- •Мемлекеттік қала құрылыс кадастры
- •Қалақұрылыстық кадастырының құжаттарына сипаттама беріңіз
- •Аумақты кадастрлық бөлу жұмыстарының мақсатына анықтама беріңіз
- •Жер үлескілеріне кадастрлық нөмерді тіркеу ережелерін атаңыз
- •Жылжымайтын мүлік нысандарының мекен-жайлық тіркеу және иелену тәртібіне сипаттама беріңіз
- •Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасына анықтама беріңіз
- •Қоныстандырылған жерлерді мемлекеттік бағалау әдістемесі туралы сипаттама беріңіз
- •Мемлекеттік қоныстандырылған жерлер кадастрының бағалау нәтижесіне сипаттама беріңіз
- •Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідеріне анықтама беріңіз
- •Жерлерді инвентаризациялау ұғымына анықтама беріңіз
- •Жер үлескілерінің жергілікті шекарасына шығару үрдісіне анықтаа беріңіз
- •Қр аумағын кадастрлық бөлу жұмыстарына анықтама беріңіз
- •Алматы қаласы аумағындағы қала құрылысын зерделеу үрдісіне сипаттама беріңіз
- •Кадастрлық номер дегеніміз не? Анықтама беріңіз
- •Қала құрылысы тәртібінің түрлерін сипаттаңыз
- •Бонититтеу шкаласының құрастырылу тәртібіне анықтама беріңіз
- •Мемлекеттік жер кадастрына анықтама беріңіз, жер кадастры жүйесінде тіркеу элементтеріне сипаттама беріңіз
- •Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідерін сипаттаңыз
- •Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасын анықтау қалай жүргізіледі
Капиталды құрылыс нысанына анықтама беріңіз
Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідерін сипаттаңыз
Межелеу – горизонтальды жазықтықта жер телідерінің шекарасын анықтаудың геодезиялық тәсілі.
Жерді межелеу жерге орналастырудың шекарасын орнату, қалпына келтіру және бекіту бойынша, учаскенінің ауданы мен шекараларын анықтау, сонымен қатар алынған ақпараттың заңды түрде берілуі бойынша инженерлік-геодезиялық жұмыстардың жиынтығы болып келеді.
Жер учаскелерімен келесідей кез келген жұмыстар жүргізген кезде:
Сатып алу-сату;
айырбастау,
сыйлау,
жекешелендіру,
жер учаскесін толықтай немесе бөлігің мұрагерлікпен алу,
келесідей жұмыстар кіретін межелеуді жүргізу керек:
жер учаскелерінің шекараларын уәделесу,
жобалық түсіріс негізін құрастыру,
межелеу белгілерінің координаттарын анықтау және оларды жергілікті жерде бекіту,
межелеу белгілерінің алынған координаттары арқылы жер учаскесінің ауданын анықтау,
құжаттар документтерін жинап, сәйкес мемлекеттік органдарға (жер ресурстары департаменті) жерге орналастыру ісін (межелеу планы) тапсыру.
Жер учаскелерінің шекаралары ағаш қазықша, темір қазықтар сияқты уақытша межелеу белгілерімен бекітіледі.
Металл дүрбімен немесе ағаш тірекпен 0,8 м-ден кем емес тереңдікке қадалған немесе цемент ерітіндісімен бекітілген металл маркасы сияқты ұзақ мерзімді межелеу белгілері жер учаскелері шекараларында сәйкес жер учаскелері шекараларының нүктелерінің бекіту талаптарына сай орнатылып, тапсырыс беруші мен кадастр инженерінің арасындағы кадастр жұмыстарын орындау туралы келісім шарттың ішінде талқылануы мүмкін.
Жер үлестерін бөлу негізінен жер учаскелерінің шекарасын белгілермен бекітуден тұрады, бұл ретте шекаралардың ортасынан өтетін жолдар жобаланады және оның іені мен ұзындығы белгіленеді. Сонымен қатар, шекаралардың дәлдігі сақталып, жөндеудің тиімділігі техникалық сұраныстары жергілікті орналастыру шаруашылығының сұранысына толық жауап береді.
Жер үлескілеріне кадастрлық нөмерді тіркеу үрдісін (ретін) баяндаңыз
Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасын анықтау қалай жүргізіледі
Кадастрлық баға дегеніміз - мемлекеттік кадастрлық бағалау үдерісінде орнатылған, жаппай бағалаудың белгілі әдістерімен анықталатын жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасы.
Кадастрлық баға ашық нарық жағдайындағы және шектеулі нарықтағы жылжымайтын мүлік нысандары үшін анықталады. Кадастрлық бағаны анықтауда бағалаулар жалпы бағалау әдістерімен анықталады немесе жеке түрде жылжымайтын мүліктің заңнамаға сәйкес бекітілген, кадастрлық бағалауды реттейтін нарықтық бағасы анықталады.
Нарықтық баға - бәсеке және ашық нарық жағдайларында ақшамен көрсетілетін жылжымайтын мүліктің ең ықтималды сату бағасы.
Төмендегідей жағдайда нарықтық баға бағалаушымен анықталады:
мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн мүлiктен айыруда;
қоғамда орнатылған акциялардың бағасын анықтауда;
кепіл нысандарының бағасын анықтауда;
ақшалай емес салымдардың бағасын анықтауда;
қайтарымсыз алынған мүлік бағасын анықтауда.
Жерді нарықтық бағалау принциптері жер бағасын дәл анықтау тиімді салық салу жүйесінің элементі ретінде әр жер иесі өзінің әділ жер салығын төлеуіне кепіл болады. Жердің бағасын дәл анықтау мемлекеттік және жеке салада жерді пайдалану жөніндегі дұрыс шешім қабылдануға себебін тигізеді. Жерді бағалау, оның дәлдігін жоғарылату үшін жерлерді және жер үстіндегі барлық ғимараттарды бағалауға, жазуға, жылда бір қалыпқа түсіруге мүмкіндік беретін мемлекеттік жер кадастр жүйесі керек. Ол үшін біріншіден жер учаскелері шекараларын, аудандарын дәл анықтайтын кадастрлік карталар толық түрде болуы керек, екіншіден жер учаскелері туралы мемлекеттік инвентаризациялау жүргізілуі қажет (орналасу, меншік, топтастыру, нысаналы пайдалану, көлем, пішін және т.б. сипаттамалар). Бағалаушы меншік нарығын талдап, жылда әр жер учаскесінің бағасын анықтайды.
Нарық және тұтыну бағасы. Нарықтық баға өзара бәсекелестік жағдайдағы ашық нарықтағы меншік объектсінің ең мүмкін, ықтималды сату бағасы болып табылады. Тұтыну баға нақты пайдалануға арналған объект құнын көрсетеді. Осы екі баға меншік объектісінің барлығында бірдей емес. Мысалы, қалаға жақын орналасқан ферманың нарық бағасы оның тұтыну бағасынан көп артық болуы мүмкін. Көп мемлекеттерде ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерге салық салу үшін нарық бағасы, ал ауыл шаруашылық алқаптары – тұтыну бағасымен бағаланады.
