Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
соц.методы ответы экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182 Кб
Скачать
☆
  1. А. Кетленің зерттеулерінің негіздемелерін сипаттаңыз

Әлеуметтік статистиканың негізін 19ғ.ғалым Ламбер Адольф Жак Кетле (1796-1874) қалады. Қоғамдық өмірдің заңды шектеулі қатарын ашты. Ол алғаш болып статисткада математикалық әдістерді пайдаланды. «Кетленің төрт ережесі» анкетадағы сұрақтарды қалай қою ережесі 20ғ.20жылдарынан қазіргі кезге дейін өз күшін жойған жоқ:

  1. Тек қана керек және жауап ала алатын сұрақтар қою керек.

  2. Халықтан қорқыныш немесе күмән тударатын сұрақтар қойылмау керек.

  3. Сұрақ қарапайым халыққа түсінікті және нақты болу керек.

  4. Сұрақтарда өзара бақылау болу керек, яғни бір сұрақтың жауабы келесі сұрақтың дұрыстығына көз жеткізу керек.

  5. уақытта эмпирикалық зерттеу әртүрлі әдістемелік тәжірибе жинақтады.

Эмпирикалық зерттеуде басты рөлді А.Ж.Кетле алады. Ол «орта адам» концепциясы мен әлеуметтік ілімнің орта түсінігін енгізді. Оның мәні адам нақты тұлға ретінде емес, статистикалық қатар болып мінезделеді.

Кетленің «орта адам» концепциясы эмпирикалық және қолданбалы социологияның дамуына өз үлесін қосты. Ол статистикалық зерттеу әдісін ойлап тапты, оның ойынша осы статистикалық зерттеу әдісі социологиядағы ең маңыздысы болып табылады.

Ол бірінші әлеуметтік эмпирик болды, абстарктілі социологиялық түсінікті ашқан.

  1. Сұрау - алғашқы әлеуметтік ақпаратты жинақтау тәсілі ретінде алып түсініктеме беріңіз

Ресмиленген сұрау. Сұрау сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады. Оған қоса, сұрау – тек әлеуметтану әдісі ғана емес, ол психология, медицина, журналистика, тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Бірақ, сұраудың әдістемелік мәселелері толық күйінде нақ әлеуметтануда жасалынған.

Әлеуметтану қоғамдастығынан тыс әдістердің ішінде сұрау, ең белгілісі болып табылады. Көптеген адамдардың ойынша, әлеуметтанушы – бұл қоғамдық пікірге сұрау жүргізілетін адам.

Алайда мұның барлығы сұрау әдісінің белгілі шектеулігі бар екендігін естен шығармауға тиіс. Бұл жерде эмпирикалық әлеуметтанушылық және маркетингтік мәліметтер алу үшін үш негізгі қайнар көз бар екенін назарға алу қажет. Олар мыналар:

  • Деректік көздер;

  • Адамдардың мінез-құлқындағы, анық әлеуметтік жағдайлардағы әлеуметтік процестердің сыртқы көріністері;

  • Адамдардың өздері (олардың сөздері, пікірлері, бағалаулары).

Бірінші қайнар көзге құжаттар талдау әдісі сәйкес келеді, екіншісі бақылау әдісі арқылы жақсы «сезіледі». Сұрау үшінші типтегі ақпарат алу үшін қолданылады. Сөйтіп, әлеуметтік шындықтың зерттелетін аясы статистикалық және деректік ақпаратпен қамтамасыз етілуі неғұрлым әлсіз болып, зерттелетін құбылыстар тура бақылауға қолацсыз болған сайын, зерттеуде сұрау әдісінің рөлі мен маңызы соғұрлым арта түседі.

Сұраудың нәтижесінде алынатын әлеуметтану ақпараты мұқият және сын көзбен қарауды талап етеді. Сұраудың нәтижелері қоғамдық сананың дәл бейнесі ретінде қабылданған кез болған. Тек 20-ғасырдың 50-жылдары ғана респонденттің, сұхбат алушы мен зерттеушінің психологиялық күйлерімен ақпарат бұрмалау факторларын есепке алып, азайтуға мүмкіндік берген арнайы зерттеулер жүргізілді.

Әлеуметтанушылық және маркетингтік тәжірибеде сұрау түрлерінің тым тармақталған жіктелімі қалыптасқан. Ең алдымен, біз сұрауды сауалнама мен сұхбатқа бөлеміз.

Әлеуметтік және маркетингтік ақпарат жинау әдістері қатарында пошталық және баспасөздік сұраулар едәуір маңызды орын алуда. Бірінші жағдайда, сауалнама пошта арқылы жіберіледі, екіншісінде – БАҚ жарияланады.

Пошталық сұрау бүгінде, көбінесе сараптамалық сұраулар үшін пайдаланылады. ESOMAR-дың мәліметтері бойынша осы әдісті қолдануымен жүргізілетін маркетингтік зерттеулер небәрі 3%-ды ғана құрайды. Кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттерде пошталық сұрау поштаның нашар жұмысына байланысты тиімді емес. Бұл әдістің артықшылығы – оның арзандығында, кемшілігі – көлемінің, құрылымы мен дизайнының шектеулігінде, ал ең басты кемшілігі – сауалнамалардың аса төмен қайтарымдылығында.

Баспасөздік сұраудың артықшылықтары мен кемшіліктері пошталық сұраудағыдай. Сауалнамалардың ең кем қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін бұл жерде ынталандыру қажет. Мысалы – жіберілген сауалнамалардың нөмірлері бойынша лоторея.