- •Мәліметтер қорының модельдері. Иерархиялық модель.
- •Мәліметтер қорының модельдері. Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •Реляциялық алгебра. Біріктіру, қиылысу, айыру, көбейту амалдары.
- •Реляциялық алгебра. Таңдау, проекцияны құру амалдары. Қосу (жалғау) амалы. Бөлу, меншіктеу амалы.
- •Реляциялық есептеу. Қалыптандыру.
- •Постреляциялық модель.
- •Объектілі-бағытталған модель.
- •Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •Мқбж қолданбасын пайдалану
- •Мәліметтер қоры және интернет.
- •Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •Транзакция. Мқ қорғау құралдары.
- •Қолданбалы программалық қамтамасыз ету.
- •Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары. Case-технология.
- •Sql стандарттары.
- •Компьютерлік желідегі sql.
- •Sql тілінің элементтері.
- •Sellect операторы.From сөйлемі.
- •Where сөйлемі. Салыстыру. Диапазонға жататындығын тексеру. Жиынға жататындығын тексеру. Шаблонға сәйкес болуын тексеру. Null мәніне тең болуын тексеру.
- •Агрегаттық функциялар.
- •Group by сөйлемі. Having сөйлемі. Order by сөйлемі.
- •Индекстер.
- •Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •Макрос, модуль, мәліметтерге қол жеткізу беттері.
- •Мәліметтер қорын тұғырнамалық жобалаудың ұстанымдары.
Индекстер.
Индекстер мәліметтердің реттеп шығаруын және таңдауын ұйымдастыру үшін қолданылады. Индекс болмаса SQL Server сұранысты орындау үшін кестені сканерлеу керек, яғни кестенің барлық жазбаларын қарастыру керек. Егер кестенің өлшемі көлемді болса, онда серверге үлкен жұмыс жүктеледі. Индекстер қажет мәліметтерге нұсқау болып келеді.
Деректер қорында индекс дегеніміз кесте парақтарындағы қажет мәліметтерге сілтеме жасалатын тізім. Басқа жақтан қарағанда, деректер қордың объектісі болып келеді. Бірақ бұл обектілерге қосымша жады қажет. SQL Server индексін құрған кезде кесте сканерленеді, сонымен қатар индекстелген бағанда мәнді таңдап, индекстелген параққа мәліметтер парағына нұсқағыш және индекстелген мәндер үшін жолдар идентификаторларын жасайды.
SQL Server-де индекстердің келесі екі типі мүмкін: кластерлік және кластерлік емес. Кластерлік типтес индекстер үшін индекстегі жолдардың тізбегі мәліметтердің физикалық ретімен сәйкес келу керек. Кластерлік индексте тікелей мәліметтер орналасады. Мұндай индекс мәліметтерге қатынау жұмысын тездетеді. Іздеу, реттеу және топтау амалдарын орындау үшін көбінесі кластерлік индекс қолданылады. Мысалы, ол үшін көбінесе алғашқы кілт құрылған баған қолданылады.
Кластерлік емес типтес индекстерде мәліметтермен байланыс қисын түрдес. Сондықтан, бір кесте үшін бірнеше индекстер беруге болады.
SQL Server-де индекстерді екі тәсілмен құруға болады: SQL Server Enterprise Manager программасы арқылы және Transact-SQL тілінің CREATE INDEX операторы көмегімен. Кесте үшін индексті тек оның тікелей қолданушысы ғана құра алады.
Индекстер 1-ші ретті немесе 2-ші ретті болуы мүмкін. Мысалы, 1-ші ретті индекстерге мәліметтер қорының кілт ретінде құрылған алаң болуы мүмкін, ал 2-ші ретті кілттер басқа алаңдардан құруға болады, я болмаса онымен артынан жұмыс істеу барысында құрып алуға болады. Егер бірнеше алаң индекстелген болса, онда реттеу алғашқы құрылған индекс алаңынан басталады. Мәліметтер қоры көптеген кестелерден тұруы мүмкін. Қолданбалы программалар бөлек кестелермен жұмыс жасамайды. Олар кестелер жиынтығымен жұмыс жасайды. Көбінде бір кесте ең басты кесте болады да, ал қалғандары бағынышты болады. Басты және көмекші кестелер кілт арқылы байланысуы мүмкін, кілт ретінде екі кестеде де бар бірдей алаң болады.
Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
МҚБЖ-нің қызметтерінің біріне мәліметтер қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жатады. Реляциялық МҚБЖ-лардың қауіпсіздік жүйесінің негізі SQL тілі болып табылады. Мәліметтерді қорғаудың негізгі үш принципі қолданылады:
1)мәліметтерді оқуға, енгізуге және жаңартуға арналған кез келген SQL-команда қандай да бір пайдаланушының атынан орындалады;
2)қорғау объектілері негізінен кестелер мен бейнелеу болады;
3)әрбір пайдаланушыға қандай да бір әрекеттерді жасауға арналған белгілі бір артықшылықтар (құқықтар) беріледі.
Реляциялық мәліметтер қорының әрбір пайдаланушысына идентификатор – пайдаланушыны бірмәнді анықтайтын қысқаша атау меншіктеледі. Коммерциялық, өнеркәсіптік мәліметтер қорларында пайдаланушыға атауды мәліметтер қорының әкімшісі береді. Дербес ЭЕМ-дарда мәліметтер қорында мәліметтер қорын құрған пайдаланушының тек бір ғана идентификаторы болуы мүмкін. Көптеген МҚБЖ-лар үшін идентификатор ретінде операциялық жүйеде тіркелген пайдаланушылардың атаулары қолданылады. Әдетте, пайдаланушы жұмыс алдында идентификаторды және сонымен байланысты парольді енгізуі тиіс. Әртүрлі пайдаланушылардың бірдей идентификаторлары болуы мүмкін.
SQL стандарттарында төмендегідей артықшылықтар анықталған:
оқуға (SELECT);
жазбаларды енгізуге (INSERT);
жазбаларды жоюға (DELETE);
жазбаларды өзгертуге (UPDATE).
CREATE TABLE және CREATE VIEW операторлары көмегімен кестені немесе бейнелеуді құрған пайдаланушы автоматты түрде осы объектілердің иесіне айналады және осыларға қатысты жоғарыда аталған барлық артықшылықтарға ие болады. Кестенің немесе көрсетімнің иесі басқа пайдаланушыларға осы мәліметтерге қол жеткізуге рұқсат ете алады.
