- •Тыныс-жүрек жансақтауы
- •Кқб клиникалық негізгі критерилері.
- •Шұғыл емнің қағидалары.
- •Дәрігерлік алғашқы көмек.
- •Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
- •М едперсонал болса Медперсонал жоқ кезде
- •Ж үректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •2 00 Дж разрядпен дефибрилляция
- •Асистолия кезіндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Жүректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •Венаға адреналин 1:10 000 0,5 – 1 мг егу
- •Қарыншалар фибрилляциясын емдеу.
- •Қарыншалар фибрилляциясы (қф) немесе
- •Тамыр соғысынсыз қарыншалық тұрақты
- •Тахикардия (қт) кездеріндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу.
- •Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ және орталық венозды қысымның жоғары емес кездерінде –
- •«Өкпе шемені» емдік-диагностикалық алгоритмі.
- •Өмірге қауіпті жүрекшелік аритмия
- •Ав жүйесімен байланысты өмірге қауып төндіретін ырғақ және өткізгіштік, екі түрлі болуы мүмкін: а) тахикардия; б) блокадалар.
- •Қарыншалық аритмия - бұл өмірге қауыпты ырғақтың бұзылыстарының негізі. Оның емі мен алдын алу шаралары туралы көптеген басылымдар бар.
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Wpw синдромы
- •Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
- •Жүрекшенің пароксималдық жыпылықтауы
- •Сурет. 2. Жүрекшелік жыпылықтау пароксизмінің емдеу алгоритмі (қарынша тахисистолиясымен)
- •Пароксизмалдық жүрекшелік тыпырлау
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Пароксизмалық аритмиялардың профилактикасы
- •Өмірге қауыпты тахиаритмия: емдеу және алдын алудың негізгі жолдары
- •Гипертониялық кризді алдын алу
- •Жүректің сыртқы массажы
- •II кезеңі:
- •Жедел өкпелік жүрек (жөж)
- •Менингит
- •Есінен айырылу
- •Диабет кезіндегі комалар.
- •Эпилепсиялық статус
- •Организмнiң белсендi детоксикациясының әдiстерi
- •Уланулардың кең тараған түрлерiнiң симптоматикасы мен ол кездегi шұғыл жәрдем.
- •Жедел уланулардың арнайы емi
- •Организмнің жауап реакцияларын анықтау (есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық шок).
- •Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек
- •Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау (Горбашко а.И., 1983)
Пароксизмалық аритмиялардың профилактикасы
Суправентрикулярлы аритмиялардың пароксизмдері кезінде алдын алу емін негізінен жиі ұстамалар болған кезде тағайындаған дұрыс. Сиерк пароксизмдері бар науқастар бір реттік антиаритмиялық препараттарды қолданған дұрыс. Осындай әдісті қатерсіз қарыншалық тахикардияның сирек ұстамалары кезінде де қолдану ұсынылады.
Жүрекшелік аритмия пароксизмінің профилактикасы үшін амиодарон, соталол, пропофенон, сонымен қатар этацизин, аллапинин және дизопирамид нәтижелі болады. Соңғы 4 препарат ІС класына жатады. Оны миокардтың жиырылу қабілеті төмендеген кезде, жүректің айқын емес органикалық ақаулары бар кезде тағайындайды. Миокардтта айқын өзгерістер болған кезде және сол жақ қарыншаның жиырылуы төмендеген кезде амиодаронды қолданған дұрыс; β-адреноблокаторларды аз мөлшерде тағайындауға болады(атенолол, метопролол және т.б).
Антиаритмиялық преапараттардың жанама әсерінің дамуына және осы препараттарды ұзақ қолданған кезде үйренушіліктің пайда болуына байланысты, үзілмелі курс түріндегі алдын алу емін жүргіземіз.
Қарыншалық тахикардияның қатерлі түрінде алдын алу емін ұстамалардың жиілігіне қарамастан жүргізіледі. Алайда препараттардың жанама әсерінің және үйренгіштіктің дамуын алдын алу мақсатында антиаритмиялық препарттарды кезекпен қолдану керек, мысалы амиодарон және соталол. Осы екі препарат соңғы тексерулер бойынша қарыншалық аритмиялар кезінде ең нәтижелі болып табылады
Соңғы жылдары клиникалық тәжірибеде қатерлі қарыншалық аритмия кезіндегі науқастардың өлім қауыпын төмендету мақсатында кардиовертер–дефибрилляторының имплантатын қолданылуда. Қазіргі күні осы аппаратпен бірге дәрілік емнің қосарланып емделуі зерттелінуде.
Қорыта келгенде антиаритмиялық препараттарды қолданудың мақсаты, пароксиизмалды аритмияларды қайтарып және алдын алуға ғана емес, сонымен қатар өмір болжамын жақсарту жатыр.
Өмірге қауыпты тахиаритмия: емдеу және алдын алудың негізгі жолдары
Жіңішке QRS комплексімен суправентрикулярлы тахикардияның емдеу алгоритмі
Гипертониялық кризді алдын алу
Қан қысымының кенеттен көтерілуібірнеше түрде өтуі мүмкін:
1-түр – тез дамиды, бірнеше минуттың ішінде, бірнеше сағатқа созылады.
Белгілері:
систолдық қысымның тез көтерілуі АҚ-80/100мм.сын.бағ., диастолалық қысым 30/50 мм.сын.бағ.
кенеттен бас ауру, жиі пульсация, жалпы мазасыздық, басының айналуы, көз алдында «қарауыту» және «бұлдырлау», жүрегінің қағуы, қозу, дірілдеу, қорқыныш сезімі, кеудеде, мойында қызыл дақтардың пайда болуы, тершеңдік;
жүрек айну, құсу болуы мүмкін
2-түрі – баяу дамиды, бірнеше сағат ішінде, сағат бойы, тәулік бойы созылады:
Белгілері:
АҚ ақырындап және шамалы деңгейде жоғарлауы, әсіресе диастолалық (140-160 мм.сын.бағ);
Диффузды бас ауырсыну, құлағының бітелуі, әлсіздік, есінің шатасуы, парез және парестезиялар болуы мүмкін;
Кардиалгия және стенокардия түріндегі жүрек аймағындағы ауырсынулар;
Бетігнің және аяқтарының ісінуі;
Көрудің бұзылуы.
Асқынған гипертониялық криз
Криз ми қан айналымының жедел бұзылыстары(инсульт), ми ісігі(есі бұзылады, діріл пайда болады), жүрек демікпесі және өкпе ісігі, миокард инфаркті, көрудің жоғалуы түрінде асқынулары болуы мүмкін.
Шұғыл көмек:
Асқынбаған гипертониялық криз
Жастар мен орта жастағы адамдарда:
-Дибазол 0,5%-6-8мл ерт.+Лазикс 40мг+Реланиум 0,5% ерт.(Седуксен, сибазон)-2мл к/т немесе
- Дроперидол 0,25% - 4-6мл ерт.+Пипольфен 2,5 ерт.)Димедрол 1% ерт)2мл к/т;
- 30 мин. кейін Клофелин 0,01% ерт 1 мл к/т 10мл изотониялық ертіндіге баяу немесе
- Пентамин 5% ерт 0,5-1мл к/т баяу.
Нәтижесі жеткілікті болмаған жағдайларда Дроперидол 0,25% ерт. 2-4мл, Лазикс 80мг к/т енгіземіз;
Дірілдер болған жағдайларда Седуксен (Реланиум) 2мл к/т;
Қолдануға болмайды Диазоксидті, Резерпинді, Метилдопаны.
