Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отв салы0.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆
  1. Роялтиді белгілеу тәртібі

  2. Үстеме пайда салық төлеушілері

  3. Мүлік салығын есептеу әдісі

1-сұрақ.Роялти (ағылш. royalty — төлемақы) — лицензиялық келісім затын пайдалану құқығы үшін лицензиат (сатып алушы) сатушыға (лицензиарға) төлейтін тұрақты төлем (сыйақы). Атап айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіру және техногенді түзілімдерді өңдеу барысында жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды‚ патенттерді‚ бағдарламалық қамтамасыз ету‚ үлгілерді‚ тауар белгілерін‚ ноу-хауды‚ өнеркәсіптік сауда немесе ғылыми-техникалық жабдықты‚ кинофильмдерді‚ бейнефильмдерді‚ дыбыстық жазбаларды және қуатты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін дүркіндік төлем. Оның мөлшері лицензиялық өнімнің пайдасынан, құнынан (бағасынан, өзіндік құнынан) алынған пайыз есебімен немесе оның бір өлшеміне шаққандағы есеппен айқындалады. “Роялти” термині табиғат ресурстарын қазып алу құқығы үшін, соның ішінде концессия шартына сәйкес қазып алу құқығы үшін пайдаланушы (концессионер) жерді немесе жер қойнауын меншіктенушіге аударатын төлемақы ретінде де қолданылады.[1] Мұндай төлемақы шикізаттың құнына енгізіледі, оның мөлшері өндірілген немесе өткізілген пайдалы қазбалар құнының пайызы есебімен, кейде тіркелген сома түрінде есептеледі. Роялти кәсіпкерлік қызметтен алынғантабыс болып табылады және резиденттер үшін 30%-дық мөлшерлеме бойынша, бейрезиденттер үшін 20%-дық мөлшерлеме бойынша салық салынады. 

Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарды роялти, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында төлеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады. Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне байланысты анықталады. Роялти көмірқышқылы қалқап жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады: -  контрактіде  қаралған   қызметінің  барлық    кезеңінде    өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады; - контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады. Алтын, қолакүміс тағы басқа қымбат металлдар мен тастарды өндірген кезде роялтидің    тұрақты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді. 2-сұрақ. Үстеме пайда салығы —1) төтенше салық түрлерінің бірі. Әдетте бюджеттің қатты тапшылығы кезінде алынады. Салық айқын қазыналық сипатта болады және жетпейтін қаржы ресурстарынтолтыру құралдарының бірі. Төлемшілері ел аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалар (корпорациялар);

  • 2) салыстырмалы түрде жақсырақ табиғи жағдайдағы қызметтен немесе өндірілген өнімді нарықтың салыстырмалы түрде жақсырақ жағдайында өткізуден алынған қосымша пайда үшін төлем. Үстеме пайда салығы салу объектісі — жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша алған таза табысының сомасы.

Өнімді бөлу туралы келісімшарттар, кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын ендіруге, сондай-ақ барлау мен өндіруге байланысты емес жерасты кұрылыстарын салуға және пайдалануға жасалған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер койнауын пайдаланушылар осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеніндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша таза табысынын бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушының салык кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша салық кезеңінің аяғына көзделген шегерімдер сомасының 20% пайызынан асатын бөлігі салық базасы болып табылады.

3-сұрақ.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

1. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты Салық Кодексінің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.

2. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша әрбір салық төлеуші үшін мүлік салығы мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.

3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.

4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

5. Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеуші салық кезеңіндегі 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекті мерзім осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер мен осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 7-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.

6. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем¬дер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап са¬лық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айла¬рының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтер¬лік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.

Бұл ретте мыналар:

келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны – ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;

салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны – басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.

Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

7. Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.

8. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлік салығын салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

№_23___билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]