Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆
  1. Шектесетін жер үлескілерін қандай жағдайда біріктіруге болмайды? Сипаттама беріңіз

  2. Мемлекеттік жер кадастрына анықтама беріңіз, жер кадастры жүйесінде тіркеу элементтеріне сипаттама беріңіз

Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі. Жер кадастрының құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай-күйі, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастры болып табылады. Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.  Мемлекеттік жер кадастры (республика, облыстар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер кадастры) Қазақстан Республика-сының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі  және еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақ зерттеу, геоботаникалық зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингі бойынша жұмыстарды, жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізумен, нақты жер учаскесіне жер-кадастр ісін жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындаумен қамтамасыз  етіледі.

Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрының деректерін есепке алу мен оларды сақтау бірлігі тұйық шекарада бөліп шығарылған, белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітілген жер учаскесі болып саналады.

Кадастр мәліметтері, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтері мемлекетпен тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде емес, сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау мақсатында, сондай-ақ, жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын қорғауда қолданады. Жер кадастры тіркеу элементтерінің жер салығын, жалға төлем алу шығындарын өтеу сомасын белгілеуде маңызы өте зор. Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.

Кадастр жүйесіндегі тіркеу элементтері топографиялық-геодещизиялық, фэро-ғарыштық, картографиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Жер кадастры мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.

Жер кадастрының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлық құжаттардың және материалдардың, жұмыстардың түрлері:

1. Жер учаскелерін тіркеу - заңдық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі, ауыртпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;

2. Жерлерді есепке алу - тіркеу мәліметтері, есепке алу, есеп беру құжаттары, картографиялық мәліметтер, бонитеттеу, жерлерді бағалау мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, құқық субъектілері бойынша есепке алуды жүргізу;

3. Жерлерді бағалау - жерлерді аймақтау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық геоботаникалық зерттеу, ізденіс материалдары;

Жер кадастрының негізгі принциптері:

1. Жүйесінің бірыңғайлылығы;

2. Мәліметтердің сенімділігі;

3. Мағлұматтардың толықтығы;

4. Үзіксіздігі;

5. Құжаттылығы;

6. Мәліметтердің көрнектілігі, анықтылығы, қол жетерлігі;

7. Үнемділігі;

8. Орталық мемлекеттік басқару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]