- •1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •2. Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.
- •1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің заңдылықтары мен принциптері.
- •1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің әдіс-тәсілдері.
- •2. Тыңдалған мәтінді әңгімелеу және оны талдау жолдары.
- •Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- •Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстары.
- •Ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
- •2. Пунктуациялық ережелерді оқыту.
- •Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.
- •Сауат ашу сабақтарының түрлері.
- •Грамматикалық жаттығулар, түрлері және оларға қойылатын талаптар.
- •2. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, принциптері.
- •1. Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері.
- •2. Сауаттылыққа үйрету сабақтарының түрлері.
- •1. Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері.
- •2. Балалардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
- •1. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар.
- •2. Сауат ашу сабақтарының түрлері.
- •Жазба жұмыс түрлері және оны жүргізу әдістемесі.
- •Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату жұмыстары.
- •Баламен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмыстарының түрлері
- •2. Балаларды сауаттылыққа үйретуде қолданылатын ойындар.
- •1. Сауаттылыққа үйрету сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар.
- •Балаларға қазақ тілі грамматикасын оқыту жолдары.
- •1. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары.
- •2. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанымдары.
- •1. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер
- •2. Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- •1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры.
- •2. Тіл дамыту жұмыстары жүргізу.
- •1. Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.
- •2. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.
- •1. Фонетиканы оқыту әдістемесі.
- •2. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.
Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры-500 сөзден астам, үш жастағы балалардың сөздік қоры шамамен-1200 , төрт жастағылардың сөздік қоры-1900 , алты- жеті жастағылардың сөздік қоры 2500-3500 сөз мөлшерінде болады екен.
Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету. Ал, тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны бағдарламада нақты көрсетілген. Сондықтен жас ерекшеліктеріне қарай жұпталғае әр топта өтілген сабақтардыцң алдына қоятын мақсатын, бағдарламалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиіс. Бұл жөнінде бағдарламада: тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуын, бағдарламаға сай болуын, бейнелілігін қамтамасыз етуі керек делінген.
Тәрбиеші балалардың жан жақты дамуы үшін барлық қажетті бағдарламаларды шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыруға міндетті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын байыту, дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын арны ерекше.
Ертегі, шағын әңгіме , өлең, мақал мәтел жұмбақ, сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленген, әлі мектеп жасыеа жетпеген балалар ата аналарынан, әже аталарынан естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынн нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады.мысалы: «торғай», «Бақа бақа, балпақ», «Санамақ», т.б. сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өнеріне брулиды.
Сол себепті де «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасында 5 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін арнайы білім берілді.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен ақ құмартып қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе тез жаттап алады. Жаттау аоқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді. Жаманнан жиренеді, бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман іс әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал, тілінің дамуы баланың бойында қабылдай, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте бірте қалыптасуына негіз болады.
Балалардың өздігінен орындайтын жұмыстары.
Сәбилер тобында
- ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді асықпай, анық айту;
- айналасындағы адамдардың сөзін естуді және тыңдауды, түрлі дыбыстарды, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажыратуды, тәрбиешінің қарапайым сұрақтарына жауап беру;
- белсенді сөздікте барлық сөз таптарын пайдалану;
- құрамы үш сөзден тұратын сөйлемді айтуды, өз сөзінде күрделі сөйлемдер қолдану;
- заттар мен құбылыстардың маңыздысын бөліп көрсетуді, олардың арасындағы қатынас орнатуды, сөзбен белгілеу;
- көргендері жайлы 2-4 сөйлеммен айта білуі.
Ота топта
- барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту;
- сөздерді көпше және жекеше түрге қоюды; септік жалғауын қолданып сөз бен сөздің арасын байланыстыру;
- біріңғай сөйлем мүшелерін қолдану;
- сұрақтарға жауап беру;
- тәрбиешінің ойыншық жайлы және сурет бойынша құрастырған нұсқасына сәйкес әңгімені қайталау;
- өздеріне таныс әдеби шығармалардан және ертегілерден үзінділерді драмалауға қатыса білуі.
Ересектер тобында
- тілдің компоненттері (дыбыс, сөз, сөйлем) туралы қарапайым түсініктерін;
- сөздің басындағы дыбысты анықтау;
- дыбыс пен әріпті ажырату;
- қазақ әліпбиінің әріптерін танып атау;
- дыбыстарды буынға қосу;
- сөз тіркесі мен сөйлемді құрастыруды, соның ішінде жаңа сөздерді;
- педагогтің сұрақтарына жауап беруді, өздері сұрақтар қою;
- жайылма жай сөйлемдермен айту;
- суреттерге сүйеніп (шағын мазмұнды) ертегі, әңгімелерді айту;
- сурет, сюжеттік суреттер топтамасы бойынша ауызша әңгіме құрастыру,
- түрлі оқиғаларды айтуды, ертегілер, ойынға өлең ұйқастары мен сөздер құрастыруға қызығушылық білдіру;
- тілде көп мағыналы және жалпылауыш, антоним, синоним, теңеу сөздерді қолдану;
- құрдастарымен және ересектермен сұхбатқа еркін қатыса алуды, өз сезімдері мен ниеттерін сөзбен және вербалды емес түрде жеткізуді, қарым-қатынаста сыпайы болуды білуі.
ІІ Тест:
1. Дидактикалық мақсат бойынша ана тілін оқыту және тіл дамыту сабақтарын жіктеу (А.М.Бородич ұсынысы):
C) Жаңа материалды хабарлау сабағы
2. Ана тілін оқыту және тіл дамыту сабақтары келесі дидактикалық талаптарға сай келуі қажет:
D) Сабаққа алдын ала дайындалу
3. Ана тілін оқыту және тіл дамыту сабақтары келесі дидактикалық талаптарға сай келуі қажет:
B) Сабақ нақты құрылымы
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі бойынша жіктелген оқыту әдістері:
C) Көрнекі
5. Ана тілін оқыту және тіл дамыту сабақтарында қолданылатын сөздік әдістер: A) Көркем шығармаларды оқу және әңгімелеу
6. Ана тілін оқыту және тіл дамыту сабақтарында қолданылатын репродуктивті әдістер:
B) Көркем әдебиеттерді оқу
7. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы әдістемеслік тәсілдер:
A) Әңгімелеу
8. Мектеп жасына дейінгі балаларға латын тілін үйрету әдістемесін жасап, мазмұнын ашып, міндеттерін жүйелеген Я.А.Каменскийдің еңбегі:
A) «Материнская школа, или О заботливом воспитании юношества в первые шесть лет»
9. Ана тілін оқытуда И.Г.Песталоцци негізгі міндеттерді алдыға шығарды:
D) Дыбыстарды немесе тіл дамыту құралдарын үйрену
10. К.Д.Ушинский ана тілін оқыту мақсатын айқындады:
A) Грамматиканы немесе логиканы, тілді меңгеру
ІІІ Талдау:
Фонетикалық талдау жасаңыз: Ал қызығушылық танытқан Бекзат оны ынтамен тыңдайды
Ал – 2 әріп, ашық буынды, тасымалданбайды.
А – жуан, езулік, ашық
Л – үнді, ызың, тіл фонемасы, тіл алды.
Қызығушылық – 11әріп, аралас буын, 4 тасымал.
Қ- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл арты
Ы-жуан, езулік, қысаң.
З-ұяң, ызың, тіл фонемасы, тіл алды.
Ы- жуан, езулік, қысаң.
Ғ-ұяң, ызың, тіл фонемасы, тіл арты.
У-жуан, еріндік, қысаң.
Ш-қатаң, ызың, тіл фонемасы, тіл алды.
Ы- жуан, езулік, қысаң.
Л- үнді, ызың, тіл фонемасы, тіл алды.
Ы- жуан, езулік, қысаң.
Қ- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл арты
Танытқан – 8әріп, аралас буын, 2 тасымал.
Т- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
А- жуан, езулік, ашық
Н- үнді, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
Ы- жуан, езулік, қысаң
Т- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
Қ- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл арты
А- жуан, езулік, ашық
Н- үнді, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
Бекзат – 6 әріп, тұйық буын, 1 тасмал.
Б-ұяң, шұғыл, ерін фонемасы.
Е- жіңішке, езулік, жартылай ашық.
К- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл арты
З- ұяң, ызың, тіл фонемасы, тіл алды
А- жуан, езулік, ашық
Т- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
оны – 3 әріп, ашық буын, тасымалданбайды.
О- жуан, еріндік, жартылай ашық
Н- үнді, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
Ы- жуан, езулік, қысаң.
Ынтамен – 7 әріп, аралас буын, 1 тасымал.
Ы- жуан, езулік, қысаң.
Н- үнді, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
Т- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
А- жуан, езулік, ашық
М- үнді, шұғыл, ерін фонемасы
Е- жіңішке, езулік, жартылай ашық.
Н- үнді, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
Тыңдайды – 8 әріп, аралас буын, 2 тасымал
Т- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
Ы- жуан, езулік, қысаң
Ң- үнді, шұғыл, тіл фонемасы, тіл арты
Д-ұяң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды.
А- жуан, езулік, ашық
Й-үнді, ызың, тіл фонемасы, тіл ортасы
Д- ұяң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды
Ы- жуан, езулік, қысаң
№ 6 билет
І Сұрақтар:
