Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kerek_shpor_psikhiatria_-_kopia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

49.Житс кезіндегі психикалық бұзылыстар, клиникасы және терапиясы.

ЖИТС-пен науқастардың преморбидтік тұлғалық ерекшеліктері жиі психопатиялық айырықшалықпен сипатталады. Олардың ішінде жиі истериялық тұлға ерекшеліктері байқалады. Әртүрлі сексуальді бұрмаланыстар байқалады. Алғашқы кезеңдерінде зейін жинақтау, есте сақтау қиындауы және эмоциональді тұрақсыздық сияқты бұзылыстармен неврастения тәрізді синдром жиі байқалады, ал соңғы сатыларында амнестикалық бұзылыстар п.б. бастайды. Фиксациялық амнезия, өзіне сын көзқарастың төмендеуі, аса бағалы идеялар п.б. мүмкін. Эмоциональді ұстамсыздық байқалады. Клиникалық психопатологиялық көрінісі динамизммен, психикалық жағдайдың уақытша жақсару кезеңімен сипатталады, ал психикалық бұзылыстар айқын психоорганикалық синдром дәрежесіне дейін жетеді. Емі: жедел психоз кезінде-нейролептиктер (галоперидол, аминазин), транквилизаторлар, депрессия кезінде антидепресанттар қолданылады. Ең тиімдісі психотерапия.

50.Соматикалық ауруларда кездесетін психикалық бұзылыстар.

Психикалық бұзылыстар жиі кездесетін соматикалық ауруларға жүрек, бауыр, бүйрек аурулары, өкпе қабынуы, ойық жаралар жатады. Басты психопатологилық симптомакомплекс астениялық синдром (науқас тез шаршайды, әлсіз, бас ауырады, салбырлыққа шағымданады, ұйқысы бетке, қорқынышты түстер көреді, көңіл күйі тұрақсыз, тітіркендіргіш,

ашушандық байқалады, қимылдары баяу) б.т. кейбір жағдайларда астениялық синдромға фобиялық (өз болашағы мен денсаулығы үшін қорқыныш пен үрей туады), ипохондрияқ синдром (өзінің денсаулығы туралы себепсіз қорқыныш сезімі, қандай да бір соматикалық ауруы бар деп қорқу. Ол жабысқақ, бағалы ойлармен және сандырақпен көрінуі мүмкін) қосылады. Соматогенді психоздар кезіндегі басты синдром сана күңгірттенуі б.т. жедел психоздар 2-3 күнге созылады. Соматогенді психоздан кейін психоорганикалық синдром дамиды, жүрек патологиясымен жиі психоздар, миокард инфарктісімен кездеседі. Үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективті бұзылыстар, вегетативті және цереброваскулярлы бұзылыстар жатады.

51.Ми мерезі және прогрессивті паралич кезінде кездесетін психикалық бұзылыстар.

Бас миының мерездік зақымдануы нәтижесінде психикалық бұзылыстар аурудың әр түрлі сатыларында әр түрлі психопатологиялық синдромдармен байқалады. Ми мерезінің І-ІІ Сатысындағы кең таралған психопатологиялық синдромға неврозтәрізді синдром жатады. Бұл жағдайда аса тітіркенгіш,эмоцональды лабильділік,жиі бас ауруы, ес нашарлауы,еңбеккке қабілеттілігінің төмендеуі тәрізді симптомдар басым болады. Біртіндеп лакунарлы ақылкемділік қалыптасады. Мерездің ІІ-ІІІ сатыларынды басты симптомдарға байланысты жіктелетін психоздар тән. Галлюцинаторлы-паранойдты(жиі есту галлюцина.ң пайда болуымен басталады. Галлюцинацияя мен сандырақ қарапайым мазмұнда болады,тұлғаның органикалық өзгерістері фонында дамиды), псевдопаралитикалық синдромдармен(органикалық тип бойынша ақылкемдігі фонында бейғам көңіл күй басым болады, науқастар эйфория күйінде,әртүрлі фонтастикалық сипаттағы ұлылық сандырақтық идеялар айтуы мүмкін)және делириозды тип бойынша сана күңгірттенуімен мерездік психоздарды ажыратады.

Прогрессивті параличтің бастапқы сатысында церебростениялық симптоматика п.б., сөйлеу артикуляциясы, қарқыны бұзылады. Ортаңғы сатысында ақылкемділігінің үдеуі,тұлғаның дөрекіленуі,критиканың,қоршаған ортаны дұрыс қабылдауының төмендеуі, ес нашарлауы, бейғам көңіл күй п.б. Соңғы сатысында психикалық қызметтің толық ыдырауымен, толық қорғансыздықпен, физикалық маразммен сипатталады. Түрлері: дементті(сандырақсыз және психомоторлы қозусыз үдемелі ақылкемдігі), депрессивті(өзін-өзі кінәлау,соңына түсу сандырағымен көңл күйдің төмендеуі), экспансивті(эйфария құбылыстарымен, конфабуляциямен, ауқымды ұлылық сандырағымен сипатталады).

52.Бас-ми жарақатының жедел кезеңінде кездесетін психикалық бұзылыстар.

Бұл кезең сананың қалпына келуімен және жалпы милық бұзылыстардың жоғалуымен сипатталады. Бұл кезеңнің типті синдромы астения синдромы(көңіл күйінің төмендеуі,тітіркенгіш,ренжігіш.бос көңілді болып келеді). Жиі ретроградты амнезия байқалады.Бас ми жарақатының орташа ауырлық дәрежесінің жедел кезеңінде сананың күңгірттенуі,делириозды н\е онейройдты тип бойынша сананың қарауытқан күңгірттенуі байқалады. Корсаков синдромы дамуы мүмкін(ең алдымен фиксациялық және ретроградты амнезия,аз дәрежеде антероградты амнезия және конфабуляция п.б).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]