- •1. Жылдық жиынтық табыс: түсінігі, құрылымы.
- •1.Мемлекеттің салық салу саясаты.
- •1.Екі жакты салық салудың проблемалары.
- •2.Көлік құралдарына салынатын салық.
- •1.Бірыңғай жер салығы және оны төлеушілер.
- •1.Салық салудың принциптері.
- •2.Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
- •1.Резидент және резидент емес салық төлеушілер.
- •2.Корпорациялық табыс салығы.
- •1.Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер.
- •2.Резидент және резидент еместерге салынатын салықтар ерекшеліктері.
- •1.Өнімнің озіндік құнының элементтері.
- •1.Екі жакты салық салуды жою туралы халықаралық келісімдер.
- •Табыс салық көзі ретінде
- •Акциздер
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Салық қызметінің мәртебесі мен құрылымы
- •Азаматтың мүлкіне салынатын салық
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық салу және таза ұлттық өнім шығару
- •Шаруа қожалықтарына арналған аср
- •Салықтардың мәні және олардың негізгі түрлері
- •Лаффер қисығы
- •Қр территориясындағы шетелдік заңды тұлғалардың салықтық есебіне койылатын негізгі талаптар
- •Бонустар, роялти
- •Прогрессивті, пропорционалды және регрессивті салық
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі аср
- •Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
- •Дискрециондық фискалдық саясат
- •Қосылған құнға салынатын салық
- •Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
- •Шекті және орта салық мөлшері
- •Бір жолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •Жеке табыс салығы: объектілері, ставкасы
- •Бюджеттік федерализм
- •Шетелдік заңды тұлғаларға салынатын салық
- •Міндетті төлемдер
- •Салықтың функциялары
- •Резиденттік және территориялық критерийлер (салық салу үшін)
- •Салық салынатын табысты түзету
- •Тікелей және жанама салықтар
- •Шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі (жалпы ереже)
- •Әр түрлі бюджет деңгейінің құрылуы
- •Роялтиді белгілеу тәртібі
- •Үстеме пайда салық төлеушілері
- •Мүлік салығын есептеу әдісі
- •Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
- •Ққс ұғымы, салық салу объектісі, төлеушілері
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Ойын бизнес саласындағы қызметке салық салу
- •Акциз төлемдерінен босатылған товарлар (импортталған)
- •Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •Қаржы лизингі
- •Жылдық жиынтық табыс
- •Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •Салықтың мазмұны және мәні
- •Бюджеттік федерализм және бөлу
- •А.Смиттің салық салу принциптері
- •Корпорациялық табыс салығы
- •Салық салудың принциптері
- •Жер салығы
- •Табыс, салықтың қайнар көзі
- •Рейганомика. Лаффер қисығы
- •Амортизация түсінігі, мөлшері, группалар
- •Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық функциялары
- •Преференциялар және жеңілдіктер
- •Жеке табыс салығының ставкасы
Салық қызметінің мәртебесі мен құрылымы
Азаматтың мүлкіне салынатын салық
Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
1. Мемлекеттік салық қызметінің құрылымы: салық қызметі органдарына бюджетке төленетін төлемдер әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударылымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі,сондай-ақ салық төлеушінің, салық міндеттінің орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік органмен салық органдарынан тұрады. салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтық аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатады. уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. салық органдарының бірінші басшысын қызметіне уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшы тағайындайды.Салық қызметі органдарының міндеттері: 1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету; 2) міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің, ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) есептеудің және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;3) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу; 4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.4. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. 5. Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады. 6. Салық қызметі органдарының рәмізі болады. Салық қызметі органдары рәмізінің сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2.Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады.Мүлік жылжитын және жылжымайтын болып бөлінеді. Мүлік салығын төлеушілер .Салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектісі Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап (бұдан әрі – пайдалану кезінен бастап) мүлік салығын салу объектісі болып табылады. 1. Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды1) мерзімді қызметті өткеру (оқу) кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер 2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер 3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер; 4) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар. 1-тармақтың 1) - 4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді;5) он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. 6) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер
3.Әлеуметтік салықтар – нысаналы мақсаттағы тікелей салық түрі. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс нысаналы қорлардың, зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады. Резидент-заңды тұлғалар мен бейрезиденттер үшін белгіленген төлемді қоспағанда, жұмыс берушінің қызметкерлерге белгіленетін кірістер түрінде төлейтін шығыны, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны салық төлеу объектісі болып табылады. Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Дара кәсіпкерлер, жекешенотариустар, адвокаттар, Қазақстан Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақтымекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады. 2009 жылдан бастап әлеуметтік салық 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі. Арнаулы салық режімін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар, өзі үшін Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір жұмыскер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде, ал тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қаблетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар 4,5 пайыз мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық төлейді. Жұмыс берушінің материаядық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыскер-резиденттерге берген табыстарды қоса алғайда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар түріндегі оның, жұмыскер-бейрезиденттерге төлейтін шығыстары, сонымен бірге шетелдік персоналдың табыстары аталған төлеушілер үшін әлеуметтік салық салу объекті болып табылады. 358-бап. Салық ставкалары1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.2. Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзі үшін тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.Осы тараудың ережесі салық төлеушілер осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қол¬данылмайды.3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді. 4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 445-бабында белгіленген.5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.
№13билет
