Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы базы данных.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103 Кб
Скачать
☆
  1. Sql стандарттары.

Стандартты SQL-де мәліметтердің екі типі ғана айрықшаланады: жолдар және сандар, бірақ кейбір өндірушілер өздерінің типтерін қосады (Data, Time, Binary және т.б.). SQL-де сандар екі типке бөлінеді: бүтін – integer (int) және бөлшек – decimal (dec). Жолдар 254 символ өлшеммен шектелген.

SQL стандарттарында төмендегідей артықшылықтар анықталған:

  • оқуға (SELECT);

  • жазбаларды енгізуге (INSERT);

  • жазбаларды жоюға (DELETE);

  • жазбаларды өзгертуге (UPDATE).

CREATE TABLE және CREATE VIEW операторлары көмегімен кестені немесе бейнелеуді құрған пайдаланушы автоматты түрде осы объектілердің иесіне айналады және осыларға қатысты жоғарыда аталған барлық артықшылықтарға ие болады. Кестенің немесе көрсетімнің иесі басқа пайдаланушыларға осы мәліметтерге қол жеткізуге рұқсат ете алады.

SQL – деректерді басқаруға арналған әмбебап программалық құрал. SQL тілінің жетістіктерінің негізгі ерекшеліктерін атап өтейік:

  • нақты ДББЖ-нен тәуелсіздігі;

  • бір есептеуіш жүйеден басқасына ауысатындығы;

  • стандарттардың барысы;

  • IBM компаниясымен мақұлдау;

  • Microsoft компаниясы жағынан қолдау;

  • реляциялық негіз;

  • ағылшын тілін еске түсіретін жоғарғы деңгейлі құрылым;

  • арнайы интерактивті сұраныстарды орындау мүмкіндігі;

  • деректер базасына программалық рұқсат алуды қамсыздандыру;

  • деректерді әртүрлі ұсыну мүмкіндігі;

  • деректер базасымен жұмыс істеуге арналған толық құнды тіл;

  • деректерді динамикалық анықтау мүмкіндігі;

  • клиент-сервер архитектурасын қолдау.

Жоғарыда аталған факторлардың барлығы дербес компьютерлерде деректерді басқаруға арналған SQL тілінің стандартты құрал болуының себептері болып табылады.

  1. Компьютерлік желідегі sql.

  1. Sql тілінің элементтері.

SQL тілі келесі тіл элементтеріне бөлінген:

  • Clauses

  • Expressions

  • Predicates

  • Queries

  • Statements

  • Insignificant whitespace.

  1. Sellect операторы.From сөйлемі.

Сақталатын процедураны орындауға жіберетін оператор процедураға тәуелді болады. Таңдау процедурасы оларға SELECT -мәліметтерді таңдау операторының көмегімен хабарласқанда орындалады. SELECT–көрсетілген кесьеден мәліметтер таңдамасын жүргізуге рұқсат береді;

Сұраныстар жалпы DML тілінің бөлігі ретінде қарастырылады. Бірақ, сұраныс кестедегі ақпаратты өзгертпейтіндіктен, оны тек қолданушыға көрсетеді, біз сұраныстарды DML командаларының ішіндегі тек мәліметтер базасының мазмұнын ғана емес, өзі іс-әрекет жасайтын категория деп қарастырамыз.

SQL-дағы барлық сұраныстар жалғыз командадан тұрады. Бұл команданың құрылымы алдамшы қарапайым, себебі сіз оны жоғары қиын бағалау және мәліметтерді өңдеу үшін кеңейтіп отыруыңыз керек. Бұл команда - SELECT(ТАҢДАУ). Ең жеңіл формада SELECT командасы кестеден ақпарат алу үшін мәліметтер базасын жай ғана бағыттап отырады. Мысалы, сіз Сатушылар кестесін төмендегіні басып шығаруыңызға болады: SELECT snum, sname, sity, comm FROM Salespeople;

SELECT командасы қатаң анықталған ақпаратты кестеден шығаруға мүмкіндігі бар. Алдымен, біз тек кестенің анықталған бағандарын көрсете аламыз. Ол жеңіл орындалады, ол сіз көргініз келмейтін бағандарды SELECT командасының бөлігінен алып тастау арқылы жүзеге асады.

Жалпы жағдайда, SELECT командасы SELECT кілтті сөзінен басталады. Осыдан кейін көргіңіз келген бағандар тізімі жазылуы керек, бір-бірімен үтірмен ажыратылған. Егер сіз барлық бағандарды көргіңіз келсе, онда бұл тізімді жұлдызшамен (*) алмастыруыңызға болады. FROM кілтті сөзі бос орыннан кейін сұраныс жасалынатын кестенің атымен жасалынады. Срңында үтірөнүкте ( ; ) қойылады, ол сұранысты аяқтау үшін қолданылады және команда орындалуға дайындығын білдіреді.

FROM FROM – кілтті сөз, SELECT сияқты, ол әрбір Salespeople сұранысында көрсетілуі тиіс. Ол пробелдан кейін ақпарат көзі ретінде қолданылатын кестенің аты жазылуы тиіс. Дәл осы жағдайда бұл – Сатушылар кестесі (Salespeople). Үтір-нүкте SQL –дің әрбір интерактивті командаларында қолданылады, ол мәліметтер базасына команда толық және орындалуға дайын деген ақпарат жібереді. Біз сұранысты құрастырудың ыңғайлы жолдарын қарастыруымыз керек, бірнеше жолға ма, әлде бір жолға ма келесі түрде:SELECT snum, sname, city, comm FROM Salespeople;

SQL үтір-нүктені команданың соңы ретінде қолданғалы бері SQL-дің көптеген программалары пробелді қайтару ретінде қолданады.