- •Мемлекеттік қала құрылыс кадастры
- •Қалақұрылыстық кадастырының құжаттарына сипаттама беріңіз
- •Аумақты кадастрлық бөлу жұмыстарының мақсатына анықтама беріңіз
- •Жер үлескілеріне кадастрлық нөмерді тіркеу ережелерін атаңыз
- •Жылжымайтын мүлік нысандарының мекен-жайлық тіркеу және иелену тәртібіне сипаттама беріңіз
- •Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасына анықтама беріңіз
- •Қоныстандырылған жерлерді мемлекеттік бағалау әдістемесі туралы сипаттама беріңіз
- •Мемлекеттік қоныстандырылған жерлер кадастрының бағалау нәтижесіне сипаттама беріңіз
- •Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідеріне анықтама беріңіз
- •Жерлерді инвентаризациялау ұғымына анықтама беріңіз
- •Жер үлескілерінің жергілікті шекарасына шығару үрдісіне анықтаа беріңіз
- •Қр аумағын кадастрлық бөлу жұмыстарына анықтама беріңіз
- •Алматы қаласы аумағындағы қала құрылысын зерделеу үрдісіне сипаттама беріңіз
- •Кадастрлық номер дегеніміз не? Анықтама беріңіз
- •Қала құрылысы тәртібінің түрлерін сипаттаңыз
- •Бонититтеу шкаласының құрастырылу тәртібіне анықтама беріңіз
- •Мемлекеттік жер кадастрына анықтама беріңіз, жер кадастры жүйесінде тіркеу элементтеріне сипаттама беріңіз
- •Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідерін сипаттаңыз
- •Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасын анықтау қалай жүргізіледі
Қр аумағын кадастрлық бөлу жұмыстарына анықтама беріңіз
ҚР жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ҚР бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді. Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып табылады. МЖК мазмұны бойынша мынадай жұмыс түрлерін:
жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды есепке алуды;
мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін және т.б. қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
МЖК ААЖ құру мен жүргізуді;
Жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;
Жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;
Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды қамтиды.
ҚР аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру мақсатында жүзеге асырылады. ҚР аумағын кадастрлық бөлудің бірлігі есептік кварталдар болып табылады. Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін түзу мақсатында облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетін кодтардың тізбесін ҚР әкіметі белгілейді. Жер-кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерінде: базалық, мезгіл-мезгіл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды. Базалық жер-кадастр құжаттамасына жер-кадастр істері, жер-кадастр кітабы,жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі, жер-кадастр карталары жатады. МЖК қағазға түсіріліп жүргізіледі және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі ҚР заңдарында белгіленеді(152-157-б).
Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы; /06.06.1996 ж. №710/ бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадастр мәліметтер топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық,картографиялық,жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жүмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады.
Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі,оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.
Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға /жер учаскенің құқықтық субъектісі/ аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.
Алматы қаласын кадастрлық бөлу жұмыстарына сипаттама беріңіз
Аймақарға бөлу – жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдалану режимін белгілей отырып айқындау. Жерді аймақтарға бөлуді белгілі бір деңгейде ұйымдастыруды тиісті атқарушы органдары жүзеге асырады, жерді аймақтарға бөлу кезінде белгіленген, аумақты пайдаланудың нысаналы режимі жоғарғы тармақтарда көзделген тәртіппен бекітіледі, жер құқығы қатынастарының субъектілері үшін міндетті болып табылады. Бұл жұмыс жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әрбір кадастрлық аймаққа бірегей тіркеу номері және атауы беріледі. Кадастрлық округ территориясы кадастрлық ауданға бөлінеді. Әрбір кадастрлық ауданға бірегей тіркеу номері және атауы беріледі. Кадастрлық ауданның тіркеу номері кадастрлық аймақтың тіркеу номерінен тұрады, қос нүктемен бөлінген кадастрлық аймақтағы кадастрлық ауданның реттік номері түрінде. Мысалы, ҚР Алматы қаласы, кадастрлық аудан территориясы кадастрлық кварталдарға бөлінеді. Әрбір кадастрлық кварталға бірегей тіркеу номнрі және атауы беріледі. Кадастрлық кварталдың тіркеу номері кадастрлық ауданның тіркеу номерінен тұрады, қос нүктемен бөлінген кадастрлық аудандағы кадастрлық кварталдың реттік номнрі түрінде. Мысалы, Алматы, Ауезов ауданы, мкр 4, 3 үй, 50 пәтер.
Кадастрлық бөлудегі тіркеу номерін меншіктеу кезінде араб цифрларымен жазылған ондық сандар қолданылады. Кадастрлық бөлу бірліктерінің реттік және тіркеу номерінің максималды саны шектелмейді. Кадастрлық бөлу бірлігінің орны сол территориядағы мемлекеттік жылжымайтын иүлік кадастрында қолданылатын координаттар жүйесінің координаттарымен орнатылады. Координатаны анықтау дәлдігі мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрында қолданылатын кезекші кадастрлық карта дәлдігіне сай келеді.
Кадастрлық бөлуді жүргізуде келесі талаптар орындалады:
Кадастрлық бөлудің әрбір деңгейіндегі бірлігі белгіленген территорияны жабу керек;
Кадастрлық бөлу бірлігінің шекарасы жабық контурмен көрсетіледі;
Кадастрлық бөлу бірлігі шекарасының кадастрлық аймақ, кадастрлық аудан және кадастрлық кварталға ортақ бөліктері бірдей сипатқа ие;
Кадастрлық округ, аудан, немесе квартал тіршілігін тоқтатқан жағдайда тіркеу номері қайта қолданылмайды.
Кадастрлық планды құрастыру тәртібіне сипаттама беріңіз
