- •Тыныс-жүрек жансақтауы
- •Кқб клиникалық негізгі критерилері.
- •Шұғыл емнің қағидалары.
- •Дәрігерлік алғашқы көмек.
- •Тыныс жолдары өткізгіштігін қалыптастыру.
- •М едперсонал болса Медперсонал жоқ кезде
- •Ж үректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •2 00 Дж разрядпен дефибрилляция
- •Асистолия кезіндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Жүректің тура емес массажы мен жасанды тыныстандыру
- •Венаға адреналин 1:10 000 0,5 – 1 мг егу
- •Қарыншалар фибрилляциясын емдеу.
- •Қарыншалар фибрилляциясы (қф) немесе
- •Тамыр соғысынсыз қарыншалық тұрақты
- •Тахикардия (қт) кездеріндегі дәрігердің емдік тактикасы.
- •Коронарлық жіті синдромды ауруханаға дейінгі этапта емдеу.
- •Өкпеде айқын тоқыраудың жоқ және орталық венозды қысымның жоғары емес кездерінде –
- •«Өкпе шемені» емдік-диагностикалық алгоритмі.
- •Өмірге қауіпті жүрекшелік аритмия
- •Ав жүйесімен байланысты өмірге қауып төндіретін ырғақ және өткізгіштік, екі түрлі болуы мүмкін: а) тахикардия; б) блокадалар.
- •Қарыншалық аритмия - бұл өмірге қауыпты ырғақтың бұзылыстарының негізі. Оның емі мен алдын алу шаралары туралы көптеген басылымдар бар.
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Wpw синдромы
- •Жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ
- •Жүрекшенің пароксималдық жыпылықтауы
- •Сурет. 2. Жүрекшелік жыпылықтау пароксизмінің емдеу алгоритмі (қарынша тахисистолиясымен)
- •Пароксизмалдық жүрекшелік тыпырлау
- •Пароксизмалдық қарыншалық тахикардия
- •Пароксизмалық аритмиялардың профилактикасы
- •Өмірге қауыпты тахиаритмия: емдеу және алдын алудың негізгі жолдары
- •Гипертониялық кризді алдын алу
- •Жүректің сыртқы массажы
- •II кезеңі:
- •Жедел өкпелік жүрек (жөж)
- •Менингит
- •Есінен айырылу
- •Диабет кезіндегі комалар.
- •Эпилепсиялық статус
- •Организмнiң белсендi детоксикациясының әдiстерi
- •Уланулардың кең тараған түрлерiнiң симптоматикасы мен ол кездегi шұғыл жәрдем.
- •Жедел уланулардың арнайы емi
- •Организмнің жауап реакцияларын анықтау (есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық шок).
- •Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек
- •Госпитализацияға дейінгі этаптағы қан кетуді бағалау (Горбашко а.И., 1983)
Организмнiң белсендi детоксикациясының әдiстерi
Улану кезiнде улы затты iшке қабылдаса, шұғыл және мiндеттi шара болып асқазанды зондпен шаю болып табылады. Науқас кома жағдайында болса аспирацияның алдын-алу мақсатымен асқазан шаюын тек үрлеушi манжеткасы бар түтiкпен трахея интубациясынан кейiн ғана жүргiзедi.
Уланудың ауыр жағдайларында, әсiресе кома жағдайында, уланудан кейiнгi бiрiншi-екiншi тәулiкте асқазан шаюын 3-4 рет қайтара жүргiзедi; себебi асқазан-iшек жолдарында резорбция төмендеуiнен улы заттың сiңбеген бөлiгi жиналуы мүмкiн. Асқазанды зонд арқылы бiрiншi рет шайған соң iш жүргiзетiн дәрi берiледi.
Күйдiретiн сұйықтармен уланғанда терi астына 1 % морфин ерiтiндiсi мен 0,1 % атропин ерiтiндiсiн 1 мл-ден еккен соң суық судың аз порциларымен асқазанды шаяды. Асқазандағы қышқылды сiлтiмен нейтрализациялау әсер бермейдi, ал натрий гидрокарбонатын қолдануға мүлдем болмайды, себебi түзiлетiн көмiрқышқыл газымен асқазан кеңею мүмкiн. Асқазанның химиялық күйiгiнде iш жүргiзетiн дәрiлер берiлмейдi, iшек алмагель не өсiмдiк майының эмульсиясын бередi.
Асқазан-iшек жолындағы улы заттарды адсорбациялау үшiн асқазанды шайған соң белсендi көмiрдi сумен араластырып ботқа сияқты түрiнде 1 ас қасықтан iшке қолданады, жалпы мөлшерi 80-100 мл.
Улы заттар ауыз арқылы түскенде көмектiң қол жеткiзерлiк шарасы тiл түбiрi мен жұтқыншақтың артқы қабырғасын тiтiркендiру жолымен құсуды шақыру болып табылады. Естен танған науқастарда құсуды шақыруға және құстыратын дәрiлердi тағайындауға болмайды, және де күйдiретiн улармен уланғанда да тағайындауға болмайды, себебi оларда аспирация қаупi туады.
Улы зат терiге түскенде терi жабындарын тезарада ағын сумен шаю қажет.
Ингаляциялық уланулар кезiнде науқасты зақымдалған ауа зонасынан тез шығару, тыныс жолдарының өткiзгiштiгiн қамтамасыз ету, тынысты тарылтатын киiмдерден босату, оттегiмен ингаляцияны жүргiзу қажет. Зақымдалған ауа зонасында жұмыс iстетйтiн медициналық қызметкерлерде қорғаныс құралдары болу керек.
Дәрiлердiң улы дозасын парентералды енгiзгенде 6-8 сағатқа жергiлiктi суықты қолданады. Егу орнына 0,1% адреналин ерiтiндiсiнiң 0,5-1 мл енгiзу көрсетiлген. Жгут алу мен жергiлiктi тiлу жүргiзуге болмайды.
Улы заттарды организм қуысына енгiзедi оларды көп мөлшердегi сумен клизма, спринцевание, катеризация көмегiмен шаяды.
Улы заттарды қан тамырлардан шығару үшiн жасанды детоксикацияның әртүрлi әдiстерi қолданылады: инвазивтi емес және хирургиялық.
Форсирленген диурез детоксикация әдiсi ретiнде диурездiң күрт көбеюiне әсер ететiн осматикалық зәр айдағыштар және салуретиктердi қолдануға негiзделген. Форсирленген диурез организмнен улы заттардың шығарылуын 5-10 есе тездетедi. Бұл әдiс улы заттар бүйрекпен шығарылатын кезде, интоксикациялардың көп түрлерiнде көрсетiлген. Форсирленген диурез әдiсiне 3 кезектi кезең кiредi: сулы күш түсу, зәр айдағыштарда көк тамырға енгiзу және электролиттер ерiтiндiсiмен алмастырушы инфузия.
Уланулардың кең тараған түрлерiнiң симптоматикасы мен ол кездегi шұғыл жәрдем.
Химиялық заттың аты, оның синонимы және сипаты |
Улану симптомы |
Шұғыл көмек:
|
Антибиотиктер (стрептомицин, мономицин, канамицин). Нейротоксикалық, ототоксикалық әсерлер |
Бірмезгілде шамадан тыс мөлшерде антибиотиктерді қабылдаған кезде (10 мг жоғары) есту жүйкеснінің зақымдануының салдарынан саңыраулыққа (стрептомицин) немесе бүйректің зақымдануының әсерінен олигоурия (канамицин, мономицин) дамуы мүмкін. Көрсетілген асқынулар препараттарды ұзақ уақыт қабылдаған кезде, әртүрлі инфекциялардың фонында диурездің төмендеуі кезінде дамиды. Антибиотиктерге жоғары сезімтал болған жағдайларда емнің қалыпты мөлшерін қабылдаған кезде анафилактикалық шок дамуы мүмкін.
|
|
Керасин. Психотропты (наркотикалық), гепатотоксикалық, нефротоксикалық, пневматоксикалық әсері. әсіресе этилденген бензин, құрамында тетраэтилқорғасын. Өкпе және асқазан ішек жолдары арқылы тез сіңеді. өкпе арқылы шығарылады. |
Бумен тыныс алған кезде – басының айналуы, басының ауырсынуы, масаю сезімі, қозу, жүрек айну, құсу. Ауыр жағдайларда – тыныстың бұзылуы, естен тану, тартылулар, ауыздан бензин иісі. Жұтынған кезде іштің ауырсынуы, құсу, бауырдың ұлғаюы мен ауырсынуы, сарғаю, токсикалық гепатопатия, нефропатия. Аспирация кезінде - кеудедегі ауырсыну, қанды қақырық, цианоз, ентігу, қызба, әлсіздік. Улану балаларда ауыр жүреді. Созылмалы ингаляциялық интоксикация болуы мүмкін. |
|
Витамин D2 (эргокаль-циферол, кальциферол). Кальций алмасуының бұзылуы және ағзадағы фосфордың цитотоксикалық, нефротоксикалық әсері. Токсикалық мөлшері 1 млн. ИЕ – 25 мг (20мл майлы ертінді , 5 мл спирттік ертінді). Витамин D белсенді метоболиттердің түзілуімен бауырда және бүйректе метоболизденеді. Ол препараттың улылығымен негізделген. Ағзада кумуляцияланады. |
Көп мөлшерде дәріні қабылдаған кезде улануы мүмкін. Балаларды – курстық емнің мөлшерінің жоғарлауында болуы мүмкін. Жүрек айну, құсу, сусыздану, гипотрофия, әлсіздік, дене температурасының жоғарлауы, жалпы адиномия, бұлшық еттік гипотония, ұйқышылдық, тартылулар, АҚ жоғарлауы, жүрек тондарының тұйықталуы, кейдә ырғақтың және өтімділіктің бұзылуы. Гематурия, лейкоцитурия, протеинурия, азотемия, жедел бүйрек жетіспеушлігі. Гиперкаль-циемия (қан сары суындағы кальцидің құрамы 20мг% жәнеодан жоғары), гиперхолистеринемия, гиперфосфатемия, гиперпротеинемия. Түтікшелі сүйектердің рентгенографиясында диафизарлы бөліктің остеопарозы. Бүйректің, миокардтың, жүрек қақпақшаларының, қан тамырларының кальцификациясы.
|
|
Жүрек гликозидтер: наперстнянка (дигитоксин, дигоксин), горицвкта, ландыша, желтушника, строфанта, моозника, морского лука және т.б түрлерінің препараттары. Кардиотоксикалық әсерлі. Көктамырға енгізген кезде асқазан ішек жолдары арқылы тез сіңіріледі, зәрмен шығарылады. |
Диспепсиялық бұзылыстар (жүрек айну, құсу). Брадикардия, қарыншалық және жүрекшелік экстрасистолалар, тахикардия, қарыншалардың жыпылықтауы және фибрилляциясы түріндегі өтімділіктің әртүрлі бұзылыстары. АҚ төмендеуі, цианоз, тартылулар, көрудің бұзылуы, психикалық бұзылыстар, естен тану. |
|
Димедрол және басқада анти-гистаминді препараттар. Нейротоксикалық (пара симпатолитикалық, орталық, холинолитикалық), психотропты (наркотикалық) әсері. Қауыпты мөлшері – шамамен 40 мг/кг. Қандағы токсикалық концентрация 10 мг/л. Алғашқы 6 сағат ішінде тіндердегі концентрация максималды мөлшеріне жетіа, тез сіңіріледі. Бауырдың детоксикациясы, 24 сағат ішінде зәрмен метоболит түрінде шығарылады.
|
Ауызбен жұтқыншақтың құрғауы, ұйқышылдық, басының айналуы, жүрек айну, бұлшық еттерпдің тарылулары, көрудің бұзылуы. Қарашықтар ұлғаяды, горизонталды нистагм болуы мүмкін. Тері жабындылары құрғақ, бозғылт. Қозғалыстық және психикалық қозулар, естен танумен тартылулар. Коматозды жағдай, АҚ төмендеуі, димедролды ішке қабылдаған кезде ауыз қуысының жансыздануы мүмкін. |
|
Күшті қышқылдар: органикалық емес (азотты, серная соляная және т.б.), органикалық (срке, щавел және т.б). Щавелдік қышқылы татбасуларды кетірулерге арналған тұрмыстық химиялық заттарқұрамына кіреді: жидкости «Ваниол» (10%), «Антиржа-вчин», паста «Прима» (19,7%), порошок «Санитарный» (15%), «Тартарен» (23%). Жергілікті күйдіретін әсері (коагуляциалық некроз, гемотокскалық , гемолитикалық және ьнефро-гепатотоксикалық - органикалық қышқылдар үшін. Қауыпты мөлшері 30-50 мл |
Ішке қабылдаған кезде ауыз қуысының, аранның, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның химиялық күюлері, кейде – ауыз қуысы, өңеш жолында, іштегі ауырсынулар. Асқазан ішектен қан кетеді. Жұтқыншақтың күюімен ісінуіне байланысты механикалық асфиксия. Токсикалық күю шоктары (компенсирленген немесе декомпенсирленген ). Ауыр жағдайларда әсіресе, сірке қышқылыныың эссенсиясымен уланулары кезінде, гемолиз, гемоглобинурия (зәр қошқыл –қызыл, қою қоңыр түсті) бақыланады. Бірінші тәуліктің соңында тері жабындыларымен склераның сарғаюы бақыланады. Гемолиздің фонында токсикалық коагулопатия дамиды (гиперкоагуляция фазасының қысқаруы және екіншілік фибриолиз). 2-3 тәулікте экзогенді токсиемия басым болады (дене температурасының жоғарлауы, қозу), рективті пеританит, панкреатит көріністері, одан кейін жедел гемоглобинуринді нефроз фонында нефропатия құбылыстары (сірке қышқылымен уланулар кезінде), гепатопатия, инфекциялық асқынулар (іріңді трахеобронхит, пневмония). Кеш асқазан ішектен қан кету күйік ауруының 2-3 аптадан кейінгі асқынуы болуы мүмкін. Ауыр күйіктер(жаралы некротикалық қабынулар) кезінде 3-аптаның соңында өңештің немесе асқазаннның шыға беріс бөлігінде тыртықты тарылулар белгілері болады. Күйікті астения, дене салмағын жоғалту, белоктық және су электрлік тепе теңдіктің бұзылулары байқалынады. Жаралы некрозды гастрит немесе эзофагит жиі созылмалы ағымда болады. |
|
Морфин және басқа да опиын топтарының наркотикалық анальгетиктері: опиын, пантопон, героин, дионин, кодеин, текодил, фенадон. Опиын топтарының заттары бар препараттар, - асқазан таблеткалары және тамшылары, кодтерпин, котер-мопс. Психотропты (наркотикалық), нейротоксикалық әсерлер. Ішке қабылдаған кездегі морфиннің аса қауыпты дозасы – 0,5-1 г, к/т енгізгенде – 0,2 г. қандағы аса қауыпты концентрациясы - 0,1-4 мг/л. Барлық препараттар баларға аса қауыпты. 3 жастағы балалар үшін аса қауыпты дозасы – 400 мг, фенадон – 40 мг, героин – 20 мг. Асқазан ішек жолдары арқылы тез сіңіріледі және парентералды енгізгенде де, детоксикациясы конъюгация жолымен 90% жа5дайда глюкуронмен жасалынады, 73% бірінші тәулікте конъюгат түрінде зәрмен шығарылады.
|
Ішке қабылдаған да немесе парентералды енгізгенде препарттың токсикалық дозасында коматозды жағдай дамиды, оған жарыққа реакцияның әлсіреуімен қарашықтардың тарылуы, терінің қызаруы, бұлшық еттердің гипертонуысы, кейде клоникалық-тоникалық тартылулар болады. ауыр жағдайларда тыныс алудың бұзылыстарымен және шырышты қабаттың цианозымен, қарашықтардың ұлғаюы, брадикардия, коллапс, гипотермиямен асфиксия дамиды. Кодеинмен ауыр уланулар кезінде науқастың есінің сақталуымен тыныс алудың бұзылыстары болуы мүмкін, сонымен қатар артериялдық қысымның шамалы түрде төмендеуі болады. |
|
Никотин. Психотропты (қоздырғыш), нейротоксикалық (холинолитикалық, тартылулы) әсері. Қандағы токсикалық концентрациясы 5 мг/л, аса қауыпты дозасы – 10-22 мг/л. Шырышты қабаттармен тез сіңіріледі, ағзада тез метоболизденеді. Детосикациясы бауырда жүреді. 25% өзгермеген күйде зәрмен, өкпемен, термен шығарылады. |
Бас ауыру, бас айналу, жүрек айну, құсу, іш өту, сілекей ағу, суық тер. Пульсі басында баяу, одан кейңн жиі, дұрыс емес. Қарашықтардың тарылуы, есту мен көрудің бұзылуы, бұлшық еттердің фибрилляциясы, клоникалық тоникалық тартылулар. Кома, коллапс. Ұзақ темекі тартатын адамдарға қарағанда темекі тартпайтын адамдар темекіге өте сезімтал болады. |
|
Көміртегі қышқылы: (иісті газ). Гиптоксикалық, нейротоксикалық, гемотоксикалық әсері. Қандағы аса қауыпты карбоксигемоглобиннің концентрациясы – жалпы гемоглобиннің құрамының 50%. Машина газдарымен, дұрыс печтерді жақпаудан, пожар ошақтарында уланулар. |
Жеңіл дәрежесі – басының ауырсынуы, сақинасының ұстауы, басының айналуы, жүрек айну, құсу. АҚ транзиторлы жоғарлауы және трахеобронхит белгілері болуы мүмкін. (пожр кезінде уланулар). Қандағы карбоксигемоглобиннің концентрациясы 20-30%. Орташа ауырлық дәрежесінде – болған жерде қысқа уақыт ішіндегі естен тану болады, ол есту және көру галлюцинацияларымен немесе тежегіштікпен, адиномиямен ауысуы мүмкін. Гипертониялық синдром, тахикардия, жүрек бұлшық еттерінің токсикалық зақымданулары. Сыртқы тыныстың бұзылуларымен трахеобронхит көріністері. Болған жерде алған қандағы карбоксигемоглобиннің концентрациясы 30-40%. Ауыр уланулар – ұзақ кома жағдайы, тартылулар, ми ісігі, сыртқы тыныстың жетіспеушілігімен тыныс алу жетіспеушілігі, гипертониялық синдром, жүрек бұлшықеттерінің токсикалық зақымданулары, инфркт миокардының дамуы мүмкін. Кейде терілік трофикалық бұзылыстар, мио – реналды синдромның дамуы, жедел бүйрек жетіспеушілігі. Болған жерде алған қандағы карбоксигемоглобиннің концентрациясы 50%.
|
|
Сынап және оның қосындылары: органикалық емес – сынаптың дихлориды (сулема), сынаптың монохлориды (каломель), сынап цианидыжәне т.б.; органикалық: этилмеркурхлориды (гранозан), диэтилсынабы және т.б. Жергілікті тітіркендіретін, энтеротоксикалық, нефротоксикалық, нейротоксикалық әсері. Сынап ағзаға өкпе, асқазан ішек жолдары, тері жабындылары арқылы түсуі мүмкін. Бумен ингаляция кезінде сынаптың 75% сіңіріледі. Асқазан ішек жолдарында – 10-30% суда еритін неорганиткалық қосындылар және органикалық қосындылар. Металды сынап асқазан ішек жолдарында сіңірілмейді. Металды сынаптың ашық су көздерінде алжил сынап қосындысы түзіледі, осындай сулардағы балықтарды жеген кезде ауыр уланулар пайда болады. Зақымдалмаға тері арқылы 2-3% сіңіріледі. Ми, бауыр, бүйрек қандарында сынаптың бір бөлігі белоктармен байланысады, ал үлкен бөлігі деполанады(әсіресе майда еритін органикалық қосындылар). Ағзаларда деполанған органикалық қосындылар ақырындап неорганикалыққа ауысады. Сынап бүйрек, асқазан –ішек жолдары арқылы шығарылады, органикалық қосындылар органикалық емеске қарағанда баяу шығарылады.
|
Сынаптың буымен уланған кездеріндегі айқын симптомдарға тыныс жолдарының зақымданулары, суық тию, трахеобронхит көріністері, бірнеше сағаттан кейін ауыр трохеобронхит дамиды, өкпенің токсикалық ісігі. Бір мезгілді асқазан ішек жолдарының зақымдану симптомдары пайда болады (жиі іштің өтуі) және ОНЖ (ұйқышылдық, қозу кезеңі). 3-4 тәулікте токсикалық нефропатия кезеңдері. |
Сынап буымен уланған кезде – токсикалық пневмонияның емі стационарда: антибиотикалық ем - пенициллин 6 млн ЕД тәулігіне және т.б., 5% унитиол ертіндісін – 10 мл 2 рет тәулігіне б/е. Форсирленген диурез. Өкпенің токсикалық ісігі кезінде – к/т 100-150 мг преднизолон, 100-150 мл 30% мочевина немесе 80-100 мг лазикс. Оксиге-нотерапия |
Этиль спирті (этанол, алкоголды сусындар). Психотропты (наркотикалық) әсері. Қауыпты дозасы - 300 мл (95%), алкоголге үйренген адамдарда дозасы одан да жоғары. Қанның токсикалық концентрациясы – 1,5 г/л, аса қауыпты – 3,5 г/л. Асқазанда (40-90 мин) (20%) және ас ішекте (80%) тез сіңіріледі. Ацетальдегид, сірке қышқылы түрінде қышқылданады. Зәрмен 7-12 сағат ішінде шығарылады. |
Бәріне мәлім масаю симптомынан кейн токсикалық дозаны қабылдағаннан кейін кома тез дамиды. Терісі суық жабысқақ, беттің қызаруы, дене температурасының төмендеуі, құсу, үлкен және кіші дәретке отырып қою. Қаршықтары тарылған, ал тыныс алудың бұзыған кезде - кеңейеді. Горизонтальды нистгам. Тынысы баяулаған, пульсі жиі, әлсіз. Кейде тартылулар, құсық массаларының аспирациясы, ларингоспазм. Жүрек тамыр қызметінің төмендеуімен механикалық асфиксияның нәтижесінде ыныс тоқтауы мүмкін. |
|
Сульфаниламидтер. Нефротикалық, гемотоксикалық әсері |
Осы топтың препараттарының асқазан ішек жолдарына сіңуі тез және әртүлі. Бос ацетилденген түрде зәрмен шығарылады. Жеңіл уланулар кезінде – жүрек айну, құсу, бас айналу, әлсіздік. Ауыр уланулар кезінде сульфгемоглобин түзіледі, ол жедел кенеттен цианоздың пайда болуына әкеледі. Агранулоцитоз, некроздық ангина пайда болуы мүмкін. Қышқылды зәр реакциясы кезінде төмен диурез фонында препараттарды үлкен дозада қаьылдаған кезде жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін (олигурия, азотемия). Қалыпты емдік дозаны қабылдаған кезде аллергиялық реакция дамуы мүмкін. |
|
Формалин. Жергілікті күйдіретін, гепатотоксикалық, нефротоксикалық әсері. Ішке қабылдаған кезде қауыпты дозасы – шамамен 50 мл. Тыныс және асқазан ішек жолдарының шырышты қабаттары арқылы сіңіріледі, құмырсқа қышқылының түзілуімен қышқылданады. |
У ішке түскен кезде - өңеш жолдарының, ауыздың күюі, төстің артындағы күюлер. Қанмен құсулар, шөлдеу, токсикалық шок. Бауыр мен бүйректің зақымданулары(олигоурия, сарғаю). Жас ағу, жөтел, ентігу. Ингаляция кезінде шырышты қабаттың тітіркенуі, жайылмалы бронхит, ларингит, пневмония, психоматорлы қозу. |
|
