- •Мәліметтер қорының модельдері. Иерархиялық модель.
- •Мәліметтер қорының модельдері. Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •Реляциялық алгебра. Біріктіру, қиылысу, айыру, көбейту амалдары.
- •Реляциялық алгебра. Таңдау, проекцияны құру амалдары. Қосу (жалғау) амалы. Бөлу, меншіктеу амалы.
- •Реляциялық есептеу. Қалыптандыру.
- •Постреляциялық модель.
- •Объектілі-бағытталған модель.
- •Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •Мқбж қолданбасын пайдалану
- •Мәліметтер қоры және интернет.
- •Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •Транзакция. Мқ қорғау құралдары.
- •Қолданбалы программалық қамтамасыз ету.
- •Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары. Case-технология.
- •Sql стандарттары.
- •Компьютерлік желідегі sql.
- •Sql тілінің элементтері.
- •Sellect операторы.From сөйлемі.
- •Where сөйлемі. Салыстыру. Диапазонға жататындығын тексеру. Жиынға жататындығын тексеру. Шаблонға сәйкес болуын тексеру. Null мәніне тең болуын тексеру.
- •Агрегаттық функциялар.
- •Group by сөйлемі. Having сөйлемі. Order by сөйлемі.
- •Индекстер.
- •Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •Макрос, модуль, мәліметтерге қол жеткізу беттері.
- •Мәліметтер қорын тұғырнамалық жобалаудың ұстанымдары.
Жергілікті ақпараттық жүйелер.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлімдері бір немесе бірнеше компьютерлерде орналасуы мүмкін. БіркомпьютердеАЖ-ны ұйымдастыру нұсқаларын қарастырайық. Сәйкес АЖ әдетте жергілікті немесе бір пайдаланушылық деп аталады (алайда соңғысы қатаң шарт болып табылмайды, себебі бір компьютерде кезекпен бірнеше пайдаланушы жұмыс істеуімүмкін). Қандайда бір операциялық жүйенің (ӘЖ) ортасында бір компьютерде жергілікті АЖ-ның қызметін ұйымдастыру программалық құралдарды қолданудың келесі нұсқалары арқылы мүмкін болады:
«толық» МҚБЖ;
қосымша және «кесілген» (ядро) МҚБЖ;
тәуелсіз қосымша.
Алғашқы тәсіл әдетте компьютердің дискілік жадында бүкіл МҚБЖ орналасқан жағдайда қолданылады және ол көбінесе қосымшаны аяғына дейін өңдеуден өткізу үшін қолданылады. Пайдаланушының МҚБЖ-мен өзара әрекеттесуі тікелей МҚБЖ-ның пайдаланушылық интерфейсі арқылы немесе қосымшаның көмегімен орындалады. Қосымша интерпретациялаурежиміндеорындалады.
Мқбж қолданбасын пайдалану
Сұлбаның басты артықшылығы – дамытылған сәйкес жасау құралдары мен сервистік құралдар болған жағдайда МҚ мен қосымшаны жасау мен оларға ілесе жүрудің қарапайымдылығы. Бұл жүйенің кемшілігі – МҚБЖ программасын сақтауғажұмсалатын дискілік жадының шығындары.
МҚБЖ ядросы бар қосымша (2.4-сурет) келесі мақсаттарға жету үшін қолданылады:
МҚБЖ алып жатқан қатты дискідегі және жедел жадыдағы кеңістіктің көлемін азайту;
қосымшаның жұмыс жылдамдығын арттыру;
қосымшаны пайдаланушы тарапынан модификациялаудан қорғау (әдетте ядро қосымшаларды жасау құралдарын қамтымайды).
МҚБЖ қосымшасы мен ядросын қолдану.
Бұл тәсілдің мысалы FoxBase+ жүйесінің FoxRun модулін пайдалану болып табылады. Қазіргі заманғы МҚБЖ-дың арасынан Microsoft Access-ті атап кетейік, оған Microsoft Access Developer’s Toolkit қосымша пакеті кіреді. Оның көмегімен дискеталарда тасымалданатын, өзінде әзірлеу құралдары жоқ Microsoft Access-тың «қысқартылған» (run-time) версиясын құруға болады.
МҚБЖ-ның толық версиясын қолданумен салыстырғанда МҚБЖ ядросын қолданудың артықшылығы: компьютер жадының ресурстарын аз мөлшерде қолдану, қосымша жұмысының үдеуі және қосымшаны модификациялаудан қорғау мүмкіндігі. Негізгі кемшіліктерге МҚБЖ ядросын сақтауға қажетті дискілік жадының әлі де елеулі көлемі, және қосымшалардың жұмыс істеу жылдамдығының жеткілікті дәрежеде жоғары еместігі жатады (қосымшаны орындау бұрынғысынша интерпретациялау арқылы жасалады).
АЖ-ны ұйымдастырудың үшінші тәсіліне бастапқы программа алдымен компиляцияланады – орындалатын машиналық командалардың тізбегіне түрленіп өзгертіледі. Соның нәтижесінде өзінің қызмет етуі үшін не бүкіл МҚБЖ-ны, не оның ядросын қажет етпейтін орындауға дайын тәуелсіз программа пайда болады (2.5-сурет). Айта кететін нәрсе, мәліметтерді сақтау мен өңдеудің негізгі қызметтерін орындау тұрғысынан алып қарағанда бұл программа МҚБЖ-ның немесе оның ядросымен басқару арқылы орындалатын қосымшадан аздап қана ерекшеленеді.
Тәуелсіз қосымшаны пайдалану.Бұл нұсқаның алдыңғы екеуімен салыстырғандағы негізгі артықшылығы – компьютердің сыртқы және жедел жадының үнемделуі, қосымшаны орындаудың үдеуі және қолданбаны модификациялаудан толықтай қорғалуы (дизассемблерлеу жағдайы мен өзінің кодын қою және сол тәрізді жағдайлар есепке алынбайды). Кемшіліктеріне қосымшаларды аяғына дейін өңдеудің көп еңбекті қажет ететіндігін және МҚ-ны күтімге алу жөніндегі МҚБЖ-ның стандартты құралдарын пайдалану мүмкіндігінің болмауын жатқызуға болады.
Клиент-сервер архитектурасының модельдері. МҚ-мен жұмыс істейтін үлестірілген АЖ-ларды құрған кезде клиент-сервер архитектурасы кең түрде қолданылады. Оның негізінМҚ-ны басқару кезінде клиент мен сервердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру ұстанымдары құрайды. Клиент-сервер архитектурасы бар жүйелерде қызметтерін үлестірудің аталған әдістері әр түрлі нұсқаларды көрсетеді: қуатты сервер – бұл жағдайда барлық жұмыс сонда орындалады, қуатты клиент-қызметтердің басым бөлігі жұмыс станциясында орындалады, ал сервер желі арқылы соған келіп түсіп жатқан SQL-шақыртуларды өңдеуден өткізеді.
