Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

42. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.

Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін– сұлтандарын бағындыра алғанын жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. ХҮІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт–азаттық күресін қолдады. XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып,қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы – Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жəне экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тəуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл– айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы

43.Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.

Көтерілістің себептері мен алғышарттары. 1773–1775 жылдардағы Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысқан қазақтардың негізгі талаптары қанағаттанды­рылмады;Көптеген сұлтандар, билер басқа да Кіші жүздің ықпалды адамдары патша үкіметінің саясатымен келіспеді;Кіші, Орта жүздердің кейбір аудандары Уфа, Сібір губернияларына бағындырылды; ертіп, Сырдарияға қоныс аударды. Ханға, хан кеңесіне қарсы болған Кіші жүздің ықпалды адамдары Сырымның қасына топтасты. 1797 жылы патша үкіметі хандық кеңесті жойып, Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтірді. Хан болып Айшуақ сұлтан бекітілді.1797 жылы Сырым Хиуа хандығының жеріне қоныс аударды. Себебі бұл кезде Қаратай сұлтан Сырымның қуғындауын жиілеткен еді. 1797 жылы Сырымның Хиуа жеріне өтуі, оның басшылығымен болған көтеріліс те жеңіліспен аяқталды. 1802 жылы Сырым Датұлы Хиуа жерінде қайтыс болды. Көтерілістің жеңілу себептері:

  • Көтерілістің ұйымдастырылуы нашар болды;

  • Үстем тап өкілдері (билер, старшындар) арасындағы алауыздық;

  • Ру арасындағы қайшылықтар;

  • Көтеріліске шыққан әр түрлі топтар арасындағы байланыстардың нашарлығы;

  • Жазалаушы казак отрядының қару-жарағы мен күштерінің мықтылығы;

  • Қазақ феодалдарының Орал казактарына сатылуы;

  • Қазақ шаруалары арасындағы әр түрлі жағдайлар т. б.

Көтерілістің барысы. 1783 жылы Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының казак әскерлеріне қарсы көтерілуі басталды. 1784 жылы Сырым Датұлы казактар тұтқынынан босап, көтеріліске ірі қол жинай бастады. Бұл тұтқынға ол 1783 жылы желтоқсан айында түсті. Көтерілісшілер ара­сында Жантөре сұлтан, Барақ, Тіленші старшындар сияқты үстем тап өкілдері де болды. 1784 жылы Сырым Датұлының қарамағына 1000-ға жуық адам шоғырланды. Патша үкіметі көтерілістің етек алуынан сескеніп, жазалаушы отрядтарды жібере баста­ды. 1785 жылы 17 ақпанда генерал-майор Смирнов басқарған, казактар мен башқұрттардан құралған 2670-тей адамы бар жазалаушы отряд қарапайым ауылдарды ой­рандап, біраз қазақтарды тұтқындады. 1785 жылы Сырым Датұлы басқарған көтерілісшілердің күресі барынша кеңейді. 1785 жылы наурызда Назаров басқарған Жайық казак отрядтары көтерілісшілерге шабуыл жасады. Мұнда екі жақ та нақты нәтижеге жетпеді. 1787 жылы Колпаков пен Пономарев басқарған, 1250 адамнан құралған жазалаушы отрядтар көтерілісшілерге шабуыл жасауға бата алмай, бейбіт ауылдарды ойран­дады. Нұралы ханның патша үкіметін жақтауы көтерілісшілердің алдарына Нұралы ханды тақтан тайдыру мақсатын қоюға себеп болды. 1785 жылы Кіші жүздің ақсүйектер тобы Нұралыны тақтан тайдыру үшін құрылтай өткізді. 1786 жылы Нұралы хан Орал бекінісіне қашып барды. 1790 жылы Нұралы Уфада қайтыс болды. Жайық бойындағы казак әскері жасаған озбырлықтары көтерілістің одан әрі өршуіне себеп болды. 1790 жылы тамызда казак әскерінің басшысы Д. Донсков 1500-ге тарта адам мен бейбіт жатқан қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл, әрине, қазақтардың қарсылығын тудырды. 1791 жылы Нұралының орнына Кіші жүздің ханы болып Ералы сұлтан сайланды. Бұл жағдай көтерілістің одан әрі кеңеюіне әсер етті. 1792 жылы Сырым Датұлы Ресейге қарсы күресін ашық түрде кеңейтті. Қазақ феодалдарының біраз бөлігі Сырым Датұлын қолдамады. Ал Жантөре сұлтан, Ералы, Барақ, Ілекбай старшындар Сырым Датұлын қолдады. Бірақ осы уақыттан бастап Сырым Датұлы көтерілісінің қарқыны уақытша бәсеңдеді. Оған көтерілісшілердің Елек пен Красногорск бекіністерін алудағы сәтсіздігі себеп болды. 1794 жылы Ералы хан өлді. 1795 жылы Нұралының ұлы Есім хан болып сайланды. Есімнің хан тағына отыруы Сырымның басқарған көтерілісінің қайтадан өрістеуіне себеп болды. 1797 жылы 17 наурызда Сырым басқарған көтерілісшілер хан сарайына шабуыл жасап, Есім ханды өлтірді. 1797 жылы полковник Скворкин Сырым көтерілісшілерін қудалай бастады, бірақ қудалаушылардың алғашқы әрекеттері сәтсіздікпен аяқталып жатты. Көтерілістің жеңілуі. Есім ханнның өлімінен кейін Кіші жүзде хан сайлау мәселесі тұрды. Ал патша үкіметі Кіші жүздегі хан сайлау мәселесін жүзеге асырмауға тырыс­ты. Бірақ осыған қарамастан, Кіші жүз феодалдары Нұралының баласы Қаратайды хан орнына сайлады. Осыдан кейін Сырым Датұлы өзіне қарасты халықты артынан ертті.

Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді. 1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]