- •1Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7. Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Табылған аймақтары
- •Қазақстан жерінде
- •11. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •13.Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •19.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •20.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •22.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •23. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •24. Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •27.Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •28.«Қазақ» этнонимінің зерттелуі
- •29. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •30.XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31.Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •32.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп,қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетініңіз.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •34.XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •35.XVII – XVIII ғ. Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке хан – мемлекет қайраткері,реформатор,дипломат.
- •36.XVII-XVIII ғ.1-ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Бұланты шайқасы
- •38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •44.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз
- •45.1822-1824 Жж Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •46. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •47. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •48. Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •49. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелерін көрсетіңіз.
- •50.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •52.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •53.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •54. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен рөлін анықтаңыз.
- •56.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •57. 1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •58. Бірінші жалпы қазақ съезі және оның тарихи шешімдері.
- •59. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •61. А.Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •63.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •64.Eкініші жалпықазақ съезі.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы
- •68.1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •70.Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз
- •71. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз
- •72. 1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •73. 1931-1933Жж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •74.Хх ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдарын түсіндіріңіз.
- •75.1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •77.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазқстанның-соғыстан кейінгі жылғы 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі .
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, әлеуметтік- демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •80. 1965-1985 Жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •81. 1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •82. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •83. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •84.Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •85.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •86.Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •89.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •90. Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •91.Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •96.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •97.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •98.Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99.Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз.
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
36.XVII-XVIII ғ.1-ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саясижағдайы шиеленісті. Тəуке хан өзара тартыстарды уақытша тыйып, тыныштықты қалпына келтірген еді. Алайда сұлтандардыңөз алдына оқшауланып, билік үшін күресуі көп ұзамай бірліктібұзды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан — Ресей мемлекетінің, шығыстан — жоңғарлардың,оңтүстіктен — Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауыайқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп — Жоңғархандығы тарапынан төнді. 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтарымен жоңғар əскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгісұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Оған себеп: Əбілқайыр жəне Қайыпсұлтандар өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыжылы жоңғар əскерлері Түркістан маңында Бөген, Шаян жəне Арысөзендерінің бойында қазақтарды тағы да қырғынға ұшыратқан.1715—1722 жж. жоңғарлардың негізгі əскери күші Цин империясы əскерлеріне қарсы соғысып жатты. 1722 ж. Цин императоры Кансидің өлімінен соң Цеван Рабдан енді басты күшті Қазақхандығына қарсы бағыштады. 1723 жылы қазақ-жоңғар қарымқатынасы шиеленісті. Қытай мемлекетімен бейбіт келісім-шартқа отырғаннан кейін жоңғарлар Қазақ хандығына қарсы соғыс ашудышешті. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып,1723 жылы көктемде жоңғарлар 70 мың əскермен жеті бағыттанқазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. Жоңғарлардың шапқыншылығын күтпеген, дайындалмаған халықəуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықтыжаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін,мал-мүліктерін тастап босып кетуге мəжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудыңқолынан қаза тапты. Алтай өңірі толығымен жоңғарлардыңқолына көшті. Қазақ рулары мекендерін тастап, Сырдарияныңарғы бетіне қарай қашты. Сырдариядан өткен Ұлы жəне Орта жүзқазақтарының басым бөлігі Ходжентке, Орта жүз қазақтарыныңбіраз бөлігі Самарқанға, ал Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхарааумағына өтті. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім-ай» əні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді. 1726—27 жылдары сұлтандар мен билер қазақ жерін жаудан азатетуде қазақ руларының басын біріктіру саясатын қолға алды. Осыбағытта Кіші жүз ханы Əбілқайыр белсенділік танытты. Мəшүр Жүсіп Көпейдің жазбаларында 1725 жылы Бұхара жақтанқайтып келе жатқан Орта жүз қазақтары Шақшақұлы Жəнібектіңқолбасшылығымен Шұбаркүл көлінің маңында жоңғарлардыталқандады делінеді. Шəкəрім Құдайбердіұлы да бұны растайды.Осы жеңістен кейін Ақтасты өзені маңында кездескен қазақ сарбаздары жаудың тас-талқанын шығарды. Бұл шайқаста Əбілқайыр ханның, батырлар тама Есет, тама Жантай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай қолдары бірлесіп жауға соққы берді. Шайқасболған жер «Қалмақ қырылған» деген атқа ие болды. Одан кейінқазақтар Сырдарияның төменгі ағысы ғана емес, Мұғалжартауларының бір бөлігін жоңғарлардан азат етті1726 жылы. Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Ордабасы деген жерде үш жүзөкілдерінің біріккен жиналысы болды. Бұл жиынға үш жүздің хандары — Əбілқайыр, Əбілмəмбет, Сəмеке, Күшік, Жолбарыс сұлтандар,Төле, Қазыбек, Əйтеке бастаған билер, батырлар қатысты. Жиналысбарысында үш жүздің басын біріктіріп, жауды Қазақ жерінен қуумəселесі талқыланды. Жиналысқа келгендер жауға қарсы біріккенмайдан құру керек деп шешті. Сонымен қатар қаралған маңыздымəселенің бірі — бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мəселе болды. Ордабасына Əбілқайыр хан бас қолбасшы болыпсайланды. Қазақ қолының сардарбегі болып атақты батырлардыңішінен Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі — Аңырақай шайқасы.Бұл шайқас 1730 жылы Балқаштың оңтүстік-батысындағы Алакөлмаңында орын алды. Аңырақай шайқасы болған жер 200 шақырымға созылды. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақай жеңісіне қарамастан Жоңғар хандығының жаңа шабуылының тікелей қаупі сақталып қалды.Қазақ хандықтары жөнінде барынша агрессияшыл саясат жүргізгенҚалдан Цереннің (1727—1745 жж.) билік басына келуі мұндайшабуылдың қаупін күшейтті. Қазақ хандықтарының Орта Азия хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қала берді.XVIII ғ.ортасында Орталық Азияда маңызды өзгерістер болып өтті. Жоңғарлардың қазақтарға қарсыжауластық әрекеттері Қалдан-Серен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар хандығынын өз ішінде орын алған оқиғаларға байланысты әлсірей түсті. Жоңғарияның әлсіреуімен оның қазақ жерлерін жаулап алу қаупі жойылды.
XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді. Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.
