Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
соц.методы ответы экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182 Кб
Скачать
☆
  1. Әлеуметтанулық зертеу түрлерінің классификациясын салыстыра отыра сипаттаңыз

Әлеуметтанулық зерттеулердің барлаулық, бейнелеу және талдау зерттеулері сияқты үш негізгі түрі бар.

Барлаулық зерттеулер. Мағынасы жағынан шектеулі міндеттерді шешуге байланысты әлеуметтанулық зерттеулердің бұл түрі нақты – әлеуметтанулық талдаудың ең қарапайым түрі болып табылады. Олар кішкене жиынтықтарды зерттей отырып, көлемі жағынан қысқартылған әдістемелік құралдарға және жеңілдетілген бағдарламаға негізделеді. Барлаулық зерттеулер терең, ірі көлемді зерттеулердің алғашқы кезеңі болып есептеледі. Мұндай зерттеулердің түріне деген қажеттілік әлі де болса аз зерттелген немесе зерттелмеген мәселелерді қарастырған жағдайда туындайды. Бұл зерттеудің түрі зерттеу пәні, объектісі туралы қосымша ақпараттар алу үшін, болжамдар мен міндеттер, әдістемелік құралдар, зерттелетін жиынтыққа қатысты мәліметтерді кең көлемді ірі зерттеулерде қолданардың алдында тексеріп көру үшін қажет болуы мүмкін. Барлаулық зерттеулердің эксресс – сауалнама деген түрі бар. Бұл жылдамдатылған ақпарат алуға негізделген сауалнаманың түрі. Мұндай оперативті сауалнамалар адамдардың қоғамда болып жатқан өте маңызды оқиғалар мен жағдайларға көзқарастарын, пікірлерін білуге бағытталады.

Бейнелеу зерттеулері. Нақты – әлеуметтанулық талдаудың неғұрлым күрделі түрі. Өзінің мақсаттары мен міндеттері жағынан зерттеліп отырған құбылыстар, олардың құрылымдық элементтері туралы толық эмпирикалық мәліметтер алуға негізделеді. Бейнелеу зерттеулері толық әрі жеткілікті түрде егжей-тегжейлі жасалған бағдарламаға және әдістемелік тұрғыдан сынаудан өткізілген құралдарға негізделеді. Бұл зерттеудің түрі әдетте талдау объектісі салыстырмалы түрде алғанда түрлі сипаттамаларымен ерекшеленетін адамдардың үлкен топтарында қолданылады. Мамандықтары, жас ерекшеліктері, отбасылық жағдайлары, еңбек өтелімдері, тұрғылықты орындары әртүрлі болып келетін адамдардан тұратын еңбек ұжымдары бұл зерттеудің түрінде кеңінен, жан – жақты салыстыра зерттеледі.

Талдаулық зерттеулер. Әлеуметтанулық талдаудың өте тереңдетілген түрі. Бұл зерттеу өзінің мақсаты ретінде зерттейтін құбылысты құрайтын элементтерді бейнелеу ғана емес, сонымен қатар оның негізінде жатқан себептерді анықтауға бағытталады. Талдау зерттеулеріне дайындалу өте көп уақытты, егжей – тегжейлі жасалынған бағдарлама мен әдістемелік құралдарды талап етеді. Бұл үшін барлау және бейнелеу зерттеулерінің көмегі арқылы зерттеліп отырған объектінің жеке жақтары туралы алдын – ала түсінік беретін мәліметтер жинау жүзеге асырылады. Осылайша олардың ары қарай тереңірек зерттелуінің жолдары қарастырылады. Әлеуметтанулық ақпараттарды жинауда қолданылатын әдістер талдау зерттеулерінде комплексті сипатқа ие болады. Талдау зерттеулерінің өз алдына жеке түрі – эксперимент. Оны жүргізу үшін зерттеушіні қызықтырып отырған объектінің әдеттегі қызмет ету жағдайларына қандай да бір дәрежеде өзгеріс енгізіп, эксперименталдық жағдай жасау қажет. Осы эксперименталдық жағдайға байланысты зерттеліп отырған объектіге жаңа ерекшеліктер мен қасиеттер беретін факторларды зерттеуге баса назар аударылады. Әрбір экспериментті дйындап, жүргізу арнайы білімдер мен әдістемелік дағдыларды талап ететін өте күрделі іс.