- •11. Сенестопатиялар және соматикалық сезімдер. Диф. Диагноз. Клин. Мағынасы.
- •12.Иллюзия, клиникалық түрлері.
- •13.Галлюциянация, клин. Түрлері.
- •14.Психосенсорлы бұзылыстар және клин. Түрлері.
- •15.Дисморфоманиялық синдром.
- •16.Ассоциативті бұзылыстардың әрекеттері,олардың мінездемесі.
- •17.Сандырақ туралы түсінік, клин түр.
- •18.Өте бағалы ойлар, түрлері.
- •20.Ес қабілетінің жіктелуі, мінездемесі.
- •21.Интеллект бұзылулары, деменция түрлері.
- •19.Жабысқақ ойлар, түрлері.
- •22.Олигофрениялық және дементтік синдромдар.
- •22.Әуестіктің бұзылулары, әр-түрлі бұзылыс түрлері.
- •23.Гипобулия, абулия, парабулия. Клиникалық мағынасы.
- •24.Есеңгіреу, сопор, кома. Клиникалық мағынасы.
- •26.Делириозды синдром. Құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •27. Онейроидты синдром. Құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •28.Аментивті синдром. Құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •29.Сананың бұлыңғыр алжасуы: құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •30. Корсаков синдромы, құрылымы, мағынасы.
- •31.Паранояльды синдром, құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •32. Психикалық автоматизм синдромы.
- •44.Апатико-абулиялық синдром.
- •45.Ипохондриялық синдром, оның құрылымы
- •46.Деперсонализация синдромы, клин.Мағ.
- •49.Житс кезіндегі психикалық бұзылыстар, клиникасы және терапиясы.
- •50.Соматикалық ауруларда кездесетін психикалық бұзылыстар.
- •51.Ми мерезі және прогрессивті паралич кезінде кездесетін психикалық бұзылыстар.
- •53.Бас миының дегенеративті ауруларында кездесетін психикалық бұзылыстар(Альцгеймер,Пик ауруы,сенильді деменция).
- •66.Жүйкелік тиктер
- •67. Балалардың ерте аутизмі,клиникасы, ағымы және болжамы.
- •68.Акселерация және инфантилизм, психикалық дамуға әсері.
- •69.Балалардағы психикалық бұзылыстардың дамуының ерекшеліктері.
- •71.Балалардағы гипердинамикалық синдром, клиникалық ерекшеліктері.
- •73.Терапияның психикалық ауруларға икемделуі (биологиялық терапия, психотерапия, әлеуметтік терапия) дәлелді медицинаның көз-қарасымен.
- •74. Бас миының жарақаты кезіндегі психикалық бұзылыстардың емі.
- •75. Шизофрения терапиясының әдістері.
- •76.Инсулин-коматозды терапияны жүргізудің тәсілдері.
- •Эпилепсия емінің жалпы міндеттері
- •Биполярлы аффективтті бұзылыстардың емі
- •Психикалық бұзылыстардың психогигиенасы және психикалық алдын алу.
- •Транквилизаторлар, қолдану көрсеткіштері.
- •Психотерапия және олардың түрлері
- •Психофармакотерапиядан асқыну
- •Ұйқының бұзылуы және олардың терапиясы
- •Антидепрессанттар, олардың негізгі топтары.
- •Тырыспаға қарсы заттар, қолдану көрсеткіштері
- •Ноотроптар, қолдану көрсеткіштері
- •Нейролептиктер, негізгі топтары, қолдану көрсеткіштері
- •Реактивті жағдайлар, реактивті психоздардың клиникасы
- •89.Невроздар, клиникалық түрлері, этиологиясы және патогенезі
- •90.Неврастения, клиникасы және ағымы
- •91.Жабысқақ жағдайлар неврозы, клиникасы және ағымы
- •92.Истериялық невроз, негізгі клиникалық көріністер
- •93.Истерия кезіндегі соматикалық және неврологиялық
- •95.Паникалық шабулар: құрылымы, клиникалық мағынасы.
- •96.Психопатиялар, клиникалық жүйесі.
- •97.Психопатиялардың әртүрлі түрлерінің клиникалық сипаттамасы.
- •98.Стреске реакция және бейімделудің бұзылуы. Төтенше жағдайлар кезінде психикалық бұзылыстар
- •99.Физиологиялық бұзылыстарға байланысты мінез-құлық бұзылыстары (анорексия, булимия, ұйқының бұзылуы, жыныстық бұзылыстар)
24.Есеңгіреу, сопор, кома. Клиникалық мағынасы.
Есеңгіреу - барлық анализаторларының қабылдау табалдырығының жоғарлауы,естің босаумен көрінетін ойлаудың баяулауы. Уақыт пен кеңістікте оринтировка жасай алмайды. Бірақ жалып жағдайды түсінуі бұзылмаған. Науқастарға бір сұрақты бірнеше рет қайталауды қажет етеді.
Сопор(патологиялық ұйқы) – психикалық іс-әрекеттің толық тоқтаумен жүретін естіғ терең бұзылысы. Науқастар ұйықтап жатқандай бірақ оларды ояту мүмкін емес. Рефлекстері мен қатты стимулдерге реакциялар сақталған.М:ауырсынуды сезеді,суықты сезеді,егер дәрігер атын қатты айтса қысқа уақытқа көзін ашады бірақ науқаспен қарым қатынасқа түсү мүмкін емес:олар естімейді және айтқан шарттарды орындамайды. Сопордан шыққаннан кеин толық амнезия байқалады.
Кома – естің өшуінің өте ауыр түрі. Бұл кезде науқаста терең тітіркендіргіштерге жауап реакциясы мен рефлекстері толық жоғалқан.
26.Делириозды синдром. Құрылымы, клиникалық мағынасы.
Делириозды синдром – өзіндік сананың сақталуымен жүретін галлюцинаторлы сананың бұлыңғырлануы,көру галлюцинациясының,иллюзисының және бейнелі сандырақтың болуымен сипатталатын сананың бұзылысы. 3сатысын ажыратады: 1)эмоциональды дабильділікпен,сезімталдылықтың жоғаралуымен,сөйлегіштікпен,анық бейнелік көріністермен сонымен қатар жиі фантастикалық иллюзия байқалады. 2)бейнелік галлюцинациялар бейнелік галлюцинациямен алмасады. 3)галдлюцинациялар жиі сценалар түрінде көрінеді. Олар күшті аффектпен көрінеді(қорқыныш,шошыну,ызалану). Клиникасы: осы жоғарыда аталған симптомар өзгеріп отырады. Түнде толық ұйқысыздық болуы мүмкін. Ауыр жағдайларда муситирленген профиссиональды делири болады. Өте ауыр жағдайларда кома немесе летальды аяқталады.
27. Онейроидты синдром. Құрылымы, клиникалық мағынасы.
Онейроид – фантастикалық,психикалық уайымдаумен ерекшеленеді. Псевдогаллюцинациялар мен иллюзиялардан тұрады. Науқас өзін қияли бір оқиғада жүргендей сезінеді және сол оқиғаны сырттан корип бақылайды. Тек онейроид кезінде науқастың орентировкасы екі еселенеді. М:науқас өзін емхананың пациенті сонымен қатар фантастикалық оқиғаның қатысушы ретінде санайды. Онейроид - жедел шизофрения ұстамасының көрінісі. Психоздың бастапқы көріністері - ұйқының бұзылуы,қорқыныш сезімінің пайда болуы. Сонымен қатар науқастарда кататониялық ступор немесе қозу дамиды.
28.Аментивті синдром. Құрылымы, клиникалық мағынасы.
Аментивті синдром – ойлаудың байланыссыздығы, қарым қатынасқа түсу мүмкинсіздігі, қабылдаудың бұзылысы және күрт физикакылық қажудың көріністерімен жүретін сананың бұлыңғырлануы. Хаотикалық қозуына қарамастан аментивті жағдайдағы науқас жата береді. Науқас сөйлейді бірақ мағынасыз. Ойлаудың байланыссыздығы көрінеді. Науқас дәрігердің сұрағына реакция береді бірақ жауап бере алмайды. Физикалық әлсіздігі төсектен тұруға мүмкіндік бермейді. Физикалық жағдайдын ауырлығы летальды аяқталуына акеледі. Егер науқастың сақтап қалатын болса мынандау органикалық ақаулар көрінеді:Деменция, Корсаков синдромы.
29.Сананың бұлыңғыр алжасуы: құрылымы, клиникалық мағынасы.
Сананың бұлыңғыр алжасуы – типті эпилептиформды пароксизм болып табылады. Клиникалық көрінісі:жедел басталады, қысқа уақтылы (10-бірнеше сағатқа дейін), қысқа немесе толық амнезия болуы мүмкін. Науқастар ашушан, агрессивті,кейді ассоциалды іс-әрекеттер жасайды. Олар өздерінің іс – әрекеттерін бақылай алмайды, сандырақ, галлюцинация болуы мүмкін бірақ науқас сол жағдайды толық айтып бере алмайды себебі психоз кезінде науқаспен контактқа түсу мүмкін емес. Сананың бұлыңғыр алжасуы эпилепсия және т.б органикалық аурулардың себебінен дамиды. Сананың бұлыңғыр алжасуының варианттары: сандырақ және галлюцинаторлы;амбулаторлы автоматизм(қысқа уақытты сананың алжасуы. М:науқас өзінің киімін шешіп тастауы мүмкин,көшеге шығып кетеді);
