Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі аурулар клиникасындағы кезек күттірмейтін...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек

Асқазан – ішек қан кетулер белгілері:

  1. Аз немесе жасырын қан кетулер – «себепсіз» анемия.

  2. Айқын немесе массивті қан кетулер:

латентті кезеңде (бірнеше минуттан тәулікке дейін созылады) – жалпы белгілері қан кету:

  • бас айналу, құлағында шу, әлсіздік, естен тану мүмкін;

  • суық тер, бозару;

  • тахикардия, АҚ төмендеуі;

  • ентігу;

  • аузының құрғауы, шөлдеу;

айқын кезеңінде:

  • «кофе қойыртпағы» түріндегі (сирек қызғылт) қою қанды құсулар, кейде реакциясы қышқыл, қан ұйындыларымен тамақ қалдықтарымен құсу;

  • асқазан ішек жолдарының жоғарғы бөліктерінен қан кеткен кезде меленаның пайда болуы, төменгі бөліктерінен қан кеткен кезде қан және қан ұйындылары;

Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау:

  1. Систолалық қысымның және ЖСЖ ұлғаюы бойынша – систолалық АҚ төмендеуі 90 мм.сын.бағ. және пульс жиілігінің минутына 20 және оданда жоғары соққысы шамамен қанның 25% жоғалуына сәйкес келеді.

  2. «Шок индексін! Анықтау (Брюсов П.Г., 1986): ШИ=ЖСЖ/Сист. АҚ. Қалыпты жағдайда қатынасы 0,5 тең; ШИ жоғарлауы 1 дейін жоғарлауы ҚАК 30% жоғалуынан ҚАК 1,5-40% дейін сәйкес.

Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау (Горбашко а.И., 1983)

Лабораторлық және клиникалық белгілер

Қан кету деңгейі

жеңіл

орташа

ауыр

Эритроциттер саны

3,5 х1012/л төмен емес

2,5-3,5х1012

2,5х1012/л аз

Нв, г/л

100 төмен емес

83 - 100

83 аз

Пульс соққы/мин

80 дейін

80-100

100 көп

АҚ сист.(мм.с.б)

110

100-90

90 аз

Гемотакрит

0,30 көп

0,25-0,30

0,25 аз

ГК жетіспеуі

20% дейін

20-30%

30%және көп

ГК – глобулярла көлем, тең қатынас:ГК=(ҚАКхНt)/(100-Ht),

ҚАК-қан айналым көлемі, Нt-гематокрит.

Шұғыл көмек:

Госпитализацияға дейінгі этапта:

  • Аштық, суықтық және тыныштық. Ішіне мұз немесе суық су құйылған бөтелке қойылады, тасымалдау носилкамен жүзеге асады, коллапс кезінде аяғын жоғары көтеру арқылы;

  • Бір мезгілде жедел хирургиялық бөлімге тасымалдайды;

  • Оксигенотерапия;

  • Хлорлы кальции (глюканат) 10%-10 мл ерт.к/т;

  • Аминдық капрон қышқылы 5% - 100 мл ерт.к/т;

  • Викасол 1%-2-4 мл ерт.к/т.

Госитализация этапында (бір мезгілде диагностикалық және терапиялық шаралар жүргізіледі):

  • тік ішекті саусақпен тексеру, асқазан және ішек жолдарының шұғыл рентгеноскопиясы, шұғыл эндоскопиялық тексеру, қан кету деңгейін бағалау;

  • асқазаннан қан кету кезінде тамақ ішпеу және суықта ішімен жатады - әр 10-15 мин, сайын Алмагель 1 ас қасықпен. Циметидин 200 мг к/т, сосын 200-400 мг тәулігіне 4 рет ішке, немесе Кыамател 20 мг-нан күніне 2 рет к/т, 5-10мл хлорлы натридің изотониялық ертіндісімен 2 мин. немесе 100мл- 5% Глюкоза ертіндісімен 15-30мин), сосын 20мг 2 рет тәулігіне ішке;

  • инфузиондық трансфузиондық ем. Қанның 25% көп мөлшерде жағалтқан жағдайларда: Полиглюкин 1,5 л дейін инфузия жылдамдығы 100-150 мл/мин, Нативті плазма 200-400мл, Альбумин 20% - 100мл ерт, Желатиноль 450 мл к/т. препараттар ағыммен енгізіледі қажет жағдйларда 2-3 рет. Қан айналым қалыптасқаннан кейін – қан жоғалтудың 30-40% көлемінде эритроцитарлы массаны Реополиглюкин немесе 5% Альбуминмен қосып қатынасы 1:1 енгіземіз. Қан құю қажет емес;

  • Аминокапрон қышқылының 5%-200мл ерт. к/т, сосын 100 мл әр 3-4 сағат сайын, Викасол 2-3мл б/е, Дицинон 2-4мл б/е тәулігіне 3 рет.Фибриноген 1-2г хлолы натридің 250-500мл ертіндісімен, хлорлы кальцидің (глюканат) 10%-10мл ерт. к/т, Трасилол 25-50 000 Бірлік к/т (Контрикал 30-40 000 Бірлік) тәулігіне екі рет.

Қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдісі:

  1. қан кету аймақтарын суық сұйықтармен шаю(5% Аминокапрон қышқылымен, 10% Хлорлы кальцидің ертіндісімен, Адреналинмен Новокаин ертіндісімен);

  2. жергілікті Тромбин (асқазанға алдын ала 5-10 минут бұрын 1-2г натрии гидрокарбонатын енгіземіз);

  3. пленка түзетін препараттардың көмегімен жапсыру;

  4. электрокоагуляция, лазерлі фотокоагуляция;

  • өңештің варикозды кеңеюлері кезінде қосымша Питуитрин 20Бірлік 200мл – 5% Глюкоза ертіндісі енгізіледі, қажет болса- 4 сағаттан кейін қайталау. Арнайы зондтпен веналардың компрессиясы(Блекмор) декомпрессиясыәр бір 5-6 сағат сайын. Склеротерапия Полидоканолмен (Этоксисклерол)0,5% ерт. порциямен 1мл парвазалды өңештің терминалды бөлігіне жалпы дозасы 40 мл. Процедураны қажет болған жағдайларда әр 5-7 күнде (1-4рет) қайталайды. Лазерлі коагуляция;

  • профузды қан кетулер кезінде және консервативті емнің нәтижелігі болмаған кезде 24-48 сағат ішінде оперативті ем көрсетіледі.

Өкпеден қан кету, қан түкіру

Белгілері:

  • жөтел;

  • жөтелмен бірге қанды қақырықтың бөлінуі(қан түкіру кезінде) немесе қышқылды реакциямен көпіршікті қызғылт қан(өкпеден қан кеткен кезде);

  • қан кетудің жалпы белгілері( әлсіздік, бас айналу, ентігу, жүрек қағу, бозару, шөлдеу, құлақта шу, көрудің нашарлауы, суық тер, АҚ төмендеуі, әлсіз жиі пульс).

Шұғыл көмек:

  • тыныштық, ортопноэ жағдайы, қатты сөйлемеу, ыстық тамақ және сұйықтық ішпеу, банкалар және горчичниктер көрсетілмейді;

  • күшті жөтелу кезінде – Кодеин(0,02) немесе Дионин(0,01). Жеңіл жөтел қауіпті емес, себебі ол тыныс жолдарын қаннан тазартып, аспирациялық пневмонияның дамуын алдын алады;

  • инфузиондық-трансфузиондық және гемостатикалық ем;

  • Питуитрин 10Бірлік к/т тамшылатып 200мл изотониялық ертіндімен;

  • Гемофилия кезінде –250-500мл антигемофилді Плазмамен трансфузия әрбір 6-8 сағат сайын;

  • Верльгоф ауруы кезінде қалыпты гемостатикалық емге қосымша - 100-150мл изотоникалық ертіндіге 10мг серотонинк/т тамшылатып енгіземіз;

  • Геморрагиялық диатездермен Гудпасчер синдромы кезінде - 60-90 мг Преднизолон немесе 100-200мг Гидрокортизон;

  • Қан түкірудің себебі жүрек жетіспеушілігі кезінде;

  • ӨАТЭ кезінде.

Инфекциялық-токсикалық шок (ИТШ) – қан айналымының жедел жетіспеуі ( жедел циркуляциялық жетіспеушілік ) және онымен байланысты ауыр метаболизмдік бұзылыстар мен полиорганды патология . Ол массивті бактериямен жүретін ( менингококцеми, іш сүзег, лептоспироз, т.б. ) бактериальды инфекцияларда көрінеді , бірақ ауыр тұмауда , геморрагиялық қызбада , риккетсиозда , стафилококкты инфекцияларда дамуы мүмкін . Оның себебі кейбір қарапайымдылар ( маляриялық плазмодиялар ) және саңырауқұлақтар табылуы мүмкін .

Клиникалық көрінісі : Шоктың бастапқы фазасында (І дәрежесі) артериальды гипотензия болмауы мүмкін . Тән белгілер өте айқын интоксикация , миалгия , белгілі орны жоқ іштегі ауырсынулар , бастың ауырсынуы, қажу , үрей сезімі немесе керісінше , қозу , тахикардия , пульстін қысымның төмендеуі , уайымдау. Микроциркуляция бұзылуының ең айқын көрінісі зәр шығару жиілігінің төмендеуі ересек адамдарда 25 мл/сағ төмен ) . Шоктық индекс 0,7-1,0 дейін көтеріледі .

Шоктың айқын фазасы (ІІ дәрежесі) . Клиникалық белгілері айқын циркулярлы жетіспеушілігімен көрінеді .Артериальды қысымның күрт төмендеуі (жоғарғы деңгейі 11,9 кПа немесе 90 мм . сын . бағ . төмен ) жиі ) 100 соққы минутынан жоғары ) бірақ әлсіз толымды пульспен шоктың индекс 1,0-1,4 . Терісі суық , бозғылт , ылғалды , акроцианоз . Тыныс алу жиілеуі . Тежелу және апатия күшееді .

Шоктың декомпенсация фазасында (ІІІ дәрежесі ) артериальды қысым одан ары төмендеп , тахикардия жоғарлайды . Шоктық индекс 1,5 және одан жоғары көтеріледі . Полиорганды жетіспеушілік белгілері ( ентігу , олигоанурия , кейде сарғаю ) қосылады , жалпы цианоз жоғарлайды . Қанда – декомпенсирленген метаболикалық ацидоз , лактатуидемия , гипоксемия .

Шоктың кеш сатысында ( IV дәреже ) дене температурасы субнормальды деңгейге дейін төмендейді ), терісі суық , топырақ түсті , буын маңайында кейін бүкіл денесінде цианозды дақтар пайда болады . « Дақ» симптомы айқын . Шоктық индекс -1,5 жоғары . Анурия , жедел паренхиматозды , тыныстық жетіспеушілік , жіп тәрізді пульс , қайталанып қан кетулер болуы мүмкін ,дефекация . Сомноленция , кейін сопорға және комаға өтеді . Полиорганды жетіспеушілік қайтымсыз сипатқа ие . ИТШ кезінде негізгі терапевтикалық шаралардың мақсаты микроциркуляцияны қалпына келтіру және тамыр ішілік қанның шашыранды ұйюын тоқтату . Оол үшін бір уақытта инфузионды терапияны және көк тамыр ішіне фармакологиялық препараттарды енгізу :

Жедел көмек

  1. инфузионды заттарға кристаллоидты және коллоидты ертінділер қолданамыз . Басында 0,9 % натрий хлорид ертіндісін қолданамыз , кейін – лактасоль , энергетикалық полиионды ертінділер 1500 мл көлеміне дейін инсулинмен бірге . Оларды коллоидты ертінділермен ( альбумин , реополиглюкин) алмастырып отырамыз. Инфузионды ертінділер үздіксіз тамшылатып енгізгенде жалпы көлемі 4000-6000 мл дейін, коллоидты ертінділер1200-1500 мл-ден аспау керек , соның ішінде синтетикалық ертінділер 800-1000 мл. Енгізген инфузионды ертінділердің жылдамдығын және көлемін төмендеу белгісі болып орталық венозды қысымның жоғарлауы (140 мл-ден жоғары ) және ануриялық сақталуы .

  2. метаболикалық ацидозды төмендету мақсатында 300-400 мл 5 % натрий гидрокарбонатты енгізу керек .

  3. емнің басында 90-120 мг преднизолонды бір рет енгіземіз . Шоктың ІІІ – IV дәрежесінде , көк тамыр ішіне енгізген инфузионды емнің оң гемодинамикасы болмағандықтан қайтадан әрбір 15-20 мин. Сайын 60-90 мг преднизолон енгізеді.

  4. гемодинамикасын тұрақтану мақсатында , сонын ішінде бүйректің қайналымының қалпына келтіру үшін ақырындап допаминді енгіземіз (50 мг допаминді 5% 250 мг глюкоза ерітіндісінде 18-20 рет мин. жылдам тамшылатып.)

5. микроциркуляцияның коррекциясын , организмнің спецификалық емес резистентілігін көтеру үшін , қанның реологиялық қасиетін және гемостазды қалпына келтіру үшін тренталды енгіземіз (пентоксифиллин)

6. массивті инфузионды терапияны жүрек гликозидтерімен , комплексті витаминдермен , әсіресе аскорбин қышқылымен электролидті балансты коррекциясымен бірге қосып береміз.

7. науқасты ИТШ –дан шығару үшін фармакологиялық заттар ішінде басты орында гепарин тұр , интенсивті терапияны содан бастауы керек , әсіресе шоктың бастапқы дәрежесінде. Қанның шашыранды ұюы басым болғанда оны көк тамыр ішіне , басында 1 рет , кейін тамшылатып -5 бірліктен , қан ұюы уақыты бақылауында (18 лит . жоғары емес ) ИТШ –ң ІІІ – IV дәрежесінде фибринолизин ингибиторларлы –протеинозаларды (контрикал 20000 бірлік немесе т.б.) гепаринмен бірге енгізген жөн .

8. жоғары аталған терапевтикалық шараларды мұрын , жұтқыншақ катетер арқылы тұрақты ингаляцияны жүргіземіз , жақсы ылғандандырған оттегі 5 л/мин жылдамдықпен беріледі.

9. науқастың функциональды жағдайы аяқтары 15 ˚ дейін көтерілуі керек .

10. диурезді бақылау үшін қуықты үнемі катетеризациясын жүргізу тиіс. 1 минутта 0,5-1,0 мл дейін зәр шықса бұл паренхиматозды органдардың адекватты перфузиясын және терапевтикалық шаралардың эффективтілігінің негізгі көрсеткіші болып табылады .

Адреномиметиктерді ( адреналин , мезатон ) қолдануы жоғары аталған шаралардың эффектісі болмағанда қолданылады . Гемодинамикасы тұрақтағанда экстаркорпоральды детоксикация , ГБО әдістері қолдануы мүмкін . Науқасты ИТШ-дан шығарғаннан кейін ары қарай интенсивті терапияны жалғастыру керек , өйткені тыныс ( «шоктық өкпе») бүйректік ( « шоктық бүйрек»), бауырлық жетіспеушілікті болдырмау үшін .

Жарақатты шок

Шоктардың әртүрлі кезіндегі сияқты жедел көмек бір – біріне ұқсас және жедел тыныс алу мен қан айналысының шараларын емдеу басты орын алады.

Жарақаттық, геморрагиялық, гиповалемиялық шоктарды емдеу: Интенсивті- трансфузионды терапия, қан кетуді тоқтату, жедел тыныс жетіспеушілікті жою, асқыну және патологиялық импульстарды блоктау және ликвидациялау, патогенетикалық медикаментозды терапия, ағзадан тыс детоксикацияның қазіргі кездегі әдістері жиі плазмофорез болып табылады.

Шок жағдайындағы науқасқа дәрігердің көмек көрсетуінің реттілігі:

  1. Қан кетуді тоқтату. Сыртқа қан кету кезінде жараны тампондайды, басатын таңу салады немесе қан ағып жатқан тамырда зажиммен қысады. Жгут тек артериалды қан кеткенде салуға болады. Шок кезінде науқастарды тасымалдау: геморрагиялық шок кезінде носилкамен тасымалдау инфузионды терапиямен бірге жүргізілу керек. Егер сынық болатын болса,иммобилизация жасап, тыныс бұзылысында жасанды тыныс беру жүргізіледі.

  2. Жедел тыныс жетіспеушілігінде келесі тағайындаулар жасалады: пневмотороксты дер кезінде диагностикалау маңызды орын алады. Ол кезде жедел тыныс жетіспеушілігінің алдын- алу үшін плевра қуысын дренаждау керек. Госпитализациялау кезіңіне дейін плевра қуысын жуан инемен ( Дюфо инесі) пункциялацды. Бұл жабық пневмотороксты ашық пневмотороксқа айналдырып, жасанды тыныс алдырудың эффективтілігін жоғарлатады. Егер асфиксия күшейсе, трахеостомия жасайды.

  3. Қарқында инфузионды-трансфузионды терапия жедел гиповалемияның коррекциялаудың негізгі әдісі болып табылады.

Науқасты горизонтальды немесе басын сәл төмен түсіріп жатқызады. Ал егер АҚҚ – мы төмен болса, аяғын жоғары көтереді. Перифириялық венаны пункциялап немесе катетеризациялап, плазма алмастырушы сұйықтық құйя бастайды. Инфузияға арналған сұйықтықтың көлемі мен енгізу жылдамдылығы айтарлықтай болу керек. Сұйықтықты тамшылатып енгізу шок кезінде мүлдем әсер етпейді. Инфузияның көлемі АҚК-ң жетіспеушілігі жоғары болу керек. Алғашқы сағаттарда егер көмек кеш жасалса, инфузия жылдамдылығы 2-4 мм-сағ болуы керек. Осындай көлемді сұйықтықты орталық венозды қысымды бақылап отырып енгізеді. Егер қан қысымы мен венозды қан қысымы төмен болып қалса, инфузия жылдамдығын көбейтіп 2-3 венаға құйяды. Плазма алмастырушы сұйықтық: кристолоидты ертінділер (5%глюкоза ертіндісі; 0,85% натрий хлор ертіндісі ; рингер;рингер-локк ертіндісі) , полисахаридтердің ертіндісі( полиглюкин, реополиглюкин), желатиндер (желатиноль) , қанның белокты препараттары (альбумин, жаңа мұздатылған плазма) , қарқынды инфузионды-трансфузионды терапияны госпитализацияға дейінгі кезеңде жүргізгенде, кристалоидты және коллоидты ертінділердің қатынасы 1:1 , 1:2 болады. Стационарда инфузияны жалғастырып, эритроцитті масса құяды.

Күйіктік шок кезінде инфузиялық терапияның құрамында плазма компоненттері және қан бар.Ұзақ уақытқа жансыздандыру жүргізіледі. Инфузионды терапияны систолалық қысымды тұрақтандыру үшін қолданылады.Саны 90-100 мм.с.б.б. және овқ 50-100 мм.с.б.б. болуы керек. Қанағаттанарлық жағдайға жеткізуде несеп бөлуде перифериялық қан ағысты тұрақтандырады. Бірақта инфузионды терапияны жүргізіп АҚҚ –мының көрсеткіштерін қанағаттанарлықтай болғаныменде науқастың терісі бозғылт, ұстағанда терісі суық, зәр шығару 20 мл\ сағат төмен немесе жоқ. Оған тамыр кейтетін заттар енгізіп гемодинамикада көрсеткіштерін бақылауға алу керек. Қан айналысының ортақталуы және тамыр спазмын АҚК жетіспеушілігін қалпына келтіргеннен кейін баяу нейролептикалық, спазмолитикалық немесе ганглиоблоктайтын препараттар енгіземіз. Тез және жақсы әсерді 0,25% новокайнды енгізгенде байқалады. Тамыр тарылтатын әсер ететін дәрілер дроперидол және диазепам. Стационарда нитриттер ( нитроглицерин, нитропруссид) және ганглиоблакаторлар ( пентамин, гигронии) тағайындалады.Барлық тамыртартқыш және спазмдар баяу тамшылатып гемодинамикалық бақылауымен енгізеді.Гипотензия кезінде инфузияныжүргізілуін жоғарлатады,бір уақытта тамыртартқыш заттың енгізілуінің жылдамдығын баяулатады.Науқаста стабильді систола.Қан қысымы 800-100 мм.с.б.болса,жүргізілген терапия әсерлі болып саналады.Жедел жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда шоктың әр түрлі формалары болса,катехоламеннің ақ дозасын тамшылатып енгізеді.Ол кезде 1мг адреналин ампуласын 200-500 мл сұйық езіп, тез жылдамдықпен енгізеді.Бұл кезде ЧСС жоғарламайды, тек гемодинамиканың көрсеткіштері жақсарады. Шок кезінде жедел қан айналымының жетіспеушілігінің емдеуінде кортикостеройдты препарат кеңінен қолданады.Оларды көктамырға фракционды және тамшылатып енгізеді.Шок терапиясы кезінде өршіген диссеминирленген тамырішілік қанұюының алдын-алуында гепарин тағайындайды.Қан ұю уақыты 15 мин мен басқа коагулограмма көрсеткіштердің бақылауымен енгізіледі.Бақылаусыз гепаринді енгізу қауіпті.Аллергия және нейрогенді шоққа,қан тамыр тонусының бұзылу және тамырішілік көлемінің шамалы жоғарылығымен сипатталады.

Салыстырмалы гиповалемия жедел қан айналымының тамырішілік көлеміне сәйкес келмеу нәтижесінде дамиды.Шұғыл шара комплексіне инфузионды терапия кортикостероидты препарат және вазоактивті заттар (эфедрин,адреналин,допалин)енгізу болып табылады.Аллерголиялық шок кезінде антигистоминді препарат (супрастин,димедрол және т.б) гипотензияны күшейту үшін тағайындалады.Инфузионды терапия көлемін науқастар реакциясымен жағдайды анықтағаннан кейін қолданылады.Зәр шығару қалпына келгенде ОВҚ қалыпты мөлшерден аспайды,бірақта гемодинамиканы ұстап тұру үшін инфузияның жоғарғы көлемін тағайындайды.

Инфузионды терапия жүргізуде процесстер;

  • үнемі ОВҚ,АҚ, пульс жиілігін,өкпе жағдайын бақылап отыру керек.

  • Сыртқы жоғалтқан сұйықтық өлшеу қан-жоғалту,іш өту кезінде ішек бөлінісін жоғалту.

  • Тамырішілік сұйықтық көлемін жоғалту:полижарақат жұмсақ тіндерде гематома түзілуі,гемоперитонеум,гемоторокс,асқазан-шектен қан кету,жедел панкреатит іш қуысында плазма жоғалту,ішек өтімсіздігі ішекте қуысында плазма жоғалту.

4. Шок жағдайда ауырсыну сезімін міндетті түрде жансыздандырады.Регионарлы немесе жалпы анальгезияны АҚ төмен болсада және гиповалемия кезінде қолдануға болмайды.Себебі,ол гипотензияны күшейтуге және науқастың жағдайы нашарлауға алып келеді.Сондықтан ерте емдеу этапын өткізгіш жергілікті анестезия,жалпы аналгезия,антигистаминді және нейтролептикалық препарат қорғанышты инфузионды терапиямен бірге жұргізу керек.Жалпы анальгезияны наркотикалық анальгетиктермен морфин,промедол,фентания жасалады.Міндетті түрде тыныс,және гемодинамика жағдайында бақылауда болуы қажет.Сонымен қатар көктамырға аналгин енгізу,азот тотығының жалпы анальгезия жақсы жансыздандыру әсерін береді.

5. Шок жағдайында емдеуде детоксикалық шаралардың маңызы зор.Экзотоксикоз кезінде ұлы заттармен уланғанда және эндотоксикоз инфекция септикалық шок,полиағзалардың жетіспегенде кезінде экстракорпоральді детоксикация плазмоферез,гемосорбция,лимфосорбция, гемодиализ,ультрагемофильтрация әсерлі болып, табылады.Детоксикация терапияның қарқынды терапия реанимация бөлімінде жүргізілу керек.

Күйіктер

АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗУҒА КӨРСЕТКІШТЕР:

  1. II дәрежелі күйік – дене аумағының 15 %

  2. III дәрежелі күйік – дене аумағының 5 % (бұндай күйіктер хирургиялық кірісулерді қажет етеді)

  3. Бет, табан, қол басының және шап аралық күйіктері

  4. Электр күйігі

  5. Ингаляциялық зақымданулар, соның ішінде түтінмен, оттегі тотығымен улану

  6. Химиялық күйіктер (бұндай күйіктер тереңдігімен, сол жерді шаю қажет етіп, III дәрежелі күйікке жатады)

  7. Қосарланған күйіктік және механикалық жарақаттар, сонымен бірге сүйектер сынығы, аздаған тұйық және өтпелі жарақаттар

  8. 10 жастан 50 жасқа дейінгі жарақаттанушылардағы түрлі күйіктер

  9. Күйікпен қоса қауіпті аурулары бар науқастар (қант диабеті, созылмалы алкоголизм, бауыр циррозы, жүрек аурулары, ЖИТС)

  10. Өздері немесе ата-анасының мұқиятсыздығынан күйген балалар

  11. Бұдан бұрын амбулаторлы емделген инфекцияланған науқастар

  12. III дәрежелі күйіктер, терінің ауыстырылуынан немесе қондырыуымен жүретін

  13. Кейбір науқастар өзіне күтім жасай алмайтындар, 2- лік инфекция дамуына жақындар

а) нашақорлар

б) психикалық аурулар немесе ақыл – есі аздар

в) жетімдер

г) қауіпті күйігі бар науқастар, басқа емдік мекемелерге жатқызылғандар

14. Арнайы мамандандырылған көмекті қажет ететін жедел массивті тері жабындыларын жоғалту синдромымен, яғни,Стевенсон - Джонсон синдромы, (Лайелл синдромы), токсикалық эпидермалды некролиз, кесілген терең механикалық жаралар күйік орталығында емдеуді қажет етеді .

_______________________________________________________________

ҮСУ. Көбіне денеге ұзақ уақыт суық әсер еткенде, көбіне аяқ бөліктері тоңғанда. Суықтың әсерінен теріде қан айналыс бұзылып, оның некрозына және терең өзгерісіне әкеледі. Зақымдалу дәрежесін үсік кезінде анықтау өте қиын, өйткені көріністері күн аяғында пайда болады.

Адам ағзасы ұзақ уақыт суықта болса, оның тоңуы болады. Ағзаның тоңуына жоғары ылғалдық, қатты жел, шаршау, ашығу, аз қозғалыс, алкоголден масаю, кейде бөлме температурасы нөлден төмен болса да әкеледі.

Тоңғанда ең бастапқы кезде дірілдеу, пульстің жоғарылануы, тыныс жиіленуі, тері бозаруы байқалады. Содан кейін ұйқышылдық, жүрек соғуы, артериалды қысым төмендеуі байқалады. Тыныс алу беткей және сирек болып, кейде естен танып немесе өліп кетуі мүмкін.

Науқасты қарағанда көзге түсетіні тері жабындылары бозарған, сезімталдығы төмендеген немесе азайған болады. Егер тоңудан кейін аяқ бөліктерді жылыт -са, тез арада ауырсыну болады. 24 сағат кейін үсік дәрежесін бағалаймыз:

I дәреже – гиперемия және тері жабындыларының цианозы, аяқ бақайлары ның дисталды бөліктерінің ісінуі.

II дәреже – геморрагиялық құрамы бар көпіршіктер.

III дәреже – көпіршіктер жарылған соң некроз ошақтарының пайда болуы.

IV дәреже – аяқтағы дисталды бөлімдердің ісінуі, қараюы, мумификациялануы.

Жалпы үсіген адамда селқостық, апатиялық жағдай, тері жабындыларының бозаруы, суық, дене температурасы 36 градус төмендеуі, брадикардия, гипотензия байқалады.

Үсіген адамды тез арада жылыту керек: яғни жылы жерге кіргізіп, аяқтарын, үстін киімнен, аяқ киімнен босатамыз. Аяқтарының басын қолмен немесе жұмсақ матамен ысқылап, сосын 35 градус жылы суға салады, судың температурасын 10 минут ішінде 45 градусқа көтеріп отырады.

Бұндай процедура аяқтағы ауырсынуды басып, оның жылынуына әкеледі, болғаннан кейін, құрғатып сүртіп, жауып қояды.

Егер аяқтары бұдан кейін де суық, бозарған болып қалса, ол терең үсік белгілері. Науқаста қатты ауырсыну болса, анальгетиктер (наркотикалыққа дейін) беріледі, келесіде оны травматологиялық, іріңді-хирургиялық және қүйік бөлімдеріне жатқызады.

Суға бату. Суға батудың 3 түрі бар: біріншілік немесе шынайы, асфиксиялық немесе «құрғақ», екіншілік. Сонымен қатар судағы өлім басқа да себептерден, мысалы: жарақаттар, жедел миокард инфарктісі, инсульт, жүрек фибрилляциясынан болуы мүмкін.

Біріншілік суға бату көп кездеседі. Бұл кезде жыныс жолдары және өкпе сұйықтықпен бітеледі, сөйтіп су қанға өтеді.

Тұзсыз суға бату кезінде қан плазмасындағы иондардық тепе-теңдігі бұзылып, гемолиз гиперволемияға, гемодилюцияға гипопротеинемияға, артериалды гипоксемияға әкеледі. Науқасты судан шығарып біріншілік көмек жасағанда өкпе ісігі пайда болып, тыныс жолдарынан бозғылт көпіршік бөлінеді.

Теңіз суына бату кезінде, қанның қоюлануы байқалады (гиповолемия), қан плазмасындағы натрий, кальций, хлордың иондары жоғары болады. Клиникалық белгілері өкпе ісігінің пайда болуы, тыныс жолдарынан ақ көпіршіктің бөлінуі.

Асфиксиялық суға бату рефлекторлы ларингоспазмның пайда болуынан, яғни ол судың аспирациясына бөгет келтіреді. Бұл көбіне қатты хлорланған немесе лайлы суда көбіне әйелдер мен балаларда дамиды. Бұнда өкпе ісігі байқалмайды, бірақ көп мөлшерде асқазанда су болады.

Екіншілік суға бату суық суға түскен соң жүректің кенеттен тоқтауынан (фибриляциясы) пайда болады . Кейде тыныс алу мүшелерінің немесе ортаңғы құлақтың (дабыл жарғағы перфорациясы) рефлекторлы реакциясы да белгілі роль атқарады. Клиникалық көрінісі бозару, перифериялық қан тамырларының айқын спазмы. Бұл кезде өкпе ісінуі болмайды.

Науқас жағдайы оның суда қанша уақыт болғанына, бату түріне, дененің тоңуына, психикалық жарақатына байланысты.

Жеңіл жағдайда науқастың есі анық, бірақ олар қозу жағдайында, діріл, кейде құсу байқалады.

Суда ұзағырақ жатқанда тері жабындыларының цианозы, сананың бұзылуы немесе оның жоғалуы, моторлы қозу, тырысулар, қарашықтардың кеңеюі, сырылдаған тыныс, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен тахипноэ, айқын тахикардия, теңіз суына батқанда өкпе ісінуі тез өрістейді .

Суда ұзақ жатқанда тыныстың жоғалуына (тыныс қозғалыстарының) және жүрек қызметінің тоқтауына (ұйқы артерияларында пульстің жоғалуы) әке-леді.

Суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек :

Адамды судан алып шыққанда абайлап артынан жүзіп келу керек. Батқан адамды шашынан немесе қолтығынан ұстап, бетімен жоғары қарату керек және оған өзіңді ұстауға мүмкіндік бермей, жағаға қарай жүзу керек. Зардап шеккен адамды судан алып шыққаннан кейін, басы кеуде клеткасынан төмен болу үшін ішімен бүгілген тізеге жатқызады және кез – келген мата бөлігімен ауыз қуысын және жұтқыншақты судан және құсық массаларынан тазалайды. Одан кейін трахея және бронхтардан суды шығару үшін кеуде клеткасын күшті қозғалыстармен қысады. Суға батқанда тыныс орталығының параличі 4-5 минуттен кейін пайда болады, ал жүрек қызметі 15 мин дейін сақталуы мүмкін. Ауа жолдарын судан босатқаннан кейін, зардап шеккен адамды тегіс жерге жатқызады және жасанды тыныс беруге кіріседі (ішкі аурулар, кенеттен қайтыс болу бөлімін қараңыз). Қажет болғанда жүректің сыртқы массажы жүргізіледі. Реанимацияны ұзақ, бірнеше сағат бойы өзіндік тыныс қалыптасқанша немесе биологиялық өлімнің нағыз белгілері пайда болғанша жүргізеді.

Зардап шеккен адамға көрсетілетін алғашқы көмек :

  • Бірден судың бетінде алдын – ала дайындалған көмекші затпен өкпенің жасанды вентиляциясы. Қайықта және жағада ауа өткізуші заттарды, ауыз – мұрын маскасын немесе Рубен қабын қолданады.

  • Ұйқы артерияларында пульс анықталмағанда лезде жүректің жабық массажын жасай бастайды.

  • Зардап шеккен адамның есі бар болса, оған мүсәтір спиртінің буларын иіскеуге береді, тері жабындыларын ысқылайды және жылы көрпеге орайды.

  • Нағыз суға батқанда зардап шеккен адамды ішімен көмек көрсетіп жатқан адамның бүгілген аяғының санына жатқызады және 10-15 сек бойы қолмен кеуде клеткасының бүйір беттеріне күшті, біріне –бірі бағытталған қозғалыстар жасап тыныс жолдарын судан босатады. Одан кейін зардап шеккен адамды арқасына жатқызады және ауыз қуысын тазалап, өкпенің жасанды вентиляциясын жасай бастайды. Өкпенің жасанды вентиляциясын спонтанды тыныс пайда болғаннан кейін де, адам есіне келмегенде және дамып келе жатқан өкпе ісінуінің белгілері болғанда жалғастыра береді.

Тыныстың күрт бұзылыстары және өкпе ісінуі трахея интубациясына және тыныс шығарғанда кедергі тудырумен (әсіресе теңіз суына батқанда), артериалды қысым деңгейін бақылай отырып таза оттегімен өкпенің жасанды вентиляциясын жасау негізгі көрсеткіш болып табылады.

Цианоз және мойын веналарының білеуленуімен жүретін тұщы суға бату қан ағызуға (стационар жағдайында болса жақсы), 500 мл дейін 4-5 % натрий гидрокарбонаты ерітіндісін, кейін 40-80 мг фуросемид (2-4 мл лазикс) вена ішіне ағыммен енгізуге көрсеткіш болып табылады. Моторлы қозу 120-150 мг/кг зардап шеккен адамның массасына шаққанда дозасында натрий оксибутиратымен басылады, ол сонымен қатар гипоксилық энцефалопатияның да алдын алады (осы мақсатпен нейролептоанальгезияны да қолданады).

Суға батудың ауыр формаларында өкпенің жасанды вентиляциясын жалғастыра отырып, зардап шеккен адамды жақын жердегі реанимация бөліміне тасымалдайды.

Тұншығу (суға бату, тұншықтыру, жердің астында қалу және басқа да жағдайлар) жиі көмейді, трахеяны қысудан (қолмен, баумен) дамуы мүмкін (тұншықтыру ), ауа жолдарының суға толуынан (суға бату), шырыш, құсық массалары, жермен бітелуінен, көмейге кіреберістің бөгде заттпен жабылып қалуынан немесе инфекциялық аурулардан (дифтерия , грипп , ангина) туындаған көмей ісінуі, тыныс орталығының параличі кезінде, басқа да себептерден тілдің түсіп қалуынан дамуы мүмкін.

Тұншыққанда алғашқы жәрдем сәйкесінше көрсетіледі . Ауа өткізуші жолдардың қысылуына әкелген себеп жойылады және жасанды тыныс жасауға кіріседі.

Көмей ісінуінде қиындаған шулы тыныс естіледі, тері жабындары көгереді. Мойынның сыртқы бетіне суық компресс қойып, нуқас адамның аяғын ыстық ваннаға салып қою керек. Мүмкіндік бар болса тері астына 1 мл 1% димедрол ерітіндісін егеді. Науқас адамды неғұрлым ерте емдеу мекемесіне жеткізу керек.

Жер астында қалу ауыр зақымданулармен (Қысылуды қараңыз), бет және мойынның ұсақ веналарының жыртылыстарымен бірге жүреді. Ең бірінші тыныс жолдарының өткізгіштілігін қалпына келтіріп, ауыз қуысын және жұтқыншақты жерден тазартып, жасанды тыныс беру, жүрек массажы сияқты реанимациялық шараларды бастау керек. Клиникалық өлімнен шығарғаннан кейін зақымдануларды қарауды бастайды, аяқ –қолдар жарақаттанғанда оларға жгут салады, жансыздандырушы заттар енгізеді.

Судан немесе жер астынан құтқарылғандарға

Барлық жағдайларда судан немесе жер астынан құтқарылғандарға көмек көрсеткенде олардың уақытша мұздауына жол бермеу керек. Жылыту үшін щеткалармен, суконкалармен, жүн қолғаптармен құрғақ ысқылаулар жасап, камфора спиртін, сірке қышқылын, арақты, мүсәтір спиртін және теріні тітіркендіретін басқа да заттарды қолдануға болады. Жылы суы бар бөтелкелерді немесе грелкаларды қолдануға болмайды, себебі бұл жағымсыз әсерлерге әкеледі қанның орталықтануы, күйіктер).

Жылулық соққы немесе гипертермиялық кома- сыртқы жылулық факторлар әсерінен организмнің жалпы шамадан тыс жылынуынан туындайтын патологиялық жағдай. Жылулық соққы белгілі бір уақыт аралығында температурасы және ылғалдылығы жоғары бөлмеде болғанда (сауна, орыс моншасы), колоннада ұзақ жүргенде, әсіресе ыстық климат жағдайында, ыстық, вентиляциясы нашар бөлмеде ауыр, күшті физикалық жұмыс жасағанда туындайды.

Бастан күн өту жылулық соққының ерекше формасы болып табылады , осы кезде бас аймағына тура күн сәулелерінің күшті әсерінен орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы жүреді (жиі жағада күнге шамадан көп қыздырыл-ғанда, ыстық климат жағдайында ұзақ жүргенде).

Күн көзінде жүрген уақытта және инсоляциядан 6-8 сағ кейін де бастан күн өтуі мүмкін. Бас аймағына тура күн сәулелері шамадан тыс әсерінен бастан күн өтеді, нәтижесінде ми қан тамырлары кеңейіп, басқа көп мөлшерде қан келеді, ми ісінуі болады. Ұсақ қан тамырлары жарылса мидің әртүрлі бөлім деріне және қабықшаларына аздаған қан құйылулар болады, нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. Бастан күн өтудің алғашқы белгілері – беттің қызаруы және бастың қатты ауырсынуы. Одан кейін жүрек айну, бас айналу, көздің қарауытуы және құсу пайда болады. Науқас адам есінен айырылады, пульсі және тынысы жиілейді, ентігу пайда болады, жүрек қызметі нашарлайды.

Әкелуші жағдайлар – ыстық, желсіз ауа- райы, бастың шүйде – төбе бөлігіне күн сәулелерінің ұзақ әсері, күн көзінде мас күйінде, немесе асқазан шамадан тыс толғанда жүру. Алдын –алу шаралары – бас киім кию, басқа суық су құю. Күн көзінде ұйықтау, ыстық күндері дем алусыз ұзақ уақыт жүру жағымсыз.

Жылулық соққының туындауына әкелуші факторлар :

  • жылы киім;

  • суды ішке қолдану режимін бұзу;

  • қатты шаршау;

Жылулық соққы су – электролитті алмасудың айқын бұзылыстарымен, қан айналудың регионалды бұзылыстарымен, периваскулярлы ісінудің дамуымен, миға ұсақ нүктелі қан құйылулармен бірге жүреді. Адам дененің шамадан тыс қызуынан туындаған ауыр жағдай тіршілік барысында және зат алмасу процесінде денеде үнемі түзіліп отыратын жылудың сыртқы ортаға берілуі қиындағанда пайда болады. Дененің шамадан тыс қызуына тердің бөлінуін бөгейтін (физикалық күш түсу, қатты шаршау, организмнің сусыздануы, көп мөлшерде тамақ қабылдау, тер бездері функциясының тежелуі) немесе тердің булануын қиындататын жағдайлар (сыртқы ортадағы жоғары температура, ауаның ылғалдылығы, ауа өткізбейтін қалың киім) әкеледі. Жылулық соққы ыстық күндері ғана емес, сонымен қатар жоғары температураның ұзақ әсерінен бөлмелерде де болуы мүмкін.

Жылулық соққының алғашқы белгілері әлсіздік, шаршағыштық, бастың ауруы, бас айналу, ұйқышылдық. Бет терісі қызарады, дене температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, ұйқы басады, есту қабілеті төмендейді, іштің өтуі, құсу байқалады, кейде сандырақ, галлюцинациялар болады. Сол кезде организмнің шамадан тыс қыздырылуына әкелген себептер жойылмаса жылулық соққы дамиды, науқас адам есін жоғалтады, жерге құлайды, беті бозарады, көгереді, тері жабындылары ұстағанда суық, термен жабылған, пульсі жіп тәрізді. Ауыр жағдайларда Чейн – Стокс типіндегі патологиялық тыныс түрлері, гипотензия байқалады. Науқас адамның санасы бұлыңғыр, кейде комаға түседі, тырысулар, есінен тану, сандырақ, психомоторлы қозу байқалады.

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК:

- Зардап шеккен адамды ыстық бөлмеден алып шығып, оны таза жақсы вентиляциямен қамтамасыз ету керек.

- Арқасына жатқызып, басын жоғары көтеру керек, қысатын киімді босатып немесе шешіп қою керек, белбеу бар болса, оны босату керек.

- Суық су ішкізу, сонымен қатар стаканның үштен бір бөлігі мөлшеріндегі суға 15-20 тамшы валериана тұнбасын тамызып беру.

- Басына және шап аймағына суық компресс (мұз) қою, суық суға матырыл ған простынялармен орау, ауыр жағдайларда үстіне суық су құю.

- Тынысты қоздыру үшін абайлап мүсәтір спиртін иіскетеді. Сол спиртке матырылған мақтаны зардап шеккен адамның тынысы қалпына келгенше бірнеше рет мұрнына жақындатады.

- Жедел жағдайларда, адам есін жоғалтқанда, тынысы жоғалғанда және пульсі анықталмағанда дәрігерді күтпей жасанды тыныс және жүректің жабық массажын жасау керек.

- Вена ішіне тамшылатып натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін, реополиглюкин енгізу керек (жалпы мөлшері – 1500 мл дейін), қажет болса артериалды қысымды бақылаумен аз мөлшерде допамин жібереді.

Жылулық соққыдан зардап шеккен адамдар жалпы жағдайының және гемодинамикалық бұзылыстардың ауырлығына байланысты реанимация немесе терапевтік бөлімдерге (интенсивті терапия және бақылау палаталары)

жатқызылады, сол жерде мүмкін асқынулардың, мысалы, өкпе ісінуі сияқты, емі жүргізіледі.

Жылулық соққы және бастан күн өтуге ыстық ауа – райын нашар көтеретіндер, толық адамдар, жүрек - қан тамыр жүйесінің, ішкі секреция бездерінің аурулары бар, сонымен қатар алкогольді көп қабылдайтын адамдар неғұрлым биігірек болады. Кішкентай балалар денесі тез қызады, себебі олардың термореттеуші жүйесі физиологиялық ерекшеліктерге байланысты дұрыс қалыптаспаған.

АЛДЫН – АЛУ ШАРАЛАРЫ

Ыстық күндері далада жұмыс істегенде немесе жүргенде кезеңді түрде көлеңкелі жерлерде дем алу керек, денеге суық су құйып немесе суға түсу керек. Сұйықтық ішіп отыру керек, егер адам аз мөлшерде ішсе тер бөлу азаяды, ал тер бөлінгенде адам денесі салқындап отырады. Ауасыз ыстық бөлмелерде жақсы вентиляция жасап отыру керек.

Электрожарақат дегеніміз адам организмінде электр тооғының зақымдауы нәтижесінде мүшелер мен жүйелерде терең функционалды бұзылыстардың дамуы, ең бірінші – ОЖЖ, қан айналым және тыныс алу мүшелерінде. Электрожарақаты электр тоғының көзімен тікелей жанасқанда ғана емес, кездейсоқ кернеу астындағы қалған заттармен жанасқанда да алуға болады, сонымен қатар қашықтықта доғалы қатынаста немесе ток фазасының жерге берілуі нәтижесінде. Электрожарақат электр тоғының әсеріне ұшыраған адамды білмей қате босатудан да дамуы мүмкін.

Электр тоғының спецификалық әсері келесі аффектер түрінде көрінеді :

  1. Электрохимиялық (электролиз, клеткалар мембраналарында иондық тепе – теңдіктің бұзылуы, ақуыздар коагуляциясы, тіндердің колликвациялық некрозы).

  2. Жылулық (жанаспалы күйіктер, сүйектер зақымдалуы).

  3. Механикалық (тіндердің ажырауы, тін және дене бөліктерінің жұлынуы).

  4. Биологиялық (гиперкатехоламинемия, жүрек фибриляциясы, апноэ, тырыспа синдромы, ларингоспазм).

Электр тоғының спецификалық емес әсері организмнен тыс жерде энергия ның басқа түрлеріне айналуымен байланысты .

Қызып тұрған өткізгіш жүйелерден термиялық күйіктер дамиды, вольттық доғадан – көз конъюктивасының және қасаң қабықтың зақымдалуы, көру нервісінің атрофиясы, дыбыстық толқыннан – құлақ барожарақаты. Электротехникалық құрылымдар, кабельдердің пластмассалық жабынды-лары, трубопроводтар жанғанда улану өнімдерімен (газдармен) улану болуы мүмкін.

Электр тоғымен зақымдалудың патогенезінде терінің электроөткізгіштігінің маңызы зор. Ол теріде механикалық зақымданулардың бұзылуымен, терінің қалыңдылығымен, ылғалдылығымен (ылғалды терінің қарсыласуы 100-200 есе төмен), васкуляризациясымен анықталады. Тері жабындысының ең сезім-тал аймақтары алақандар, бет терісі, шап аралық болып табылады, ал сезім-талдылығы төмен – бел бөлімі және тобық буыны аймағы. Алайда тері қарсыласуының маңызы ток кернеуі шамамен 500 В дейін болғанда бар, одан жоғары болғанда тері зақымдалулары пайда болады, ток белгілері (домалақ немесе сопақ келген кратер тәрізді сары – қоңыр түсті, периферия-сында көкшіл келген дақтар, диаметрі 5-6 см дейін, түк жабындыларының зақымдалуынсыз және ауырсыну реакциясының болмауымен. Сонымен қатар мұнда ток өткізуші материялды анықтауға болады). Нервтер және қан тамыр-лары неғұрлым зақымдалуға ұшырайды.

Ауыспалы токтың зақымдаушы әсері неғұрлым жоғары, кернеуі 50-60 В болғанда өмірге қауіпті болуы мүмкін. Кернеуі 127-380 В болғанда зардап шегушілердің төртеуінің бірі өлімге ұшырайды, ал кернеуі 1000 В болғанда -екінің бірі. Кернеуі 3000 В ауыспалы ток бірден өлімге әкеледі. Токтың зақымдаушы әсерінің қауіптілігі оның жиілігі азайған сайын төмендейді. 60 гц жиілікте токпен зақымдалу қауіптілігі азаяды, ал шамамен 500 кГц жиілікте толығымен жойылады, алайда осы кезде термиялық зақымдалу қаупі сақталады.

Электр тогының зақымдаушы әсері негізінен оның күшіне байланысты (ток күші 15 мА болғанда өздігімен қолды босатып, ток көзінен алшақтау мүмкін емес).

Электржарақатының клиникалық көрінісі оның патогенезіне, токтың өту бағытына (ток ілмегі) байланысты, зардап шегуші адамның айғайлауы тән, бұл кезде ларингоспазм және асфиксия дамуы мүмкін.

Жеңіл жағдайларда науқас адам шошынған, көзінен «от шашырағандай» сезімге, жарықтан қорқу сезіміне шағымданады. Ауыр жағдайларда бастың ауырсынуы, бас айналу, кейде жүрек айну (құсу), клоникалық тырысулар, тіл парезі, бұлшықеттердегі ауырсыну байқалады. Кейде ретроградты амнезия-мен естен тану, күрделі диэнцефалды синдромдар байқалады.

Науқас адамдар жиі жүрек аймағындағы ауырсынуларға, жүрек қағуға, тахиаритмияларға немесе брадикардияға (жүрек блокадасы) шағымданады.

Электрожарақат кезінде организмдегі бұзылыстардың 4 ауырлық дәрежесі ажыратады :

1 – ші дәрежесі: есі сақталған, бұлшықеттердің тоникалық жиырылулары басым болады. Ток әсері тоқтағанда зардап шегуші адамдарда ауырсыну синдромы, қозу, (кейде сананың бұлыңғырлануы), тері жабындыларының бозғылттануы және суықтығы, ентігу, тахикардия, артериалды қысымның жоғарлауы байқалады.

2 – ші дәрежесі: айқын кардио – респираторлы бұзылыстарсыз естің жоғалуымен бірге тоникалық тырысулар жүреді.

3 – ші дәрежесі: кома, тыныс алудың және қан айналымның бұзылыстары байқалады, гипотензия дамиды. Ішкі мүшелердің зақымданулары болуы мүмкін: өкпе тамырларының жарылуы, паренхиматозды мүшелердің ошақты некроздары, өкпе және ми ісінуі, тор қабықтың ажырауы. Жүйелі миолиз және гемолиз жіті бүйрек жетіспеушілігінің дамуымен асқынуы мүмкін. Кейде ОЖЖ біріншілік зақымдалуы тыныс алу және қан айналуды реттейтін орталықтардың күрт тежелуіне, тіпті электрлі леторгияға дейін әкеледі. Осы кезде зардап шегуші адамды тексергенде тіршілік белгілері анықталмайды.

4 – ші дәрежесі: қарыншалар фибриляциясы немесе орталық генезді апноэ, клиникалық өлім (ерекшелігі – ұзақтылығы 7-10 мин дейін). Жиі электр тогы бас арқылы өткенде дамитын орталық апноэ тұрақты болып келеді және постреанимациялық кезеңде рецидив беруі мүмкін. Фаталды аритмиялар, зақымдалған аяқ – қол тамырларының трмбоздары сияқты тыныс алу орталы-ғының параличі кейде бірден пайда бомай, кейігі 2-3 сағ ішінде дамиды.

Электр тогы тіндерді жанасқан жерде ғана емес, адам денесі арқылы өткен жолы бойымен де зақымдайды. Ол жиі сыртқы зақымдалу белгілері шамалы болғанмен ауыр интоксикациямен жүреді.

Электржарақаттың диагностикасы қиын емес және оқиға болған жерді қарау, зардап шегуші адамды және куәгерлерді сұрастыру, ток белгілерін және жоғарыда аталған клиникалық белгілерді (ток ілмегіне шамалы баға бергеннен кейін) анықтауға негізделген.

Алғашқы көмек келесі:

  • Зардап шегуші адамды ток әсерінен босату, мұның өзі оның өмірін сақ-тап қалуы мүмкін, ток көзін өшіру (рубильник, пробкалар), немесе сымдарды әртүрлі деңгейлерде ағаш сабы бар балтамен шабу. Зардап шеккен адамды белбеуінен немесе құрғақ киімінің етегінен тартып босатуға болады, осы кезде құрғақ мата, ағаш, шыны немесе пластикадан жасалған тараны қолданып, жалаңаш аяқ – қолдың немесе аяқ киімнің (металл шегелер) жанасуларынан аулақ болу керек.

  • Электр тогымен зақымдалудың 1-2 дәрежесінде арнайы шаралар жасау қажет емес, науқас адамды тыныштандырып, ішке немесе парентералды аналгин, тавегил тағайындау керек.

  • Зақымдалудың ауыр дәрежелері кезінде « ауызбен ауызға » әдісімен немесе ауа жіберуші аппараттар арқылы (маскалар) өкпенің жасанды вентиляциясын жасау керек. Егер жарты сағат ішінде спонтанды тыныс қалыптаспаса, трахеяны интубациялап, оттегі – ауа қосылысымен өкпенің жасанды вентиляциясын жалғастыру керек. Ларингоспазм кезінде вена ішіне дитилин (1,5-2 мг/кг) енгізіп, трахея интубациясын және өкпенің жасанды вентиляциясын жасау керек. Трахея интубация-сын жасауға мүмкіндік болмағанда коникотомия жасайды (ішкі диаметрі неғұрлым кең 5-6 инемен трахея пункциясы).

  • Эффективті қанайналысы тоқтағанда біріншілік реанимацияны стандартты кезекпен жүргізеді: механикалық дефибриляция, өкпенің жасанды вентиляциясы, жүректің жабық массажы, ЭИТ жүргізу, қан алмастырушы заттардың натрий гидрокарбонатының инфузиялары, ЭКГ бақылаумен аритмиялармен күрес.

Реанимациялық шараларды ұзақ жүргізеді, 30 мин аз емес, эффективті қанайналым қалпына келгенше немесе биологиялық өлімнің айқын белгілері (қасаң қабықтың қарауытуы , «мысық көзі» белгісі) пайда болғанға дейін. Зардап шеккен адамдар зақымдалуының ауырлығына байланысты көпсалалы ауруханалардың реанимация немесе хирургия бөлімдеріне (термиялық жарақаттар бөлімі) жатқызылады.

Найзағай түсу. Найзағай түсу әдетте күн күркіреген кезде ашық жерде жүргенде немесе жалғыз тұрған ағаш астына тығылғанда болады. Найза-ғайдың зақымдаушы факторлары электр тогы, жарық және дыбыс энергиясы болып табылады. Найзағайотының кернеуі сол кезде ондаған миллион вольт, ток күші жүздеген мың ампер, найзағай каналының температурасы цельсий бойынша одаған мың градустарға жетеді. Зақымдалудың ауырлығы осы факторлардың бірге жүруімен байланысты: III-IV дәрежедегі күйіктер, күйіктік шокпен және тіндер жаншылу синдромымен ауырлай түсетін. Соны-мен қатар зардап шеккен адам ауа толқынының әсерінен жарақаттар (бас-сүйек – ми жарақаты) алуы мүмкін. Кейде найзағай түскен адамның терісінде сол кезде денесінде немесе қалтасында болған металл заттардың нақты бейнелері байқалады металлдар – алтын бұйымдар – буланып кетуі мүмкін).

Клиникалық көрінісі. Найзағай түскенде адам бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін есінен тануы мүмкін, сол кезде клоникалық тырысулар пайда болады. Есіне келу қозумен, науқас адамның дезориентациясымен бірге жүреді. Зардап шеккен адамның іс - әрекеті көп жағдайда ауырсыну синдро-мымен анықталады. Кейде галлюцинациялық – сандрақ толқулар, аяқ – қол-дарының парездері, бульбарлы бұзылыстар байқалады. Науқас адамдар бас-тың ауырсынуына, көздің көру өткірлігінің төмендеуіне, тіпті соқырлыққа дейін (тор қабық ажырығанда) шағымданады. Тері жабындарында күрең қызыл – қоңыр түсті ағаш тектес суреттер түріндегі найзағай белгілері көрінеді (қантамырлар бойымен). Кейде ауыр ангинозды статус, қан түкіру, өкпе ісінуі дамиды. Ішкі мүшелердің басым зақымдалғанымен сипатталады.

Зардап шеккен адамға көрсетілетін алғашқы көмек келесі жолмен жүзеге асады:

  • тыныс алуды және жүрек қызметін қалпына келтіру (жүректің сыртқы массажы және өкпенің жасанды вентиляциясы, жүректің механикалық және электрлік дефибриляциясы), мүмкіндік болса бір уақытта ЭКГ жазылады.

  • сол уақытта тамшылатып реополиглюкин (полиглюкин) немесе 90-120 мг преднизолонмен бірге натридің изотоникалық ерітіндісін (500 мл дейін) енгізу (гипотензияда преднизолонды вена ішіне ағыммен құяды).

  • ауырсынуды және моторлы қызуды басу үшін вена ішіне бұлшықетке) литикалық қоспаны енгізеді: 1 мл 2,5 % аминазин ерітіндісі, 1 мл 1-2 % промедол ерітіндісі және 1 мл 1 % димедрол ерітіндісі. Осы мақсатпен нейролептоанальгезия әдісін қолданады. Екі жағдайда да міндетті түрде препараттарды енгізудің алдында және кейін артериалды қысымды бақылап отырады .

  • тыныс және жүрек қантамыр жүйесі тұрақтанғаннан кейін найзағай түскен адамды горизонталды жағдайда көпсалалы аурухананың реанимация бөліміне жеткізеді.

Авторлар назарына! Құралды көркемдеуге талап!

Times New Roman, Шрифт 16. поля Жоғарғы 2, солы 3, төменгі 2, оңы 2, Әрбір парақтың нөмерлері қарама қарсы беттерде немесе ортасында орналасуы керек.

Кестелер, суреттер, фотосуреттерге нөмер қойылады, және оған сілтемелер берілу керек. Кестенің аталуын қою шрифтпен белгілеу.

Барлық негізгілерді қою шрифтпен немесе қою курсивпен белгілеу қажет.

Тестілер

(оқу әдістемелік құралға 30 немесе одан жоғары)

Тест жауаптары

(3 қатар парақ ортасында)

Әдебиеттер тізімі (оқулықтың соңында)

(алфавит бойынша ретпен жазу, рет нөмірі, авторлардың Т.А.Ә., басылым жылын және бет нөмірін көрсету қажет )

Құрал түрі (мұқабаның бірінші бетінен алу)

Авторлардың толық тегі, аты, әкесінің аты

Редактор (бар болса)

Корректор

Басылымға ұсынылды (ОӘК бекіткен күні)

Формат 60х84 1/16

Қағаз офсеттік

Көлемі (басылған парақ бойынша көрсетіледі – 16 бөлінген жалпы парақ саны )

Тираж _____

Басылған (типографияның аталуы және адрес көрсетіледі)