- •Қолданбалы әлеуметтанудың даму тарихын сипаттап талдау жасаңыз
- •Әлеуметтанулық зерттеу кезеңдерін өзара салыстырып бейнелеп беріңіз
- •Әлеуметтанулық зертеу түрлерінің классификациясын салыстыра отыра сипаттаңыз
- •Сауалнама құрылымы. Сұрақтар классификациясына мысал келтіріңіз, сипаттаңыз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының құрылымының бөлімдерінің ерекшеліктерін бейнелеңіз.
- •Эмпирикалық және қолданбалы социологияның дамуындағы әлеуметтік статистиканың рөлін анықтаңыз
- •Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен өзара байланысын сипаттаңыз
- •Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін сипаттап беріңіз
- •XVII-xviiIғғ. Еуропадағы эмпирикалық және қолданбалы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •А. Кетленің зерттеулерінің негіздемелерін сипаттаңыз
- •Сұрау - алғашқы әлеуметтік ақпаратты жинақтау тәсілі ретінде алып түсініктеме беріңіз
- •Дж.Морено бойынша социометрия жүйесін түсіндіріңіз
- •II Дүниежүзілік соғыстан кейін зерттеу институттары мен оның бөлімшелері тек Америкада емес, Европада да ашыла бастайды.
- •Сауалнаманың түрлері мен маңызын өзара салыстыра отыра сипаттап беріңіз
- •Социометриялық сұрауды өткізудегі талап ету жүйесі сипаттаңыз
- •Сұхбат - әлеуметтік ақпаратты жинақтау тәсілі ретінде түсіндіріңіз
- •Хоуторондық эксперименттің қолданбалы социологияның дамуындағы атқарған рөліне сипаттама беріңіз Хоторн тәжірибесі
- •Эксперименттің төрт кезеңі
- •Хоторндық эффект
- •Хоторндық тәжірибенің басқару теориясына ықпалы
- •Фокус-топ ұйымдастыру. Телефон арқылы сұхбат. Артықшылықтары мен кемшіліктерін кесте құрастырып көрсетіңіз
- •Лонгитюдті зерттеулер, қайталанбалы зерттеулерді өзара салыстыра отыра түсіндіріңіз
- •Әлеуметтанудағы іріктеу әдісінің ерекшеліктері. Әлеуметтанудағы басты және іріктеу жиынтығын мысал келтіре отыра анықтаңыз
- •Барлау,бейнелеу,аналитикалық,эксперименталды зерттеулердің айырмашылығы қандай? Олардың өзара қалай байланысатынын түсіндіріңіз
- •Социологиялық зерттеулердегі болжамның атқаратын рөлі. Қандай түрлерін білесіз, мысал келтіріп түсіндіріңіз
- •Әлеуметтік және әлеуметтанулық зерттеулерді өзара салыстырып түсіндіріңіз
- •Құжаттар классификациясы. Құжаттарды талдау әдістерін түсіндіріңіз
- •Құжаттар мәртебесі жағынан:
- •Құжаттарды талдау
- •Құжаттарды талдаудың екінші түрі
- •У. Петли бойынша халықтың тұрмысын зерттеуіне сыни бағалаңыз
- •«Сапалы» және «сандық» әдістер ұғымындарын өзара байланыстыра отыра түсініктеме беріңіз
- •Бақылау социологиялық талдау әдісі ретінде сипаттама беріңіз, және басқада социологиялық әдістермен өзара әрекеттесуін байланыстырыңыз
- •Пошталық сұрау: оңтайлы жақтары мен кемшіліктерін кесте түрінде түсініктеме беріңіз
- •Әлеуметтік ақпаратты талдау және жалпылау сипаттап беріңіз
- •«Орта деңгей теорияларына» ұғымына түсініктеме беріңіз
- •31)Төменгі пікірлерді өзара салыстыра отыра сыни баға беріңіз:
- •39)Социологиялық зерттеулердің бағдарламасы не үшін қажет? Жауабыңызға дәлелдеме келтіріңіз.
- •45)Фундаменталды әлеуметтанудың қолданбалы әлеуметтанудан ерекшелігі неде? Олардың мағынасын ашыңыз.
- •47) Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз.
- •48)Фокус-топ әдісін жүргізуге қойылатын техникалық талаптарды атаңыз және анықтама беріңіз. Фокус-топ әдісінің модераторы және оның атқаратын қызметіне талдау жасаңыз.
- •49 Сауалнамалық сұрау әдісі мен сұхбаттасу әдісін өзра салыстырыңыз. Кесте құрастырыңыз.
- •50) Әлеуметтік сауалнама мен сұхбаттың құрылымдық процесінің компоненттерін көрсетіңіз. 49-суракта жазылганды аламыз менің тусінуім бойынша
- •51) Әлеуметтанудағы бақылау әдісінің артықшылығы мен жетіспеушіліктерін сипаттай отырып бағалаңыз
- •55)«Интернетті» қолдану арқылы сұрау: оңтайлы және теріс жақтарын сипаттайтын екі бағанадан тұратын кесте құрыңыз.
- •56) Не себепті сапалық немесе сандық әдістерді үздік деп тануға болмайды, өзіңіздің сыни бағаңызды беріңіз
- •58) Сауалнамалар қандай сұрақтардан тұрады және олардың атқаратын қызметі мен мәнін көрсетіңі. Мысал келтіріңіз
- •59)Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз. Өз тусыныктеріңізбен жазыңыздар
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының құрылымының бөлімдерінің ерекшеліктерін бейнелеңіз.
Бағдарлама – эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты. Әлеуметтанудың теориясы мен әдіснамасы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік тарапынан мақұлданған болып табылады:
Өзектілігі
Объекті, пәні, мақсаты мен міндеті.
Интерпретация (анықтама)
Іріктеу респонденттерді
Нақты социологиялық әдісті таңдап алу. (анкета)
Анкета құрастыру
Поляға шығу, ұйымдастыру, яғни жұмыс жоспарын құру.
Болжау, болжам жасау.
Талдау жасау.
Кез – келген ғылыми зерттеу секілді әлеуметтану тұрғысынан зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және белгісіз деген шектес жерден басталады. Әлеуметтану проблемасын ғылыми тұрғыдан әлеуметтану жөнінде базалық ғылыми атағы бар мамандар ғана анықта алады.
Ғылыми пәні көптеген оқулықтарда немес осы ғылыми жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Әлеуметтанушы – зерттеушінің нақ базалық әлеуметтанушылық білімі басқаларға, мысалы, тиісті базалық білімі бар инженер қажет болатын құрылыс жұмыстарында кездесетін инженерлік проблемаларға қарағанда әлеуметтану проблемасының өзіне тән ерекшелігін түсінуге көмектеседі.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайы шешу болып табылады. Егер әлеуметтану тұрғысынан зерттеу теориялық проблеманы шешуге бағытталған болса, онда зерттеудің нәтижесі әлеуметтік шындықтың бұрын мән бермеген аспектілерін тану болады. Ал егер зерттеу тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталса, онда оның мақсаты проблемалық жағдайдан арылуға әкелетін тәжірибелік қадамдар қабылдау жөніндегі ұсыныстар болады.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің міндеттері нәтижесінде әлеуметтанушы әлеуметтік қайшылықтардан арылу бойынша қорытынды білімді немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты әлеуметтану тұрғысынан зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады.
Әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемесіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді. Яғни, болжамдар әлеуметтанушының білімі мен тәжірибесі негізінде құрылатын және проблеманы шешуге бағытталатын болжамдар болып табылады. Бірақ зерттеу барысында ешкім осы болжамдардың ақиқат екенін айта алмайды.
Әлеуметтану зерттеулеріндегі болжамдар ақиқат жатқан жақты көрсететіндей бағдар беруші рөлін атқарады. Болжамдардың маңыздылығы мынада: олар көрсеткіштер мен индикаторлардың бүкіл жүйесін белгілі бір түрде құруға көмектеседі, сондай-ақ, эмпирикалық мәліметтерді өңдеуді белгілі бір тәртіппен бағыттайды, оларды әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің қойылған мақсаттарына қызмет етуге бағындырады. СОнымен, бүкіл зерттеудің мақсатына жетуді қамтамасыщ ету үшін қойылған міндеттер аяқталады. Болжамдар негізгі және екінші дәрежедегі, сапалы немесе сандық, сипаттамалық немесе түсіндірмелік және т.б.болуы мүмкін. Болжамдарға мынадай талаптар қойылады: 1. Олар теория мен ғылымның белгілі, тексерілген заңдарына қайшы келмеуі тиіс. 2. Оларды зерттеудің соңында ақиқаттылығын тексеруге болатындай етіп құрастыру қажет.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт мерзімі мен жұмыс кезеңдері жатады:
Зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы;
Тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу;
Алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы;
Негізгі зерттеуді жүргізу;
Алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру;
Зерттеудің объектісін анықтау арқылы зерттеуге қатысатын адамдардың жиынтығының сипаты мен саны туралы сұрақ шешіліп бетпейді. Зерттеудің объектісі болып табылатын барлық адамдардан сұрау рационалды болмаған болар еді. Бұл зерттеудің мерзімін ұзартып, соынмен қатар керекті хабарды тез алуды да қиындатып, үлкен қаражаттық шығынды талап етіп, зерттеуді өте күрделі етіп жіберер еді. Сонлықтан да әлеуметтанулық зерттеудер көп жағдайда тұтас емес, іріктеліп таңдалған сипатқа те болады. Басқа сөзбен айтқанда, зерттеуге тікелей қатысатын адамдардың іріктеліп алынуы. Бұлар әлеуметтік – демографиялық және де басқа сипаттары жағынан зерттелінетін объектінің құрылымын бейнелуі қажет. Әлеуметтану тілінде бұл операция «іріктеу» деген атауға ие болады.
