- •Мемлекеттік қала құрылыс кадастры
- •Қалақұрылыстық кадастырының құжаттарына сипаттама беріңіз
- •Аумақты кадастрлық бөлу жұмыстарының мақсатына анықтама беріңіз
- •Жер үлескілеріне кадастрлық нөмерді тіркеу ережелерін атаңыз
- •Жылжымайтын мүлік нысандарының мекен-жайлық тіркеу және иелену тәртібіне сипаттама беріңіз
- •Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасына анықтама беріңіз
- •Қоныстандырылған жерлерді мемлекеттік бағалау әдістемесі туралы сипаттама беріңіз
- •Мемлекеттік қоныстандырылған жерлер кадастрының бағалау нәтижесіне сипаттама беріңіз
- •Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідеріне анықтама беріңіз
- •Жерлерді инвентаризациялау ұғымына анықтама беріңіз
- •Жер үлескілерінің жергілікті шекарасына шығару үрдісіне анықтаа беріңіз
- •Қр аумағын кадастрлық бөлу жұмыстарына анықтама беріңіз
- •Алматы қаласы аумағындағы қала құрылысын зерделеу үрдісіне сипаттама беріңіз
- •Кадастрлық номер дегеніміз не? Анықтама беріңіз
- •Қала құрылысы тәртібінің түрлерін сипаттаңыз
- •Бонититтеу шкаласының құрастырылу тәртібіне анықтама беріңіз
- •Мемлекеттік жер кадастрына анықтама беріңіз, жер кадастры жүйесінде тіркеу элементтеріне сипаттама беріңіз
- •Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідерін сипаттаңыз
- •Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасын анықтау қалай жүргізіледі
Аумақтың шекарасын анықтау планы және оған анықтама беріңіз
Мемлекеттік жылжымайтын мүліктер кадастрының құрылымын талдаңыз
Бонититтеу шкаласының құрастырылу тәртібіне анықтама беріңіз
Бониттеу латын тілінен аударғанда “сапалық” дегенді білдіреді. Топырақтың бонитеті-оның сапасынығ көрсеткіші. Әдетте бониттеттеуді бір белгілі мақсаттар және талаптар үшін топырақтарды топтастыру мен бағалау деп түсінеді. Көбінесе бониттеттеу негізіне топырақтардың табиғи нышандары және теориясының дамуына профессор В.В. Докучаев көп үлесін қосты. Бұо ғалымның ойлап тапқан табиғи тарихы жерді бағалау әдісі 1882-1987ж.ж. Нижегород губерниясында жүргізілген бағалау жұмыстарында іс жүзінде қолданылған. Ол топырақтарды бағалауда ең алдымен топырақты табиғи дене ретінде бағалады. Мұнда адам қатынасы және уақыт жағдайлары ескерілмеді. Сол үшін топырақ құрамын зерттеп, оның физикалық қасиеттерін топырақ астындағы қабаттармен байланысын біліп алып, топырақтардың салыстырмалы құндылығын анықтауды ұсынған.
Бұл теориялық жайларды оның шәкірті Н.М. Сибирцев және басқа ғалымдар әрі қарай дамытты. Олардың негізгі мәні:
1.топырақта жетіспейтін заттарды тыңайтқыштар түрінде толқтырып, оның сапасын жоғарылату;
2. Өсімдіктердің нашар жетілуі топырақтағы зиянды заттардың мөлшеріне тәуелді;
3. қажетті заттар көп болса, топырақ сапасы жоғары;
4.топырақтың физикалық қасиеттері оптималдық жайны жақындаған сайын, оның сапасы жоғары болады және т.б.
Техникалыщ тұрғыдан:
Топырақтарды табиғи топтастыру;
Олардың геологиялық қасиеттерін анықтау
Химиялық құрамын анықтау
Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау әдістері алынған
Бағалау жұмысын жүргізуде далада топырақ құрылымы, қалыңдығы, бедер, өсімдіктер зерттеліп, топырақ түрлері (топтары) анықталып, карталарда және жергілікті жерлерде олардың шекаралары белгіленеді, жиналған мәліметтер лабораторияда өңделеді.
Қазіргі уақытта қолданылатын әдістемелік ұсыныстарға сәйкес топыращтарды бонитеттеу деп салыстыруға келетін егіншілік қарқындылығында және агротехника деңгейңнде топырақтарды олардың құнарлығы бойынша сапасын салыстырмалы түрде бағалау түсініледі.
Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары (кластары) түрінде бастапқы негіз беру керек. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі жаратылыс сипаттамаларын ескере отырып, тиімді пайдалану мәселелерін шешуде көп маңызы бар.
Жалпы түрде топырақтарды бонитеттеу жұмыстары 2 сатыдан тұрады:
Бонитеттеушкаласынқұру;
Бағалау шкаласын бағаланатын жерлерге салу
Жердің технологиялық құрылымын анықтаңыз және талдаңыз
Жер рентасына анықтама беріңіз, оның құрамына сипаттама беріңіз
Капиталды құрылыс нысаны дегеніміз не
Капиталды құрылыс нысаны дегеніміз –құрылысы бітпеген ғимараттар нысаны (уақытша құрылысты қоспағанда – киоск, жаппа және т.б.)
Қазақстанның заңнама жинағында «Капиталды құрылыс нысаны» түсінігі тек 2005 жылдан бері бар. Ол бұрын қала құрылысы жөніндегі заңдарда қолданылмайтын.
Капиталды құрылыс нысандарының түрлері:
Ғимарат – көлемді құрылыс жүйесі, жер үсті немесе жер асты бөлігі бар, ішінде адам тұруға арналған инженерлі-техникалық желілермен қамтамасыз етілген бөлмелері бар және азық-түлік сақтауға немесе жануарларды асырауға болатын бөлмелерден тұратын құрылыс нәтижесі.
Ғимараттар: тұрғын үй және тұрғын емес үй болып бөлінеді.
Тұрғын үйлі ғимараттар – үйдің салыну деңгейіне байланысты, адамның қалауымен жасалынған және адамның қажеттілігін қамтамасыз ететін бірнеше бөлмелерден тұрады. Тұрғын үйлерге: әдеттегі тұрғын үйлер, жатақханалар, баспаналар, оңтайлы фондтағы үйлер, интернат үйлер, балалар үйі, мектеп интернаттар және т.б. жатады.
Тұрғын емес үйлер – еңбек шарттарын орындауға, халыққа қызмет етуге, бағалы материалдарды сақтауға, жеке меншікпен айналасуға, жиындар өткізуге арналған нысандардан тұрады.
Салымдар – көлемді, түзу немесе сызықтық құрылыс жүйесінен тұратын құрылыс нәтижесі. Ол жер үсті немесе жер асты бөліктерінен, шектейтін құрылыс конструкцияларынан тұрады.
Құрылыстар–салымдар мен ғимараттар терминдерімен өте тығыз байланысты, нақтырақ айтқанда салымдар мен ғимараттар құрылыс нәтижесінде пайда болады. Қазіргі уақытта заманның дамуына байланысты жер бетінде өте көп және үлкен көлемді құрылыстар жүруде. Құрылыстың ерекшеліктері, жаңалықтары, жүргізу тәсілдері көп және нақты, тұрақты емес, әрдайым өзгеріп тұрады.
Құрылысы бітпеген нысандар – материалды-техникалық қамтамасыз етілуі мен қаржының болмауына байланысты құрылысы уақытша тоқтатылған нысандар.
