Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

100. Қазақстан халықтарының рухани жаңаруы.

Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму процестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрімен және өткенімен тарихи сабақтастығымен айқындалады. Даму процесінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақаталып отырады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну – бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс», - деп атап көрсеткен болатын .Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерін жастар тәрбиесінде, соның ішінде жастардың еңбек тәрбиесінде пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.

Себебі, ұлттық тәрбиенің қайнар көзіне, дәстүрлеріне қайта оралу заманның жай ағымы ғана емес, ол - қоғамдық өмір талабынан туындаған қажеттілік, өйткені мәдениеттің әлеуметтік-тұрмыстық дәстүрлі түрлерін танып-білу арқылы адам баласы оның рухани бастауына терең бойлайды, туған елінің, ұлтының өзіндік ерекшелігін аялап, сақтауға үйренеді. Қазақ халқының сондай дәстүрінің бірі - жастарды дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуі.

Сондықтан, қазақ халқының әлеуметтік, рухани-мәдени құндылықтарын сақтай отырып, жастардың еңбек етуге белсенділік қасиетін, дәстүрлі еңбек процесін меңгертуде тұрақты дағдыларын, шығармашылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету өзекті мәселе.

Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшкен Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеру және халықтың еңбек салт-дәстүрлеріне сүйену арқылы қоғам алдында өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, қоғамдық сана-сезімі оянған, парасаты мен ар-ожданы биік, іскер, қабілетті, шығармашыл, кәсіпкер, нарық жағдайында бәсекелестікпен еңбек ете білетін, әрбір жұмыстың пайдалы көзін тауып, өзінің таңдаған мамандығына деген білімділігін, біліктілігін көрсете білетін азамат тәрбиелеу - қазіргі қоғамның талабы.

Демек, жастарды дәстүрлі еңбектің қай саласында болмасын тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, еңбек іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өзінің ұлттық болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеу қажеттілігі айқындалған.

Осығын орай, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңаруы қоғамдағы ірі өзгерістермен бірге, ұлттық сананы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді, халықтық қадір-қасиетімізді, психологиялық табиғи белгілерімізді жандандыру мен жаңартуымызға елеулі септігін тигізуде.

Әсіресе, қазіргі дүниежүзілік жаһандану, ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі мен ғарышты игеру заманында, әлем халықтарының тұрмыс- тіршілігіндегідей, қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлері өнеркәсіп салаларындағы еңбек түрлерімен қатар, ең басты күнкөріс көзі болып келеді және бола бермек. Сондықтан бүгінгі таңда жастарды еңбекке баулу процесінде, әсіресе, ұлттық тәрбиедегі дәстүрлі еңбекке ерекше назар аудару қажет.

Өйткені, қазақ халқының жастар тәрбиесі жөнінде сан ғасырдан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Оны халқымыз ең жақсы деген қасиеттермен байытып, ұл-қыздарының бойына сіңіріп отырған. Ұлттық тәрбие-жұртшылықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, ғасырлар бойы өсіп-өркендеп, сараланып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұра.

1

2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]