- •Мәліметтер қорының модельдері. Иерархиялық модель.
- •Мәліметтер қорының модельдері. Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •Реляциялық алгебра. Біріктіру, қиылысу, айыру, көбейту амалдары.
- •Реляциялық алгебра. Таңдау, проекцияны құру амалдары. Қосу (жалғау) амалы. Бөлу, меншіктеу амалы.
- •Реляциялық есептеу. Қалыптандыру.
- •Постреляциялық модель.
- •Объектілі-бағытталған модель.
- •Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •Мқбж қолданбасын пайдалану
- •Мәліметтер қоры және интернет.
- •Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •Транзакция. Мқ қорғау құралдары.
- •Қолданбалы программалық қамтамасыз ету.
- •Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары. Case-технология.
- •Sql стандарттары.
- •Компьютерлік желідегі sql.
- •Sql тілінің элементтері.
- •Sellect операторы.From сөйлемі.
- •Where сөйлемі. Салыстыру. Диапазонға жататындығын тексеру. Жиынға жататындығын тексеру. Шаблонға сәйкес болуын тексеру. Null мәніне тең болуын тексеру.
- •Агрегаттық функциялар.
- •Group by сөйлемі. Having сөйлемі. Order by сөйлемі.
- •Индекстер.
- •Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •Макрос, модуль, мәліметтерге қол жеткізу беттері.
- •Мәліметтер қорын тұғырнамалық жобалаудың ұстанымдары.
Қолданбалы программалық қамтамасыз ету.
Қолданбалы программалық жабдықтау тек мәліметтерді өңдеуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графиктік объектілер салуға, әр түрлі есептеулер жүргізуге, орындауға болады. Қолданбалы программаларды арнайы бағыттағы және әмбебап программалар деп екі топқа бөледі. Арнайы мамандандырылған программаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын программалар жатады, мысалы, бухгалтерлік программалар, жобалаушылар қолданатын, дәрігерлер пайдаланатын және т.б. программалар. Әмбебап программаларға мәтіндік, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, электронды байланыс программалары және басқа да жиі пайдаланылатын программалар жатады. Бірнеше қолданбалы программаларды біріктіретін программалар да бар, оларды интегралданған программалар пакеті деп атайды. Оған мысал ретінде мәтіндік редакторларды, элетрондық кестелерді, деректер базасын басқару программаларын алуға болады. Жүйелік программалардың жабдықтарына драйверлер де енеді. Бұл программалар компьютерге қосылған құрылғылармен бірге беріледі. Ол программаларда құрылғы жөніндегі барлық мәліметтер бар. Операциялық жүйе қосымша құрылғылар мен драйверлер арқылы қатынасады. Мысалы, операциялық жүйе қандай да бір деректерді оқуға команда береді. Ал драйвер қатты дискіге моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі орнына орналастыруға және одан оқуға команда береді. Операциялық жүйенің драйвер арқылы атқаратын міндеті жанай қосылатын құрылғыларды ауыстырады және жаңалап отыруға мүмкіндік береді. Программалар жүйесіне программалау тілдері және арнайы программалар да енеді, олар арқылы құрылған программалар компьютер жадына ендіріледі, қателері түзетіледі, тестіленеді және орындалады.
Жүйелік программаларды көбінесе программа құрушылар (программистер) пайдаланады. Программалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Кобол, Пролог, Ассемблер, ПЛ-1 және тағы сол сияқтылар. Алгоритмдік тілдерде құрылған программалар арнайы жасалған жүйелік программалардың көмегімен жөнделеді, тексеріледі, машина тіліне көшіріледі де, орындауға болатын даяр программалар түріне енеді. Ондай жүйелік программаларды компиляторлар, интерпретаторлар немесе трансляторлар деп атайды.
Логикалық программалау енгізілетін мәліметтер мен логикалық шығару ережелері арасындағы жұмыстарды орындауға құрылған деклоративті түрге жатады. Ондай тілдерге Пролог программасы жатады.
Құрылымдық программалау принципі есепті бөліктерге бөліп, оларды жалпы құрылымға біріктіру болып табылады. Құрылымдық программалаудың типтік әдісі болып:
- проектілеу, кодтау және программаларды тестілеу;
- модульдік программалау;
- құрылымдық программалар табылады.
-Объектілі-бағдарланған программалау мынаған негізделген:
- объектілер класын белгілеуге;
- объектілер қасиеті мен оларды өңдеу әдістерін орнату;
- объектілер қасиеті мен оларды өңдеу әдістеріне негізделген иерархиялық класс құру.
Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары. Case-технология.
CASE-құралдары дегеніміз – бұл ақпараттың жүйелерді құрастыру және оларға ілесе жүру үдерістерін қолдайтын программалық құралдар, оларға келесілер жатады: талаптарды талдаудан өткізу және тұжырымдау, мәліметтер қоры мен қосымшаларды жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны басқару және т.б. CASE-құралдарын келесі негізгі түрлерін атап көрсетуге болады:
пәндік саланы құрастыру мен талдауға арналған талдау құралдары. Оларға Design/IDEF, Bpwin жатады;
жобалық арналымдарды құруды қамтамасыз ететін талдау мен жобалау құралдары, мысалы, Vantage Team Builder, Silverrun, PRO-IV;
мәліметтер қорын модельдеп, сұлбаларды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер қорын жобалау құралдары. Оларға Erwin, S-designot, DataBase Designer жатады;
қосымшаларды жасау құралдары, мысалы, Uniface, JAM, PowerBuilder, Developer/2000, New Ero, SQL Windows.
Кейбір CASE-құралдары нақты бір CASE-тің құрамына кірмейтін автономдық жүйелер түрінде жеткізіледі. Мұндай тәуелсіз CASE-жүйелердің қатарына S-Designer, Erwin, Silverrun жатады. МҚБЖ ішіне орнатылған CASE-құралы – Oracle құрамына кіретін Designer/2000 болып табылады.
CASE-жүйе белгілі қызметтік мақсаты бар және біртұтас программалық өнім шеңберінде орындалған CASE-құралдардың жинағы болып келеді.
CASE-жүйелері мен құралдарының негізгі мақсаты – программалық қамтамасыз етудің жобалануын, оны кодтау мен кейінгі жасау кезеңдерінен бөліп алу, сондай-ақ программалық жүйелерді құрудың бүкіл үдерісін автоматтандыру болып табылады.
CASE-технология ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдіснамасы ретінде көрсетіледі. CASE-технологиясы дегеніміз – бұл сонымен қатар тақырыптық саланы үлгілеуге, оның үлгісін ақпараттық жүйені әзірлеу мен оған ілесе жүрудің барлық кезеңдерінде талдаудан өткізіп отыруға және пайдаланушыларға арнап қосымшаны жасауға мүмкіндік беретін саймандық құралдар.
SQL-тілі. Жалпы мәліметтер.
Деректерді дерекқордан қалпына келтіру қажет болғанда, деректерге құрылымдық сұрау тілі немесе SQL арқылы алуды сұрайсыз. SQL – ағылшын тіліне жақын және дерекқор бағдарламалары түсінетін компьютер тілі. Іске қосылатын әрбір сұрау SQL тілін көріністер артында пайдаланады.
SQL тілінің жұмысын түсіну жақсылау сұрауларды жасауға көмектесіп, қажетті нәтижелерді бермейтін сұрауды қалай шешу керектігін түсінуді жеңілдете алады.
SQL сұраныстары үлкен көлемді мәліметтермен жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік береді. SQL тілі – бұл мәліметтер қорына сұраныстар тілі. SQL-дің аудармасы Құрылымданған Сұраныстар Тілі. SQL-сұраныстардың көмегімен реляциялық мәліметтер қорын құруға және олармен жұмыс істеуге болады. Бұл тіл стандарт ретінде қабылданған, сондықтан, егер сіз мәліметтер қорымен жұмыс істегіңіз келсе, осы тілді жақсы білуіңіз керек.
SQL Америкалық ұлттық стандарттар институтымен және стандарттау бойынша халықаралық ұйыммен (ISO) анықталған
МҚБЖ-нің қызметтерінің біріне мәліметтер қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жатады. Реляциялық МҚБЖ-лардың қауіпсіздік жүйесінің негізі SQL тілі болып табылады.
Артықшылықтар. SQL стандарттарында төмендегідей артықшылықтар анықталған:
оқуға (SELECT);
жазбаларды енгізуге (INSERT);
жазбаларды жоюға (DELETE);
жазбаларды өзгертуге (UPDATE).
SQL екі типті бола алады: интерактивті және кіріктірілген (вложенные). Біріншісі – бұл жеке тіл, ол сұраныстарды өзі орындайды және бірден жұмыс нәтижесін көрсетеді. Екіншісі – бұл SQL-тіл басқа, мысалы, C++ немесе Delphi-дің ішіне кіріктірілген жағдай
