Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
соц.методы ответы экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182 Кб
Скачать
☆
  1. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен өзара байланысын сипаттаңыз

Әлеуметтану оқшауланбай, басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста дамып келеді. Әлеуметтану пәнінің анықтамасы ғылым ретінде оның басқа қоғамдық ғылымдардан өзгешелігі неде екендігін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орнын неғұрлым дәл анықтауға, сондай-ақ олардың жеке түрлерімен қаншалықты тығыз байланысты екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Қоғамды зерделеуге деген әлеуметтанушылық көзқарастың ерекшелігін нақты анықтап алу үшін әлеуметтанудың әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттумен, экономикалық ғылыммен және басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасын және өзара әрекетін қарастырудың маңызы зор.

Әлеуметтану және әлеуметтік философия. Әлеуметтік филсоофия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының,тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік – философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелрді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады.

Әлеуметтік-философия мен әлеуметтанудың зерттеу объектілерінің бір-біріне дәл келетін тұстары өте көп. Әлеуметтік философия да, әлеуметтану да қоғамды тұтас, әлеуметтік жүйелі ретінде, оған енетін бірліктерін интегралдық құрылым ретінде қарастырады. Бұл осы ғылымдардың бір-бірімен ерекше тығыз байланысын анықтайтын ортақ сипаты. Алайда әлеуметтанудың объектісі мен пәні нақтырақ, қоғамның дамуын аса жоғары деңгейдегі абстракциямен сипаттайтын әлеуметтік философияның объектісімен және пәнімен салыстырғанда абстрактылығы аз.

Әлеуметтану қоғамдық өмірдің бар күрделі сан қырлылығын нақты талдай отырып, әлеуметтік философияның ұғымдық аппаратын және пәндік мазмұнын байытуға, олардың шынайы өмірмен, тәжірибемен байланысын кеңейту және тереңдету негізінде оның ережелері мен қорытындыларын айқындауға және нақтылауға ықпал етеді.

Әлеуметтану және тарих. Тарих – ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. Тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен тарихи оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік-уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды. Бір айырмашылығы, ғылым ретінде әлеуметтанудағы ең басты нәрсе – өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процесстердің қайталанатындарын, тұрпаттыларын, мән-мағыналық заңдылықтарын бөліп қарау. Сонымен әлеуметтану тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады. Іс жүзінде әлеуметтану тарих беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді.

Әлеуметтану мен тарихтың өзара қарым-қатынасы ең алдымен әлеуметтік ережелер мен қорытындылар тікелей тарихи фактілерді, тарихи тәжірибені тұжырымдауға сүйенетіндігімен айқындалады. Екінші жағынан алғанда, әлеуметтік философиямен бірге әлеуметтану тарих ғылымының жалпы теориялық және әдістемелік негізі болып есептеледі.

Әлеуметтану және саясаттану. Әлеуметтану пәні мен саясаттану арасында өзара тығыз байланыс бар. Олар:

  • Әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады.

  • Саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады.

  • Саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын айқындайды.

Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң ғылыми әдістермен осы құрылымның басқа бөліктерімен байланыстыра қарастырғанда ғана зерделей алады. Бұл саясаттанудың саяси құрылым мен ұйымдастырылуы сипаттамаларын зерделегенде, әлеуметтану ашатын ғаламдық қоғамның құрылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді. Әлеуметтану жеке топтар мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастарын және саяси құрылымын, олардың қоғамдық құбылыстар ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында зерттейді.

Әлеуметтану және және психология. Егер әлеуметтану өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзеліс зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар – адамның мінез – құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Дей тұрғанмен де, адамдар арасындағы қарым-қатынастарда, олардың бір-біріне қатысты мінез-құлықтарында бұл қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылатын психологиялық элемент те бар. Сондықтан да әлеуметтану қоғамдық қатынастарды зерделей отырып, адамдардың мінез-құлықтарын себептерінің, сезімдерінің және көңіл-күйлерінің психикалық элементтерін назарға алуы тиіс. Бірақ та қоғамдық құбылыстарды тек қана психикалық құбылыстарға телу дұрыс болмас еді. Сөйтіп, әлеуметтану мен психологияның байланысы оларыдң пәндерінің байланысынан туындайды. Ал олардың пәндерінің байланысы қоғамдық құбылыстарды зерделеген кезде психикалық элементтерді назарға алу қажеттегін ғана емес, психикалық құбылыстарды зерделеген кезде олардың әлеуметтік шарттылықтары, әлеуметтік ортамен байланысын ескеру қажеттігін де көрсететіндігінде.

Әлеуметтану да, психология да адамды және оның мінез-құлқын зерделейді. Алайда олар мұны өз пәндерінің ерекшеліктері тұрғысынан әр түрлі жасайды. Дегенмен де олар өз пәндерін зерделеген кезде үйлесімді бағыт ұстанады және олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас бар деп айтуға болады.

Әлеуметтану және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады, экономикалық өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғанындай, экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттар мен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі. Бұл да экономикалық және әлеуметтік ғылымдардың өзара әрекетін нығайта түсудң талап етеді.

Сонымен, әлеуметтану мен өзге қоғамдық ғылымдардың арақатынасы туралы мәселеде, солардың өзара тығыз байланысы, қоғамдық өмірді шынайы зерттеуде бұл ғылымдардың пәндік шекаралары сақталумен бірге, бір-бірімен қабысуы, бірақ әлеуметтанудың бұл ғылымдарды жұтып қоймайтыны сөз болуы керек және солай болуға тиіс те.