- •Тыныс-жүрек жансақтауы
- •Кқб клиникалық негізгі критерилері.
- •Шұғыл емнің қағидалары.
- •Дәрігерлік алғашқы көмек.
- •Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
- •М едперсонал болса Медперсонал жоқ кезде
- •Ж үректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •2 00 Дж разрядпен дефибрилляция
- •Асистолия кезіндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Жүректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •Венаға адреналин 1:10 000 0,5 – 1 мг егу
- •Қарыншалар фибрилляциясын емдеу.
- •Қарыншалар фибрилляциясы (қф) немесе
- •Тамыр соғысынсыз қарыншалық тұрақты
- •Тахикардия (қт) кездеріндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу.
- •Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ және орталық венозды қысымның жоғары емес кездерінде –
- •«Өкпе шемені» емдік-диагностикалық алгоритмі.
- •Өмірге қауіпті жүрекшелік аритмия
- •Ав жүйесімен байланысты өмірге қауып төндіретін ырғақ және өткізгіштік, екі түрлі болуы мүмкін: а) тахикардия; б) блокадалар.
- •Қарыншалық аритмия - бұл өмірге қауыпты ырғақтың бұзылыстарының негізі. Оның емі мен алдын алу шаралары туралы көптеген басылымдар бар.
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Wpw синдромы
- •Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
- •Жүрекшенің пароксималдық жыпылықтауы
- •Сурет. 2. Жүрекшелік жыпылықтау пароксизмінің емдеу алгоритмі (қарынша тахисистолиясымен)
- •Пароксизмалдық жүрекшелік тыпырлау
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Пароксизмалық аритмиялардың профилактикасы
- •Өмірге қауыпты тахиаритмия: емдеу және алдын алудың негізгі жолдары
- •Гипертониялық кризді алдын алу
- •Жүректің сыртқы массажы
- •II кезеңі:
- •Жедел өкпелік жүрек (жөж)
- •Менингит
- •Есінен айырылу
- •Диабет кезіндегі комалар.
- •Эпилепсиялық статус
- •Организмнiң белсендi детоксикациясының әдiстерi
- •Уланулардың кең тараған түрлерiнiң симптоматикасы мен ол кездегi шұғыл жәрдем.
- •Жедел уланулардың арнайы емi
- •Организмнің жауап реакцияларын анықтау (есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық шок).
- •Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек
- •Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау (Горбашко а.И., 1983)
Жүректің сыртқы массажы
Жедел тыныс жетіспеушілігі.
Белгілері:
Жеңіл дәрежесі. Артериялдық қандағы газдың құрамының бұзылуынсыз минутына 25 ке дейін ентігу. Тахикардия минутына 110 рет. АҚ қалыпты мөлшерде.
Орташа дәрежесі. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен ентігу минутына 35 рет. РаО2 80-60 мм сын.бағ. (10,7-8,0 кПа),РаСО2 45-60 мм сын.бағ.дейін жоғарлау. (6,0-8,0 кПа) немесе өзгереді. Цианоз, тершеңдік, эйфория, мазасыздық, ұйқышылдық.
Ауыр дәрежесі. Тыныс жиілігі минутына 45 рет. өкпеде тыныс шуларының жоғалуы немесе тыныс тереңдігінің төмендеуі және азаюы. Тахикардия минутына 180, АҚ төмендеуі. РаО2 60-40 мм сын.бағ.төмен. (0,0-5,3 кПа), РаСО2 70 мм.сын.бағ. жоғары (9,3 кПа). Қозу тежегіштікпен ауысуы мүмкін, тартылулар, зәр шығару және дефекация болуы мүмкін.
Гипоксиялық және гиперкапниялық кома. Есінің болмауы. Тынысы сирек, аритмиялық болады. Қан айналымның, тыныстың тоқтауы,қайтыс болу.
Шұғыл ем:
- тыныс жолдарының өтімділігін қамтамасыз ету;
тыныстың тоқтауында, оның патологиялық ақауларында, тыныстың минуттық көлемінің күрт төмендеуінде, тыныс жетіспеушілігінің ауыр дәрежесінде және комада, ауыр жүрек жетіспеушілігнде, айқын интоксикацияда ӨЖВ;
оксигенотерапия;
жедел тыныс жетіспеушілігін тудыратын себептерді жоққа шығару.
Тұншығу: Бөгде денелердің асирациясы (құсық массалары, қан, су, қатты заттар – тамақ, сүйек, түйме және т.б.).
Белгілері:
өршімелі тұншығу
қарлығу (осиплость)
қатты жөтел
тері мен шырыштың көгеруі
Шұғыл ем:
қажет жағдайларда - өкпенің жанама вентиляциясы.
Бронх демікпесінің ұстамасы
Бронх демікпесінің ұстамасының негізінде жатады: бронхтың біріңғай салалы бұлшық еттерінің спазмы, олардың шырышты қабаттарының ісінуі және сілекейдің бөлінуінің жоғарлауы.
Белгілері:
кенеттен басталу
тыныстың күрт қиындауы, көбінесе тыныс шығару
қашықтықтан ысқырықты сырылдар естіледі
ұстаманың соңында «шыны тәрізді» аз мөлшердегі жабысқақ қақырық. Қақырықты Шарко Лейден және Куршман спиралдарының анықталуы.
Тыныс алуға қосымша бұлшық еттердің қатысуы (иық белдеуінің, іштің)
Аускультация кезінде өкпенің барлық бөліктерінен құрғақ ысқырықты, ызыңды сырылдар естіледі.
Егер науқас аллергиялық реакциялар немесе өкпенің ауруларымен ауыратын болса, тұншығудың ұстамалары туралы ойлауға болады.
Шұғыл ем:
β-2-адренорецепторларының стимуляторларының 1-2 мөлшерінде ингаляция (Беротек, Новодрин, Астмопент, Сальбутамол, және т.б.)
немесе келесі препараттардың бірін қабылдаймыз: Теофедрин немесе Антастман (1/2-1 таблетка, алдын ала ұсату), немесе Солутан (60 тамшы), немесе Изадрин (Алупент) (1 таблетка тіл астына), немесе Эуфиллинмен бірге Эфидрин (1 таблеткадан ішке)
немесе Адреналин т/а (0,3 мл 0,1%науқастың 60 кг салмағына, 0,4 мл 60-80 кг салмақта, 0,5 мл 80 кг артық салмақта). Нәтижесі жеткіліксіз болған кезде және басқа препараттар болмаған жағдайларда 15-20 минуттан кейін адреналинді қайтадан енгізуге болады, 3 реттен артық емес.
Немесе Эфедриннің 0,5 мл 5% ертіндсін т/а.
Немесе Алупенттің 0,5-1мл 0,05% ертіндісін (жүрек аурулары мен артериялды гипертензия кезінде қолдануға болмайды).
Нәтижесі болмаған кезде 15-30 мин. кейін енгізу керек:
Эуфиллиннің 2,4% ертіндісінің 5-10 мл к/т баяу 10-20 мл изотоникалық ертіндісімен, (3 мг/кг – 1 мл 24 мг), содан кейін 5 мл-ді 300 мл изотониялық ертіндімен к/т тамшылатып минутына 40 тамшы жылдамдықпен енгіземіз. Максималды тәуліктік доза Эуфиллин 60-80 мл 2,4% ертіндісін құрайды.
Немесе Баралгин 5 мл к/т баяу (АҚ бақылауымен)
Кеуде клеткасының вибрациялық массажы, оттегімен ингаляция
Нәтижесінің болмауы демікпелік статустың дамығанын көрсетеді және стационарлық жағдайда емді қажет етеді.
Демікпелік статус
Демікпелік статус – бұл Эуфиллин және симпатомиметикалық емге резистентті бронх демікпесі бар науқастардағы тыныс жетіспеушілігінің синдромы.
Белгілері:
I кезеңі (салыстырмалы компенсация):
Экспираторлы тұншығу ұстамасының ұзақ уақыт қайтпауы
Ұстама тәрізді аз мөлшердегі жөтел
Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен тыныстың жиілеуі (минутына 40 рет)
цианоз, терлеу
перкуссия кезінде өкпе үстінен қораптық дыбыс, аускультация кезінде құрғақ «әуенді» сырылдар, кей жерлерде тыныс естілмеуі мүмкін
тахикардия минутына 110-120 рет
ЭКГ-оң жақ әкетулерінде күш түсу белгілері
II кезең (декомпенсация, «мылқау өкпе»):
Айқын көрінетін ентігу
Терісі бозғылт-сұр ылғалды
Аускультация кезінде бір өкпеден немесе екі өкпенің үлкен аймақтарында тыныс естілмейді («мылқау өкпе»)
тахикардия 140-150 соққы минутына, аритмия, АҚ төмендеуі
ЭКГ- Т тісшесінің амплитудасының төмендеуі, жүректің оң жақ бөліктеріне күш түсу белгілері (ІІ, ІІІ, a VF әкетулерінде жоғары Р тісшесі, V5-6 әкетулерінде терең S тісшесі).
III кезең (гиперкапниялық кома):
Науқастың есі жоқ. Етен тану дезориентацияға, сандырақтауға, тежегіштікке әкеледі.
Айқын цианоз, суық тер
Тынысы беткейлік, аритмиялық
Аускультативті өкпенің үстінен тыныс шулары естілмейді
Жіп тәрізді, аритмиялық пульс, АҚ күрт төмендеген
Шұғыл көмек:
I кеөең:
Преднизолон 60-90 мг (2-3 мл), немесе Дексаметазон 8-16 мг (2-4 мл) к/т ағыммен, немесе Гидрокортизон 125-250 мг (1-2 флакона) к/т жи3 тамшылармен 100 мл изотоникалық ертіндімен
Бір уақытта к/т жиі тамшылармен 5% - 800-1200 мл Глюкоза ертіндісін, 800-1200 мл Натрий хлорының изотоникалық ертіндісін, ертіндіге қосымша 60-90 мг Преднизолон немесе Гидрокортизон 250 мг. Инфузионды емнің көлемі бірінші тәулкте 3-3,5л, келесі тәуліктерде статусы сақталынатын болса, 2,5-3л. Әр 500 мл ертіндісіне 2 500 бірлік Гепарин қосылады. ЦВД кезінде 150 мм. су. бағ. 20-40 мг Лазиксті енгіземіз.
Эуфиллин 2,4% - 10-15 мл ертіндісін к/т баяулатады ( 10-15 мин), содан кейін к/т тамшылатып 2,5-3 мл/сағ науқастың жағдайы жақсарғанға дейін. Ол үшін 10 мл эуфиллинді 500 мл изотоникалық ертіндіге қосып, минутына 40 тамшы жылдамдықпененгізу керек.
1,5-2 л сұйықтықты енгізгеннен кейін жеке системамен 4% р-ра 150-200 мл Натрий бикарбанатының инфузиясын жасау керек(рН - 7,2 аз болу керек)
тәулігіне 10% р-ра 10-30 мл Натрий йодитын к/т енгізу, ішке 1 ас қасықтан әр 2 сағат сайын 3% -тік ертіндісін. Лосольван 2-3 ампуладан 2-3 рет тәулігіне, ішке 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет.
Ішке 1л ыстық Боржома, кеуде клеткасының вибрациялық массажы, паракислородтты ингаляция.
Қозу кезінде – к/т 2 мл Реланиум
Димедрол (Пипольфен, супрастин) 2 мл к/т
Қабыну кезінде – оларды көтере алу мүмкіндіктеріне байланысты антибиотиктер.
Қажет болған жағдайларда глюкокортикоидтармен инфузияны әр 3 сағат сайын қайталау керек, глюкокортикоидтардың әр түрлерімен алмастыра отырып. Фторотанды наркоз;
Оттегілік – ауалық қоспамен ылғалдандырылған ингаляция(құрамында 35-40% оттегі бар) мұрын катеторы немесе гелио-қышқылдық қоспамен (75% Гелий және 25% Оттегі) 40-60 мин 2-3 рет тәулігіне
