссыз, үнді(ауыз жолды), тіл (тіл алды), діріл.

Е-дауысты, жіңішке, езулік, ашық.

Б-дауыссыз, ұяң, еріндік, шұғыл.

А-дауысты, жуан, ашық, езулік.

С-дауыссыз, қатаң, тіл(тіл алды), ызың.

Т- дауыссыз, қатаң, тіл алды, шұғыл.

А- дауысты, жуан, ашық, езулік.

Д-дауыссыз, ұяң, тіл (тіл алды), шұғыл.

Ы- дауысты, жуан, езулік, қысаң.

№ 5 билет

І Сұрақтар: