Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆
  1. Алматы қаласы аумағындағы қала құрылысын зерделеу үрдісіне сипаттама беріңіз

Қала құрылысы - қала салудың жоспарлы теориясы мен оның іске асуы; қоғам өмірінің материалдық ортасын ұйымдастыруға арналған архитектуралық қызметтің ғылыми-тәжірибелік түрі. Қала құрылысы белгілі бір елдің әлеуметтік, құрылысына, өндіргіш күштерді өсу дәрежесіне, ғылымы мен мәдениетіне, табиғи климаттық жағдайларын және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Сонымен қатар ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және эстетикалық талғамын да ескерді. Қала құрылысының теориясы мен тәжірибесі негізгі екі міндетті шешелі; ескі қалаларды қайта салу мен дамыту және жаңа қала салу. Тұрғындардың неғұрлым жайлы түрмысын қамтамасыз ету үшін қала аумақтары аймақтарға бөлініп, жобаланады. Қала құрылысының жобалары өнеркәсіптік, тұрғынжайлық аудандардың демалыс аймақтарымен үйлесімін есепке алып, санитарлық-тех. талаптарға сай, қала жолдарының ыңғайлы жүйесін, мөдени-тұрмыстық, медициналық, т.б. мекемелердің қолайлы орналасуын ескере отырып жасалады.

Алматы қаласының аумағында осы құрылыс салу Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» заңдарына, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жер телімдерін пайдалануы, елді-мекендер мен қала маңы аумақтарын жобалау мен құрылыс салу жөніндегі шарттар мен талаптарды айқындайды, жаңа жылжымайтын мүлік нысандарын және уақытша құрылыстарды орналастыру мен салуға немесе бар нысандарды өзгертуге (қайта құрылымдау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қалпына келтіру, кеңейту, күрделі жөндеу) рұқсат беру рәсімдерінің тәртібін белгілейді және Алматы қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға байланысты басқа да қатынастарды реттейді.

Әкімдік қаулысының жобасы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мәселесіне жетекшілік ететін Алматы қаласы әкімінің орынбасарымен, Алматы қаласы әкімі аппаратының заң бөлімімен, сәулет органымен, мамандандырылған кәсіпорынмен келісіледі.

Салушы (инвестор) арнайы мамандандырылған кәсіпорынмен шартқа отырғаннан кейін жер қатынастары жөніндегі орган арнайы мамандандырылған кәсіпорын күшімен жерге орналастыру жобасын жасауды қамтамасыз етеді, жер телімді және онда орналасқан жылжымайтын мүлікке тексеру жүргізеді, тексеру актісін құрастырады, материалдарды жинақтап, дайындайды және әкімдіктің меншік иелерінен (жер пайдаланушылардан) мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерді мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығару туралы қаулы жобасын дайындап және оны әкімдікке енгізеді.

Әкімдік қаулысының жобасы мамандырылған кәсіпорынмен, сәулет органымен, Алматы қаласы әкімі аппаратының заң бөлімімен, жер қатынастары мәселелерін реттейтін Алматы қаласы әкімінің орынбасарымен келістіріледі.Қаулы жобасында көрсетілетіндер:

  • жерге құқық берілетін заңды немесе жеке тұлғаның аталуы;

  • жер телімінің пайдалану мақсаты;

  • жер телімінің аумағы;

  • жердің құқығы түрі, ауыртпалықтары, сервитуттары;

  • алынатын жер телімдердің мөлшерін көрсетумен, мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерді мәжбүрлеп иеліктен, сонымен қатар сатып алу жолымен шығарылатын заңды тұлғаның (бар болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның аталуы;

  • басқа да жағдайлар.

Аумақтық және қала құрылысының даму жағдайларын анықтайтын негізгі қала құрылысы құжаты Алматы қаласының бас жоспары болып табылады. Қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттардың басқа түрлері белгіленген тәртіпте бас жоспардың негізінде әзірленеді.

Бекітілген қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттамалар қала құрылысы қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Қала құрылысы құжаттамаларына оны бекіткен органның рұқсатымен ғана өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Жер телімдерін құрылыс жүргізу үшін беру кезінде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттамалардың (жоспарлау және құрылыс салу, қала құрылысы аудандарына бөлу жобалары, сондай-ақ осы Ережелердің) негізінде белгіленеді.

Жеке және заңды тұлғалардың Алматы қаласы аумағында құрылыс салу үшін жер телімдерін пайдалануы (коммуникацияларды жүргізу, аумақты инженерлік дайындау, көріктендіру, көгалдандыру және басқа да жерді жайластыруды қосқанда) тек осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Жер телімдерін бөлу немесе олардың шекаралары мен параметрлерін өзгерту кезінде қызыл сызықтар, құрылысты реттеу желілері мен қала құрылысы регламенттері сақталуы керек. Жылжымайтын мүлік нысандарын бөлген кезде олардың бөліктері жеке жылжымайтын нысан ретінде қызмет етуі үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс.

Қала құрылысы регламенттерін есепке алу мақсатында жер қатынастары жөніндегі орган жер телімінің бөлінуін сәулет және қала құрылысы органымен келісуі қажет.

Құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) арызы бойынша сәулет және қала құрылысы органынан бес жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалады және келесі негізде беріледі:

1) құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) өтініші;

2) жер теліміне құқық реттеуші және құқық куәландырушы құжаттар:

3) жер телімінің иесімен құрылыс салушының аумақты иемдену туралы бекіткен келісім-шарты;

4) қолданыстағы нормативтерге сәйкес құрылыс салушымен (тапсырыс беруші) бекітілген жобалау тапсырмасы;

5) нысанды инженерлік және коммуналдық қамтамасыз етудің техникалық жағдайлары;

6) ғимаратты қайта құрылымдау немесе қайта жабдықтау барысында мемлекеттік тазалық-эпидемиологиялық қадағалау және мемлекеттік өрт сөндіру қызмет органының қорытындысы;

7) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;

8) геодезиялық зерттеу нәтижелері (жарты жылға беріледі);

9) Алматы қаласы әкімдігіндегі өкілетті сараптама кеңесінің аумақтардағы инженерлік-геологиялық жағдайлары нашарлаған, сейсмикасы 9 баллдан жоғары аудандарда техтоникалық жарылыс аймағындағы нысандарды орналастыру барысындағы ғимараттардың биіктігіне берілетін қорытындысы;

10) су нысанын су қорғау жолағындағы жер телімі бөлшегіне орналастыру барысында су қорын сақтау және пайдалану саласындағы өкілетті органның берген қорытындысы;

11) құрылысты жобалау бойынша (қажетті жағдайда) Алматы қаласы Қала құрылысы кеңесінің берген оң қорытындысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]