Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ДАМЫТУ № 1-20.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆
  1. Сауат ашу сабақтарының түрлері.

Алғашқы оқу дағдыларын қалыптастыру

«Сөз» және «дыбыс» «буын», «жуан және жіңішке дауысты дыбыс» туралы алғашқы түсінік беру.

Тілдегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.

Балаларға сөздегі дыбыстардың бірізділігін құра білуге үйрету. Қатаң және ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерліктерін жаттықтыру.

Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш-төрт сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету, дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін (еріннің, тіл мен жақтың қатысына қарай) талдау.

Әріптер таңбасымен (баспа әріп) таныстыру, әріптерді дыбыспен (дыбыстармен) салыстыра білуге жаттықтыру. Олардың толық бейнесін есте сақтауларын жаттықтыру.

Буындарды оқудың негізгі тетігі туралы практикалық түсінік беру, яғни, оқу барысында буындағы дауысты дыбысқа сүйену арқылы жаттықтыру.

Жай сөйлемдерден буындарды және жеке сөздерді оқуға жаттықтыру.

Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру (жалаң және жайылма сөйлемдер құру, оларды дұрыс әрі нақты айта білуге, сөйлесу барысында жеке сөйлемдерді ажырата білу, сөйлемді сөздерге бөліп, олардың санын анықтай білуге жаттықтыру).

Жазуға дайындық

Дәптерді, қолды, қарындашты үстел үстіне қою және жазу кезіндегі ережелермен таныстыру.

Қарындашты, қаламды дұрыс ұстауға үйрету.

Ұзын-қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.

Кеңістікті анықтай білу және қағаз бетінің жазықтығын бағдарлай білу іскерліктерін (графикалық диктант) үйрету.

Сурет салу арқылы әріп элементтерін құрайтын ырғақты қарапайым жиектерді сала білуге үйрету.

Жазу барысында қол қозғалысының ырғақтылығын сақтай білуге жаттықтыру.

Әріптердің таңбалары туралы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру, дыбыстарды әріптермен сәйкестендіру іскерліктерін дамыту.

ІІ Тест:

1. Б. Баймұратованың еңбегі

А) Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы - Алматы: «Рауан»1991

2. Көрнекі оқытудағы басты мақсаты айқындап берген орыс ғалымы кім?

С)Ушинский

3. «Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі; ауызекі сөйлеу мен жазба тілі; грамматика, орфаграфика, пунктуация және әдебиетпен, стилистикамен байланыстылығы» қай ұстанымға жатады?

А) Тіл дамыту

4. Сұрақ –жауап тәсілі мен пікірлесу формасы қай әдіске келеді?

В)әңгімелесу

5. Баяндау,түсіндіру әдісі неше жолмен іске асырылады?

С) 2

6. екі жастағы балалардың сөздік қоры:

А) 500 сөзден астам.

7. «Сауатты бол» атты әдістемелік еңбектің авторы кім?

С)М.Жұмабаев

8. Грек тілінен аударғанда табамын, ашамын деген мағынаны білдіретін сөз?

С) эврика

9. Қазақ тілі орфографиясының негізгі принціпі:

А) морфологиялық

10. М.Жұмабаевтың баланың туған күнінен бастап тәрбиеленудегі маңызды мәселелеріне тоқталған еңбегі қалай аталады?

С)Жалпы педагогика

ІІІ Талдау:

Фонетикалық талдау жасаңыз: Бұйрықты лезде орындаңдар.

Бұйрықты – 8әріп, аралас буын, 2 тасмал

Б- ұяң, шұғыл, ерін фонемасы

Ұ- жуан, еріндік, қысаң.

Й- үнді, ызың, тіл фонемасы, тіл ортасы

Р-үнді, діріл, тіл фонемасы, тіл алды

Ы- жуан, езулік, қысаң

Қ- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл арты

Т- қатаң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды

Ы- жуан, езулік, қысаң

Лезде – 5әріп, аралас буын, 1 тасмал

Л- үнді, ызың, тіл фонемасы, тіл алды

Е- жіңішке, езулік, жартылай ашық

З- ұяң, ызың, тіл фонемасы, тіл алды

Д- ұяң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды

Е- жіңішке, езулік, жартылай ашық

Орындаңдар – 10 әріп, аралас буын, 2 тасмал.

О- жуан, еріндік, жартылай ашық

Р- үнді, діріл, тіл фонемасы, тіл алды

Ы- жуан, езулік, қысаң

Н- үнді, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды

Д- ұяң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды

А- жуан, езулік, ашық

Ң- үнді, шұғыл, тіл фонемасы, тіл арты

Д- ұяң, шұғыл, тіл фонемасы, тіл алды

А- жуан, езулік, ашық

Р- үнді, діріл, тіл фонемасы, тіл алды

№ 8 билет

І Сұрақтар

  1. Орфографияны оқыту.

Бала сөздің сыртқы формасын (затты референтімен тоғыстыру) бірінші меңгереді, ал кіші өрінісіне, мазмұнына, мағынасына өз тәжірибесі,тілдік ортасы арқылы келеді. Жарым жастағы сәбимен қарым қатынас жасай отырып, үлкен кісі оның езу тартып күлуін, талпынуын, алғашқы дыбыстық әсерін туғызады./ гуілдеу, ылдырлау/. Кейінірек жастың екінші жартысында қарым қатынас үлкен кісінің еркелеткен, әндеткен, ырғақты сөйлеуімен қатынасқан эмоциялы-қимылды ойындар түрінде болады. (көбіне өлеңнің қысқа –қысқа жолдары айтылды) Сөйтіп бала алғаш рет көркем әдебиетпен ұшырасады. Екі жастағы кезеңде сабақтар шағын топтармен өткізіледі. Ұзақтығы балалардың белсенділігіне немесе керісінше, балалардың жалығу дәрежесіне қарай бірнеше минуттан он минутқа дейін құылып тұрады.Үш және төрт жастағы кезде балалардың тілінің жетілуі де шапшаң болады. Іл балалардың үлкендермен де, құрбыларымен де қарым –қатнасқа түсуінің негізгі құралына айналады.Үш-төрт жаста сөйлеу белсенділігі әлдеқайда күшйе түседі. Үш жаста балалардың сөз қоры бір жарым мыңға дейін көбеюі мүмкін. Төрт жастың аяғына таман бала өте қарапайым әңгіме құрасырып, бірнеше рет тыңдалған қысқа өлеңді еске сақтайды және қайталап айтады. Балалар бұл кезде шағын өлеңдерді, қысқа ертегілерді, әңгімелерді тыңдай алады және олардың мазмұны түінеді. Сондықтан да оларды тақпақты есте ақтауға, айтуға, таныс кіаптағы суреттерді қарайға, сол жайлы әңгімелеп беруге ықылаын тудырып, қызықтырып отырудың маңызыд зор. Ес –алты жатағы кезде балалар шығарманы ықыластана тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деге өз көзқарастарын тиянақтап айа білуді меңгереді. Оларда шығарманың мазмұны мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдары арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс-әрекеттің белгілі бір түірне қызығу тұрақтылығы пайда болады, біреулері өлең оқуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері дамиды. Балалардың өздері жұмбақ, өлең құрай бастайды.

Балалардың тілін дамыту негізінен ережелерді меңгерту барысында және жаттығулар мен тапсырмаларды орындатқызу түрінде жүргізіледі. Осыған орай ережелерді нақтылай түсу /әрбір тақырыпқа тән ерекшеліктерді толық көрсету, жаттығуларды түрлендіру жағына қатты өңіл бөлінеді. Балалардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдерде белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Мұнда біз мына сияқты негізгі мәселелерді үйретуіміз қажет; яғни белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту, сөздерді үйрете отырып, сөздер жасайтын формаларды меңгерту және оларды байланыстырып сөйлем құрауға, ойларын ауызша, жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге үйрету мақсат етілді. Сонда осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөйлем құрау және ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлей білу) тіл дамыту жұмысының мазмұнын құрайды және олар күнделікті өтілетін грамматика, оқу сабақтарымен байланысты біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі түрде өткізіледі деуге болады. Сондықтан тіл дамытудың осы негізгі үш бағытын бөлшектеуге, даралауға болмайды. Бұлар қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады;ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес.