- •1Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7. Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Табылған аймақтары
- •Қазақстан жерінде
- •11. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •13.Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •19.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •20.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •22.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •23. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •24. Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •27.Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •28.«Қазақ» этнонимінің зерттелуі
- •29. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •30.XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31.Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •32.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп,қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетініңіз.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •34.XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •35.XVII – XVIII ғ. Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке хан – мемлекет қайраткері,реформатор,дипломат.
- •36.XVII-XVIII ғ.1-ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Бұланты шайқасы
- •38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •44.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз
- •45.1822-1824 Жж Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •46. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •47. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •48. Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •49. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелерін көрсетіңіз.
- •50.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •52.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •53.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •54. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен рөлін анықтаңыз.
- •56.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •57. 1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •58. Бірінші жалпы қазақ съезі және оның тарихи шешімдері.
- •59. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •61. А.Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •63.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •64.Eкініші жалпықазақ съезі.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы
- •68.1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •70.Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз
- •71. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз
- •72. 1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •73. 1931-1933Жж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •74.Хх ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдарын түсіндіріңіз.
- •75.1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •77.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазқстанның-соғыстан кейінгі жылғы 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі .
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, әлеуметтік- демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •80. 1965-1985 Жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •81. 1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •82. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •83. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •84.Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •85.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •86.Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •89.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •90. Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •91.Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •96.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •97.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •98.Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99.Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз.
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
48. Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
Арынғазы Әбілғазыұлы мен Жанғожа Нұрмұхамедұлының Хиуа мен Қоқан хандықтарына және Ресей отаршылдығына қарсы күресі
XIX ғасырдың басынан басталған Азия құрлығы үшін Англиямен бақталастық, Ресей үшін Қазақстанның Шығыс елдеріне апаратын «қақпа және кілт» факторының күшеюі дамып келе жатқан Ресей капитализміне жаңа шикізат көздерінің қажеттігінен туындады.
Міне, осылардың бәрі XIX ғасырдың ортасында үлкен маңызға ие болып, Ресейдің Орталық Азияны жаулап алу саясатында Қазақстанның оңтүстік өңірінің стратегиялық маңызын арттыра түсті. Сыр бойында алғашқы орыс бекінісі — Арал (Райым) Арал теңізінен 60 шақырым жерде орналасты.
Орыс бекіністерінің салына бастауы хиуалықтардың табанды қарсылығына кезікті. Хиуалықтар орыс билігіне мойынсұнған қазақтарды жазалау үшін сусыз қалдыруды көздеді. Қожанияз бекінісінің тұсынан Қуаңдарияның суын төмен жібермей бөгеп, Арал теңізіне дейінгі жерді сусыз қалдырды. Судан тапшылық көрген қазақтар — төртқара, кішкене шекті, тілеу рулары Райым бекінісінің маңайына көшіп келіп, хиуалықтарға зекет төлеуден бас тартады. Жалпы, бұған дейін Сырдың төменгі ағысы, Арал өңірінде бұрынғы Хиуа ханы Қайыптың немересі Арынғазы Әбілғазыұлы билік жүргізді. Ол 1815—1821 жылға дейін қазақтардың саяси тәуелсіздігіне қауіп төндірген Хиуа ханы Мұхаммед Рахыммен үздіксіз қарсыласты. Хиуа басқыншылығына қарсы күрес Арынғазының беделін өсірді. Оның билігін Орта жүздің батыс бөлігіндегіқазақтар да мойындады. Көптеген қазақтар Арынғазы шетел басқыншылары мен өз билеушілерінің озбырлығынан құтқарады деп үміттенді. Жайықтан Сырға дейінгі далада билігі жүруге тиісті Шерғазы Айшуақұлының орнына халық Арынғазыны бекітуді сұрайды. Арынғазының қол астына қарулы жасақтар топтаса бастайды.
Арынғазының күшеюінен сескенген патша үкіметі Арынғазыдан құтылу үшін сылтауратып 1821 жылы оны Петербургке шақырды. Ол жолда ұсталып, Калугаға жер аударылды. Өз халқынан осылайша қол үзген Арынғазы 1833 жылы сол жақта қайтыс болды. Сыр бойын иеленуге ұмтылған патшалық Ресей өз жолындағы кедергіден осындай жолмен құтылды.
Арынғазының тұтқындалуы Сыр өңірі қазақтары үшін орны толмас ауыртпалықтарға әкелді. Бұл аймақта Хиуа бектерінің үстемдігі орнады. Жайық пен Елек өзені аралығындағы жерден айырылуға байланысты Жоламан Тіленішұлы көтерілісінің басталуына да Арынғазының тұтқындалуы себеп болды.
Енді Сыр бойындағы қазақтарды Қоқан, Хиуа хандықтарынан азат етуге кішкене шекті руының билеушісі Жанғожа батыр бел шешіп кірісті. XIX ғасырдың ортасына дейін хиуалықтар Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі, қоқандықтар Ақмешітке дейінгі жерлерді бақылауда ұстады. Жанғожа батыр осындай жағдайда Орталық Азияға қарай жылжып келе жатқан Ресейдің көмегіне сүйеніп, қазақтардың дербестігін қорғауды ойлады. Қазақтардың Ресей жағында тұрғанын байқаған Хиуа ханы 1847 жылғы тамыз,1848 жылғы наурыз айында 6 мың әскермен Сырдың екі жағындағы елге жойқын жорық ұйымдастырды.
Екі күннен кейін Жанғожа өз сарбаздары және Райым гарнизонының көмегімен хиуалықтардың Жаңақала бекінісінің, қоқандықтардың Қошқорған бекіністерінің күл-талқанын шығарады.
Патшалық әкімшілік Жанғожаның халық алдындағы зор беделін ескеріп, оны өз жағына тарту үшін казак әскерінің «есаул» шенін береді. «Ерлігі үшін» алтын медалін сыйлап, Сыр қазақтарын басқарушы ретінде 200 сом төлемақы белгілейді. Алайда Жанғожа шеннен де, төлемақыдан да, ант беруден де бас тартады. Жанғожа батыр басында Ресей әскерін хиуалықтардан қорғаушы ретінде қабылданғанымен, уақыт өте келе олардың да отаршылдық пиғылын тереңірек түсіне бастаған еді. Орынборәскери генерал-губернаторы Обручев Жанғожаны «бағынбағандығы үшін» жазалауға көшеді. Қазалы маңындағы қазақтарға салық төлеткізіп, әскери бекіністердегі ауыржұмыстарға салды. Егістікке қолайлы жерді басып алды.
Сырдария бойындағы қазақтар көтерілісінің негізгі себебі де жерінің тартып алынуынан еді. Орыс армиясы Қоқан бекіністерін жаулап алу арқылы Сырдария әскери шебін құрды. Қазақстанның Ресейге қосылуын аяқтау үшін Сырдария әскери шебін Сібір шебімен қосу көзделді. 1853 жылы Перовскийдің басшылығымен Аралдан Ақмешітке дейінгі аралықта бекіністер салынды. Қоқандықтар үшін саяси стратегиялық және экономикалық үлкен маңызы бар Ақмешіт 20 күн қоршаудан кейін аса зор әскери күштің арқасында орыс әскерлерінің қол астына өтті. Ақмешіт Ресейдің қол астына өткеннен кейін Перовск форты салынып, Сырдария шебі құрылды. Райым (Қазалы) менАқмешітке дейінгі аймақта отаршылдық тәртіп орнады. 1 сом 50 тиын түтін салығы енгізіліп, толып жатқан еңбек міндеткерліктері: әскери бекіністер құрылысы, бекіністер арасында жол, көпір салу, егіске керек су жүйелерін қазу, жүк тасу үшін көлікпен (түйемен), адам күшімен қамтамасыз ету жүктелді.
Жаңа тәртіпке наразылар Жем бойында көшіп жүрген Есет батыр мен Сыр маңындағы Жанғожа бастаған отаршылдыққа қарсы күреске қосылды.КөтерілістіңошағыҚызылқұм, Жаңақалада орналасты. Көтерілісшілердің қарулану дәрежесі төмен, астындағы аттарының күйі болмаса да, тіпті кейбіреуі өгізге мініп, кейбіреулері жаяу-жалпы болса да, олардың күрескерлік рухы жоғары еді. Көтеріліске Сыр бойындағы алты ата әлімұлынан кішкене және үлкеншектілер, қарасақал, шөмекей, кете,төртқара сияқты т.б. үш мыңға жуық жергілікті халық қатысты.
1857 жылы қаңтарда Ақмешіттен Перовскийдің бұйрығымен «Ритингофтың әскері 1 зеңбірек, 2 зымыран станогы, 300 аттылы казак әскері, Елекей Қасымұлы бастаған 320 жаяу башқұрт жасағы шықты. Оған Арал флотилиясының бастығы Бутаков жасағы да көмекке жетті. Міне, осыдан-ақ көтерілістің патша әкімшілігін қатты әбігерге салғандығын аңғарамыз.
Сырдария әскери шебінің бастығы Жанғожаға қарсы оның ежелгі қас дұшпаны Елекей Қасымұлының басшылығымен 600 орыс әскерін аттандырады. Олар Жанғожа ауылын қоршайды.
Ел басына төнген ауыртпалық кезде Жанғожа, Есет сияқты батырлар ел бастар қорғандарына айналды. Есет батыр да, Жанғожа батыр да Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы көрнекті мемлекеттік тұлғалар қатарына жатады
