- •1Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.
- •2. Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6. Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7. Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.
- •Табылған аймақтары
- •Қазақстан жерінде
- •11. Қарлұқ қағанаты тарихының зерттелу деңгейі.
- •13.Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (іх-хі ғғ.).
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері
- •17.Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.Б.)
- •19.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •20.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •22.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
- •23. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •24. Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
- •25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі
- •26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •27.Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •28.«Қазақ» этнонимінің зерттелуі
- •29. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.
- •30.XV ғ. Ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
- •31.Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
- •32.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп,қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетініңіз.
- •33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
- •34.XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихын талдап көрсетіңіз.
- •35.XVII – XVIII ғ. Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке хан – мемлекет қайраткері,реформатор,дипломат.
- •36.XVII-XVIII ғ.1-ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз.
- •37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз.
- •Бұланты шайқасы
- •38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •42. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •44.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз
- •45.1822-1824 Жж Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •46. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •47. Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •48. Арал өңірі қазақтарының хіх ғ. Ұлт-азаттық күресі.
- •49. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелерін көрсетіңіз.
- •50.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •51.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •52.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •53.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •54. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55.ХХғ.Басындағы қазақ зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы орны мен рөлін анықтаңыз.
- •56.1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •57. 1917 Ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстанның жағдайын түсіндіріңіз.
- •58. Бірінші жалпы қазақ съезі және оның тарихи шешімдері.
- •59. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасын талдап көрсетіңіз.
- •60. Ә. Бөкейхан – қазақ халқының көшбасшысы.
- •61. А.Байтұрсынның қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.
- •63.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихын түсіндіріңіз. Мұстафа Шоқайдың қызметі.
- •64.Eкініші жалпықазақ съезі.
- •66. Қазақ акср-ның құрылуының тарихи маңызы
- •68.1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •70.Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз
- •71. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз
- •72. 1929-1931 Жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.
- •73. 1931-1933Жж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.
- •74.Хх ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдарын түсіндіріңіз.
- •75.1937-1938Жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
- •77.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
- •78.Қазқстанның-соғыстан кейінгі жылғы 1946-1964 жылдардағы қоғамдық саяси өмірі .
- •79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық, әлеуметтік- демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •80. 1965-1985 Жж. Қазақсттанның әлеуметтік-эканомикалық жағдайын талдап көрсетіңіз.
- •81. 1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •82. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдерін анықтаңыз. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •83. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •84.Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •85.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
- •86.Әлеуметтік реформалар және элеуметтік модернизация.
- •87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.
- •88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •89.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •90. Мемлекеттік бағдарламар: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •91.Қазақстан Республикасындағы білім және ғылымның дамуын баяндаңыз.
- •92.Жастар ісі бойынша саясаттың негізгі бағыттарын қарастырыңыз.
- •93.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •94.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •95.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері.
- •96.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
- •97.Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың "Ұлытау төріндегі толғаныс" сұхбатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
- •98.Қазақстан Республикасы және Халықаралық ұйымдар.
- •99.Кедендік Одақтың саяси және экономикалық аспектілерін қарастырыңыз.
- •100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.
Бұланты шайқасы
Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді. Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды.
Аңырақай шайқасы
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.
Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.
Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыздықты қойып, күш біріктірудің арқасында қаһарлы жауға жұмыла күресіп, тамаша жеңіске жетті. Бұл жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі заңды нәтижесі болды. Жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысында түбірлі өзгеріс жасалды, енді біржола түбегейлі жеңіске жететін күн де жақын қалды. Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай қашты. Олар бұдан былай қазақ жеріне шапқыншылық жасамауға ант ішті.
Қазақ жасақтарының кезекті тамаша жеңіске жеткеніне қарамай, жау жағы әлі де күшті, әлі де қауіпті еді. Сондықтан да бүкіл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен күрес жүргізе беруіне тура келді.
38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
Тарихи ғылыми әдебиеттер мен мұрағат құжаттарының мәліметі бойынша қазақ қоғамы әлеуметтік екі топқа бөлінеді: «ақ сүйек» және «қара сүйек». Бұл деректер бойынша «ақ сүйектерге» - Шыңғысхан ұрпақтары хандар мен сұлтандарды, ал «қара сүйектерге» – би-батырлар, байлар, тіпті бүкіл қалған халықты да жатқызады. Бұл екі топтар барлық зерттеулерде әбден қалыптасқан әлеуметтік институттар болып ерекшеленеді. Алайда, ХУ-ХУІ ғасырлардағы «ақ сүйектермен», ХІХ ғасырдағы «ақсүйектердің» әлеуметтік статусы көп жағдайда өзгеше болды, осы жайды «қара сүйектерге» де қатысты айтуға болады. «Ақ сүйектерге» қатысты қазақ қоғамында «төре» ұғымы да кеңінен қолданылды. Академик В.Радлов атап көрсеткендей, «төре» ежелгі түрік термині «ханзада» деген мағынада қолданылады.Осыдан болар, көптеген тарихи жырларда «төре» деген әлеуметтік термин кездеседі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында «ақ сүйек» тобының бұрыңғы біртектілігі байқалмайтын болды және олардың әлсіреуіне өз арасында мүлік теңсіздігінің өсуі және патша өкіметінің отарлау саясаты себеп болған. Патшаға қызмет етуге көшкен және үкіметтен ата тегінен бері «дворян» деген атақ алған аз ғана билеуші сұлтандарды есепке алмағанда, 1822-24 жылдардағы Жарғылар негізінде «ақ сүйектер» артықшылық жағдайларынан айрылып қалды.
ХІХ ғасырда қазақ қоғамында зор рөл атқарған, ықпалды әлеуметтік топтарға – билер мен мұсылмандықтың өкілдері қожалар мен молдалар да кірді. Қожаларды «асыл сүйек» әлеуметтік тобына жатқызып, олар өздерін Мұхаммед пайғамбардан тараған ұрпақтың тұқымдарымыз деп есептеді. Олар рухани лауазымның өкілдері ретінде салықтан босатылды және тек сұлтандар сотына тартылатын болды. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында артықшылықтарға ие болған келесі бір әлеуметтік топ – тархандар. Бұл атақты ХІХ ғасырда олардың мемлекет алдындағы ерекше қызметі үшін Ресей өкіметі мен Ішкі Ордада хан беретін болған. Алғашқы «тархан» атағын билер Ж.Сегирбаев және Ж.Саламысовқа «Хиуаға жасаған жорықтарда көрсеткен ерекше миссиясы үшін» 1821 жылы Орынбор әскери губернаторы граф Эссен берді. 1743 жылы Ресей императрицасы Елизаветаның жарлығымен «тархан» атағы Жәнібек батырға берілген болатын [23]. «Тархан» атағын жеке және мұрагерлікке берілу мүмкіндігі болды. ХІХ ғасырда тархандар иелеген артықшылықтар ретінде олардың салық төлеуден босатылғанын айтуға болады. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында тархандар саны 20-дан аспады, тіпті тархандар институты жойылу шегінде тұрды. Қазақ қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орынға ие болған топтың бірі – батырлар. Ш.Уәлиханов: «Батырлар – қазақтарда сұлтандардан кейінгі атақты әрі маңызды адам. ...Ол ел арасында ықпалды, берген кеңесі елде әрқашанда салмақты болды» ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы батырлар тобы қоғам өміріндегі саяси оқиғаларға ат салысты. Әсіресе, батырлардың белсенді әрекеті Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс жылдары айқын көрінді. ХІХ ғасырдың ортасында қазақ қоғамындағы ақша-тауар қатынасына байланысты жаңа әлеуметтік топ – байлар пайда болды. Қазақтардың арасында ірі сауда жүргізетін бірқатар байлар болды. Байлар сұлтандар мен ру басылары арасынан да, «қара сүйектер» ортасынан да шыққан. Қазақтардың ең қайыршыланған бөлігі – байғұстар болды. Байғұстар – қазақтардың кедейленіп, күйзеліске ұшыраған бөлігі, шеп маңындағы станица казактарына жалақы іздеп кеткен жарлы-жақыбайлар. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында олар едәуір топты құрады. Шеп маңындағы ауқатты казактарға болмашы ақы үшін жалданған байғұстар олардың малын бағып, жерін жыртып, үй ішінің де алуан жұмыстарын атқарды. Байғұстардың бір бөлігі балық аулау, тұз өндіру кәсіпшіліктерінде де жұмыс істеді. ХVІІІ ғ. бастап төлеңгіттер хандар немесе сұлтандардың әскери қызметшісі болды. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан қазақ мемлекеттілігінің жойыла бастауынан төлеңгіттердің әлеуметтік жағдайы да өзгерістерге ұшырады. ХVІІІ ғ. төлеңгіттерді тек қана «ақ сүйектердің» тұқымдары сұлтандар ғана иеленсе, ХІХ ғ. бірінші жартысынан сұлтандар бұл құқықтарынан айрылып, енді төлеңгіттерді билер мен старшындар да иелене алды. Сонымен, ХІХ ғ. І жартысында қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының басты сипатын тарихи жырлар мазмұнынан көруге болады. ХІХ ғасырдың басынан қазақ даласына патшалы Ресейдің түбегейлі жүргізілген отарлау саясаты салдарынан елдің саяси дербестігінің жойылуы, қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі, жартылай көшпелі елге ақша-тауар қатынастарының барған сайын батыл енуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгертіп, әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді және қауымдық-рулық болмыстың дағдарысына себебін тигізді.
39.XV-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы және оның түрлері.
XVI-XVIII ғасырдың басындағы қазақтардыңнегізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Мал өнімдері оларды тамақ, киім-кешек, тұрғын үй материалдары, сонымен бірге көлік қызметімен қамтамасыз етіп отырды. Мал және мал өнімдері көрші халықтармен айырбас жасайтын қаражат көзі де болды. Қазақтардың мал шаруашылығына байланысты Ш.Уалиханов былай дейді: «Дала көшпелісін ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін өз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат. Жұртқа мәлім, қырғыздар бір-бірімен амандасқанда: «Мал-жаның аман ба?» деген сөздермен бастайды. Отбасының мал жайын алдын ала сұрастыруы көшпенділер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді».
Қазақ жерінің табиғи-жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Жайылымдық қоныстардың ара қашықтығы жүздеген шақырымға созылды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді болды. Жем-шөп дайындау болмады, қыста мал тебіндеп жайылды. Қыс қатты болған жылдары жұт болып, малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп, көбі отырықшылыққа ауысатын. Дегенмен мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірілумен болды.
Қазақтар жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Соның ішінде жылқыға үлкен мән берді. Жылқының түр-түрі болған: жүк таситын, салт мінетін және жүйрік-арғымақтар. Көшпелі мал шаруашылығына жылқыны үйірмен бағу тән. Бір үйір 12-15 биеден тұрды. Бірнеше үйір жылқы табынын құрады. Салт мінетін жылқы ат деп аталды. Қазақтардың шаруашылығында қой жетекші орын алды. Қыпшақ даласы көшпенділерінің басты байлығы қой болған. Қыпшақ қойлары төзімділігімен, етті-сүттілігімен ерекшеленген. Қойдың еті мен сүті тағам болды, терісі мен түбітінен киім-кешек, аяқ-киім, ыдыс-аяқ жасалынды. Қазақ шаруашылығында түйенің де алатын орны зор болды. Қазақтар негізінен қос өркешті, жүнді түйе өсірді. Жылқы, қой, түйемен қатар қазақтар сүті мен түбіті үшін ешкі де өсірген. Бірақ ешкі мен сиыр қазақ шаруашылығында аз болды. Қазақ философиясында ешкі белгісіздікті білдірсе, сиыр жұтпен теңеседі. Сондықтан қазақтар бұл жануарлардың етін тек жұт жылдары ғана жеген.
Мал жеке адамның және отбасының меншігінде болды. Мал көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болды. Ал жайылымды қоғам мүшелері қауымдасып пайдаланған. Әр рудың өзіндік жері болды және бұл жерге меншік ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды.
Қазақтар егіншілікпен де айналысты. Қазақ хандығының түрлі аумақтарында егіншіліктің дамуы әркелкі болды. Негізінен отырықшы- егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан халықтары айналысты. Қазақтар көбіне тары дақылын екті. Сыр бойындағы қалаларда ирригациялық жүйе барынша дамыған. Қалалардың маңында суландыратын арнайы алқаптар болды. Қала маңдарындағы бұндай алқаптарда бау-бақша өнімдері өсірілді.
Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды. Аң аулау дербес кәсіп болмаған, мал шаруашылығына көмекші кәсіп қана болған.
Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алған: тері өңдеген, киіз басқан, құрақ құраған, металдан әр түрлі бұйымдар жасаған.
Қазақтар көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлерде өмір сүрді. Көлеміне және иесінің әлеуметтік жағдайына байланысты киіз үйлердің түрлері көп болды. Күзеу мен қыстауда ағаштан және кірпіштен салған жылы үйлерде тұрды.
XVI ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы және Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстарын жандандырды. Сырдария қалалары арқылы халықаралық сауда және көшпенділермен дәстүрлі сауда дамыды. Түркістан қалалары мен елді мекендері арқылы Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жолдары өтті. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда бұл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сұлтандары қоныстанды. Көшпенділермен негізінен айырбас сауда жүргізілді. Сыр бойындағы қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жұмыс істеді. Қазақстанның көшпенділері оңтүстіктегі қалалармен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Көшпелілердің астыққа — бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау шаруашылығының басқа өнімдеріне деген және әсіресе, маталарға деген сұранымы барынша тұрақты болды. Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік аудандары және қала шаруашылығының тұрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажырамас белгісі болды.
40.XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін талдап көрсетіңіз
Қазақ халқының тіршілік тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ертұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттанды руға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени әлеуметтік қарым қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVI¬II ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқын шылығымен ерекшеленді.Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті. XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.XVI-XVI¬II ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыстартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVI¬IIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-аддин Бабырдың «Бабырнамасын», Камаладдин Бинайдың «Шайбанинамесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарихи
Қыпшағын», Қадырғали «Жамиаттаварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліпбиін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі,математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.Сонымен, XVI-XVI¬II ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.
