- •Мемлекеттік қала құрылыс кадастры
- •Қалақұрылыстық кадастырының құжаттарына сипаттама беріңіз
- •Аумақты кадастрлық бөлу жұмыстарының мақсатына анықтама беріңіз
- •Жер үлескілеріне кадастрлық нөмерді тіркеу ережелерін атаңыз
- •Жылжымайтын мүлік нысандарының мекен-жайлық тіркеу және иелену тәртібіне сипаттама беріңіз
- •Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасына анықтама беріңіз
- •Қоныстандырылған жерлерді мемлекеттік бағалау әдістемесі туралы сипаттама беріңіз
- •Мемлекеттік қоныстандырылған жерлер кадастрының бағалау нәтижесіне сипаттама беріңіз
- •Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідеріне анықтама беріңіз
- •Жерлерді инвентаризациялау ұғымына анықтама беріңіз
- •Жер үлескілерінің жергілікті шекарасына шығару үрдісіне анықтаа беріңіз
- •Қр аумағын кадастрлық бөлу жұмыстарына анықтама беріңіз
- •Алматы қаласы аумағындағы қала құрылысын зерделеу үрдісіне сипаттама беріңіз
- •Кадастрлық номер дегеніміз не? Анықтама беріңіз
- •Қала құрылысы тәртібінің түрлерін сипаттаңыз
- •Бонититтеу шкаласының құрастырылу тәртібіне анықтама беріңіз
- •Мемлекеттік жер кадастрына анықтама беріңіз, жер кадастры жүйесінде тіркеу элементтеріне сипаттама беріңіз
- •Жер телімдерінің шекарасын анықтау тәсідерін сипаттаңыз
- •Жылжымайтын мүліктің кадастрлық және нарықтық бағасын анықтау қалай жүргізіледі
Жер үлескілерінің жергілікті шекарасына шығару үрдісіне анықтаа беріңіз
Жер кадастры - жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрамдас бөлігі.Жер учаскесі – Жер кодексімен белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.Жер учаскелердің шекарасын орынға шығару азаматтармен және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады. Жер-кадастрлық істі қалыптастыру және деректерді МЖК ААЖ енгізу үшін шекараларды орынға шығару кезінде келесі құажаттарды ұсыну қажет:
Жобаны орынға ауыстырудың жұмыс сызбасы (2-қосымша).
Теодолиттерді немесе тахеометрияларды қолдану кезінде абрис және өлшеу журналы, ал серіктік жүйелерді қолдану кезінде - тұру нүктелерін көрсете отырып, нобайлар (3-4-қосымша).
Теодолиттік жүрістерді қиыстыру ведомосі (5-қосымша).
Шектес жер пайдаланушыларды көрсете отырып, алаңдарды есептеудің координаттар каталогі (6-қосымша).
Шекараны белгілеудің схемалық сызбасы (7-қосымша).
Шекараны белгілеу актісі (8-қосымша).
Белгілерді сақтауға тапсыру актісі (9-қосымша).
Корректорлық парақ (10-қосымша).
Жерге орналастыру құжаттамасындағы жер учаскелер туралы мәліметтердің дұрыстығын Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 150-бабының 4-тармағына сәйкес жерге орналастыру жобасын бекіткен өкілетті орган қамтамасыз етеді.Жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 3- тармағына сәйкес жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қарау жалпы мерзімге кірмейді, әзірлеуші жобаны жобалау құжаттамаларындағы мәліметтердің дұрыстығын және олардың ресімделуі мен қалыптастырылуын осы Нұсқаулықпен сәйкес келуін бірлескен Кәсіпорынмен келісімдейді. Олар сәйкес келмеген жағдайда Кәсіпорын жобалау құжаттамасына тиісті түзетулер енгізу үшін бұл материалдары жұмысты орындаушыға қайтарады. Жерге орналастыру жобасын келісу мерзімі бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Мемлекеттікк деңгейлеу сызықтарына сипаттама беріңіз
Су кадастрына анықтама беріңіз
Кадастр (французша: cadastre – парақ, тізілім)
I. экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
Кадастрда ресурстар мен нысандардың орналасуы, олардың шамасы, нысандардың құндық бағасы мен кірісін құрайтын сапалық сипаттамалары туралы деректер беріледі.
Cу кадастры – жер бетіндегі және жер астындағы су нысандары туралы гидрологиялық мәліметтердің жиынтығы. Mемлекеттік су ресурстары туралы мәліметтердің жүйеленген жинағы. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының “Су кодексіне” сәйкес суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалануды жоспарлау енгізілді. Суды есепке алу мен мемл. Су кадастрын жүргізу “Қазгидромет” респкбликалық мемлекеттік мекемесіне (жер үсті сулары), геология және жер қойнауын қорғау органдарына (жер асты сулары) және Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты су ресурстары көлтіне суды пайдалануды есепке алу жүктелген. Бірыңғай мемлекеттік су қорына: өзендер, көлдер, бөгендер, су қоймалары, мұздықтар, жер асты сулары, ішкі теңіз сулары, т.б. су көздері жатады. Су кадастрының материалдары су ш-н жоспарлауда, жобалауда, мелиорац. шаралар жүргізуде, су сапасын болжауда, халық ш. салалары мен жеке кәсіпорындар арасында су үлестіру кезінде кеңінен пайдаланылады. “Қазгидромет” пен Қазақ қоршаған орта мен климат мониторингі (қазіргі Қазақ экология және климат) ғылыми-зерттеу институты жасаған Су кадрастры 3 сериядан тұрады. “Гидрологиялық зерттеулер” (өзендер, су қоймалар және олардың зерттелу деңгейі туралы мәліметтер) топтамасы 5-том, 8-басылымнан; “Негізгі гидрологиялық сипаттамалар” (өзен, көл, бөгендер жүргілерінің іс жүзіндегі байқау материалдары бойынша жылдық және орташа сипаттамалары) топтамасы 4-том, 7-басылымнан; “Жер үсті су ресурстары” (су көздерінің жүргілері жөніндегі қолда бар деректердің ғыл. қорытындылау нәтижелері) топтамасы 4-том, 12-басылымнан тұрады. Су кадастрына 80000 өзен мен 40000 көл туралы мәліметтер енген. Ағымдағы байқау материалдары “Гидрологиялық жылтізбелерде” басылады.
