Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
соц.методы ответы экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182 Кб
Скачать
☆
  1. Эмпирикалық және қолданбалы социологияның дамуындағы әлеуметтік статистиканың рөлін анықтаңыз

Алғашқы эмпирикалық зерттеулер 15-17ғ.жатады. 17 ғасырда қоғам қажеттілігі туындайды, ең алдымен мемлекет қоғамдық басқару үшін халық тұрғындардың құрамы мен материалдық жағдайын зерттейді.

Ең алғашқы осындай тиянақталған зерттеуді ғылыми әдебиеттерде 1697жылы Франциядағы халық санағы болып табылады.

17-18ғ.ғ.әлеуметтік мәселе қиындады, яғни – кедейшілік, туу, өлу, тұрмыс жағдай, денсаулық сақтау, білім жүйесі, т.б.мемлекет назарына ілінді. Осы уақытта эмпирикалық зерттеудің статистикалық және әлеуметтік – демографиялық бағыты белсенді түрде қолданыла бастады.

Ең алғашқы ресми әлеуметтік басқарудың өңдеу әрекеті ирландық тарихшы Дж.Граунт пен У.Петти болып табылады. Граунт 17ғ.ортасында ең бірінші эмпирикалық – әлеуметтік анализ жасады.

Әрі қарай эмпирикалық зерттеудің дамуы институттық статистикамен байланысты. Сол уақытта эмпирикалық зерттеу әртүрлі әдістемелік тәжірибе жинақтады.

Эмпирикалық зерттеуде басты рөлді А.Ж.Кетле алады. Ол «орта адам» концепциясы мен әлеуметтік ілімнің орта түсінігін енгізді. Кетле 19ғ.социологияда эмпирикалық деңгейді табыстаушы жалғыз емес. Осыған ұқсас идеяларды сол уақытта айтқандар қатарына: Луи Виллерме, Александр Паран – Дюшатле, Андре Герри.

Қолданбалы әлеуметтану – социология ғылымының бір саласы. Ол ғылыми теорияға сүйене отырып, әр түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру түрлері мен механизмдерін зерттейді. Мұнда нақтылы іс-тәжірибелік ұсыныстардың ерекше маңызы бар.

Қолданбалы әлеуметтану мынадай әлеуметтік-тәжірибелік міндеттерді шешуге қатысады:

  1. Әлеуметтік-экономика және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудың ықтимал нәтижелері мен кезеңдерін және шаруашылық механизмді, әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру мен мәдениеттің дамуымен, жалақы мен кірісті мемлекеттік реттеумен, еңбек қызметін ынталандырумен,т.б.байланысты әлеуметтік саясат саласындағы бағдарламалар мен шараларды дайындау, талдау, бағалау.

  2. Әлеуметтік-жоспарлау және жобалау үшін кешенді шаруашылық және әлеуметтік басымдылықтарды тұжырымдаудың өлшемі ретінде әлеуметтік көрсеткіштер жүйесін жасау және сол бойынша түрлі аймақтарда, шаруашылық салаларында және әлеуметтік қауымдастықтардағы даму бағыттарын талдау.

  3. Жекелеген аймақтарда, салаларда, ұйымдар мен ұжымдарда туындайтын тәжірибелік әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын зерттеу. Қолданбалы социологияда қандай да бір мәселені шешу кезінде әр түрлі әлеуметтік топтардың қызығушылығы мен белсенділігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Оның тиімділігі әлеуметтік тапсырыспен айқындалатын зерттеу нысанына байланысты.

Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырысқа байланысты дербес, нақтылы – қолданбалы сипатқа ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Қолданбалы социологияны дамытуда оның іргелі социологиялық зерттеулер мен байланысының тереңдеуі, әлеуметтік ақпарат банкін құру, сондай-ақ арнаулы социолог мамандарды даярлаумен қамтамасыз етудің маңызы зор.