Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Эпилепсиялық статус

Эпилепсиялық статус жедел және демеулі спецификалық терапияны қажет етеді және оны белгілі жоспармен жүргізу қажет:

  1. Тыныс алу мен қан айналымды қалпына келтіру: тыныс алу жолдары, ауыз қуысынан жұтқыншақтан сілекейді алу,тіс протездерін шешу,оттегін беру.Аспирацияны болдырмау үшін басын бүйіріне бұру керек.Тыныс алу бұзылса,интубация және жасанды тыныс алу жүргізеді.Ұстама кезінде бас пен дененің жарақаттануын болдырмау қажет.

  2. Көк тамырға 10-20 мг (1-2 ампула натрий хлор ерт.) диазепам 2-5 мг/мин. жылдамдықта.Егер диазепамды көк тамырға енгізе алмасақ,осы дозаны тік ішек арқылы енгізеді.

Диазепамды бұлшықетке енгізудің әсері жоқ (бұлшықетке мидазолам 5-10 мг немесе лоразепам 4 мг енгізеді).Диазепам орнына хлоралгидратты клизма түрінде енгізуге болады (балаларға 15-40 мл 2%., ересектерге 50-70 мл 3 % ерітінді).Егер әсері болмаса статустың себебі гипогликемия болуы мүмкін,сондықтан 40 % 40-60 мл глюкоза және 5% 3-5 мл Витамин В1 енгізеді. Диазепам әсері болмаса 10 мг – ды 5-10 мин.кейін енгізеді. Диазепамды енгізгенде тыныстың бұзылуы болады.Сондықтан тынысты қадағалап отыру қажет.Диазепаммен статусты тоқтатқаннан кейін дереу антиэпилепсиялық заттардың біреуін енгізу қажет (вальпрой қышқылы,карбамазепин,фенобарбитал, дифенин).

  1. Дене температурасын төмендетіп,артериялық қан қысымын қалыпты деңгейде ұстау қажет (алғашқы артериалық гипертензиядан кейін АҚ төмендеуі мүмкін,сондықтан коллоидты, кристаллоидты ертінділер, вазопрессорлар, кортикостероидтар енгізу керек).Статус кезінде метаболикалық бұзылыстар дамиды,бірақ оның коррекциясын тек ауыр жағдайларда ғана жүргізеді.

  2. Осы аталған шаралар госпитализацияға дейінгі кезеңде әсер көрсетпесе мынандай шараларды жүргізеді: барбитураттарды бұлшықетке енгізу (1г гексенал немесе натрий тиопенталын 10 мл натрий хлор изотоникалық ертіндісіне ерітіп 10 кг салмаққа 1 мл есеппен енгізеді), көк тамырға 20 % натрий оксибутиратының 10 мл енгізеді (1-2 мл/мин.,жалпы дозасы 250 мг/кг).Азот тотығы мен оттегімен (2:1) наркоз ,ректальды паральдегид енгізеді (0,1-0,2мл/кг).

  3. Сонымен қатар науқасты дұрыстап қарау қажет: жарақаттарды, бас сүйегі ішілік ошақты немесе жүйелі ауруларды анықтау үшін.

Госпитализацияға көрсеткіш: эпилепсиялық статус немесе жиі қайталанатын эпилепсиялық ұстамалар.Өмірінде ең бірінші рет анықталған эпилепсиялық ұстамасы бар науқастарды да госпитализациялау қажет.

Уланулар диагностикасы аурудың химиялық этиологиясын анықтауға негiзделген. Ол 3 түрлi шаралардан тұрады:

1. Клиникалық диагностика «таңдаулы улылық» қағидасы бойынша белгiлi 1 зат не физико-химиялық қасиетi бойынша ұқсас топтың әсерiне және уланудың арнайы симптомдарын анықтау үшiн анализ берiлгендерiн, оқиға жерiн қарау нәтижелерiне, аурудың клиникалық суретiн зерттеуге негiзделген. Жеке улардың таңдаулы улылығына сәйкес клиникалық симптоматика 1 табл. берiлген. Клиникалық диагностиканы госпитализацияға дейiнгi кезеңде не стационарда науқасқа алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсеткен дәрiгер жүргiзедi.

2. Зертханалық токсикологиялық диагностика организмнiң биохимиялық орталарында (қан, зәр т.б.) улы заттың сандық не сапалық қасиеттерін анықтауға негiзделген; улануды емдеу орталықтарының не сот-медициналық сараптама бюросының арнайы зертханасында химик-сарапшылар жүргiзедi.

3. Патоморфологиялық диагностика белгiлi бiр улы затпен уланудың өлiмнен кейiнгi арнайы белгiлерiн анықтау үшiн қажет, оны сот-медицинасының эксперттерi жүргiзедi.

Оқиға болған жерде дәрiгер мүмкiндiгiнше улану себебiн, улы зат түрiн, көлемiн және организмге түсу жолын, уланудың болған уақытын бiлу қажет. Бұл берiлгендердi жедел уланумен науқасты жеткiзетiн стационар дәрiгерiне хабарлау керек.

Жедел уланулар кезiндегi шұғыл көмек ерекшелiгi-келесi емдеу шараларының жүргiзу қажеттiлiгi: организмнен улы затты тездетiп шығару; организмде улы заттың метаболизмiн қолайлы өзгертетiн не оның улыллығын азайтатын арнайы емдi тез қолдану, таңдаулы улылыққа байланысты зақымдайтын организм функиясын сақтау мен қорғауға бағытталған симптомды ем.

Жедел уланудың клиникалық белгiлерi бар науқастарды жедел жәрдем ауруханасына не тұрғындар саны 500 мың адамнан асатын қалаларда ұйымдастырылған улануды емдейтiн арнайы орталықтарға жеткiзедi. Инфекциялық себеппен тағаммен уланған науқастарды инфекциялық бөлiмдерге бағыттау керек.